11
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тапсырма
Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5).
Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.
Ажар үйге қандай құсты алып келді?
|
Ажар құсты қалай күтті?
|
Ажар неге қуанды?
|
|
|
|
[4]
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
|
1
|
Кемінде 3 сурет дұрыс белгіленген жағдайда 1 балл қойылады.
|
Жаралы құсты/ жаралы
|
1
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
Жарасына йод жақты/жарасын
байлады/жем-су берді/
|
1
|
Жарасы жазылғаны үшін/ Құстың жарасы жазылғанына қуанды/ құстың ұша алғаны үшін/...
|
1
|
Барлығы
|
4
|
|
Айтылым
Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.Тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: жаралы құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа ұшып кетті, қуанды
Жоспар:
Жаралы құс
Ажардың қамқорлығы
Қуаныш
Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен?
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Ажар ауладан жаралы құс көрді. Оны үйге алып келді. Жараға йод жақты, оны байлады. Содан соң құсқа тамақ берді. Құстың жарасы жазылды.
Ажар құсты далаға шығарды. Құс ұшып кетті. Ажар қуанды.
|
1
|
Мәтіннің мазмұнын жоспарға
сәйкес, жүйелі баяндайды.
|
1
|
Тірек сөздерді орынды
қолданады.
|
1
|
Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
|
Ажар-мейірімді қыз. Ол жаралы құсқа көмектесті/Ажар қанаты сынған құсқа жақсылық жасады.
Ажар маған ұнайды.
|
1
|
Сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.
|
Барлығы
|
4
|
|
Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын сөзді анықта.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
|
1
|
Әр дұрыс сәйкестікке 1балл қойылады.
|
1
|
әңгіме
|
1
|
|
қамқорлық
|
1
|
|
Барлығы
|
4
|
|
Жазылым
Сөздерге «ы», «і» әріптерінің тиістісін қосып, сөзді өзгертіп жаз.
Кез келген сөзбен бір сөйлем құрастырып жаз.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
|
аяғы
|
1
|
|
4
|
төсегі
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауаптары:
|
1
|
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер
|
|
Саматтың атасының аяғы
|
|
қабылданады.
|
|
ауырады/ Үстелдің төрт аяғы бар/
|
|
Сөйлемнің құрылымын
|
|
Менің төсегім үлкен…
|
|
сақтайды.
|
|
|
1
|
Сөйлемдегі сөздерді қатесіз
|
|
|
|
жазады .
|
Барлығы
|
4
|
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Тыңдалым Айтылым
|
Оқу мақсаты
|
3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын анықтайды
Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепке барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын.
Сағат 10-да ұйықтаймын.
Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().
Ол үшінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында киноға барады. Ол өзінің уақыт кестесін жасады.
Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
Айдар таңертең сағат нешеде тұрады?
Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды?
тапсырма
Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле.
Тірек сөздер:
Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын анықтайды
|
1
|
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;
1-сөйлем 2-сөйлем
|
1
1
|
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді:
1-сұрақ 2-сұрақ
|
1
1
|
Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
|
2
|
тақырыпқа сәйкес ойын айтады;
|
1
|
тірек сөздерді орынды қолданады;
|
1
|
сөйлеу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
|
1
|
Барлығы
|
7
|
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын анықтайды
|
1
|
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтауда қиналады.
|
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/ мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтауда қателеседі.
|
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды.
|
Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
|
2
|
Берілген тірек сөздердің негізінде тақырып бойынша сөйлеуде қиналады.
|
Берілген тақырып бойынша сөйлеуде/ тірек сөздерді қолдануда/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.
|
Тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа сәйкес ойын айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |