48
ЖОБА
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
22-наурыз – жыл басы, жаңа жыл мерекесі болып саналады. Адамдар бұл мерекені асыға күтедi. Бұл күнi адамдар таза, жаңа киiм киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Әр үйде дастарқан жайылады. Жетi түрлі тағам қосылған наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер бата бередi. Наурыз тойы өте қызықты өтеді. Адамдар ән айтып, би билейді. Ұлттық ойындар ойнайды. Балалар алтыбақан тебеді. Маған Наурыз мерекесі ұнайды.
Наурыз.
Мәтін не туралы? ___________________________________
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін үш сөйлемді белгіле ().
Наурыз мерекесінде үлкен кісілер бата береді.
Наурыз күні әр үйде мол дастарқан жайылады.
Наурыз көжеге жиырма екі түрлі тағам қосылады.
Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.
[4]
Балл қою кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |