Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ



бет16/19
Дата10.10.2022
өлшемі0.78 Mb.
#462342
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
!2-ЖБ Қазақ тілі(Т1) 3-сынып-финал (5)

2-тапсырма


Мәтіннен бір негізгі және бір туынды сын есім тауып жаз.

Негізгі сын есім:


Туынды сын есім:

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

1


берілген сөздердің мағынасын анықтайды:
1-сөз 2-сөз

1
1

сөздің тура мағынасын анықтайды;

1

сөздің ауыспалы мағынасын анықтайды;

1

мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды:
1-сөйлем 2-сөйлем

1
1

Негізгі және туынды
сын есімдерді ажыратады

2


негізгі сын есімді анықтайды;

1

туынды сын есімді анықтайды.

1

Жалпы балл

8

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Тапсырма


Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

1


Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтауда, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратуда қиналады.

Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтауда / сөздердің мағынасын анықтауда қателіктер жібереді.

Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтайды, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратады.

Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады

2


Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді анықтауда қиналады.

Мәтіннен негізгі/ туынды сын есімдерді анықтауда қателіктер жібереді.

Негізгі және туынды сын есімдерді дұрыс анықтайды.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ





  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).


  1. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу





    1. Ұзақтығы 40 минут

Балл саны - 16 балл
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.


    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.


Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі - оқылым, үшінші және төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет