Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата11.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#467028
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
235556 (1)

§ 3. Қоғамдық өмір 
1. "Ақ сүйек" бұлар- түбі Шыңғыс ханнан тарайтын əлеуметтік топ. 
Олардың халықпен қарым-қатынасы "Жарғымен" реттеледі. Əлеуметтік мəселелерді өз ішіндегі 
үлкендері реттейді. 
2. "Ақ сүйек" өкілінің (хан, ұлыс сұлтаны) құны қара қазаққа қарағанда жеті есе жоғары. 
3. Қазақ төре тұқымымен кездескенде, аттан түсіп, бір тізесін бүгіп "алдияр (аллажар) 
тақсыр" деп сəлем етеді, аттанарда да осылай дейді. Төреден жасы үлкен, немесе елге өте 
сыйлы адамдар тізе бүкпей-ақ "тақсыр" деп амандасады. 
4. Хан мен ұлыс сұлтандары қара халықтың сыйлы өкіліне қолын иығына тигізіп сəлем ишаратын
жасайды. 
5. Қазақтан ел қызметіне қатысы жоқ төрелерге "аллажар тақсырды" айту немесе аттан 
түсіп тізе бүгу талап етілмейді, қатар замандастары қол беріп амандасады. 
6. Ел жиынына төре келсе, бəрі де орнынан тұрып сəлемдеседі, төрден орын береді (мысалы -
кигіз үйде болса).
7. Хан, ұлыс, сұлтанның əйелдеріне де заты төреден шықса "алдияр" деп сəлем етіледі. 
8. Ел қызметіне қатысы жоқ төрелерге жеті құн төлеу шарт емес, бірақ қарапайым құннан
бірнеше есе көп болуы керек. 
9. Төрелер өзара туының түсіне қарай айырылады (қызыл тулы, ақ тулы т.б.) 
10. Хандық, не сұлтандық лауазымға əкесі де, шешесі де таза төреден шыққандар бірінші 
кезекте ұйғарылады. 
11. Əкесі төре, шешесі қара қазақтан шыққан төрелерді "қараман" деп атайды, лауазымға 
екінші кезекте ұсынылады. 
12 .Төрелердің таңбасы бəріне бір, қазақтың таңбасынан бөлек, ұраны-"Арқар".
13. Төре тұқымының некеде "жеті ата" тəртібін сақтауы шарт емес. 
14. "Асыл сүйек"- түбі Пайғамбардың (Мұхамбет ғалайссалам) жұрағаты болып келетін 
əлеуметтік топ. Қара қазақпен қарым- қатынасы "Жарғымен" реттеледі. Өз іштеріндегі 
мəселелерді үлкендері шариғат заңымен шешеді. 
15. Аса беделді қожалардың құны қара қазаққа қарағанда жеті есе жоғары, "жеті құн". 
16. Қожаларға қарсы ғайбат сөз айтқан, қол көтерген адамдар "үйірімен үш тоғыз" айып 
төлейді. 


17. Қожалардың ішіндегі таза тектілеріне "сейіт қожаларға", ерекше сəлемдесу талап етіледі. 
Қарсы кездескен адам "əзіз тақсыр" деп алыстан қолын кеудесіне басып тағзым қылады. 
18. Қожалар қазақ ішінен "зекет" жинауға хақылы. Ұлыс сұлтандары мен ел басшысы билер ел 
үстінен қожаның шығынын көтеріп, зекетін 
жинауына жəрдем жасайды.
19. Қожа тұқымының бəріне бірдей ілтипат көрсету шарт емес. 
20. Қожаларда белгілі ұран мен таңба жоқ (алла ұранды қожа). 
21. Қожа тұқымының неке қатым-қатынастарында "жеті ата" тəртібін ұстануы шарт емес. 
22. “Қара сүйек” - ру болып əмір суретін қазақтың негізгі бөлігі. "Жарғы" тəртібіне толық 
бағынады жəне күнделікті өмір салтында қолданады. 
23. Қара сүйек - қазақ елі өзінің билеріне (ру, ұлыс, орда билеріне), толық бағынады жəне
солардың дегенімен жүреді.
24. Қоғамдық қатынастарда ру аралық жол тəртібі қатаң сақталады (ата тарату жүйесіне 
сүйенеді, туының жəне жасының үлкендігіне қарай): 
а) соғыс-жаугершілік кезінде ру-рудың қосының əскери құрылымдағы алатын орыны; 
ə) соғыстан түскен олжадан үлес алу кезінде; б) той-думан, жиынды ашу мезіреті, сөз сөйлеу 
реті; в) ортада орын алу немесе төр мəселесі; г) мүше тарату кезінде; т.б. көрінеді. 
25. Аталарының туу ретінің үлкен-кішілігіне қарай рулар қоғамдық тіршілікте, жаугершілік 
кезінде, бір-біріне бағыныштылық танытады. 
Үлкен рулардан халық ісіне жауаптылық талап етіледі. 
26. Ханның жəне "Жарғының" ұйғаруы бойынша ұсақ рулардың өзара 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет