Жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы



Дата25.02.2016
өлшемі50.35 Kb.
#24588


2014 - 2016 жылдарға арналған

Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 35 551 416 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 20 474 832 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 196 311 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 160 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 14 720 273 мың теңге;

2) шығындар – 38 826 490 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 224 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 22 224 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 200 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 200 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – -3 497 298 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 3 497 298 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi – 3 497 298 мың теңге.

қарыздарды қайтару – 0 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 18 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 18 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі.

4. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес, жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

5. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру үрдісін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты облыстық бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттер түсімдері жалпы сомасы - 541 199 мың теңге көзделсін.

6. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес:

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:



  1. жалақының ең төменгi мөлшерi – 19 966 теңге;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 852 теңге;

  3. базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 19 966 теңге мөлшерінде белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

7. 2014 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен келесідей мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге - 27 850 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 730 152 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге – 73 670 мың теңге;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 898 326 мың теңге;

халыққа әлеуметтiк қорғау және көмек көрсетуге - 34 598 мың теңге;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға - 90 134 мың теңге;

Ағымдағы нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2014 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер түскені ескерілсін:

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 1 451 521 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға – 4 801 389 мың теңге.

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға - 4 105 615 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 1 936 256 мың теңге;

Аталған нысаналы даму трансферттер мен кредиттер сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2014 жылға арналған қалалық бюджетте, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін шарттарға сәйкес, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін кредиттер – 22 224 мың теңге түскені ескерілсін.

Көрсетілген кредиттер сомасын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2014 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы және даму трансферттері мен кредиттер түскені ескерілсін, оның ішінде:

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 909 776 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салуға және (немесе) сатып алуға - 748 559 мың теңге.

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға – 606 961 мың теңге;

спорт объектілерін дамытуға – 1 001 970 мың теңге;

коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 10 000 мың теңге;

қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамытуға – 156 212 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 461 149 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 30 077 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 110 843 мың теңге;

бруцеллез ауруымен ауырған, санитарлық союға жіберілген ауыл шаруашылық жануарларының (ірі қара және ұсақ мүйізді малдар) құнын (50% дейін) өтеуге – 2 164 мың теңге.

көп пәтерлi тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргiзу – 8 125 мың теңге;

Аталған трансферттер сомалары қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

11. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органының 2014 жылға арналған резерві - 416 589 мың теңге сомасында бекітілсін.

12. 2014 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Ақтөбе қалалық Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы мәслихатының хатшысы

Ә. Тасимов С. Шынтасова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет