§5. Объективтiк жақтың факультативтi белгiлерi
Қылмыстың объективтiк жағына сипаттама беру үшiн қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы
жəне құралы маңызды болып табылады. Бұл белгiлер кез келген қылмысқа тəн, өйткенi кез келген қылмыс
əрқашанда жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне əсер ететiн белгiлi бiр уақытта,
нақты орында, жағдайда, қандай да бiр қаруды қолданып немесе белгiлi бiр амал тəсiлдердiң көмегiмен
жасалады. Алайда, құқықтық табиғаты бойынша олар қылмыс құрамы объективтiк жағының факультативтi,
мiндеттi емес элементтерi деп танылады.
Кей жағдайларда, егер заңшығарушы осы аталған белгiлердiң бiрiн немесе бiрнешеуiн ҚК Ерекше бөлiмi
бабының диспозициясында тiкелей көрсетсе, олар қылмыс құрамының мiндеттi белгiлерiне айналып,
қылмысты саралауға қатысады. Мысалы, ҚК 97-бабындағы
″
Анасының өзiнiң жаңа туған сəбиiн туып
жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде өлтiруi
″
қылмысында қылмыстың жасалу уақыты, ҚК
128-бабындағы
″
Адамдарды алдау жолымен жасалған нəпсiқұмарлық немесе өзге де пайдалану үшiн,
азғырып көндiру
″
қылмысында қылмыстың жасалу тəсiлi, ҚК 223-бабында
″
Тұтынушыларды алдау
тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кəсiпорындарда
жасалса…
″
мұнда қылмыстың жасалу орны қылмыс құрамының мiндеттi белгiсi ретiнде қарастырылады.
Объективтi жақтың факультативтi белгiлерi деп аталатын қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы,
тəсiлi жəне құралы ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көрсетiлсе, жасалған iс-əрекеттiң
қауiптiлiк дəрежесiне ықпал ететiндiктен жазаның түрi мен мөлшерiн анықтау кезiнде мiндеттi түрде
ескерiледi. Көбiнесе бұл белгiлер жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар ретiнде танылады.
Қылмыстың жасалу уақыты – бұл қылмыс жасалған белгiлi бiр жыл, ай, тəулiк, сағатпен есептелетiн
уақыт аралығы. ҚК Ерекше бөлiмiнiң баптарында объективтiк жақтың белгiсi ретiнде қылмыстың жасалу
уақыты сирек кездеседi. Мысалы, ҚК 335-бабы
″
Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге
басшылық жасау, сол сияқты осындай жағдайда ұйымдардың жұмысына кедергi келтiру
″
.
Ал кейбiр жағдайларда қылмыстың жасалу уақыты жауапьылықты ауырлататын немсе аса ауырлататын
белгi ретiнде қарастырылады. Мысалы, ҚК 373-бабының 3-бөлiгi бойынша
″
Қашқындық əрекетi соғыс
уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса
″
жауаптылықты аса ауырлатады.
Объективтi жақтың келесi факультативтi белгiсi - қылмыс жасалатын нақты объективтi жағдайларды
құрайтын қылмыстың жасалу жағдайы. Бұл жағдайлар бiрде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк
дəрежесiн едəуiр жоғарлатып, жауаптылықты ауырлатушы белгi ретiнде танылса, кейде жеңiлдетiлген
қылмыс құрамын құрауға септiгiн тигiзедi. Мысалы, ҚК 120-бабы 3- бөлiгiнiң
″
г
″
тармағы бойынша зорлау
қылмысы қоғамдық зiлзала жағдайларын пайдаланып немесе жаппай тəртiпсiздiк барысында жасалса
жауаптылықты аса ауырлатады. Ал, ҚК 99 жəне 109- баптарында қажеттi қорғану шегiнен шығу
кезiнде жасалған кiсi өлтiру немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiру негiзгi құрамға қарағанда
жеңiлдетiлген қылмыс құрамдарын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |