6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым
Айтылым
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын . Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібі кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын . Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепте барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын. Сағат 10-да ұйықтаймын.
Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле ().
Ол үшінші сыныпта оқиды.
Ол бос уақытында киноға барады.
Ол өзінің уақыт кестесін жасады.
Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
Айдар таңертең сағат нешеде тұрады? __________
Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды? __________
Достарыңызбен бөлісу: |