жаңа жұмыс орны ашылды . Жаңадан ашылған және босаған жұмыс орындарына 430 жұмыссыз жұмысқа орналасты Жұмыссыздарды еңбекке орналастыру деңгейі 74 пайыз болды.Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы шаруа қожалықтары мен мекемелерде 20 әлеуметтік жұмыс орындары ашылып, осы орындарға 20 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып ,оған 440 адам тартылды. 11 жұмыссыз кәсіптік даярлауға жіберілді. Олардың 11-і оқуды аяқтап,осылардың арасынан 6 адам жұмысқа орналасты .
«Жастар бағдарламасы» бойынша арнаулы білімдері бар 23 жас маман жұмысқа тартылды. Олар толық тәжірибелерін аяқтап, 6–сы тұрақты жұмыстарға орналасты.
2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 45 адам,бұл өткен жылмен салыстырғанда 72 адамға кем.
Жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеп,0,3 пайызды құрап отыр. Жұмыссыз азаматтармен белсенді жұмыс жасау арқасында аудандағы аз қамтылған отбасылар санының азаюына қол жеткізілді.
2009- жылдан бері жүзеге асырылып келе жатырған «Жол картасы »бағдарламасы бойынша ауданда 69 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 62 адамға жолдама берілді. Жыл ішінде 52 мекемеге 146 адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. 37 мекемеге 79 оқу орнын бітірген жас маман Жастар бағдарламасымен жұмысқа жіберілді.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша №14 кәсіптік білім беру лицейінде 25 адам тракторист –бульдозерист, 17 адам слесарь жөндеуші, 18 адам тігінші мамандықтарына оқып бітіріп, олардың 27-сі жұмысқа орналасты.
Орта және кіші кәсіпкерлік
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткішіі 2010 жылдың 1 қаңтар айына 624 бірлікті құрап, оның ішінде заңды тұлғалар саны 25 бірлік, жеке тұлғалар 599 бірлік тіркелді. Бүгінгі таңда, яғни 2010 жылыдың 11 айында барлығы 666 бірлік кәсіпкер тіркелді, оның ішінде 25 заңды тұлға, 641 бірлігі жеке тұлға. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107.0 пайызды құрап отыр.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49 бірлікке өсіп 7,1 пайызға артты. Яғни 2009 жылдың 11 айында 605 бірлік жұмыс жасаса, 2010 жылдың 11 айында 659 бірлікті құрады.
Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлікте барлығы 3901 адам жұмыс жасайды , оның 1133 адамы заңды тұлғаларда , 2768 адам жеке тұлғалар, Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті.
Заңды және жеке тұлғалардың өндірген өнімі осы жылы 3565,0 млн теңге болса, өткен жылдың осы кезеңінде 2905,0 млн теңгені құрап, 22,7 пайызға артық орындалды.
Ауданда 1 МКО-Байғанин ЖШС, 1 Қамқор ауылдық несие серіктестігі, 1 бизнес-инкубатор қоғамдық қорлары жұмыс жасап, жеке кәсіпкерлікті дамытуға өз үлестерін қосуда. «Байғанин шағын несие» ЖШС арқылы 2009 жылы 10 адамға 11,1 млн теңге несие берілсе, 2010 жылы 1,5 млн теңге несиені 2 адамға беріп отыр. «Қамқор» АТК арқылы былтырғы жылы 3 адам 8,1 млн теңге алса, биыл несие алғандар болған жоқ.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері » жолдауын жүзеге асыруға және 2020 жылға дейінгі Қазақстанның дамуынын старатегиялық жоспарына арналған.
Бағдарлама 3 бағыттар бойынша жүзеге асырылуда.
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) экспорттарға бағытталған өндірістерді қолдау
Аудан бойынша 1 ЖШС «Мерей и К» осы бағдарлама шеңберінде жұмыс жасап, жобалар мен сұранысын тапсырып отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2009 жылғы 22 қыркүйектегі тапсырмасында ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті қаржыландыруда үш инвестициялық жоба /8,0 млн.теңге/ бюджеттік кредит есебінен қаржыландыру үшін облыстық комиссия мүшелерінің отырысына тапсырылды, үш жобаны қаржыландыруға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына» тізім бойынша құжаттарды тапсыруға шешім қабылданды.
2009 жылдың қараша айының 24-25 күні АҚ «Даму» қорының 4 дәріс берушілері келіп, ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындарына семинар-тренинг өткізді, осы екі күнде 62 дәріс алушылар оқып, сертификат алды. Семинар- тренинг өте тартымды өтіп кәсіпкерлердің көңілінен шықты.
Алдағы уақытта шағын және орта бизнес өкілдері ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді, сауда-саттықты, жүктерді тапсымалдау, қоғамдық тамақтандару және басқа да қызмет түрлерін кеңейтеді деп күтілуде.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша, бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік экономикалық дамуында кәсіпкерліктің орны ерекшелене бастады. Тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету, сауда-саттық, ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп дамыту және де басқада қызметтер мен жұмыстар кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының еншісінде.
Аудан экономикасын дамытудың бөлінбес шарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жандандыру, бизнесті қолдауға инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Бәсекелестіктің дамуы
Кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту.
Байғанин ауданы бойынша 2006 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде шаруашылық субъектілер саны 479 бірлікті құраса, 2007 жылға 528 бірлікке, яғни 110,2 пайызға, ал жұмысшылар саны 2006 жылы 1365 болса, 2008 жылға 1956 бірлікке, 143,2 пайызға, өндірілген өнім көлемі 156,1 пайызға өсті.
Ауданымыздың экономикасын дамытудың бөлінбес шарты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жандандыру, бизнесті қолдауға инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау болып табылады. Кәсіпкерлік дамуының экономикалық көрсеткіштері 2010 жылы да экономиканың осы секторында болып жатқан оң тенденциялар, бұл өндірістің жандануы, халықтың ақшалай кірісінің өсуі, мемлекет тарапынан қолдап және осы бизнеске қолдау көрсету шараларының күшейтілуі болып отыр.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірілген өнімі мен көрсетілген қызметтер көлемі 2009- жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1220,2 млн. теңгеге немесе 135,0 % артық орындалды. Ауданда кәсіпкерлер санының ұлғаюы мен ірілендірілуінің нәтижесінде аудан бюджетіне түсетін салық мөлшері де жыл сайын ұлғайып келеді.
Ауданда өндірістік тауарлардың негізгі түрлерінің бағаларын жоғырылатуды
болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Негізгі өндірістік тауарлар бағаларына, аудан әкімінің 15 - қазан 2009 жылғы №208 қаулысымен тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб құрылып, жұмыс жасауда. Аудан штабында тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру бойынша азық-түлік дүкендерге рейд ұйымдастыру кестесі аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Азық-түлік бағаларына жеті сайын мониторинг жүргізіледі және ай сайын комиссия мүшелерімен штаб отырысы өткізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ауданда 12 жәрмеңке өткізілді, сол кезде жергілікті ауылшаруашылық өндірушілердің тауарлары сауда бағасынан төмен сатылып іске асырылды.
Тұтыну нарығындағы азық-түлік бағалары бойынша аудандық штаб мүшелері белгіленген кестеге сәйкес жеті сайын азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізеді, бағаларды тұрақтандыруға тиімді ықпал етуде.
Ұн бағасының жоғарылауына байланысты облыстық ауылшаруашылығы басқармасы «Продкорпорация ҰК» акционерлік қоғамы арқылы ауданға бөлінген бидайдан жасалған жжжж тонна ұн жергілікті округтерге бөлінді . Аудан шаруашылқтары облыс орталығында өткізіліп отырған ауылшаруашылығы базарларына тұрақты түрде қатынасып, өз өнімдерін делдалсыз өткізу мақсатында жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, облыс орталығы тұрғындарын арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдайлар жасады.
Қызмет көрсету саласы
ТҰРҒЫНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тұрғындарға қызмет көрсету орындарынан аудан бойынша 114 субьект тіркелген. Оның ішінде 68 сауда дүкендері, 1 базар, 24 тұрмыстық қызмет көсету субьектілері , 22 дәмхана орындары бар.
|
01.01.2010 жылға субъектілер саны, бірлік
|
дүкен
|
базар
|
кафе, асхана
|
қонақ үй
|
тұрмыстық жөндеу орындары
|
|
Аудан бойынша
|
68
|
1
|
22
|
|
24
|
|
Ауылдық округтер:
|
|
|
|
|
|
|
Қарауылкелді
|
43
|
1
|
19
|
|
20
|
|
Ащы
|
2
|
|
|
|
|
|
Жаңажол
|
2
|
|
|
|
|
|
Жарқамыс
|
5
|
|
1
|
|
|
|
Қопа
|
3
|
|
|
|
3
|
|
Көлтабан
|
2
|
|
2
|
|
1
|
|
Қызылбұлақ
|
2
|
|
|
|
|
|
Сартоғай
|
9
|
4
|
|
|
|
|
Аймақтың экологиялық проблемалары
Экологиялық жағдайды жақсарту.
Аймақта бірқатар түрлі экологиялық проблемалар бар :
- мұнай өндіруге байланысты жер асты суының мұнай қалдықтарымен ластануы.
- мұнай кенін игеруге байланысты мұнайдың ілеспе газының кәдеге асырылмай ауада босқа жануы .
-соңғы 20-30 жыл ішінде түрлі сыртқы әсерлерден жайылымдардың тозуы,өзен –көлдердің тартылуы , жалпы қуаңдану процесі байқалуда.
- Аудан территориясының Арал теңізіне жақын орналасуы , аудан территориясының шөл және шөлейт аймаққа жатуына байланысты ауданның оңтүстік шағыс жағынан бастап құм көшкінінің тоқтатылмауы:
-аудан территориясында табиғи орман , тоғайлардың болмауы .
Жарқамыс ауылдық округі территориясында мұнай өндірісімен айналысатын ірі «Қазақтүрікмұнай »компаниясы «Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғаудың 2004-2008 –жылдарға арналған бағдарламасына » сәйкес Қаратөбе кен орнынан Жарқамыс елді мекеніне газ құбырын тартып, 2008-жылдан бастап ауыл тұрғындарына келісім-шарт бойынша 25 жылға пайдалануға тегін газ беріп отыр. Алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша Қызылбұлақ селолық округінің орталығы Кемерши ауылына да газ құбыры тартылады деп күтілуде.
2009-2011 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласында қоршаған ортаның ластануының деңгейін төмендету және қоршаған ортаның сапасының тұрақтылығына жағдай жасау мәселелері қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына ұсыныс болып енгізілді.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына сәйкес 2005-2006-жылдары Жарқамыс, Кемерши селолық округтерінің Ақтам, Жаңатаң елді мекендерінің сыртына құм тоқтату үшін 2500 түп қара ағаш отырғызылған болатын. Кейін осы бағдарламаға әлі де болса проблемалық мәселе болып отырған құм көшкінін тоқтату туралы мәселе енгізілмей отыр.
Барлық селолық округ орталықтарында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон салу жоспарланып отыр.
Аудан бойынша 2010 жылға қоршаған ортаны экологиялық тұрғыда таза ұстауда, яғни тазалыққа (санитария), абаттандыру және көгалдандыруға төмендегідей көлемде қаражат бөлініп, игерілді.
Селолық округтер
|
Жарықтандыру
|
Санитариямен қамтамасыз ету
|
Көгалдандыру және абаттандыру
|
Қопа
|
320.0
|
100.0
|
150,0
|
Ащы
|
200,0
|
200,0
|
150,0
|
Жарқамыс
|
320,0
|
100,0
|
150,0
|
Сартоғай
|
500,0
|
300,0
|
250,0
|
Көлтабан
|
220,0
|
100,0
|
150,0
|
Қызылбұлақ
|
120,0
|
100,0
|
150,0
|
Жаңажол
|
120,0
|
100,0
|
150,0
|
Қарауылкелді
|
3966,0
|
2600,0
|
13550,0
|
Миялы
|
120,0
|
150,0
|
100,0
|
ЖКХ
|
5000,0
|
-
|
3150,0
|
Барлығы
|
10886,0
|
3750,0
|
17950,0
|
2.2.2.Әлеуметтік аймақтық сала
Демография
Туу және қаза болу.
Аудан бойынша 2007 жылы тұрғындардың қайтыс болуы 168 болса, 2008 жылы 142 болды, ал 2009 жылы қаза болғандар саны 151 болды. 2008 жылда 2007 жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны 26 бірлікке азайды. немесе 16,5 пайызға кеміді. 2008 жылды 2009 жылмен салыстырғанда халықтың қаза болғандар саны 9 бірлікке артып кетті.
Алдағы бес жылда жалпы қаза болу төмендегідей болжанады:
2011 жылы- 6,1%, 2012 жылға -6,1%, 2013 жылға -6,0%, 2014 жылға -6,0%, 2015жылға – 6,0 %.
Аудан бойынша 2007 жылы туылған балалар саны 454 болса, 2008 жылы 506 бала болып, 52 балаға өсті немесе 111,4 % өсті. 2009 жылы туылған балалар саны 528 сәби болып, 22 балаға артық болып отыр. .
Алдағы бесжылда жалпы бала туу (1000 тірі балаға шаққанда) төмендегідей
болжанады:
2011 жылы- 16,5%, 2012 жылға -15,3%, 2013 жылға -14%, 2014 жылға -13,5%, 2015жылға – 12,3%.
Жас ерекшелік құрылымы. 2010 жылдың 1-қаңтарына.Байғанин ауданы халқының 60,9 пайызы жұмысқа жарамды тұлғалар. Солардың ішінде, 50,4 пайызы ер адамдар, 49,6 пайызы әйел адамдар. ВОЗ бойынша жасты жіктеуге сәйкес, жасы 58-ден жоғары адамдар саны 1363 адамды құрайды немесе барлық тұрғынның 6 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта 15-19 жас арасындағы, және 20-24 жас, сонымен қатар 25-29 және 0-4 жастағы адамдар саны көпшілік деп айтуға болады. Мұны ауданнның халық саны жеткілікті түрде «жас» деп айтуға болады.
Көші-қон. Ауданға 2006 жылы тұрғындардың көшіп қонуы 200 адам болса, 2007 жылы 319 адам болды, 2008 -жылы 302 адам, 2009 жылы 295 адам болды. Соңғы жылдары орта және кіші бизнестің және ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақтауына байланысты және тұрғындардың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына байланысты тұрғындар арасында қалаға немесе басқа жаққа көшіп кетуі азайды.
Тұрғындар саны 2007-жылы 23913 адам. 2008-жылы 24000 адам, 2009 жылы -24000 адам, 2010 жылы 22350 адам болып отыр. Яғни, тұрғындар саны тұрақталып келеді. Халықтың тұрмыс жағдайларының жақсаруына байланысты бала туу көрсеткіші өсіп келеді. 2006 жылы дүниеге келген сәбилер саны 467 бала болса, 2007 жылы 454 бала дүниеге келді. 2005-жылы сәбилер саны 506 бала, 2009 жылы 528 бала өмірге келді.
2006 жылы өлгендер саны 159 адам болса, 2007 жылы 168 адам, ал 2008 жылы 142, 2009 жылы 151 адам болды.
Халықтың табиғи өсімі 2006 жылы аудан бойынша 308 адам, 2007 жылы адам болса, ал 2008 жылы 22 адам болды.
Халықтардың өмір сүру деңгейі Ауданда бір қызметкердің номиналды еңбек ақысының мөлшері 2004-2006 жылдары жалпы республикалық деңгейдегі еңбекақының орта сомасынан асады. Орта айлық номиналды еңбекақы деңгейі бойынша Байғанин ауданы 2008 жылы 6 орында тұрса, 2010 жылы 3 орында тұрды. 2009-жылы жұмыс істейтін 1 адамның орташа еңбек ақысы 69 584 теңге болса, 2010-жылдың қорытындысы бойынша жұмыс жасайтын 1 адамның орташа табысы 59 536 тенге болды. Оның нақты себебі, аудан территориясында мұнай барлау, өндіру саласында жұмыс жасайтын компаниялардағы жұмыс жасайтындардың еңбек ақысының есебінен болып отыр.
Халықтың өмір сүру минимумы азық-түліктің негізгісін тұтынудағы ең аз нормадан алып есептегенде, 2010 жылдың қаңтарында 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орта есеппен 2,0 пайызға төмендеді.
Денсаулық сақтау
Күтілетін өмір ұзақтығы 2005 жылы 71,2 жас болды, ал 2009 жылы ол 68,5 жасқа үлкейтілді. Денсаулық сақтау саласының өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында жасалынып жатырған бағдарламалық жұмыстарына сәйкес аталған жас көрсеткіші 2015-жылы 70,1 болады деп күтілуде.
Дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштер
2006-2010 жылдары Байғанин ауданында дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің жағымды динамикасы белгіленді. Халық санының тууы 1000 адамға шаққанда 20,2 /2006/ 2007-жылы 19,8 , 2008-жылы 19,7 , 2009-жылы 22,0 2010 жылы 24,9 адамға жетті, өлім көрсеткішінің төмендеуі –1000 адамға шаққанда 2006-жылы 6,0. 2007-жылы 6,1. 2008-жылы 4,4 . 2009-жылы 5,2 , 2010-5,4 адамға жетті. Осыған байланысты халықтың табиғи өсу саны коэфицентінің үлкеюі байқалды, ол 14,62 2005 жылы (10,20-2006ж) 1000 адамға өсті.
2010 жылы сәби өлімдерінің аудандық көрсеткіші 1000 тірі туған сәбилерге 14,8 пайызды құрастырды, Республикалық көрсеткіштер деңгейінде және ол жылдан жылға төмендеп барады. 2009 жылы ВОЗ бойынша Республиканың тірі туу және өлі туу өлшемдеріне ауысқаннан кейін сәби өлімі көрсеткішінің күтілетін ұлғайтылуы 1000 тірі туғандарға қатысты 30,08 дейін жетті., 2010 жылы көрсеткіш төмендеуді
жалғастырды. Сәби өлімінің салдарының елеулі үлесін перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлар құрастырады, ал екінші орында – туа біткен аномалия және үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары құрастыруда.
Әлеуметтік-мағыналы аурулар
Соңғы жылдары жүрек аурулары аудан тұрғындарының арасында бірінші орынға ие болып отыр. (өлімнің барлық себептерінен алғанда 48 пайызға жуығын құрайды).
Қанайналым жүйесінің аурулары, гипертоникалық ауру жүрек ауруларының барлығынан 28,8 пайызды құрайды, жүректің ишемиялық ауруы 16,4 пайызын және цереброваскулярлы аурулар 10,7 пайызын құрады. 2006 жылы қан айналым жүйесі ауруының көрсеткіші халықтың 100 мың адамына 2013,6 құраған болатын. Соңғы жылдары оның елеулі төмендеуіне қарамастан, көрсеткіш сол жоғары қалпында қалуда /2010 жылы 100 мы адамға 1924,2/, төмендеу 6,8 пайызды құрайды.
Байғанин аудандарының тұрғындарына туберкулезге қарсы көмек Қазақстан Республикасы Президентінің 18 мамыр 1998ж. № 3956 «Қ.Р азаматтарының денсаулығын жақсарту бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы » Жарлығына және Үкіметтің № 850 Үкімі негізінде жасалған Ақтөбе облысы бойынша «2005-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресті күшейту бағдарламасының іс-шаралар жоспарына 23 Сәуір 2007ж №245 «Қазақстан Республиксында туберкулезбен күресу бойынша шараларды жетілдіру туралы » 27 шілде 2007ж. № 452 « Туберкулезге қарсы ұйымдар мен туберкулезбен күресу бойынша санитарлық – эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдарының іс –
әрекеттері жөніндегі Ережесін бекіту туралы », 3 тамыз 2007ж №466 «Туберкулезбен күресу бойынша кейбір Нұсқаулықтарды бекіту туралы »,.№649 18.08.2010ж «Туберкулез ошақтарында санитарлық –эпидемияға қарсы алдын - алу шараларын жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауданда туберкулез аурушаңдығын төмендету бойынша төмендегі шаралар алынды
Қ.Р.Президентінің 18.мамыр 1998ж № 3956 «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулықтарын жақсарту бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы » Жарғысын жүзеге асыру мақсатында ауданда белгіленген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы шараларды үйлестіру үшін туберулезге қарсы күрес бойынша аудандық Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.
Аурушаңдықты төмендету бойынша шаралар комплексіне БМСК медицина қызметкерлерімен тұрғындар арасында туберкулез жағдайларын анықтау кіреді. Бактериоскопиялық әдіспен 2009 жылы 279 тексеріс жасалса, 2010 жылы 238 тексеріс жасалып отыр .2010 жылғы алғашқы табылған науқастардың ішінде туберкулездің асқынған түрімен ауырғандар тіркелген жоқ. Жүкті әйелдер босанғаннан кейін 1 ай ішінде флюрографиялық тексеруден өткізіліп отырады .
Аудан тұрғындарында туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің жетілдірілуі бойынша қабылданған шаралар туберкулез ауруының төмендеуіне септігін тигізді, яғни ол 2006 жылы 208,3-тен 2010 жылы 96,0-ға дейін 100 мың адамға төмендеді .
Туберкелез ауруы салдарынан пайда болған өлім 2006 жылы 25,6 дан 2010 жылда 12,6-ға дейін төмендеді (2,03 есе төмендеді). Туберкулезден пайда болған өлім көрсеткіші облыстық деңгейден жоғары болып 100 мың адамға 18,1 белгіленген.
Туберкулезді тарату бойынша эпидемиологиялық қадағалау мәселелері туберкулездің көптеген дәрі-дәрмектік тұрақтылықпен қиын жазатын формаларының бар болуы салдарынан өзекті болып қала беруде. 2006 жылдан 2010 жыл аралығында көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылықпен туберкулезбен ауратын адамдарды емдеудегі ауруханада жаңа орындар ашылуда.
2015 жылға дейін туберкулездің жазылмайтын түріне хоспис құру қажет. 2015 жылға дейін аудудың дәрі-дәрмекке тұрақтылық нысандары арқылы төмендетілуіне және ауданда туберкулезды инфекциясы резервуарының кемуіне қажетті шаралар қабылдау алда тұрған мәселе. Күш-жігер халықтың туберкулез ауруын алдын-алу бойынша санитарлы сауаттылығын жоғарылатуға бағытталады.
Онкологиялық аурулар
Тұрғындар арасында скринингтік зерттеулердің жүргізілуі онкоауруларды алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік туғызды, бұл өз кезегінде 5 жылда және одан аса жылдары зақымды аурулардан тірі қалудағы көрсеткіштің өсуіне өз септігін тигізді. Зақымды аурудан тірі қалу көрсеткіші 5 жылда және одан аса жылдары 2010 жылы 52,3 пайызды құрастырды /2006ж-44,8 пайыз/.
Аудан тұрғындарының арасында кездесетін онкологиялық аурулардың негізгі факторлары болып , аудан территориясында өндірілетін мұнай қалдықтарының ілеспе газының ауада босқа жанып, тұрғындар денсаулығына келтіретін зияны болса, екінші жағынан аудан территориясында , яғни Қалдайбек ауылында 1986 жылы болған ядролық қарудың сынағын өткізуден болған жарылыстардың әсері деп есептелініп отыр. Сонымен қатар, кеуіп қалған Арал теңізінің экологиялық әсері де аз емес.
Аудан территориясында өндірілетін , іздестірілетін мұнай кенінің болуына және аудан территориясында түрліше бағыттағы жұмыстармен айналысатын компаниялар санының көп болуына байланысты, сонымен қатар аудан территориясы үстінен Республикаық бағыттағы жолдың өтуіне байланысты зиянды қалдықтар шығаратын көлік санының көбеюі күнделікті өмірде травматизм және травматизм салдарындағы өлім өзекті мәселерінің бірі болып табылады.
Травматизмнің және травматизмнен пайда болған өлім көрсеткішін төмендету үшін ауқымды жұмыс жасалуда. Дегенмен, Облыстық қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына нақты жұмыстар жүргізу қаралып, қомақты қаражат бөлініп отырған жоқ.
Ауданның денсаулық сақтау жүйесінің дамуы.
2010 жылдан бері ЕНСЗ шегінде ГОБМП шегінде көрсетілетін стационарлы және стационарлы алмастыру медициналық көмектің орталықтандырылған төленуі, тегін мед көмектің кепілдендірілген көлемі тізбесінің кеңейтілуі, сонымен қатар жаңа технологияларды дамытып енгізу жұмыстары ашылды. Кезекте ПМСП төлемінің орталықтандырылуы тұр.
Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 2010 жылдың 01- қазанында мемлекеттік стандарттармен сәйкестендірілген (Үкіметтің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 қаулысы), медициналық ұйымдар қызмет етуде .
2010 жылдың басында ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 44 дәрігер және 178 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Арал өңірінің проблемалық мәселелерін кешенді түрде шешудің 2002-2008-жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2007-жылы аудан орталығына типтік жобадағы 60 орындық поликлиникасымен бірге жаңа аурухана үйі салынып, пайдалануға берілді. 2008-2010-жылдар арасында Дияр, Баршақұм, Жаңатаң, Алтай батыр ауылдарына типтік жобадағы медициналық пункттер салынып, пайдалануға берілді. Ауданның емдеу орындары жоғары білімді дәрігер мамандармен толық қамтамасыз етілмеген. Ортабуынды мамандармен артығымен қамтамасыз етілген.
Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылауы
Дәрігерлік қызмет сапасының жоғарылуы білікті кадрлардың үнемі дайындығын, мед көмектің стантазизациясын, денсаулық сақтау ұйымдарының аккредитациясын талап етеді. 2010 жылы 25 мед ұйым аккредитациядан өтті, аккредитациядан барлығы 100 пайызға өтті. Осы мәселелерді шешу үшін ауруларды диагностикалау және емдеу кезеңді мерзіммен қолданылады, ауданның мед ұйымдардың аккредитациясы аяқталды. 2009 жылы әр мед ұйымда штат санағына байланысты ішкі аудит қызметі енгізілді, мамандарды жоспарлы дайындау жүргізілуде.
Көрсетілетін мед көмектің жақсартуы мақсатында денсаулық сақтаудың облыстың басқармасында пациенттің құқықтарын қорғау бойынша Қоғамдық Кеңес жұмыстары жаңартылуы көзделуде. Қоғамдық кеңестер мед көмекті көрсетуде және көрсетілген медициналық көмекті сапасы бойынша даулы мәселелерді шешетін болады.
Қол жетімділікті және дәрі-дәрмектік көмек көрсету сапасын жоғарылату
Аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында 3 жеке дәріхана қызмет көрсетеді. Басқа елді мекен тұрғындары осы дәріханалардың ауылдағы
филиалдары арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты дәрі-дәрмек заттарының бағасының өсу тенденциясы орын алуда.
Білім беру
Мектепке дейінгі тәрбие
Байғанин ауданы 2005-2009 жылдар аралығында 9 бала бақша және 19 мектепте шағын орталықтар жұмыс жасауда. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік.кәсіпорындар.Бала бақшалардағы балалардың қамтылуы яғни аудандардың арасында облыстық көрсеткіштің 90,6 % құрайды. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындауға арналған тиісті шаралар аудан бойынша қабылданды. Балалар бақшасында балалар саны 2009 жылы 535 бала, бұл бала бақшалардығы педагог кадрлар саны 58. Оның ішінде жоғары білімді - 26, арнаулы орта білімді - 32 маман жұмыс жасайды.Білім жетілдіру курсынан 10 маман өтті.
2009 жылы Алтай батыр ауылынан 50 балалық орынмен Алтай батыр балалар бақшасы ашылды және мектеп жанынан 1 шағын орталық ашылды.
Байғанин ауданында бала бақшалар саны жылдан жылға көбеюде.Сонымен қатар ,бала бақша арнайы білімі бар мамандармен қамтылуда. 2010 жылы 50 балалық орынмен « Балапан» бағдарламасы бойынша 1 балабақшаны ұстауға 50 балалық орынмен республикалық бюджеттен 9600,0 мың теңге бөлінді.
Жыл сайын бір балаға бөлінген қаржы артып келеді.2008 жылы бір балаға кеткен шығын 14,8 мың теңге болса, 2009 жылы бір балаға кеткен шығын 1,5 мың теңгеге артып 16,3 мың теңгені құрады . Мектепке дейінгі ұйымдарды ұстауға соңғы үш жылда бөлінген қаржы 352928,0 мың теңге.
2014 жылы аудан орталығынан 50 балалық орынмен жаңа типтік жобада салынады деп жоспарлануда.
Бала бақшалардағы мәселе «Шаттық» «Қарауылкелді» «Алтай батыр» «Жарқамыс» балалар бақшаларына интеративтік тақталар қажет . Заман талабына сай балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ойыншықтар ,материалдық техникалық базасы нығайту қажет.
Жарлы балалар бақшасы,Қарауылкелді балалар бақшасы,Ноғайты балалар бақшасы,Жарқамыс балалар бақшасына күрделі жөндеуге 60,0 млн теңге қаражат қажет.
Жалпы орта білім беру
Байғанин ауданында 27 күндізгі ауысымдағы жалпыға білім беретін мектептер жұмыс жасауда.
2010 жылы республикалық бюджеттен Кемерши селосынан 320 орындық мектеп салынып, пайдалануға берілді.
Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін коррекциялық мектеп қажет.
Облыстық бюджеттен 1 – 4 сынып оқушылары ыстық тамақ үшін 29 млн 485 мың теңге бөлінді.Ыстық тамақпен қамтылуы 100 %.
Білім беру жүйесінде 2010- 2011 оқу жылында 721 педагогикалық кадрлар жұмыс жасауда. Оның ішінде 62 жоғары санатты, 196 бірінші санатты, 245 екінші санатты, 218 категориясы жоқ мамандар .
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламаға сәйкес талаптарының бірі – барлық білім беру мекемелерін компьютерлендіру.
Мектептердің – 90 % интернет және телефон желісіне қосылды. Ауданда барлығы - 359 компьютер бар,яғни бір компьютерге - 12 оқушыдан келеді (2008 жылы -15 оқушыдан келді).
Соңғы 5 жылда 18 физика кабинеттері, 4 биология кабинеті,8 мультимедиялық кабинеттер,7 интерактивті алынды,мектеп пәндік интеракивті кабинеттермен қамтамасыз етілді.
Оқушылардың білім сапасын және мұғалімдердің сапалық деңгейін көтеру мақсатында барлық пәндерден семинарлар ұйымдастырылып, тірек мектептер мен озат тәжірибе мектептері жаңа технология негізінде жұмыстар жүргізіп жатыр. ҚР Президентінің
Жолдауында мемлекеттің бірден-бір көкейтесті мәселесі ол кадрларды жетілдіру деп атап көрсетілген. Осы саясатты жүзеге асыру жолында «Білім туралы» заңының 8-бабының бірінші тармағында «Білім беру басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қапжетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Сол себебті білім беру жүйесінде 12 жылдық білім беруге көшу себебті білім жетілдіру курстары ұйымдастырылып келеді. Соның бірі « Бейінді-бағдарлы оқыту және оған көшу механизмі бағытында мектеп басшыларының атқаруға тиісті іс-әрекеті» тақырыбында өткен курста аудан мектеп басшылары мен оқу ісі меңгерушілері, білім беру бөлімі қызметкерлері барлығы 38 адам оқып келді. 10 сынып оқушылары екі бағытта: қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытында білім алуда. Осы бағытта арнайы іс-шаралар жоспары құрылып 12 мектепте жаратылыстану-математика, 7 гуманитарлық бағытта білім беруді жалғастыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру міндеттерінің бірі – барлық білім беру мекемелерінде қажетті оқуқұралдары мен мектеп жихаздарымен жабдықталған кабинеттермен қамтамасыз ету . Білім беру жүйесі қызметінің ең негізгі нәтижелерінің бірі- мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестіден өткізу болып табылады. 2009-2010-оқу жылында аудандық білім бөліміне қарасты 27 мектепте 4579 бала оқыды. Аудан бойынша 278 мектеп бітіруші түлектің 216-сы Бірыңғай ұлттық тест тапсыруға қатынасты. ҰБТ қорытындысы бойынша аудан бойынша орташа көрсеткіш 81,1 балл болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда /71,5/ 9,5 пайызға жоғары болып отыр. 4 оқушы «Алтын белгі», /, 26 оқушы «Үздік куәлік» иегерлері болды. Аудан мектептерінен 90 пайыздан жоғары балл жинап, облыстың үздік мектептер қатарына Баршақұм, №3 Қарауылкелді орта мектептері енді.
Ауданда жалпы білім беру мектептерінде 2009 жылы «Жол картасы » және жергілікті бюджеттен 46 млн 633 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді . Оның ішінде рспубликалық бюджеттен 27 млн 690 мың теңге облыстық бюджеттен 3 млн 45 мың теңге, жергілікті бюджеттен 15 млн 898 мың теңге. Ауданда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты Марафон эстафетасына бөлінгені 11316,0 мың теңге қаражат бөлініп , игерілді.
Кәсіби білім беру.
№14 кәсіптік білім беретін лицейде 2010-2011 оқу жылында 268 оқушы 8 мамандық бойынша оқып білім алуда. 2010 жылы ақылы топтарда 3 мамандық бойынша 100 оқушы оқытылды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің жолдамасы бойынша 98 оқушы оқытылды. Лицейдің материалдық техникалық базасы жыл сайын нығайтылуда. Спорт кешені, тігін шеберханлары , жатақхана, асхана, алғашқы әскери дайындық кабинеттерімен және мамандықтар бойынша жарақталған арнайы кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Мектептердің шешілмей отырған проблемалық мәселелері :
-Мектеп асханаларының материалдық – техникалық базалары төмен деңгейде.Мектептердің тағам сақтайтын орындары мен жабдықтарының тозығы жеткен.Бұл мектептердің оқушылары оқу үрдісі кезінде тамақтану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр.
-Мектептердің - 40 пайызы спорт залдары жоқ..Спортзалдарға заман талабына сай лайықты құрал жабдықтар қажет.
-Компьютерлік техниканың тозуын ескеріп,жыл сайын жағарту қажет.Ауданда жаңартуды қажет ететін компьютерлік техниканың саны 70% құрайды.
-Күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастыру
- Мүмкіндігі шектелі балаларға арнайы коррекциялық кабинет салу.
-12 жылдық модульдық оқу жүйесіне көшу үшін аудан орталығынан 540 орындық мектеп 120 орындық интернатымен жаңадан салу.
-12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін Алтай батыр елді мекенінен 60 орындық мектеп жанындағы интернат ғимаратын салу .
Тілдік саясат.
Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 111 шешімімен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасалып,сол бойынша біршама жұмыстар жасалды.Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» облыстық фестивалі аясында ауданда 8 номинация бойынша (Ақындардың жыр мүшәйрасы,О.Бөкей атындағы ақындар байқауы, «Мақсұтым-тіл ұстартып,өнер шашпақ» атты Абай оқулары,М.Мақатаев атындағы ақындар байқауы, «Сөйлеші тілім,көмейім»атты термешілер байқауы, «Әнді сүйсең менше сүй» атты халық әндерін орындаушылардың конкурсы, «Ақыл көркі-тіл,тілдің көркі- сөз» атты танымдық сайыс, «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты тіл өнері сайысы ) аудандық байқау-конкурстар,сайыстар өткізіліп, Сағи Жиенбаевтың 75 жылдығына орай «Жырым менің-көктем жыры,гүл жыры» атты әдеби-сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Тіл фестивалі қортындысы 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні «Тілім тірегім,соғып тұрған жүрегім» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып,шығарылды. Ономастика саласы бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Ауданның Жаңатаң орта мектебіне «Даңқ» орденінің толық иегері С.Ешбаевтың,Дияр,Матайқұм орта мектептеріне С.Аманғосов пен Төлеген Айбергеновтің есімдерін беру туралы ұсыныстар жоғарғы орындарға жіберілді.
Тілдік ахуалды саралау мақсатында аудан әкімі аппараты мен бөлімдердің кіріс-шығыс құжаттарының қай тілде келгені мен орындалғаны жөнінде деректер жинақталып,тілдік ахуалды сараптау орталығына ай сайын жіберіліп келеді.
Ауданда Тіл саясатын жүргізу ісі «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жүргізіле беретін болады.
Бұқаралық ақпараттық құралы (БАҚ)
Қазіргі уақытта Байғанин ауданында бұқаралық ақпараттық құралы (БАҚ) Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша жұмыс жасайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы өткізу негізгі міндеттердің бірі болып табылады
Ауданда «Хабар», «Қазақстан», «Еларна», «Еуразия» телеканалдары көрсетіледі.
МӘДЕНИЕТ
Байғанин ауданы тұрғындарына мәдени қызмет көрсетуде 37 нысан жұмыс жасайды.Олардың 21-і кітапхана,15 клуб мекемесі,1 аудандық музей .
Мәдени нысандардың саны 2007-2009 жылдарда 4-ке өсті,бұл 2006 жылға қарағанда 10,8 %-ке өсіп отыр.Қазір мәдениет мекемелерінде қызмет жасайтын жұмысшы-қызметкерлердің саны 114-ке жетіп,2006 жылға қарағанда 31 бірлікке көбейіп отыр.
Ақтөбе облысының мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Өңірлік бағдарламасы қабылданып,сол бойынша ауданның 5 клуб мекемесінің (Жарлы,Алтай, Қопа, Баршақұм, Жарқамыс) және аудандық орталық кітапханасының ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.
2007-2009 жылдары ауданның 5 кітапханасы модельдендіріліп, РАБИС бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда,сондай-ақ 2 кітапхана ИНТЕРНЕТ желісіне қосылған.Кітапханалардың кітап қоры 7885 данаға өсіп, 2010 жылдың 1-қаңтарына 218,1 мың данаға жетіп отыр.
Аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсету ісін жақсарту мақсатында олардың арасында ұйымдастырылатын мәдени шаралардың мазмұны баса назар аударылып келеді.Тек қана 2009 жылдың өзінде тұрғындарға арналып 2534 әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырылған.Клуб 1003 адам қатысатын мекемелерінде тұрақты 106 көркемөнерпаздар үйірмелері мен ұжымдары жұмыс жасайды.Олардың 3-уінің «халықтық», «үлгілі» атақтары бар.
Аудандық музей ашылғаннан бері ауданымыздың өткен мезгілдерінен сыр шертетін жәдігерлерді жинақтап,оларды болашақ ұрпаққа қызмет етуіне жағдай жасау бағытында бірқатар жұмыстар атқарып келеді.Осы жылдары аудандық музейге 3268 экспонат (жәдігерлер) жинақталып,орналастырылды.
Күшті жақтары:
-
ауданымыздың тарихи-мәдени мұраларын дамыту мен сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде;
-
мәдениет саласын қаржыландыру көлемін өсіріліп келеді;
Осал тұстары:
-
өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларын халық арасына кеңінен жеткізілуі мен зерттеу деңгейі жеткіліксіз;
-
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігі және оларда кәсіби маман кадрлардың жетіспеуі;
Мүмкіндіктері:
-
Аудан кітапханаларын модельдендіру мен ақпараттандырылуы;
Қауіп-қатерлері:
-
Ауданымыздағы ашық аспан астындағы тарихи-мәдени мұра нысандарына табиғи-климаттың кері әсері
Ауданымыздың мәдениет саласын дамыту ісіне кері әсерін тигізетін проблемалар:
-
Мәдениет саласы құрылымдарының әлсіздігі (ауданымыздағы мәдениет мекемелерінің тек қана 43,2 пайызының өз ғимараты бар,олардың 43,7 пайызы ғана күрделі жөндеуден өткен)
-
Еңбекақының төмендігі мен басқа да еңбек жағдайларының жоқтығына байланысты кәсіби мамандардың жетіспеуі;
-
Материалдық-техникалық базасының төмендігі (сахналық костюмдердің,қазіргі заман талабына сай келетін жабдықтар мен музыкалық құралдардың жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасына әсер етеді және тұрғындардың қазіргі заман талабына қажеттіліктерін өтеуіне сай келмейді;
-
Негізгі бағыттары,мақсаты,міндеттері,мақсатты индикаторлары және нәтижелік көрсеткіштері:
Бағыты: Аудан мәдениеті мен өнер саласы бәсекелестігін көтеру.
Мақсат. Ауданның тарихи-мәдени мұраларын сақтау,отандық мәдениетті насихаттау.
Мақсатты индикатор:
- Мәдени қызмет көрсету ісінің тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі (2009 ж-40%) 2013 жылға 50% ,2015 жылға 55% болады.
СПОРТ
Ауданда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін 79 бірлік спорттық ғимараттар, оның ішінде:
БЖСМ, 13 спортзал, 33 спорттық алаңы және 29 қосымша салынған спортзалдар. Балалар спорт мектебінде 674 адам спортпен шұғылданады.4 селолық округте балалар спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Аудандағы 18 орта, 2 негізгі және 8 бастауыш орта мектептерінің оқушыларының 1243-і жүйелі түрде спортпен айналысады.
Аудан тұрғындары 18 спорт түрімен щұғылданады.
Бөлімнің негізгі қызметі :
- туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды және сала бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету.
-Туризм, дене шыныықтыру және спортты халық арсында насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптыстырып, ауданның үздік спортшыларын анықтап, облыстық,Республикалық дәрежедегі жарыстарға қатынасуын қамтамасз ету.
2.2.3.Аймақтың инфрақұрылымдық кешені
Құрылыс.
Қазақстан Республикасының тұрғын үй бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалардан тұрғын үй және қосымша құрылыстар салуға 2009-жылы 320 арыз, 2010 жылы 214 арыз қабылданып , қанағаттандырылды.
Оның ішінде: негізгі арыз берушілер аудан орталығы Қарауылкелді ауылының тұрғындары және территориясында мұнай өндіруші компаниялар жұмыс жасайтын , яғни жұмыс көзі бар Жарқамыс. Кемерши, Жарлы ауылдарынан болып отыр. Жарқамыс ауылының газдандырылуына байланысты онда тұрақтанушылар саны арта түсуде. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 2010 жылы салынып біткен 4610 шаршы метрлік 35 жеке тұрғын үй ,8 коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. . Аудан көлемінде құрылыс салумен айналысатын лицензиясы бар 1 ғана кәсіпкер тіркелген. Соңғы 3 жыл ішінде кәсіпкер жалпы құны 250 млн теңге тұратын 6 коммуналдық , жеке тұрғын үй құрылыстарын, соңғы 5 жыл ішінде жалпы құны 850 млн теңге тұратын әлеуметтік салалар мен жеке кәсіпкерлік обьектілерін күрделі жөндеуді жүзеге асырды. Көптеген әлеуметтік сала обьектілерінің күрделі жөндеу жұмыстары мен жаңадан салынатын әлеуметтік сала , кәсіпкерлік сала обьектілерінің құрылыс жұмыстары облыстық масштабтағы құрылыс компанияларының қатынасуымен өткізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде жеке тұрғындардың қаражаты есебінен салынатын тұрғын үй құрылысының көлемі 125 пайызға өсіп отыр.
Бүгінгі таңда аудан орталығы Қарауылкелді ауылында жеке тұрғын үй салу, кәсіпкерлік обьект құрылысын салу қарқынды дамып келеді. Жыл сайынғы құрылыс көлемінің 90 пайызы аудан орталығына келіп отыр. 2008 жылы 2420 шаршы метр, 2009-жылы 3420 шаршы метр, 2010 жылы 4610 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 2008-жылмен салыстырғанда салынған тұрғын үй көлемі 88,4 пайызға өсті. 2010-жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен және мекемелер есебінен тұрғын үй құрылысын салу жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік сала обьектілерінің құрылысын салу жыл сайын қарқынды дамып келеді. Ауданның бас жоспарына сай Қарауылкелді ауылында құрылыстың көптеп салынуына байланысты жыл сайын құрылыс жұмыстарының көлемі арта түсетін болады.
І. Тұрғын үй қоры
2009- жыл қорытындысы бойынша статистикалық есепке сәйкес, Байғанин ауданы бойынша тұрғын секторының барлығы 634163 шаршы метр алаңды құрайды. Оның ішінде 632413 шаршы метрі, яғни 99,4 % тұрғын алаңы жеке меншік түрі болып саналады.
Қазіргі таңда аудан бойынша халық саны 22350 адам.
Аудан тұрғындарының пайдалануында бүгінгі таңда 3994 тұрғын үй бар. Аудан бойынша бір отбасына 5 – 3 адамнан келеді. Тұрғындардың басым көпшілігі көп балалы болуына сәйкес, бір отбасында 8 – 12 адамнан, 2 – 3 отбасы бірігіп тұратын жағдайларда көптеп кездеседі. Яғни, аудан бойынша тұрғын үй проблемасы бар.
Барлық тұрғын үйлердің 45-50%-ы тозығы жеткен, салынғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, тұрғындардың негізгі бөлігі мал шаруашылығымен айналысады, ал ауылшаруашылығы жұмыстары маусымдық жағдайда жүргізілетін болғандықтан, табыс көзі аз, тұрғындардың көпшілігінің үй салып алуға, күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға қаражаты жоқ.
Аудан орталығы Қарауылкелді ауылын газдандыру жұмысы басталғаннан бергі соңғы 3 жылда аудан орталығында және Жаврқамыс ауылына газ құбырының тартылуына байланысты тұрғындар қаражаты есебінен жеке үй салу қарқынды жүргізілуде. Ауданның бас жоспары бойынша жеке тұрғын үй салуға 24,6 га жер беріліп, игерілуде.
Жеке тұрғын үй салуға банк несиелерін тарту мүмкіндігі болмай отыр, себебі банкінің пайыз мөлшері өте жоғары Сондықтан, тұрғын үй салуға берілген жерлердің игерілмей жатырғандығы кездеседі. Инфраструктураны жетілдіру және жайластыру жыл сайын Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда.
Ауданда тұрғын үй құрылысын салудың күшті жақтары:
- Аудан экономикасының тұрақтануына байланысты тұрмыстық жағдайлар жақсаруда, тұрғындардың көші-қонының тұрақталуы, ауданның елді мекендерінің газдандырылу жоспарының болуына байланысты жеке тұрғын үй құрылысын салушылардың көбейюі.
- Ауданның 3 үлкен селолық округінің орталығы арқылы (Қарауылкелді, Жарлы, Ноғайты) Республикалық маңызы бар автожол мен темір жолдың өтуі, сонымен қатар, көптеген елді мекен тұрғы50 балалық орынмен ндарының ауыз сумен, байланыспен, тұрақты электр жарығымен қамтамасыз етілуі аудан тұрғындарының жергілікті жерде тұрақталып, өмір сүруіне қолайлы жағдайлардың жасалуы.
Ауданда тұрғын үй құрылысын салудың әлсіз жақтары:
- Жергілікті құрылыс материалдарының жоқтығынан, барлық құрылыс материалдарының тасымал арқылы әкелінуі ;
- Тұрғын үй салуға ниеттенген тұрғындардың көп болғанына қарамастан, тұрғын үй несиесін алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі.
ІІ. Электр жүйесінің дамуы
1996 жылдардан бастап елдегі экономикалық қиыншылықтарға байланысты, ауданның көптеген елді мекендері жоғары кернеулі электр желісінен ажыратылып қалды. Сол уақыттан 2005-жылға дейін аудан орталығынан шалғай орналасқан Оймауыт, Миялы, Дияр елді мекендері жоғары кернеулі электр желісіне қосылмады.
2005 жылы Республикалық бюджеттен осы елді мекендерді жоғары кернеулі электр желісіне қосу жұмыстарына 120 млн теңге қаражат бөлініп, «Жарқамыс-Оймауыт», «Оймауыт-Дияр», «Оймауыт-Миялы» бағытында ұзындығы 218,6 км электр желісі тартылды. Осы қаражат есебінен тартылған электр желілері «Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлі» мемлекеттік мекемесінің баланстық есебінде.
№
|
Электр желілерінің атауы
|
Орналасқан жері
|
Пайдалануға берілген жылы
|
Ұзындығы, шақырым
|
Баланстық құны, теңге
|
1
|
"Жаркамыс - Оймауыт ВЛ-35кВ"
|
Жаркамыс - Оймауыт
|
2007
|
110,6
|
120000000
|
2
|
"Оймауыт-Миялы ВЛ-10кВ"
|
Оймауыт-Миялы
|
2007
|
30,0
|
45230249
|
3
|
"Оймауыт ПС 35/10кВ"
|
с. Оймауыт
|
2007
|
0
|
59703928
|
4
|
"Оймауыт-Дияр ВЛ-35кВ"
|
Оймауыт-Дияр
|
2007
|
78,0
|
75986818
|
Аталған бағыттағы электр желілеріне 2010 жылдың аяғына дейін техникалық күтім жасау үшін, жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаралып, игерілуде.
Осы бағыттағы электр желілері «Энергосистема» ЖШС-нің бұрыннан баланстық есебінде тұрған (1769 дана) бағаналары арқылы тартылған, «Энергосистема»ЖШС-і аталған бағаналарын пайдаланғаны үшін бір жылға 7 679 441 теңге көлемінде қаражат төлеуді талап етуде.
2009 жылы Жарқамыс селолық округіне қарасты «Қазантоғай» мал базының электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін, «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша, жергілікті бюджеттен 1200,0 мың теңге бөлініп, қаражаты игеріліп, электр жарығы берілді.
Бүгінгі таңда аудандағы елді мекендердің барлығы жоғары кернеулі электр желісімен қамтамасыз етілген.
Аудан орталығы Қарауылкелді ауылының жаңа бас жоспарына /генплан/ сәйкес тұрғын үйлер негізінен солтүстік-солтүстік шығыс бағытта салынуы жоспарланған. Ауданға электр энергиясын беретін электр энергиясының подстансасы темір жолдың /арғы бетінде/ батыс бөлігінде орналасқан. Ал, аудан орталығы, жаңадан салынатын үйлер негізінен бергі /шығыс/ бетте орналасқандықтан, бергі бетке электр энергиясын темір жолдың астынан өткізіп тұрған кабельдің сымының көлденең қимасының сәйкес келмеуі және тартылғанына 35 жылдан асқан кабелдің әбден тозығы жетуі есебінен электр энергиясының тұтыну қуатын көбейту мүмкін емес. Осы себептен, жаңадан
салынатын тұрғын үйлер мен басқада құрылыс нысандарын электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Егер, аудан орталығына газ құбырының тартылуына байланысты жеке тұрғын үй салушылар санының жыл сайын өсіп келе жатырғанын ескерсек, жаңадан тұрғын үй салып жатырған ауданның /микрорайон/электр қуатын ала алмай қалу қаупі бар. Бұндай жағдай тұрғындардың заңды назарлығын тудыратыны анық.
Ауданның элетр қуатын пайдалануды жетілдіру мақсатында ұсыныстар:
- «Энергосистема» ЖШС-нің техникалық шартына сәйкес темір жолдың арғы бетінде орналасқан подстансадан темір жолдың бергі бетіне 10 КВ-тық жоғары кернеулі электр желісін тартуды жүзеге асыру;
/Темір жолдың устінен жоғарыдан жоғары кернеулі электр желісін өткізуге темір жол басқармасы рұқсат етпей отыр./
- «Жарқамыс-Оймауыт», «Оймауыт-Дияр», «Оймауыт-Миялы» бағытында тартылған электр желісі тартылған бағаналарды «Энергосистема» ЖШС-нің балансасынан /тозу құны толық өтелген/ ақысыз түрде /безвозмездно/ аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесінің балансасына өткізуге жағдай жасау.
- Мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал баздарын жарықтандыру .
ІІІ. Су жүйесін дамыту туралы
Аудан территориясы шөл және шөлейтті дала аймағында орналасуына байланысты, ауыз су тапшылығы қатты сезіледі. 2010-жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен, 25 елді мекеннің 3 (12,5%) елді мекенінің тұрғындары ғана су құбырлары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Атап айтқанда:
- Қарауылкелді ауылы – 31,4 км.
- Ноғайты ауылы – 5,8 км.
- Оймауыт ауылы – 0,4 км.
Аталған су құбырлары «Байғанин» КМК мекемесінің баланстық есебінде.
2010 – жылы осы мекеменің есебіндегі 37,6 км су құбырлары толықтай жөндеуден өтіп, трубалары ауыстырылды. Үстіміздегі жылы Дияр елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында скважина қазу жұмысы жүргізілуде.
Ауданның 2 (8,0%) елді мекенінде Бұлақтыкөл (567) адам, Қазақстан (147) адам, ауыл тұрғындары тасымал ауыз суын пайдалануда. Су тасымалы түрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Тасымалданып әкелінген сулар ұзақ уақыт бойы тазаланбаған ыдыстарда сақталып пайдаланылады, яғни санитарлық норма талаптарына сай болмай отыр. Осыған орай, 2007 жылы Бұлақтыкөл елді мекеніне ауыз су таситын автомашина алып берілді. Бірақ, бұл жағдай да тасымал ауыз су мәселесін шешпей отыр. Қазақстан елді мекенінің тұрғындары әлі күнге дейін 6 км жерден тасымалдап ішіп, пайдалануда.
ІV. Газ жүйесі туралы
Аудан территориясында мұнай өндіру саласында жұмыс жасайтын «Қазақтүрікмұнай»ЖШС-нің қаражаты есебінен «Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық бағдарламасына» сәйкес Жарқамыс елді мекеніне ғана газ құбыры тартылып, ауылдағы әлеуметтік сала обьектілері мен тұрғындар тегін көгілдір отын пайдалануда. «Қаратөбе» кен орнынан Жарқамыс елді мекенінің орталығына дейін газ құбырының ұзындығы 4,8 км, Жарқамыс ауылы ішілік газ құбырының ұзындығы 10,851 км.
«Оңтүстік Қаратөбе» кен орнынан шыққан ілеспе газ Жарқамыс елді-мекеніне 2007 жылдан бастап пайдалануға берілді. Содан бері қарай осы газ құбырына техникалық қызымет көрсететін мекеме табылмай отыр. Кенкияк елді мекенінде газ құбырына техникалық қызмет көрсетіп жүрген «Компания Техногаз» ЖШС-мен келісіп жұмыс жасауға ұсыныс жасалынған. Бірақ, бұл мекемеде қызмет көрсетуден бас тартты. Осының бәріне негізгі себеп, беріліп отырған ілеспе газдың құнының жоқтығында және салынған газ құбырының техникалық – нормативтік талаптарға сай келмеуінде.
Осындай себептерге байланысты, Байғанин ауданы әкімдігінің 19.12.2008 жылғы № 226 «Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс ауылының мекемелеріне тартылған газ құбырларын аудандық коммуналдық меншікке алу туралы», 26.12.2008 жылғы №227 «Жарқамыс селолық округі, Жарқамыс ауылының көшелеріне жүргізілген газ құбырларын аудандық коммуналдық меншікке алу туралы» қаулылары және «Аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің 25.12.2008 жылғы № К-90, 30.12.2008 жылғы №К-94 бұйрықтары негізінде аталған газ құбырларын «Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің баланстық есебіне берілді. «Қазақ Түрік Мұнай» ЖШС-нен Жарқамыс елді мекеніне дейінгі аралықтағы (4,8 км) газ құбырына, өз ара келісім шарт жасасу арқылы «Компания Техногаз» ЖШС- і техникалық қызмет көрсетуде.
Достарыңызбен бөлісу: |