нормативтi қаулыларында берiледi.
Жүйелi түсiндiру - қылмыстық-құқықтық нормаларды басқа құқық саласының нормаларымен немесе сол
заңның өзiндегi əртүрлi тараулар мен баптарды бiр-бiрiмен салыстыра отырып қылмыстық заңның
мазмұнын, мағынасын ашу. Мұндай түсiндiру негiзiнен ұқсас қылмыстарды ажырату жəне бəсекелестi
нормаларды қолдану үшiн қажет болып табылады. Жүйелi түсiндiру əсiресе бланкеттi жəне сiлтемелi
нормаларды анықтау кезiнде маңызды. Мысалы, ҚК 99-бабындағы
″Қажеттi
қорғаныс шегiнен асып кiсi
өлтiру
″ қылмысын талдау үшiн ҚК 32- бабындағы ″қажеттi қорғану″ нормасымен танысу қажет.
Тарихи түсiндiру деп қылмыстық заңды қабылдауға негiз болған саяс-əлеуметтiк, экономикалық
жағдайлардың тарихы мен себептерiн зерттеу арқылы жəне осыған дейiнгi шығарылған заңдарды
салыстыра отырып талқылауды айтамыз. Тарихи түсiндiру кезiнде
қылмыстық заңның жобасына,
заңшығарушы органдарындағы баяндамаларға, заңды талқыға салу материалдарына сүйену тиiмдi болып
табылады. Мысалы, қылмыстық заңның керi күшiн анықтау кезiнде тарихи түсiндiру қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: