Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Мәтіннің құрылымдық  бөліктерін анықтап, мәтінге  жоспар құрады



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата14.03.2024
өлшемі0.96 Mb.
#495520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
1-ЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып

 
Мәтіннің құрылымдық 
бөліктерін анықтап, мәтінге 
жоспар құрады.
 
 
 


1-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 
 
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 
 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу 
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін 
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға 
бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық 
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 
«Әдебиеттік оқу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында), 
бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 1-
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу 
 
3.1
Ұзақтығы – 40 минут 
 
Балл саны – 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. 
 
3.2 
Жиынтық бағалаудың құрылымы 
 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық 
жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан 
дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер 
түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және 
жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. 
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі – оқылым, үшінші және 
төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет