ЖҮгініс венера сарбайқызы «Бағдарламалау» пәнін оқытуда студенттердің білімін бақылаудың электрондық құралын пайдалану әдістемесі



Дата12.06.2016
өлшемі285.76 Kb.
түріДиссертация


УДК 378.146:004.42:004.87 Қолжазба құқығында

ЖҮГІНІС ВЕНЕРА САРБАЙҚЫЗЫ

«Бағдарламалау» пәнін оқытуда студенттердің білімін бақылаудың электрондық құралын пайдалану әдістемесі

6M011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012

Диссертайиялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ибрагимова Н.Ж.

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты, Жақсылықова Г.Т

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, 6 оқу ғимараты, Физика-математика факультеті, №211ауд.)

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Тұрғанбаева Ә.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педогогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері нақты көрсетілді.

Білім саясатының өзекті мәселелері ретінде кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін дамыту, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру, білімдегі жаңашылдықты саралау және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу атап көрсетілді.

Сондықтан, жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, оның кәсіптік біліктілігін дамыту, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау және т.б.

Студенттің пәнді меңгеру деңгейін бақылау оқыту үдерісінің ажырамас құрама бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын бақылау түрлері: өзіндік және бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, бақылау нүктелері, сынақтар, емтихандар – оқытудың белгілі бір кезеңі бойынша алынған білімнің нәтижесін көрсетеді. Мұндай тәсілде түзілетін оқытушыдан білім алушыға берілетін ақпарат арасында уақыттан артты қалу және оны қабылдау дәрежесін бағалау бақылау кезінде біржақты сипатқа ие болады, себебі іс жүзінде кері байланыстың тиімділігі қамтамасыз етілмейді.

Сондай-ақ, жедел кері байланыс тек оқытушыға ғана емес, оқу материалын меңгеру кезінде өз іс-әрекетінің нәтижелерін өзіндік талдау мен уақытылы түзетіп отыру үшін студентке де өте қажет.

Алынған білімді бақылау жүйесін ұйымдастыруда педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыру білім жағдайының мониторингі идеясын, яғни тұрақты және жүйелі бақылау мен білімді берудің күрделілік дәрежесі мен шапшаңдығын жылдам түзетуді қамтамасыз ететін міндетті жедел кері байланысты педагогикалық үдерістің субъектін қарауды жүзеге асыру кезінде ғана мүмкін болады.

Дәстүрлі білім беру технологиясы аумағында мониторинг идеясын толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес, себебі іс жүзінде бұл оқытушы жағынан еңбек пен уақытқа шексіз шығындардың жұмсалуын қажет етеді..

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі –осы заман талабына сай информатика оқытушыларын дайындау. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі даму үстінде, дегенмен, оның кейбір бағыттары теориялық тұрғыдан негіздеуді қажет етеді.

Осы мәселелерді, яғни болашақ информатика оқытушыларын әдістемелік дайындау жүйесінің мазмұны мен құрылымын жетілдіру мәселелерін зерттеуге арналған ресейлік ғалымдардың жұмыстары (М.П.Лапчик, Н.И.Пак,А.П.Ершов, А.И.Бочкин, В.В.Гриншкун, А.А.Кузнецов, Э.И.Кузнецов, И.Г.Семакин т.б) көпшілікке белгілі.

Елімізде оқыту процесін жетілдіру үшін оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар дәстүрлі емес әдістерді, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кезек күттірмейтін іске айналады. Осыған байланысты информатиканы оқыту әдістерін және болашақ информатика оқытушылардың кәсіби педагогикалық дайындықтарын жетілдіру, информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелері көптеген қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда Е.Ы.Бидайбеков, Е.Медеуов, С.Қ.Қариев Т.О.Балыкбаев, Қ.С.Әбдиев, Ж.А.Караев, С.С.Үсенов, С.М.Кеңесбаев, Ж.К.Нұрбекова, С.Т.Мұхамбетжанова, Н.Ә.Талпақов және т.б.еңбектерінде зерттелді.

Соңғы онжылдықтағы педагогикалық ғылым мен практиканың дамуы білім жағдайының мониторингі мәселесін шешуді заманауи ақпараттық технологияларды қолданып, бақылауды тестілеуші әдістемелермен үйлестіру жолында іздеу керектігін атап көрсетіп отыр. В.П. Демкин, О.П. Околелов, Л.Д.Стариков, O.K. Филатов және тағы басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстары дербес компьютердің көмегімен оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған. М.Г.Минин, A.C. Аванесов, А.Н. Майоров, С. И Федоров, Г.М.Мутанов, А.Е.Сағымбаева, Н.Ж.Ибрагимова, Г.М. Абильдинова және т.б. ғалымдардың еңбектері компьютерлік тестілеу мәселелерінің әдістемелік аспектілеріне арналған.

Заман талабына сай, осындай зерттеулердің жеткіліктеріне қарамастан информатиканы оқыту барысында студенттің жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеуге бейімділігін қалыптастыратын, алған мәліметтерін жинақтап, сәйкес тұжырымдар жасап, шешім қабылдап алатындай деңгейге жеткізетін әдістерді қолдану қажеттілігі орын алып отыр.

Компьютерлік технологияға негізделіп алынған білімді бақылау жүйесі қазіргі уақытта оқу үдерісінде қолданылуда және жаңа бағдарламалар үнемі құрылуда. Заманауи электрондық оқулықтарда жедел кері байланыс компоненті міндетті болып табылады. Білім беру үдерісін ақпараттандырудың баяу дамуының себебі электрондық оқулықтардың бақылаушы құралдармен нақты оқу материалының қиыстырылуынан тұратын шартсыз жетістіктері кең қолдану көзқарасымен қарастыралатын болса кемшілікке айналады. Олар жоғары оқу орны (ЖОО) дайындайтын мамандыққа сәйкес нақты оқу жоспарына, ондағы қыйыстырылған әдістемелік принциптер мен тәсілдерге байланысты. Сондықтан көптеген электрондық оқытатын құралдарды жеткілікті икемділікпен игермейді. Оларды басқа білім беру орындарына бейімдеу қатардағы пән оқытушысына түсініксіз, ақпараттық технологияларды білу деңгейін талап етеді.

Жоғары білім жүйесінің барлық салаларына кеңінен енген информатика, информатиканың бір саласы-программалау негіздері курсы, қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында студенттердің жалпы – білімдік және кәсіби даярлық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Бағдарламалау негіздерін классикалық тәсілдер бойынша оқытқанда белгілі бір тақырыпты бекітуге берілетін жаттығулардың не үшін берілетіндігі немесе қандай мақсатпен орындалатыны айқындалмайды, бір-бірімен байланыссыз есептер де қарастырылады. Сондықтан, студент әр мәселенің себеп-салдарына терең бойламай-ақ тапсырманы орындай беруі мүмкін.

Қазіргі кезде «Бағдарламалау» пәні бойынша студенттердің игерген білімін бақылау оларды тестілеумен немесе студенттер жасаған программалық өнімді тестілеумен жүзеге асырылады. Бұл кезде білімді бақылау процедурасын ұйымдастыру тек қорытынды білімді тексеруге әкеліп соғады да, прогрпммалау процесі бақыланбайды, яғни білімді бақылаудың оқыту және дамыту функциялары жүзеге асырылмайды.

«Бағдарламалау»-информатиканың пәндік облысы ретінде білімді формальдауды және модельдеуді талап етеді.

Оқытудың электрондық құралдарын қолдану әдістемесін пайдалану кезінде оларды қолданушының жеткілікті аз деңгейде компьютерлік білімі болуы тиіс. Оқытушының басты міндеті — өз пәнін және оны оқытудың әдістемесін терең білу. Компьютерлік құралдар оқытушының шығармашылық жұмысқа жұмсалатын уақытын үнемдеуге көмектесетін қарапайым және сенімді сайман болғаны жөн.

Осындай кейін тәжіреибемен қыйыстырып қолданатын әдістемелерді құру, мысалы іс жүргізу секілді басқа да аймақтарда ақпараттық технологияны жалпы қолданатын ақпараттық-педагогикалық өнімдерді стандарттау жолында маңызды қадам болып табылады

Бағдарламалық өнімдер саудасында кері байланыстың міндеттерінен тұратын тестілеуші ақпараттық жүйелердің мысалдары бар, оларды кез келген оқу-әдістемелік мазмұнмен толықтыруға болады және олар қолданушыдан бағдарламалық құралдарды құру аумағында қандай да бір арнайы білімді талап етпейтін әрі нақты ЖОО жағдайында бейімделуге жеткілікті жоғары мүмкіндіктерге ие. Көп жағдайда бұл бағдарламалық өнімдерді қолдану әдістемесі берілмейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, нақты пәндерді оқытуда әмбебап белгілеулі оқытатын және бақылайтын жүйелерді қолдану әдістемесін жасау міндеті көкейтесті болып отыр.

Зерттеу мақсаты – болашақ информатика оқытушыларына программалау негіздерін оқыту үдерісінде білімін бақылаудың электронды құралын қолдану әдістемесін жетілдіру.

Зерттеу нысаны – жоғары оқу орындарында программалау негіздерін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні – болашақ информатика оқытушыларына программалау негіздерін оқыту барысында олардың білімі мен біліктілігін үздіксіз мониторингілеуді жүзеге асыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы – егер жоғары оқу орындарында программалау негіздерін оқыту үдерісінде пәннің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып білімді бақылаудың электронды құралын қолданса, онда студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары және оқыту үдерісінің сапасы артады.

Зерттеу мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер айқындалады:



  • оқытатын және тестілеуші компьютерлік бағдарламаларға талдау жасау;

- студенттердің меңгерген білімдерін жедел жүйелік бақылауды едәуір тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқытатын бағдарламаларды тиімді таңдаудың белгілерін сипаттамалау және олардың өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру;

  • оқытатын компьютерлік тестілеуші жүйені қолданып оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістемелік принциптерді өңдеу;

  • «Бағдарламалау» пәнінің мазмұны мен құрылымын студенттердің білімі мен біліктілігін үздіксіз мониторингілеуді жүзеге асыру тұрғысынан саралау және оны пайдалану талаптарын тиянақтау;

  • «Бағдарламалау» пәнін оқытуда қолдану арқылы оқыту әдістемесін құру және оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы зерттеу.

Зерттеу әдістері. Психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және оқу әдебиеттерін теориялық талдау; педагогикалық эксперимент, сауалнама, экспериментті математикалық өңдеу.

Зерттеудің әдіснамалық негіздерін жоғары мектеп жүйесінде мамандар дайындаудың қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық принциптері, информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік қағидалары, жеке тұлғаны іс-әрекет туралы дамыту теориясы, ғылыми танымға – құрылымдық жүйелік көжюзқарас арқылы қалыптастыру құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық құрылымы:

  • «Бағдарламалу» пәнінің мазмұны мен құрылымы мониторинг тұрғысынан сараланып, компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылауға қойылатын талаптар айқындалды.

  • Болашақ информатика мұғалімдерінің «Бағдарламалау» пәнін оқыту үдерісінде бақылау-өлшеу құралдарын дайындау технологиясы жасалынып, оның тиімділігі дәлелденді.

  • Оқытатын және тестілеуші міндеттерді тиімді үйлестіру арқылы компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылау мәселесі қойылды және шешімін тапты.

  • Зерттеудің практикалық құндылығы «Бағдарламалау» пәнін оқытуда жеке тақырыпта немесе тұтас бір тақырыптық бөлімді меңгерту әдістемесін, ұсынылған компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылау әдістемесін жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері оқу процесінде жұмыс жасау барысында, сонымен қатар, оқытушылар «Бағдарламалау» пәні бойынша бақылау-өлшеу құралдарын дайындау технологиясын тестілік материалдарды дайындауда қолдануына болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • жоғары оқу орындарында «Бағдарламалау» пәнін оқытуда компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылауды қолданудың тиімділігінің негіздемесі;

  • оқыту үдерісінде бақылау-өлшеу құралдарын дайындау технологиясы;

  • «Бағдарламалау» курсы бойынша жасалған тесттер қоры;

  • «Бағдарламалау» пәнін оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылауды қолдану әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен сенімділігі олардың информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша жарияланған ілгері ғылыми зерттеулер тұжырымдарына сабақтастығымен және қазіргі жоғары оқу орындарындағы әдістемелік – техникалық мүмкіндіктер негізінде, зерттеудің мақсат-міндеттері мен ғылыми болжамы тұрғысынан жүргізілген экперимент нәтижелеріне толық сәйкестігімен түсіндіріледі.

Жұмыс құрылымы:



«Информатиканы оқытуда педагогикалық тестілік бақылауды пайдаланудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлім білім беру үдерісінде компьютерлік технологияны енгізудің негізгі мәселелерін қарастырылуға арналады. Бұл бөлімде «компьютерлік технологиялар», «оқыту технологиясы», «мониторинг» секілді негізгі ұғымдарды айқындауда ғалымдардың әртүрлі көзқарастары атап көрсетілген. Оқытудың басқа да құралдарына есептеу техникасын қолданудың негізгі ерекшеліктері мен кемшіліктері қарастырылған. Дербес компьютерді оқу үдерісінде қолданудағы оқытушының негізгі міндеттері белгіленген: оқу материалы мен тапсырмаларды іріктеу, оқыту үдерісін жоспарлау, білім алушының ақпаратты ұсыну түрлерін жасау, оқыту үдерісін түзету.

ЖОО-да мамандықты дайындау сапасы мен білімді автоматтандырылған бақылау әдістері мен құралдарын құру міндеті оқыту үдерісінде студенттің өзіндік жұмысын арттыру және оқытуды жекелендірудің тиімді жолдарын іздеу қажеттілігіне байланысты айтарлықтай көкейтесті болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияларды дамыту осындай міндетті шешудің едәуір тиімді бағыты болып табылады. Атап айтқанда, компьютерлік технологиялар білім алушылардың білімін үздіксіз мониторингілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ЖОО-да оқытудың барлық кезеңінде оқу әрекетін кәсібилікке айналдыру үдерісін жүйелі бақылау жүзеге асырылып келеді. Бұдан, бақылау да әрекеттік болуы тиіс: білімді меңгеру деңгейі емес, солардың негізіндегі әрекеттердің бағыттары мен нәтижелері, танымдық сосын кәсіби дәлелдеу деңгейі, осылай әрекет толығымен бақыланады. Аралық және нәтижелік бақылау құралдары ретінде бақылау тапсырмалары, тесттер және т.б. алынады.

««Бағдарламалау» пәнін оқытуда студенттердің білімін бақылаудың электрондық құралын пайдалану әдістемес»і атты екінші бөлімде оқытуда студенттердің білімін бақылау жүйелерін апробациялық жетілдіру технологиясы мен студенттердің білімін бақылау-өлшеу құралдарын дайындау технологиясы жасалынып, студенттердің компьютерлік технологияларға негізделген білім сапасын жүйелі бақылауды қолдану арқылы «Бағдарламалау» пәнін оқыту әдістемесі берілген.



Қорытынды жұмыстың негізгі нәтижелерінен тұрады.

Қосымшалар есептік құжаттардың мысалдарымен, тест үлгілерімен қамтылған.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚР Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде қазақстандық білім беру сапасын арттыру, азаматтарды барлық деңгейде білім алу құқығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті əлемдегі білім беру кеңістігімен интеграциялау болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғалығын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар алып, тиімді шешім қабылдауы үшін ақпараттық технологияларды таңдай білуі жəне оларды пайдалана білу дағдысын қалыптастыруда информатика пəнінің маңызы зор.

Ал, білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау мəселесін жетілдіру оның жеке тұлға ретінде дамуының алғы шарттарының бірі болып табылады. Білім алушының əр пəннен алған білімі дер кезінде бақыланып, оның біліміндегі олқылықтар жиі бақылаудың нəтижесінде толықтырылып отыратын болса, онда білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірін шешілді деп есептеуге болар еді... Бірақ, өкінішке орай, бұл мəселе осы күнге дейін бір мəнді шешімін тапты деп айту қиын. Аталаған мəселені шешу жолында педагог-ғалымдар, зерттеушілер, əдіскерлер, пəн мұғалімдері де аянбай еңбек етіп келеді. Сол еңбектің нəтижесі білімді бақылау мен бағалауды жетілдіруге бағытталған бірқатар озық теориялар мен практикалық əдістерді дүниеге əкелді.

Білім беру жүйесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды(АКТ) қолдану жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу жолымен тек оқытуды ғана емес, студентердің білімін бақылау мен бағалауды да жетілдіруге мүмкіндік береді. Білімді бақылау – оқытудың маңызды бөлігі болып табылады, ол оқыту мақсатының қандай деңгейге жеткенін анықтап қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір дəрежеде білім беру жəне тəрбиелік қызмет те атқарады. Білімді бақылаудың нəтижесінде оқушылар біліміндегі олқылықтарды толықтырып, танымдық іс-əрекетін дамытады. Ал, бақылаудың тəрбиелік мəнін жан-жақты деуге болады. Дəлірек айтқанда, ол студентті үнемі жұмыс істеуге баулиды. Қазіргі уақытта білім алуушының білімін бақылаудың ең тиімді түрі компьютерлік тест болып табылады.

Кез келген педагогикалық үрдіс білім алушыға білім мен тәрбие беруден тұрады. Осы үрдіс барысында оның жеке тұлғасында белгілі бір қасиеттер: 1)білім мен біліктіліктің мазмұны; 2) білім мен біліктіліктің ауқымы; 3)меңгеру сапасы; 4) білімнің ғылымға сай болуы; 5) білімнің жан-жақтылығы; 6) меңгерудің беріктігі қалыптасып, дамиды. Болашақ маманның даму нәтижесі оның информатика бойынша алған білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға негіз болып табылады.

Меңгеру сапасын, информатика курсын оқыту үрдісін жүзеге асырудың дұрыстығын, білім алушының дайындық сапасының критерийін анықтау үшін теориялық негізделген, деңгейлік меңгерудің көмегімен оқытудың нәтижелері және тәжірибе жүзінде анықталған меңгеру сапасының сипаттамаларын қолдану керек.

ЖОО-да маманды дайындау сапасы мен білімін арттыруда автоматтандырылған бақылаудың әдістері мен құралдарын пайдалану міндеті-оқытудың жекеленуінің тиімді жолдарын іздеу мен оқыту үдерісінде студенттің өзіндік жұмысының ролін арттыру қажеттілігіне байланысты өте көкейтесті болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалануды жетілдіру, сөзсіз, мұндай міндетті шешудегі тиімдірек бағыт болып отыр.

Оқытушы студенттің материалды игеру сапасы жайлы ақпаратты алғандағы оқу үдерісінің кезеңі оқытушы мен студент арасында «кері байланыс» деп аталатын бақылау болып табылады.

Әртүрлі деңгейде білім берудің басты мәселелерінің бірі- сапа мәселесі болып табылады. Білім беру сапасының мониторинг орталықтарының зерттеулер нәтижелері оқытуды адекватты және үздіксіз диагностикалау оқушылардың, орта және жоғары оқу орындарындағы студенттердің жеке тұлға, интеллектуальды, кәсіби және шығармашылық дамуына елеулі ықпал етіп отырғанын көрсетеді. Алайда, білім сапасын бақылау жүйелерінің басым көпшілігі оқытудың соңғы нәтижесін бақылауға бағытталған.

A.A. Вербицкий атап көрсеткендей, ЖОО-да оқытудың барлық кезеңінде оқу әрекетін кәсіби әрекетке айналдыру үдерісін бақылау жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, бақылау да іс-әрекеттік болуы керек, яғни білімді меңгеру деңгейі емес, сол білімнің негізінде әрекет жасау барысы мен нәтижелері, танымдық әрекеттің қалыптасу деңгейі, сосын кәсіби ынтасы, жалпы іс-әрекет толығымен бақылануы керек.

Білім беру мониторингі А.Н. Майоровтың, М.Г. Мининнің және т.б. ғылыми еңбектерінде зерттелген. Бұл терминді алғаш рет 1968 жылы К.Ингекамп ұсынған. Ол педагогикалық диагностика, бір жағынан, оқытуға жеке адам мен оқу тобының өкілдерінде толығымен бар алғышартты орнықтырады, екінші жағынан, оқыту мен танымның жоспарлы үдерісін ұйымдастыру үшін қажет шарттарды айқындайды деп есептейді.

М.Г. Мининнің анықтамасы бойынша диагностика төмендегі мақсаттарға бағытталған болуы тиіс:

- білімді меңгерудегі кемшіліктерді анықтау;

- оқыту нәтижелерінің қойылған мақсаттарға сәйкес келмейтінін айқындаған жағдайда ішкі және сыртқы түзетулер жүргізу;

- оқытудың табысты нәтижелерін растау;

- оқу үдерісінің келесі кезеңдерін жоспарлау;

-оқудағы табыстары үшін мадақтау көмегімен қызығушылығын тудырып, келесі қадамдардың күрделілігін реттеу;

- оқыту шарттарын жақсарту.

Мониторинг жүйесінің құру мақсатына байланысты мониторинг ақпараттық, диагностикалық, бақылау, педагогикалық функцияларды орындай алады.

Бақылау, қадағалау кезінде білім алушы өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін, сонымен бірге, өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты екенін көрсетеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан білім алушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

Оқу процесіндегі бақылау əртүрлі, көп формалы бола келе, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде бақылаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.

Алдын-ала бақылау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Оның мақсаты –білім алушының оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгейін, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала бақылау нəтижесінің негізінде оқытушы оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңдайды.

Ағымдағы (күнделікті) бақылау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге, игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл бақылаудың тиімділігі – білім алушы біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті бақылаудың дұрыс жолға қойылуы білім алушының əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.

Мерзімді бақылау– белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.

Тақырыптық бақылау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.

Қорытынды бақылау – оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.

Өтілген материал, тақырып ізімен бақылау – тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай бақылау оқу процесінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.

Бақылау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді.
Қадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. Бақылау əдістері дегеніміз – бұл білім алушының оқу танымдық іс - əрекеттері мен оқытушы жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.

Оқу процесіндегі бақылауларға төмендегідей педагогикалық талаптар қойылады:

– бақылаудың даралықты сипаты. Əрбір білім алушы жұмысы, оның жеке оқу іс-əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы нəтижелерді ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;

– жүйелілік. Бақылау оқу процесінің барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен өтіп тұруы;

– бақылау формаларының əртүрлігі. Осыдан бақылаудың оқыту-үйрету, дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;

– бақылаудың жан-жақтылығы. Бақылау баланың теориялық білімдерін, ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік береді;

– бақылаудың шынайылығы. Бақылауда субъектив жəне қателікті пікірлер мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;

– жекелестірілген бағыт-бағдар. Білім алушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-қасиеттері ескерілуі тиіс;

– оқытушы тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.

Бағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу дəрежесін анықтау. Компьютерлік технологиялардың басқа бақылау түрлеріне қарағанда негізгі жетістіктерінің бірі – білім алушыға білімді меңгеру дәрежесі жайлы ақпаратты көрсететін кері байланыстың бар болуы болып табылады.

Қазіргі білім беру саласына талдау жасасақ, қоғамның сапалы білімге деген сұранысының өсу мен оған объективті бақылаусыз қол жеткізу мүмкін еместігі арасында қарама-қайшылық туындайды.

Бақылаудың ең маңызды мақсаты – білім алушыны өз білімдеріндегі кемшіліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп, оны уақытылы жойып отыруға ынталандыру болып табылады. Біздің байқауымызша, білім алушылар жұмысының қарқындылығы бақылау өткізудің жиілігімен және тұрақтылығымен реттеледі. Оның үстіне, бақылау жиі болған сайын, оқушылар да бақылау процедурасына жақсы бейімделіп, жүрексіну деңгейі төмендейді.

Оқытушы жұмысының маңызды аспектісі студенттердің білім, білік, дағдыны меңгеруін бақылау бола отырып, оларды білім адушының өзін-өзі тексеру және өз жұмысын бағалау мақсатында пайдалануы болып табылады.

Бақылау процедурасы мен нәтижелері оқытушылардың өздерінің және білім мекемесіндегі әдістемелік және жетекші қызметкерлердің күмәнін тудырмауы үшін төмендегідей талаптарға сәйкес жүзеге асуыылуы керек:

1. Бақылау нәтижелерінің жедел алынуы.

2. Бақылау операциялары студенттер тобының бәрін немесе басым бөлігін қамтуы.

3. Бақылау операциялары өтілген материалдардың бәрін (немесе басым бөлігін) қамтуы.

4. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, яғни, аз уақыт ішінде көп студенттің білім мен білікті меңгеруін бақылау мүмкіндігінің болуы.

5. Бақылау нәтижелерін анықтауға (тексеруге) уақыттың аз жұмсалуы.

6. Бақылау нәтижелерін анықтау кезінде білікті оқытушыны ауыстыру мүмкіндігі. Айта кеткен жөн, бұл талапты ауызша жауап алу да, бақылау жұмысы да қанағаттандырмайды.


8
7. Бақылаудың объективтілігі - оның процедурасының, жұмысты бақылау мен нәтижені анықтаудың объективтілігі, бұлар студенттің тұрақты, әрі шын көңілден жұмыс істеуіне ынталандырудың маңызды шарты болып табылады.

8. Бақылаудың сенімділігі, яғни, тақырып ақпаратының салыстармалы түрдегі аз ғана бөлігін бақылай отырып, бүкіл тақырып көлемі меңгерілгенін білу мүмкіндігі.

9. Білім алушыға оқытушының даярлыққа қояр талабын түсінуге мүмкіндік жасау.

10. Өтілген ақпаратты қайталау (бекіту) және студенттердің тілін, өз ойларын қисынды әрі рет-ретімен жеткізу қабілеттерін дамыту мүмкіндігі.

11. Барлық студенттердің білімін белсендіру және бекіту.

12. Білім алушылар жұмысының дербестігін қамтамасыз ету, көмектесуді, жетекші сұрақтар беруді болдырмау және т.б.

Қазіргі кезеңде, көптеген мамандар тестология немесе тестілеудің классикалық жүйесі деп атайтын, тестілер теориясы пайда болғанын айтуға болады. Бұл теория төңірегінде көптеген отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, жаңа ақпараттық телекоммуникациялық технология саласындағы мамандар жұмыс жасауда.

Тесттің анықтамасын С.И Федоров, Т.А. Ильина, Е.Стек, С.И. Воскерчъян, Штульман Э. А., Дадыкина Н. А және де баска авторлар береді.

Тест- дегеніміз бұл құрал, ол тестілік тапсырманың квалиметрикалық тексерістен өткен және алдын-ала жобаланган, стандартталған, рәсімделген, өңделген және сараланган нәтижелердің жүйесінен тұрады және тұлғалардынң қасиетін, сапасын өлшеуге арналған, ол тек жүйелік оқу үдерісінде ғана өзгертілуі мүмкін.

Компьютерлік тест - бұл берілген тұлғаның когнитивтік, психологиялық, психикалық немесе психофизиологикалық өзгешеліктеріне қарасты мінездемесінің өлшеу құралы.

Тестілеу белгілі бір жағдайда білім алушыға келесі мүмкіндіктер береді:


  1. Білім алушыға - ақиқаттық таным деңгейін дербес бағалауға;

  2. Оқытушыға –оқу үдерістің тиімділігін үнемі есепте ұстауға.

Психолого-педагогикалық әдебиетті саралау бізге компьютерлік тестілеудің кемшілігін екі түрін көрсетуге мүмкіндік берді:

1) Олар жауаптың кездейсоқ таңдауына, ойдан болжап табуына немесе біртіндеп жоққа шығару әдісінің пайдалуына кедергі келтірмейді;

2) Бұндай бақылауда оқытушы мен студенттің арасында тығыз байланыс болмайды, ол білім алушының логикалық пайымдауын кадағалауга мүмкіндік бермейді.

Алдыңғы тарауларда көрсетілгендей, педагогикалық тестілерді қолдану педагогикалық өлшеуді ұйымдастыру процесі мен бұндай өлшеулердің сандық және сапалық нәтижелерін жақсы формальдауға мүмкіндік бергендіктен, тестілеуді ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға және ол арқылы алынған нәтижелерді өңдеу мүмкіндік береді. Бұл артықшылықтар болашақ информатика мұғалімдерін дайындаудың барлық тақырыптық бағыттарына, оның ішінде, информатикаға, бағдарламалау тілдеріне де таратылады. Программалау дегеніміз–есептеуіш машиналарына арналған программаларды құру барысында орындалатын теориялық және практикалық іс-әрекеттер. Қарапайым программа құрып үйрену үшін программалау тілін таңдау маңызды емес, маңыздысы – программалаудың дұрыс әдіснамасын бейнелейтін алгоритмдерді өңдеуге мүмкіндік беретін іргелі біліктіліктің болуы(Кузнецов Э.И.), сол секілді, жалпы, таңдаған тілде ұтымды программалар құру үшін Громыко В.И. анықтаған төмендегідей біліктіліктер: мәліметтер құрылымы мен алгоритмдер, программалау парадигмалары, тілдің синтаксисі мен семантикасы, программалық жабдықты құру технологиялары, программалаудың психологиялық қырлары болуы қажет.

Программалау негіздерін қамтитын пәндер бойынша нәтиже-практикалық түрде жүзеге асырылатын программалық өнімдер болып табылады. Себебі, іздеу жұмыстарының, шығармашылық әрекеттерінің түйіні ретінде - программа құрылады.

Біз зерттеуімізде «Бағдарламалау» пәнін оқытуда білім нәтижесін тексеру және ол нәтижелерді білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарымен салыстыру арқылы критериальды-бағытталған тестілеудің қолданылуын негіздейміз. Бұл үшін стандарттың өзі талданып, оның талаптары нақтыланды, сондықтан критериальды-бағытталған педагогикалық тестілік материалдар құруда стандарттың талаптарын негізге алуға болады. Студенттердің «Бағдарламалау» пәнінен білім деңгейін сапалы және нақты өлшеу үшін арнайы критериалды-бағытталған тестілік материалдарды құрудың төрт этапты технологиясы беріледі(1-сурет).

«Бағдарламалау» пәні 050111-«Информатика» мамандығының ҚР МЖМБС 3.08.261-2006 бойынша базалық пәндердің міндетті компоненті болып табылады. Бұл курс негізгі жалпы ғылыми пән болып есептеледі, ол мамандықтың басқа пәндерінің негізі болып табылады және ол болашақ информатика мұғалімдеріне бағдарлама құрастырудың тиімді және рациональды әдістерін үйретеді.

«Бағдарламалау» пәнін оқып үйрену студентке бағдарлама құрастырудың нақты тәжірибесін береді, оған бағдарламалаудың жақсы стилінің мүмкіндігін және бағдарламалық құжатты құрастыруды көрсетеді.

Пәннің мақсаты-бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.

Компьютерлік бағдарламалардың ішінен біз Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тестілеу» қабықшасын таңдап алдық, ол білім беру орындарында (ЖОО, колледж және т.б.) білімді диагностикалауды жүзеге асыруға арналған бағдарламалар кешені. Ол «Бағдарламалау» пәні бойынша білім алушылардың білім деңгейін жедел бақылауды жүргізуге және тестілеу мен статистикалық іріктеулердің нәтижелерін кең ауқымда көрсетуге мүмкіндік берді. «Тестілеу» компьютерлік кешені Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейді және желілік режимде қолдануға есептелген.

Бұл бағдарламаның ерекшеліктері: оның көлемі шағын, математикалық қамтамасыз ету мен жабдықтар ресурстарында талаптардың аздығы; қолданыста қарапайымдылығы; оқыту режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі; бұрын дайындалған қордан сұрақтарды таңдау жолымен тест билеттерін құру механизмінің бар болуы; тестілік тапсырмалар Word текстілік редакторында арнайы шаблон бойынша құрылады және бағдарламаға енгізілуі.




  1. сурет. Оқытудың нәтижесін өлшейтін критериальды-бағытталған

жүйесін құрудың негізгі технологиялық этаптары мен қадамдары
Студенттердің білімі мен бліктілігін тексергеннен кейін олардың қиналған тақырыптары бойынша білім алушының оқытушының қатысуымен орындайтын өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қосымша жұмыстар жүргізілді. Ол үшін Pascal ABC (авторы доц. С. С. Михалкович) оқытушы программалау ортасына енгізілген Programming Taskbook электронды есептер жинағын қолдандым. Pascal ABC жүйесі Паскаль программалау тілін оқытуға арналған және оқушылар мен ЖОО төменгі курс студенттеріне бағытталған. Pascal ABC жүйесі Delphi Pascal тіліне негізделген, ол қарапайым бағдарламалаудан модульдік, объектілі-бағытталған программалауға біртіндеп өтуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылған, тестілеудің кемшілігі деп көрсетілген кездейсоқтық пен жорамалдау факторының тестілеу кезінде оқушылардың білімін тексеруге әсерін анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізудім. Зерттеу жүргізу барысында мені тест тапсыру барысында оқушылардың орта есеппен қанша балл алатынындығы қызықтырды. Оқушылар тобына «Бағдарламалаудан» әртүрлі тақырыпта 10 тест тапсырмалары берілді. Жауап беру нәтижесінде дұрыс жауап берілген сұрақтардың пайызы алынды. Барлығы 120 рет өлшенді. Бақылау мәндері 5% - 64% аралығында болды. Барлық өлшемдердің нәтижелері бойынша алынған орта мән = 28,10%(2-сурет).



2 – сурет. Барлық өлшемдердің нәтижелері бойынша алынған орта мән

Мәндердiң көпшiлiгi 20% пен 40% аралығында жатады. Сайып келгенде, жорамалдап жауап беретін оқушы сәтті жағдайда тек үштік бағадан ғана үміттене алады.

Тестілеуді өткізуге 2 оқу тобы – 24 студент қатысты, оның 11 – эксперимент тобында, 13 – бақылау тобында болды. Тестілеу экспериментін бастамас бұрын, студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілді. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты: «Бағдарламалау» пәнін оқыту барысында автоматтандырылған тестілеу жүйесін қолдану нәтижесінде студенттердің осы пәнді меңгеру деңгейінің жоғарылайтынын дәлелдеу болғандықтан, бақылау жұмыстары да тестілеу түрінде алынды. Яғни бақылау жұмыстары студенттердің біліктерінің бастапқы деңгейлерін және оқыту экспериментінен кейінгі өсу деңгейлерін анықтау мақсатында алынды.



ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу міндеттерін шешу барысында бастапқы болжамның дұрыстығы эксперимент жүзінде дәлелденіп, мынандай қорытындылар жасалды:

1. Диссертациялық зерттеуде компьютерлік бағдарламаларды оқу процесінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектер мен зерттеулер талданды. Компьютерлік бағдарламалық жүйелердің негізгі компоненттері және қазіргі таңда қолданыста жүрген компьютерлік бағдарламалардың дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылды, компьютерлік бағдарламаларды оқытуда қолдану аясының және мүмкіндіктерінің шекаралары айқындалды.

2. Білім беру мониторингі термині жан-жақты анықталып, мониторинг жүйесінің құру мақсатына байланысты мониторинг ақпараттық, диагностикалық, бақылау, педагогикалық функциялары айқындалды.

ЖОО-да оқытудың барлық кезеңінде оқу әрекетін кәсіби әрекетке айналдыру үдерісін бақылау іс-әрекеттік болуы, яғни білімді меңгеру деңгейі емес, сол білімнің негізінде әрекет жасау барысы мен нәтижелері, танымдық әрекеттің қалыптасу деңгейі, сосын кәсіби ынтасы, жалпы іс-әрекет толығымен бақылануы керек екені атап көрсетіліп, аралық және қорытынды бақылау құралы ретінде педагогикалық тестілеудің мазмұны, құрылымы, түрлері мен қолданылу облыстары, артықшылықтары мен кемшіліктері, оған қойылатын талаптар нақтыланды.

3. «Бағдарламалау» пәнін оқытуда студенттердің білімін бақылау-өлшеу құралдарын дайындаудың төрт этапты технологиясы жасалып, осы технология бойынша «Орындалатын операторлар» және «Айнымалыларды алдын ала анықталған типтері» тараулары бойынша тапсырмалар қоры жасалып, апробациядан өткізілді.

4. ЖОО-дағы «Бағдарламалау» курсының мазмұндық-әдістемелік бағыттарын талдау және пәнді оқыту процесінде студенттердің білімін бақылаудың электрондық құралын пайдалану әдістемесі жасалды және сынақтан өткізілді. Компьютерлік бағдарламаларды қолданып жүйелі бақылау оқыту сапасын арттыруға жағдай тудыратын себептер айқындалды.

Жүргізілген эксперимент зерттеу болжамын, қолданылған компьютерлік бағдарламалар мен оларды оқу процесінде қолдану әдістемесінің педагогикалық тиімділігін растады.
Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

1.Сабақ барысында электрондық тестілеуді қолдану// «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік саяси инновациялық аспектілері» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. -Қызылорда, 2011ж. 376-379б.

2. Информатикадан оқушылардың үлгірімін тексеруде тестілеуді қолдану жолдары»// Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білім және ғылымның инновациялық дамуы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың проблемалары мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Қызылорда, 2011ж (бірлестікте: Н.Ж.Ибрагимова) (баспада)

3. Компьютерлік тест жүйесімен оқушылардың білімін бақылау және бағалау мәселелері// «55 космических лет» Материалы международный научно-практической конференции, посвященной запуску 1 Искуственного спутника Земли Қызылорда, 2012 ж. 213-216 с. (бірлестікте: Н.Ж.Ибрагимова) .



РЕЗЮМЕ
ЖУГИНИС ВЕНЕРА САРБАЙКЫЗЫ
Методика использования электронного средства контроля знаний студентов по дисциплине «Программирование»
6М011100 – Информатика
Актуальность исследования: Одна из важных и сложных проблем высшей школьной педагогики - развивать профессиональную квалификацию студента, подготовка работоспособного и компетентного специалиста. Для подготовки такого специалиста нужно полностью активизировать процесс образования, совершенствовать новые формы и методы обучения.

Контроль знаний студентов является неотделимой частью процесса обучения. В высших учебных заведениях в педагогическом процессе используются такие виды контроля как, самостоятельная и контрольная работа, коллоквиумы, зачеты, экзамены. Все перечисленные виды показывают итоговые результаты контроля знаний, полученные в определенный период. В этом случае обратная связь не обеспечивается, поэтому информация, полученная от преподавателя обучающимся, отстают по времени и оценка контроля уровня знаний имеет односторонний характер.

При классической методике преподавания основ программирования не определяется с какой целью выполняется упражнения для закрепления одной определенной темы, рассматриваются задачи, несвязанные между собой. Поэтому студент вынужден выполнять задания не вникая в суть проблемы.

Контроль знаний по дисциплине «Программирование» ведется с помощью тестирования программного продукта, разработанного студентом. В этом случае контроль знаний осуществляется только итоговой проверкой и процесс программирования не контролируется, то есть, не выполняется обучающая и развивающиеся функции контроля знаний.

Из вышеизложенного определяется актуальность выбранной темы исследования и показывает противоречие между необходимостью совершенствования контроля знаний студентов при обучении программированию.

Цель исследования состоит в разработке методики использования электронного средства контроля знаний студентов по программированию.

Объектом исследования является процесс обучения основ программирования в высших учебных заведениях.

Предмет исследования: способы использования средств контроля для объективной оценки знаний студентов по программированию.

Задачи исследования:

- на основе исследования традиционных и нетрадиционных способов контроля знаний изучение роли, места контроля знаний в методической системе обучения программрованию;

- определить содержательное наполнение электронного средства контоля знаний по программированию;

- разработать технологию создания систем измерений результатов обучения студентов по программированию, а также выявить подходы к соотнесению результатов педагогических измерений с системой требований, определенных в стандарте;

- разработать методику использования электронного средства контроля знаний при обучении студентов программированию.

Методы и методологические основы исследования. Теоретический анализ психолого-педагогической, методической и учебной литературы; педагогический эксперимент, анкетирование, математическая обработка эксперимента. Исследования в области теории и методики обучения информатике, в области разработки заданий для контроля знаний студентов.

Научная новизна и теоретическая значимость исследования:


  • создан метод разработкий заданий по программированию;

  • определены содержательное наполнение электронного средства контроля знаний студентов по программированию;

  • разработана технология создания систем измерений результатов обучения студентов по программированию;

  • разработана методика использования электронного средства контроля знаний студентов по программированию.

Положения, выносимые на защиту:

  • технология создания систем измерений результатов обучения студентов по программированию;

  • содержательное наполнение электронного средства контроля знаний студентов по программированию;

  • методика использования электронного средства контроля знаний студентов по программированию.

Структура диссертации: определяется логикой исследования. Диссертационная работа состоит из введения, двух, заключения, списка использованной литературы и приложения.
RESUME
ZHUGІNIS VENERA SARBAIKYZY
Methodology of the use of electronic object on control of level knowledge of students that to the object "Programming"
6М011100 - Informatics
Research actuality: One of important and difficult problems of senior school pedagogics - to prepare a student to the future profession, to develop professional qualification to prepare a capable of working and competent specialist. For preparation of such specialist it is needed fully to activate the process of education, to perfect new forms and methods of educating. To activate the process of education - to consider it to the way of strong and exact education, to give an opportunity to the students to be in a search and creative to think etc.

To control the level of knowledge, mastering of object is inseparable part of process of educating. Types of control are used in pedagogics higher educational establishment it: independent and control work, colloquiums, control points, tests, examinations. The all enumerated show results knowledge got in a certain period. In such methodology between information got students from a teacher lag appears from time and at the estimation of control of level knowledge one-sided description is described only, because a feed-back is not provided in actual fact.

In the present situation of informatization of society, in all spheres of the system of higher education widely inculcated informatics, industry of informatics - course of bases of programming execute a major role in the increase of level knowledge and professional preparation.

At classic methodology of teaching of bases of programming not determined for what purpose executed exercises for fixing of one certain theme, examined and tasks that is unconnected inter se. On it a student forces to execute tasks not going deep in essence of problem.

Now control of mastering knowledge on an object, "programming" is conducted by means of testing or by the testing program done by a student. In this case organization of control knowledge treats only the conclusion of verification knowledge and the process of programming is not controlled, id est educating of control is not executed knowledge and function of development.

Main duty of teacher - to know the object and teaching methodology. A computer technique must be simple and reliable means for a teacher for the economy of time and to creative work.

In connection of aforesaid, preparation of methodology of educating of certain objects the universally marked teaching and uses of the checking systems is an actual obligation.

Research aim: to help future to the teachers of informatics in the process of teaching of bases of programming to use and methodology of electronic instrument of control knowledge.

Research objects is a process educating of bases of programming in higher educational establishments.

Article of research : to execute the continuous monitoring knowledge and qualification of future teachers of informatics entrance of educating of bases of programming.

Research tasks:

- to do an analysis to the teaching and testing computer programs;

- it is description value of advantageous choice of the program of giving an opportunity quickly and the system educating and supervision, mastered knowledge of students and to organize their self-control;

- using a teaching computer tester to process methodical principle of organization of process of educating;

- to analyse a structure and maintenance of object "programming", to analyse from the point of view of the continuous monitoring knowledge and qualification of students and to define requirements in the use;

- using educating of object "programming" to make methodology of educating and by means of pedagogical experiment to investigate a benefit.



Methods and methodological bases of research

Theoretical analysis of physico- pedagogical, methodical and educational literature; pedagogical experiment, questionnaire, mathematical treatment of experiment. Research and physico- pedagogical principle of preparation of specialists on the basis of methodological research in the system of higher school, scientifically-methodical rules of educating of informatics, theory of development of personality at a help action, cognition of science, appears through the system point of view.



Scientific novelty and theoretical meaningfulness of research :

-the analysis of maintenance and structure of object is conducted "programming" from the point of view of monitoring, educed requirement to system control of quality of knowledge founded to computer technologies.

- technologies of preparation of the articles of control are done are measuring of process of educating of the article of "programming" for the future teachers of informatics and it is well-proven his benefit.

- by means of optimal combination to the teaching and testing obligations founded to computer technologies the problem of system control of quality is put knowledge and found the decision.



Positions taken away on defence : basicness of the advantageous use of system control of quality knowledge on the basis of computer to technology of educating of object "programming" in higher educational establishments:

- Technology of preparation of controls is measures in the process of educating;

it is Base of tests for a course "programming"

it is Methodology of the use of system control of quality knowledge on the basis of computer to technology of educating of object "programming".



Structure of dissertation : determined by research logic. Dissertation work consists of introduction, two, conclusion, list of the used literature and appendix.



Каталог: Docs
Docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
Docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
Docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
Docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет