Жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының мониторинг қорытындысы



бет2/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#24154
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 121 бас ірі қара сатып алды. Шаруашылық құрылым басшылары малдарының тұқымын жақсарту бағытында 21 шаруашылық өз қаражаттарына 31 бас асыл тұқымды бұқа, 4 шаруашылық асыл тұқымды 1050 бас тұқымды ұрғашы тоқты және 6 шаруашылық 170 бас асыл тұқымды (еділбай тұқымдас) қошқар сатып алды. Сонымен қатар жеке қожалықтардағы аналық малдардан алынатын төлдер сапасын арттыру мақсатында Үшқұдық селолық округінде орналасқан «Жақсылық» Ш/Қ 42 бас, Бесқоспа селолық округіндегі «Шөкей» Ш/Қ 2 бас қазақы ақбас тұқымды бұқасын «Ақтөбе Агро Сервис» ЖШС-і арқылы лезингке алды.

Мал шаруашылығында селекциялы-асыл тұқымдандыруды жақсарту бойынша қолдан ұрықтандыру бойынша жұмыс жасайтын 8  пунктте 550 бас сиыр ұрықтандырылды.

Аудандық ветеринариялық станцияға мал шаруашылық алаңдарын дезинфекциялайтын «ДУК» арнайы техникасы берілді.

2013 жылы аудан бюджетінен бөлінген 993,5 мың теңгеге 11 селолық округте 115 жеке сектор, 9 ғимарат және 8 шаруа қожалығы, барлығы 9032 шаршы метр дезинфекцияланып, өңделді.

2013 жылы Бестамақ ауылында 2,6 млн теңгеге мал қорымы салынды.

Ет өндіру. 2013 жылы «АқТеп» ЖШС-і 256 тонна сиыр етін, «Реймқұл» шаруа қожалығы 376,9 тонна сиыр етін, 67,8 тонна жылқы етін, «Пар.Коммуна-ХХІ» ЖШС-і 4519 тонна шошқа етін, «Аққұс» АҚ-на 1501 тонна құс етін өндірді және «Абылай» шаруа қожалығында 11,7 тонна қымыз өндірілді.

Ауданның агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 206,3 % өсіп, 2,0 млрд.теңге құрады, оның ішінде:

- «АкРоссПищепром» ЖШС – 70,0 млн.теңгеге құрама жем зауыты салынды;

- «Реймқұл» ЖШС – 35 млн.теңгеге 1,5 мың бас ірі – қараға арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізді;

-«АкТеп» ЖШС – 1830,3 млн.теңгеге ірі қара мал басын және ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды;

- Жыл сайын техника паркі жаңартылуда, яғни «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы 2013 жылы 33,8 млн.теңгеге 14 ауылшаруашылық техникалары және құрал-жабдықтар сатып алынды. 70,5 млн.теңгенің өз қаржыларына 29 бірлік ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алды.

2013 жылы «Алға» кредиттік серіктестігімен ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 85,0 млн.теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.




Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті дамыту

Мақсатты индикаторлар:

3. Белсенді шағын бизнес кәсіпорындары санының өсу қарқыны

%

102,4

95,3

2013 жыл қорытындысы бойынша белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2012 жылмен салыстырғанда 95,3 пайызды құрап отыр.

Міндет 1. Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау

Нәтиже көрсеткіштері:

3.1. Белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының саны

Бірлік

43

41

Белсенді екі заңды тұлғаның шағын бизнестен орта бизнеске ауысуына байланысты 2 бірлікке азайды

3.2. 1000 тұрғынға шаққанда шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының өсуі

Бірлік

1,1

1,1

2013 жылы шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 36 бірлікті құрады (халық саны 01.01.2013 жылға – 39653 адам)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 3. Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті дамыту

Міндет 2. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Мақсатты индикаторлар:

4. Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

107,0

107,1

Жоспарлы көрсеткіштен асып түсті

Нәтиже көрсеткіштері:

4.1. Тұрғындарды сауда алаңдарымен қамтамасыз ету, 1000 тұрғынға шаққанда шаршы метр

Шаршы метр

5318




Бұл көрсеткіш 2013 жылдың маусым айында статистикалық мәліметтерде жарияланады.

1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 4. Инновациялар мен инвестицияларды дамыту

Міндет 1. Қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау.

Мақсатты индикаторлар:

5. Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлемінің индексі

%

102,0

104,2

Жыл қорытындысы бойынша ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 5060,9 млн.теңгені құрады

Нәтиже көрсеткіштері:

5.1. Өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлемінің индексі

%

100,0

19,4

196,1 млн.теңге инвестиция тартылды (2011 жылы – 1057,5 млн.теңге)

5.2. Адам басына шаққанда негізгі капиталға салынатын инвестициялар

Мың теңге

126,0

127,5





6. Аналитикалық хат

Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі болып табылады. Атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды.

Ауданда 01.01.2014 жыл жағдайына 2099 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 258 бірлікке көбейіп, 114,0 пайызды құрағады, атаулы салада жұмыспен қамтылғандар саны 5500 адам. Бөлшек сауда айналымы 1489,5 млн.теңгені немесе нақты көлемінің индексі 107,1 пайызға артты.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер 2162,9 млн.теңгені құрады немесе 127,1 пайыз.



  1. 2013 жылы аудан кәсіпкерлерін дамытуда мемлекеттік механизмдер ұтымды пайдаланылды, әсіресе біздің ауданда кеңінен тараған мемлекеттік қолдау шараларының бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарламаның бірінші бағыты «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» шеңберінде ауданымызда 604,5 млн.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында Қарағаш селолық округіндегі «Ақжол» шаруа қожалығында «мал базасының құрылысына арналған сыртқы желілердің құрылысына (газдандыру және электрмен жабдықтау)» 4,0 млн.теңге бөлініп, нысан қарашада аудан әкімінің өкімімен іске қосылды.

Кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау шараларын түсіндіру және жобаларды ұсыну бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды:



  • Ауданның шағын және орта бизнес саласын дамыту мақсатында ағымдағы жылы наурыз айында Бағдарлама аясында тұрғындар мен кәсіпкерлерді ақпараттандыру мақсатында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Ақтөбедегі бөлімі мен басқа да мүдделі қаржылық ұйымдардың қатысуымен 94 кәсіпкерге семинар-кеңес ұйымдастырылды;

  • 10 сәуірде «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер аймақтық ассациациясы аудан тұрғындарының арасынан шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындарға бизнесті бастау және несие алу жолдарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді;

  • 3 мамыр күні Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттарының Алға ауданына іс сапармен келуіне байланысты, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Атамекен» одағы ҚҰЭП заңды тұлғалар бірлестігінің басшылары «Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау» тақырыбындағы семинар кеңес өткізілді.

  • 6-7 маусым аралығында «Бизнес-Кеңесші» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлері мен кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниет білдірушілерге арналған «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты екі күндік семинар өтті. Оған 31 адам қатынасып, сертификаттар табысталды;

  • 14 тамыз күні аудан тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыру мақсатында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Даму» КДҚ» АҚ АФ-мен, сервистік компания өкілінің қатысуымен семинар – кеңес ұйымдастырылды. Семинар кеңеске 16 кәсіпкерлік субъектілері қатынасты.




Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық қаржы бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Экономика

Мақсат 4. Инновациялар мен инвестицияларды дамыту

Міндет 2. Тауар мен қызметтің жаңа түрлерінің инновациялық өндірісін тез игеру үшін және технологиялық модернизацияға көмектесу үшін жағдайлар жасау

Мақсатты индикаторлар:

6. Тауарларды сатып алудың, жұмыс пен қызметтің жалпы көлемінде қазақстандық мөлшер үлесін ұлғайту

%

73,0

78,0




Нәтиже көрсеткіштері:

6.1. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуында қазақстандық мөлшерлеменің үлесін ұлғайту - тауарларды 60% дейін

%

58

83,1




6.2. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуында қазақстандық мөлшерлеменің үлесін ұлғайту – жұмыс пен қызметті 90% дейін

%

88

77,4





2. Іс-шаралардың орындалуы



Іс-шара

Аяқталу түрі

Орындау үшін жауаптылар

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

1

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілерге кеңес өткізуді ұйымдастыру

Кеңес

Аудандық қаржы бөлімі

2011-2015

Осы мақсатта 2013 жылдың желтоқсан айында кеңес өткізілді



Аналитикалық хат.

2011-2015 жылдарға Аумақтық даму бағдарламасы бойынша бақылауға оперативті есеп беру 3 бөлімнен тұрады. Негізгі бағыттың екі көрсеткіші бойынша жоспар толық орындалды. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сатып алуында қазақстандық мөлшерлемесінің үлесін ұлғайту – жұмыс пен қызметтің жоспары 77,4 пайызға орындалды. Яғни 4 мекеменің жоспары 48,5 пайызбен 73,2 пайызды құрады.




Есепті кезең

2013 жыл

Жүзеге асырылу кезеңі

2011-2015 жылдар

Ұйым

«Алға аудандық білім бөлімі» ММ




(мониторинг жүргізуге және есепті құрастыруға жауапты органның атауы)


1. Мақсаттарға қол жеткізу

Атауы

Өлш.

бірл.

2013 жылға жоспар

Нақты

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт: Әлеуметтік сала

Мақсат 5: Білім сапасы мен оның қолжетімділігін жақсарту және балалардың заңды мүдделерін қорғау және олардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Мақсатты индикаторлар:

7. Халықтың білім сапасы мен оның қолжетімділігімен қанағаттанушылық үлесі

%

2013 жылдан бастап




Нәтиже көрсеткіштері:

7.1. Жалпы мұғалімдер санынан жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагогика мамандарының үлесі

%

40,3

41,5

Аудан бойынша барлығы 1054 мұғалім бар. Оның ішінде, жоғары – 81, бірінші категориялы дәрежедегі - 356. Жалпы 437 педагог мамандар. «Өрлеу» біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан ағымдағы жылы 224 мұғалім курстан өтті. 2012 жылмен салыстырғанда биыл жоғары категориялы дәрежедегі қосымша 14 мұғалім, ал I кат қосымша 10 мұғалім бекітті. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 1,2 пайызға өсті.

7.2. Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жақсы (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі

%

57,7

57,8

3739 оқушылар (1 мен 11 кл аралығында) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (4 пен 5) меңгерген. 2012 жылмен салыстырғанда биыл осы көрсеткіш 0,1 пайзға өсті.

7.3. Білім беру ұйымдарының жалпы санынан инклюзивті білім алуға мүмкіндік беретін білім беру ұйымдарының үлесі

%

40,0

48,5

Ауданның 33 мектептен 16 мектебінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған пандустар қондырылған. Ағымдағы жылы Ақтөбе облысы 2013 жылдың 16 сәуірдегі №98 әкімінің қаулысы негізінде ауданда психологиялық-педагогикалық коррекция кабинет ашылды.

7.4. Аз қамтылған жанұялардан шыққан оқушылардың жалпы санынан сапалы және үйлестірілген ыстық тамақпен және дәрумендендірілген кисельмен қамтылған аз қамтылған жанұялардан шыққан оқушылар үлесі

%

100,0

100,0

Алға ауданы бойынша ыстық тамақ барлық 33 мектепте толықтай ұйымдастырылған. 2013 - 2014 оқу жылын барлығы 6468 оқушы бастап отыр. Оның ішінде, ыстық тамақпен 5807 оқушы қамтылған, ол барлық оқушының 89,8 % құрайды. Оның ішінде, қала мектептерінен 2747 оқушы болса, ауыл мектептерінен 3060 оқушы қамтылып отыр.

Нысаналы индикаторлар:

8. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту

%

93,5

98,6

Алға ауданында 34 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде 22 шағын орталық және 12 бала бақша бар. Онда 2348 бала тәрбиеленуде. 0 – 7 (5809 бала саны) жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту 78% құрап отыр. Ал, 3-6 жасқа (2879 бала саны) дейінгі балаларды 98,6%.

8.1. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдар санынан енгізілген мектепке дейінгі ұйымдар санының үлесі

%

5,7

3,0

Ағымдағы жылы Алға қаласының № 4 орта мектебі жанынан 60 орындық шағын орталық ашылды (2013 жылдың 26 тамызындағы №360 аудан әкімінің Қаулысы негізінде)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет