Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет10/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
 
 
 
 
§3. Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы
Заң мемлекеттiң еркiн бiлдiрудiң көрiнiсi болғандықтан, осы ерiк билiк ететiн мемлекет шегiнде 
қолданылады. Алайда, қазiргi өркениеттi əлемде бiр мемлекет оқшауланып, жеке өзi өмiр сүрмейдi, ол өзi 
сияқты жеке өзге мемлекеттермен араласып жатады…(Н.С.Таганцев. Русское уголовное право. Т-1,-Тула, 
2001,с.245).
Кез келген заң, оның iшiнде қылмыстық заңның қолданылу аясы, яғни күшi жүретiн шектеулi кеңiстiгi 
бар.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңiстiкте қолданылуы мынадай төрт принциптерге 
негiзделедi:
1). Территориялдық принцип,
2). Азаматтық принцип;
3). Универсалды принцип;
4). Реалды принцип.
Территориялық принципке сəйкес, Қазақстан Республикасы ның территориясында жасалған барлық
қылмыстар үшiн жауаптылық ҚР Қылмыстық кодексi бойынша туындайды. ҚР Қылмыстық кодексiнiң 
күшi Қазақстан Республикасының барлық территориясына таратылады. Бұл территория ҚР-ң «ҚР 
мемлекеттiк шекарасы туралы ң 13-қаңтар 1993 жылғы заңының 1-бабында былайша анықталған: 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы дегенiмiз Қазақстан Республикасы аумағының шегiн -
құрғақ, су, жер қойнауы жəне əуе кеңiстiгi шегiн айқындайтын сызық жəне осы сызық бойынша өтетiн 
беткi қабат ң. Осы Заңға сəйкес құрғақ аумаққа – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi мен сызықтары немесе 
анық көрiнетiн бағдарлар, ал су аумағына – Республиканың iшкi суларынан басқа, аумақтық теңiз 
жағалауындағы теңiз сулары, олардың тиесiлi енi жатады. Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгi 
аумағына - Қазақстан Республикасының құрғақ немесе су аумағы үстiндегi белгiленген аспан кеңiстiктерi 
жатады. Жер қойнауына – мемлекеттiк шекарамен белгiленген құрғақ немесе су кеңiстiгi астындағы 
аумақтар жатады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының күшi Қазақстан Республикасының кез 
келген аумағында немесе объектiлерiнде жасалған қылмыстық iс-əрекеттердiң барлығына да қолданылады.
Қазақстан Республикасында жасалған қылмыстар деп – Республика территориясында басталған немесе 
жалғастырылған, аяқталған қылмыстар аталады. ҚР Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан 
Республикасының құрлықтық шельфiнде жəне ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да
қолданылады. 
Құрлықтық шельф территориялық сулардың аумағынан шығып жатқан құрлықтың жер асты жалғасы. 
1958 жылғы Женева конвенциясына сəйкес құрлықтық шельф ұғымы пайдалы қазбаларды өңдеуге
мүмкiндiк беретiн 200 метр тереңдiктегi жəне одан тыс шектегi жағалауға жақын мемлекеттердiң жер асты 
аумағын қамтиды. Ал ерекше экономикалық аймаққа республиканың территориялық суларынан тыс
жердегi теңiз аумақтары жатады. 
Қазақстан Республикасының территориясына сонымен қатар, қай жерде тұрғанынына қарамастан ҚР-
ның əскери корабльдерi мен əскери əуе кемелерi де жатады. Сондықтан ҚР əскери кораблiнде немесе 
əскери əуе кемесiнде қылмыс жасаған адам, оның қай жерде болуына қарамастан ҚР Қылмыстық кодексi 
бойынша жауаптылыққа тартылады. ҚР-ның портына тiркелген əскери емес кемелерi ашық теңiзде немесе 
ашық əуе кеңiстiгiнде жүрген уақыттарда ғана Қазақстан Республикасының территориясы ретiнде 
саналады. 
Ашық теңiз деген – белгiлi бiр мемлекеттiң iшкi, аумақтық суларына кiрмейтiн теңiздiң басқа бөлiгiнiң 
барлығы. Ешбiр мемлекет оның қандай да бiр бөлiгiн өзiнiң егемендiгiне бағындыруға құқығы жоқ. 
Территориялық принциптен шығатын ерекше жағдай болып дипломатиялық иммунитет немесе
экстерриториялық құқық табылады. ҚК-тiң 6-бабының 4-бөлiгiне сəйкес дипломатиялық иммунитеттi 
пайдаланатын адамдарға ҚР Қылмыстық заңы қолданылмайды. Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 
жылғы Вена конвенциясына жəне 1966 жылғы Шет мемлекеттердiң дипломатиялық жəне консулдық 


өкiлдiктерi туралы Ережеге сəйкес қылмыстық жауаптылықтан жеке қол сұғылмаушылықты жəне
иммунитеттi мына адамдар пайдаланады: дипломатиялық өкiлдiктердiң басшылары (елшi, уəкiл, консул, 
iске сенiмдi); кеңесшiлер, сауда өкiлдерi жəне олардың орынбасарлары, əскери, əскери-теңiз жəне əскери-
əуе атташелерi жəне олардың көмекшiлерi; 1,2,3-хатшылар, атташе жəне архив-хатшылары, сондай-ақ ҚР 
азаматтары болып табылмайтын олардың жанұя мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын адамдар. 
Мұндай адамдардың шеңберi нақты мемлекеттердiң арасындағы келiсiм бойынша кеңейтiлуi мүмкiн. Егер 
бұл санаттағы адамдар ҚР территориясында қылмыс жасайтын болса, олардың қылмыстық жауаптылығы 
туралы мəселе халықаралық құқық нормаларымен шешiледi, негiзiнен олар « persona non grata ң , яғни « 
жағымсыз тұлға ң деп танылып, өз елдерiне қайтарылады. 
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуының азаматтық принципi бойынша Қазақстан 
Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары жəне
ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ҚР ҚК бойынша тек мына жағдайларда жауаптылыққа
тартылады: 
а). егер олар жасаған əрекет сол қылмыс жасаған мемлекетте қылмыс деп танылса;
б). егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса.
Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген 
санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды.
Шетел азаматтары жəне ҚР тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдар ҚР тыс жерде жасалған
қылмыстар үшiн ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылмайды. Алайда, ерекше жағдай ретiнде ҚК-тiң 7-
бабының 4-бөлiгiнде қарастырылған қылмыстық заңның реалдық принципi бойынша ҚР тыс жерлерде
қылмыс жасаған шетел азаматтары ҚР мүдделерiне қарсы бағытталған қылмыс жасаған жағдайларда жəне
ҚР халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса, ҚР ҚК 
бойынша жауаптылыққа тартылады. 
Қылмыстық заңның универсалды принципi халықаралық қылмыстармен немесе халықаралық
сипаттағы қылмыстармен (терроризм, кепiлге алу, əуе кемелерiн айдап əкету жəне т.б) күресу үшiн барлық 
мемлекеттердiң мүдделерiн ортақтастыру дегендi бiлдiредi. Осы принципке сəйкес Қазақстан Республика 
сы өзi мүше болып табылатын халықаралық конвенцияларды орындауға мiндеттi.
ҚК-тiң 8-бабында қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру туралы мəселе қарастырылған. Басқа 
мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық 
шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуi тиiс. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс 
жерлерде қылмыс жасаған жəне Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен 
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сəйкес қылмыстық
жауаптылыққа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн екендiгi заңда 
бекiтiлген. 
Қылмыскердi ұстап берудi қылмыстық құқықта экстрадиция деп те атайды. Экстрадиция дегенiмiз -
қылмыс жасаған адамды қылмыс жасалған мемлекетке, мүддесi бұзылған мемлекетке немесе азаматы 
болып табылатын мемлекетке оны соттау немесе сот үкiмiнiң күшiне енуiне сəйкес жазасын өтеу үшiн 
ұстап беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет