Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет2/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
235556 (1)

 
 
 
 
 ББК 67.3 (5К) я7 
А 
03
(05)
 
00
1202000000



 

© Артықбаев Ж.О., 2006.


ISBN 9965-620-22-9
© Заң əдебиеті, 2006 


Мазмұны 
Алғы сөз
 
Кіріспе
 
I тарау. “Жеті жарғы” – дəстүрлі мемлекет жəне құқық ескерткіші
1.
“Жеті жарғы” атауының мəні мен мағынасы
2.
“Жеті жарғы” – зерттелу тарихы
3.
“Жеті жарғы” туралы деректер
II тарау. Қазақ жеріндегі мемлекет пен құқық тарихына шолу 
1.
Алаша хан мен Уыз хан заманы
2.
Ғұн жəне түрік заманы
3.
Шыңғыс хан жəне Алтын Орда заманы
4.
“Қасым ханның қасқа жолы”
5.
“Есім ханның ескі жолы”
6.
Əз-Тəукенің “Жеті жарғысы”
7.
Абылай хан дəуірі
Қосымша:
Жеті жарғы (толық мəтіні)
Жарғының негізгі өзегі
 
Бірінші таған. Мемлекет жəне билік
Екінші таған. Жарғының алтын қазығы
Үшінші таған. Кек пен жаза
Төртінші таған. Бітім жəне кесім
Қолданылған əдебиет тізімі
 


Алғы сөз
 
“Жеті жарғы” қазақ халқының мемлекет жəне құқықтық тарихында ерекше орын алатын құбылыс. 
Оның қайнар бастауы қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дəстүрі, əдет-ғұрыптары. Бұлар 
бірнеше мыңдаған жəне жүздеген жылдар көшпелі ортада, Евразияның ұлан-байтақ даласында 
сақталып, толықтырылып, XVII ғасырдың соңында XVIII ғасырдың басында жаңа редакцияға 
түсті. 
“Жеті жарғының” көрсетілген уақыт межесінде дүниеге келуі, қазақ əдет-ғұрып заңдарының 
жаңадан өңделуі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты, заңды құбылыс. Қазақ көшпелілерінің 
қоғамы Орталық Азияда қалыптасқан ауыр саяси-əлеуметтік жағдайда, сыртқы қауіптің күшеюіне 
қайткен күнде де жауап беруі қажет болды. Осындай объективті тарихи ситуация мемлекет
іргесін, халықтың бірлігін күшейтуге бағытталған заңдар ережесінің қайта жаңғыруына тікелей
əсер етті. 
“Жеті жарғы” алдымен билер кеңесі есебінде Тəуке ханның ордасы жанынан құрылып, кейін заң 
түзуші орган есебінде тарихи деректерге енді. 
Əлі күнге дейін толық зерттеліп болмағанымен “Жеті жарғы” туралы біршама деректер 
анықталды. XVIII-XIX ғғ. зерттеушілердің үлкен еңбегінің арқасында “Жеті жарғының” негізгі 
ережелері ғылыми ортаға танылды деп есептеуге болады. “Жеті жарғының” қайнар көздерінің бірі 
қазақ халқының тарихи фольклоры да біршама жүйеленіп, көп жəне құнды дерек беретін 
жағдайда. Енді осы жинақталған деректерді тарихшы – қолымен белгілі бір методологиялық 
жүйеге салып реттеу мəселесі тұр. Бұл қиын да, қызықты шаруамен бірнеше жылдан бері белгілі
ғалым этнограф Жамбыл Омарұлы Артықбаев айналысты, соның бір нəтижесі “Жеті жарғы” 
кітабы. “Жеті жарғы” оқу құралының қүрылымы, ішкі логикасы мығым, дұрыс ойластырылған 
деген пікірдеміз. Автордың алдымен “Жеті жарғының” зерттелу тарихы туралы жазғаны көңілге 
қонады, сонымен бірге оқу құралында “Жеті жарғының” дерек көздері, негізгі ережелерінің 
жинақталуы туралы да дұрыс көзқарас бар. 
Оқу құралында толық жəне сəтті қарастырылған мəселе-қазақ халқының əдет-ғұрып заңдарының 
тарихы туралы шолу. Автор көне заманнан бастап, Абылай ханға дейінгі аралықта əдет-ғұрып 
заңдарының, жолдарының тарихын шолып шыққан. Бұл бірнеше мың жылға созылған мемлекет 
пен құқық үшін күрес тарихы. Тарихи шолу оқу құралында бірнеше бөлімге жүйеленген, тарихи 
тұрғыдан дұрыс ұсынылған деп есептейміз. Оған негізгі себеп, оқушы-студенттер бірден тарихтың 
аса ауыр көне кезеңдерінің қатпар-қатпар сырына түсіп кетпей, біртіндеп игергені қажет. 
Оқу құралының бірінші тарауы “Жеті жарғы” ескерткішін ғылыми түрде зерттеу мəселесіне
арналса, қосымша бөлім ережелерін оқырмандарға ұсынады. Автор бұрын-соңды, əсіресе “Қаз 
дауысты Қазыбек” кітабын жазу барысында апробациядан өткен тарихи-этнографиялық 
деректерді жүйелеп, талғамы биік оқырманның талқысына салады. Біздің пікірімізше, “Жеті 
жарғы” оқу құралында XVII-XVIII ғғ. қолданылып жүрген заң ережелері толық қамтылған. Əрине, 
бұл кітапшамен “Жеті жарғы” толық зерттеліп, жарияланып қойды деуге болмайды, бірақ бір 
кезендік жұмыс атқарылды деп есептеуге болады. 
Құқықтану мамандығына жəне жалпы гуманитар мамандықтарға ұсынылып отырған “Жеті 
жарғы” оқу құралы жариялауға уақыты келген, оқу процесіне қажет, шəкірттерге пайдалы еңбек 
деп бағалаймыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет