Жетписбаев батыр адамович


§3. Қасақаналық жəне оның түрлерi



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§3. Қасақаналық жəне оның түрлерi
 
Қасақаналық - кiнəнiң көп кездесетiн нысаны. Қасақаналық қылмыстық заңда қоғамға қауiптiлiгi жағынан 
жоғары болғандықтан абайсыздыққа қарағанда кiнəнiң анағұрлым ауыр нысаны ретiнде қаралады. Өйткенi, 
саналы түрде қоғамға зиян келтiруге бағытталған қасақана əрекеттiң абайсыздыққа қарағанда қоғамға қиян 
келтiру мүмкiндiгi мол.
Қылмыс қасақана жасалған деп саналады, егер адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның 
қоғамға қауiптi зардаптарының болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала бiлсе 
жəне ол зардаптардың болуын тiлесе, немесе осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол 
берсе, не оған немқұрайды қараса. Өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғыну жəне қоғамға қауiптi
зардаптарды алдын ала бiлу санада жүрiп жатқан процесс ретiнде қасақаналықтың интеллектуалдық 
жағдайын құрайды. Мұнда өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғыну деп кiнəлiнiң болған оқиғаны 
сырттай ғана емес, сонымен бiрге оны əлеуметтiк тұрғыдан ұғынуы, яғни қылмыстық заң қорғайтын 
қоғамдық қатынастарға келтiрген немесе келтiруi мүмкiн зиянды түсiнуi. 
Ал қасақаналықтың ерiктiлiк кезеңi қылмыс субъектiсiнiң қоғамға қауiптi зардаптардың болуын тiлеуi 
немесе оған немқұрайды қарап, сол зардаптардың тууына саналы түрде жол беруiн бiлдiредi.
Интеллектуалдық жəне ерiктiлiк жағдайлардың адам санасында үйлесуiне байланысты қасақаналық екi


түрге бөлiнедi: тiкелей жəне жанама. 
Тiкелей қасақаналықта адам:
1)
өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;
2)
қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiледi;
3)
осы зардаптардың болуын тiлеуi.
Тiкелей қасақаналықтың интеллектуалдық кезеңiн адамның өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгiн 
ұғынуы мен қоғамға қауiптi зардаптардың болатынын немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлуi 
қамтиды.
Ал ерiктiлiк кезеңiн қоғамға қауiптi зардаптардың болуын тiлеу құрайды. 
Тiлеу деп психологиялық əдебиеттерде адамның саналы жəне мақсатқа лайықты əрекетiнде нақты 
нəтижеге жету ұмтылысын айтады. Ал қоғамға қауiптi зардаптың болуын тiлеуде кiнəлi адам өзiнiң 
қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында белгiлi бiр зардапты тудыруға ұмтылады. 
Тiкелей қасақаналықпен жасалған қылмысқа мысал ретiнде азамат К-ң iсiн айтуға болады. Азамат К. 
Танысы С. Екеуi бiрлесiп бiрнеше мəрте мол ұрлығымен айналысып жүрдi. С-ң əрекетiн бағын қалған əйелi 
оны құқық қорғау орғандарына өз еркiмен барып мойындауын өтiнiп, көндiруi. Мұны естiген К. өзiнiң 
қылмысын жасыру, жауаптылықтан құтылу мақсатын көздеп үйiнде ұйықтап жатқан С-ны 
тапаншамен атып өлтiредi. Бұл мысалда қылмыстың тiкелей қасақаналықпен жасалғаны анық көрсетiлiп 
тұр. Ұйқыдағы жатқан адамды тапаншамен атудың нəтижесiнде С-ның өлетiнiн жəне өлмей қоймайтынын 
алдын ала бiлген азамат К. танысы С-ң өлуiн тiледi. 
Тiкелей қасақаналық көбiнесе материалдық құрамдағы қылмыстарға, яғни белгiлi бiр қоғамға қауiптi 
зардаптардың туын дауын қажеттi алғышарт ретiнде талап ететiн қылмыстарға тəн. 
Ал формальды құрамдарда тiкелей қасақаналықтың мазмұнына заңның диспозициясында көрсетiлген 
қоғамға қауiптi əрекеттi немесе əрекетсiздiктi жасауды тiлеу ғана кiредi. Мұнда қоғамға қауiптi 
зардаптардың болуын алдын ала бiлу орын алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет