Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет47/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
§2. Кiнəнiң түсiнiгi
Кiнə - қылмыстың субъективтi жағының негiзгi жəне мiндеттi белгiсi. Сондықтан, адам өз кiнəсi
анықталған қоғамға қауiптi iс-əрекетi жəне одан пайда болған қоғамға қауiптi зардаптар үшiн ғана 
қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс. 
Кiнəнiң қылмыстық құқықтық қағидасына жəне анықтама сына сəйкес, кiнə - қылмыстық əрекеттiң немесе 
əрекетсiздiктiң ажырамас бөлiгi жəне қылмыстық заңмен қарастырылатын, соттың үкiмiмен мемлекет 
атынан əшкерленетiн, сəйкес нысан дарымен анықталатын, адамның өзiнiң жасаған қоғамға қауiптi
əрекетiне жəне оның зардаптарына деген психикалық қатынасы. 
Психикалық қатынас заңдық түсiнiк емес, ол жеке адам психологиясы пəнiне кiретiн түсiнiк. Сондықтан, 
қылмыстық құқық ғылымында психологиялық қатынас түсiнiгiнiң мазмұны психология ғылымының 
зерттеген категорияларына, ережелерiне сүйенiп анықталады. Адамның өзiне тəн психикалық белгiлерiне –
адам қызметiнiң, хал-ахуалының, қатынасының қасиеттерi (темперамент, мiнез, ерiк жəне т.б.) жатады.


 Қылмыстық əрекеттiң құрылымында субъектiнiң объектiге деген қатынасы қоғамға қауiптi əрекетке жəне 
одан туатын зардаптарға деген психикалық қатынастың көлемiнде анықталады. Кез келген психологиялық
актiге, соның iшiнде кiнəге əртүрлi дəрежеде кiретiн үш компонент бар – интел лектуалдық (танымдық), 
ерiктiлiк жəне эмоцияналдық (сезiмдiк). Өмiрде олар бiр-бiрi мен тығыз байланысты жəне бiрiн-бiрi
толықтырып тұратын бiртұтас психикалық қатынастың əртүрлi жақтары болып табылады. 
Интеллектуалдық (танымдық) кезең. Ойлау – адам санасына дүниедегi заттарды, олардың табиғатына тəн 
шынайы белгiлерiн, олардың өзара қарым-қатынастарын бейнелеп беретiн психикалық процесс. Адам өз iз-
əрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынуы жəне оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуын алдын ала 
көре бiлуi - қылмыс жасау жағын көрсетедi. 
Ерiктiлiк кезең. Ерiк – сананың тəжiрибелiк жағы, ол адамның өзiнiң тəжiрибелiк қызметiн реттеуде 
көрiнедi. Ерiк күшiнiң арасында адам өзiнiң мiнез құлқын бақылай алады, өз əрекеттерiн басқарады жəне өз 
əрекеттерiн əлеуметтiк нормаларға бағындыра алады, өзiн өзi басқарады, яғни адамның мiнез-құлқын 
реттеушi қызметiн атқарады. Қылмыстық заңда кiнəнiң ерiктiлiк кезеңi қоғамға қауiптi зардаптың болуын 
тiлеу немесе зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтекпен болғызбау мүмкiндiгiне сенуiн көрсету 
арқылы анықталады. 
Эмоцияналдық (сезiмдiк) кезең - кiнəнi құрайтын психикалық қатынастың бiр құрамы. Эмоция – бiрiншi –
аяқ астынан пайда болған эмоциялық реакция ретiнде көрiнедi; екiншi – жүйкелiк-психикалық тонустың 
өзгеруiнен көрiнедi, үшiншi – белгiлi бiр объектiге деген эмоцияналдық қатынасқа байланысты көрiнедi. 
Осыған байланысты эмоциялар қылмыс жасауда əртүрлi роль атқарады. Бiрде ол қылмыс ниетiнiң ролiн 
атқаруы мүмкiн (махаббат сезiмiмен, қызғаныштан, қатыгездiк тен, қорқыныштан жəне т.б.). Кейде 
эмоциялар интеллектуалды кезеңге əсер ете отырып қылмыстың жасалуына да септiгiн тигiзуi немесе жан 
күйзелiсi əсерiнен қылмыстың өзiн туғызуы мүмкiн. 
Кiнə мəселесiне қатысты қылмыстық құқық теориясында “кiнəнiң мазмұны”, “кiнəнiң нысаны”, “кiнəнiң 
дəрежесi” деген категориялар кездеседi. 
Кiнə дегенiмiз – субъектiнiң белгiлi бiр қылмыстық əрекетiнде көрсеткен психикалық қатынасы болса, 
кiнəнiң мазмұны деген – сана, ерiк, сезiм, ниет пен мақсат сияқты психологиялық элементтердiң 
жиынтығы. Яғни, белгiлi бiр қылмыстың объективтi белгiлерiн бейнелейтiн жəне адамның осы белгiлерге 
деген белгiлi бiр қатынасын бiлдiретiн психологиялық элементтер жиынтығы кiнəнiң мазмұнын құрайды. 
“Кiнəнiң дəрежесi” ұғымы кiнəнiң салыстырмалы ауырлығын бiлдiретiн оның сандық сипаттамасы. Ол 
кiнəнiң сипатын саны жағынан қамтитын, адамның қылмыс жасау кезiндегi негiзгi əлеуметтiк 
құндылықтарға деген жағымсыз, жек көру немесе ұқыпсыз қатынасының мөлшерiн бiлдiредi. Кiнəнiң 
дəрежесi қылмыстың объективтi жағдайларымен- қоғамға қауiптi əрекеттiң сипатымен, əрекет немесе 
əрекетсiздiкке психикалық қатынас тың ерекшелiктерiмен, қылмыстың ниетi мен мақсаты; кiнəлiнiң жеке 
басын сипаттайтын жағдайлармен, сонымен бiрге қасақаналықтың пайда болуына немесе абайсыз əрекеттiң 
мазмұнына ықпал ететiн себептер мен жағдайларға байланысты анықталады. 
Кiнəнiң нысаны – кiнəнiң мазмұнын құрайтын элемент тердiң өзара бiр-бiрiмен жəне қылмыстың 
объективтi белгiлерi мен байланысы мен ұйымдастырылу əдiстерi. Яғни, кiнəнiң нысаны кiнəлi адамның өзi
жасаған қоғамға қауiптi iс-əрекетке жəне оның зардаптарына деген қатынасын куəландыратын
интеллектуалдық жəне ерiктiлiк кезеңдердiң белгiлi бiр сəйкес келуiн заңда қарастыру. Кiнəнiң нысанын 
заңшығарушы анықтайды. ҚР ҚК-ң 20 жəне 21-баптарында заңшығарушы кiнəнiң нысанын анықтауда екi
психологиялық элементтi қолданады:
1)
интеллектуалдық - ұғыну, алдын ала болжап бiлу;
2)
ерiктiлiк – тiлеу, зардаптардың орын алуына жол беру, зардаптарды тойтаруға əрекет етпеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет