көпшілік бөлігі жатқа біледі. Қазақ ортасындағы əр дауды билер осы құндылықтар деңгейінен
келіп қарастыруы басты шарт. Əр адамның мінезі əр түрлі болатыны сияқты “Жеті жарғының” да
əр билікке дайындалған жеке ережесі жоқ.
В.В.Радловтың өзіне дейінгі зерттеушілерден ең басты артықшылығы, ол қазақ қоғамының негізгі
өмір сүру салтын, ерекшелігін жақсы түсінгендігінде. “В отношении же такого народа, как
киргизы,
содержащего столь много скота, не может быть и речи о неплановых переездах” - деп
жазады ғалым (70, б. 253). Бұл қалыпты тіршілікті бұзатын тек сыртқы əсер, не халықтың, малдың
санының шектен тыс өсіп кетуі, міне осы кезде мемлекеттің саяси билік институттары күшейе
бастайды. Хан өз қолына билікті жинап алады, бұл жаугершілік заман басталды деген сөз. Бұл
процесс не империя құруға, не отырықшы елдердің арасына еніп жоғалып кетуге алып баратын
жол.
“Жеті жарғы” тəртібін В.В.Радловтан да терең түсінген ғалым Шоқан Уəлиханов. Оның
жазбаларында “Жеті жарғыға” арналған жеке бөлім жоқ, дегенмен Шоқан қазақтың заң
ережелерін, жолдарын Тəуке заманынан тым əріде қалыптасқан деген пікірден ешқашан айныған
жоқ. Ол бірнеше жерде “Жеті жарғы” ережелері мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді деп жазады.
Оның алдымен жазатыны əдет-ғұрып заңдарына негіз болған “туысқандық, ауа-райы мен табиғат”
туғызған заңдылықтар (17, б.79). Осы пікірді жалғастырып “Понятия родства распространялись у
киргиз и в отношении отдаленнейших поколений” – деп жазады. Шоқанның айтуы бойынша егер
қоңырат пен арғын руының арасында дау болса даугер бүкіл “Сібір қырғыздары облысының”
билерінен бас тартуға құқылы.
Шоқан қазақтың əдет-ғұрып заңдарының шын жанашыры жəне
ғалым ретінде тамаша
салыстырмалы пікірлер айтты. Оның ойынша қазақ қоғамына арқау болған дəстүрлі заңдар Ресей
реформаторлары табынып отырған Батыстың заңдарынан анағұрлым адамшылыққа жақын, ал
Шығыстың тəртібінен оқ бойы озық: “Нет никакого сомнения, что тот закон хорош для народа,
который более ему известен, закон родной, под которым человек вырос и воспитывался, как бы
закон
этот ни был несовершенен, должен казаться ему лучше, понятнее и яснее самых мудрых
законодательств, взятых извне и навязанных сверху.
Между тем, обычное право киргиз, по той
Достарыңызбен бөлісу: