Газ құбырына техникалық күтім көрсету және жөндеу жұмыстары қызметі үшін, 2009-2010 жылдарға «Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ -–не жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, елді мекеннің тек қана көше бойымен тартылған газ құбырын және жергілікті бюджетке қарасты бес құрлыс нысандарына барып тұрған газ құбырына ғана ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңының баға ұсынысы әдісімен ең төменгі баға ұсынысын берген мекемелермен келісім- шарт арқылы жұмыс жасалуда. Жеке уйлер мен басқа да құрлыс нысандарына тартылған газ құбырлары ешкімнің есебінде жоқ, оларға бүгінгі таңда қызымет көрсетіп жатқан ешкім жоқ.
V. Автомобиль жолдары туралы
Байғанин ауданы облыс аумағынан шалғай орналасқан аудандардың бірі.Республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Астрахань» автомобиль жолы 205-ші шақырымынан 330-шы шақырымына дейінгі аралықты кесіп өтеді. Осы аталған жолға Қарауылкелді селосындағы АОФ РГП «Казахавтодор ДЭП Байғанин» мекемесі күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етіп келеді.
Осы тас жолға 2006 – 2007 жылдары Республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі күнде әр түрлі себептерге байланысты жұмысы тоқтап қалды. Оның ішінде аудан орталығына дейнгі 20 шақырым жолдың бүгінгі күндегі жағдайы өте қанағатанғысыз күйде. Жолдың осы бөлігінің барлық жобалау-сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптамадан өткен, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін қомақты қаражат қажет екендігі есептелінген. Бірақ, қаражат бөлу мәселесі осы күнге дейін шешімін таппай келеді.
Ауданның 9 селолық округіндегі елді мекенді қосып тұрған жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бар. Барлық ұзындығы 373,5 шақырым жерді құрайды. Оның ішінде: 88 шақырым жолы қара малта таспен (черно-гравиный), 3 шақырым жолы қара қиыршық таспен (черно-щебеночный), 163,9 шақырым жолы малта-қиыршық таспен (гравино-щебеночный) және 118,6 шақырым жолы (грунтовый) топырақпен төселген. Сондай-ақ, 5 көпір және 88 темір бетонды су өткілді трубалары бар. Осы жолдардың 369 шақырымы төртінші, ал қалған 4,5 шақырымы бесінші санатқа жатады. Аталған жолдарға соңғы 10-15 жыл ішінде орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Осы жолдарды қалыпты ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша, жергілікті бюджет есебінен жылма- жыл қаражат бөлініп келеді. Бірақ бұл да жолдардың жақсаруына толықтай септігін тигізе алмай отыр.
VI. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында елді мекендерді көгалдандыру шараларын іске асыру.
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында, 2007 жылдан бері қарай ауданның елді мекендерін көгалдандыру мен санитарлы-экологиялық аймақ құруға жылма-жыл жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп келе жатыр. 2010 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша елді мекендерге 2500 түп ағаш отырғызылып, 900,0 мың тенге, 200 ш.м жерді көгалдандыруға 100,0 мың тенге, 260 ш.м жерге гүлбақтар отырғызуға 600,0 мың тенге және санитарлық-экологиялық қорғану аймағын құруға, 5 га жерге 3150,0 мың тенге қаражат бөлініп, толығымен игерілді.
«Жасыл ел» бағдарламасының күшті жақтары :
-Елді мекендердің жасыл желекке бөленуіне орасан зор ықпал етеді.
- Қозғалмалы құмдарды тоқтатуға әсерін тигізеді.
- Айнала көкалданып, ауаның тазаруына ықпал жасайды.
«Жасыл ел» бағдарламасының әлсіз жақтары :
-Санитарлық-экологиялық қорғану аймағын құруға қаралатын қаражаттың тек қана істелінетін жұмысқа ғана, оны күтіп ұстуға, қорғауға қаралатын қаражаттың сол жылға аз қаралатындығы және одан кейінгі жылдарға қаралмайтындығы.
VII. Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдалану
Жыл сайын аудан бойынша 4.5 мың тонна үй-жайлардан күл- қоқыстар жиналады. Олардың шығарылып сақталатын жерлері әр елді мекендердің өздерінің айналасындағы белгіленген алаңқай жерлер. Бұл жерлерге шығарылатын тұрмыстық қалдықтар негізінен үй-жайлардың қыс мезгілінен шыққан күл-қоқыстары мен жаз айларындағы құрлыс жұмыстарынан қалған қалдықтар.
Осы қалдықтардың ретсіз жиналуы рұқсатсыз қалдықтармен толыққан жер аумағының ұлғаюына әкеліп отыр және қоршаған ортаға келтірер зияны орасан зор. Күні бүгінде аудан орталығы Қарауылкелді ауылдық округіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ғана жер актісі мен техникалық паспорты бар да қалған ауылдық округтерінде тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын алаңдарға ешқандай құжаттар жасалмаған. Тұрмыстық қатты қалдықтар сақтайтын полигон мен алаңдардың айналасы коммуникация жүйелерімен және инженерлік құрылғылармен қамтылмаған және қоршалмаған.Себебі бюджеттен қажетті қаржы бөлінбей отыр.
2011-2015 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасының іс-шараларының жоспары:1. Аудан орталығындағы ТҚҚ полигонын және жануарлар өлексесіне арналған қорымды қоршауға қаражат бөлу.
2. Ауылдық округтерде ТҚҚ алаңдарын және жануарлар өлексесіне арналған қорым дайындау, қажетті құжаттарын дайындауға және жүргізілетін қоршауларына қаражат бөлу.
Жер асты суларына барлау жасау .
Облыстық деңгейде жасалған « Ауыз су »бағдарламасын іске асыру барысында 2010-жылы аудан бойынша ауыз суы тасымал болып отырған Қазақстан елді мекенінің жер асты су қоры зерттелді. Соған байланысты 2011-жылы аталған елді мекенге су құбырын тарту жұмысы жоспарланып, Республикалық бюджеттен 6,5 млн теңге қаражат бөлініп отыр. 2011-жылы ауыз су проблемасы болып отырған 1(Бұлақтыкөл, ) елді мекеннің жер асты су қорына зерттеу жүргізіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Жарлы ауылына су құбырын тарту жұмысының сметалық құжаттамаларының дайындалуына байланысты Жарлы ауылының жер асты су қорына зерттеу жұмыстары жасалуда. Ауылдық елді мекендерді дамыту бағдарламасына енгізілген ауыз су обьектілерін салу үшін жер асты су көздерін зерттеу жұмыстары мына ауылдарда жүргізілетін болады.
2011-2012 жылы Жарлы ауылында,2012 жылы Бұлақтыкөл елді мекенінде,2013 жылы Жарқамыс елді мекенінде,2014 жылы Кемерши елді мекенінде .
Байланыс..
Аймақты дамыту үшін байланыс жүйесінің дамуы ең маңызды ресурстрардың бірі.
Аудан бойынша барлық елді мекендер телефон байланысымен, телехабарлармен және электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Қарауылкелді , Жарлы ауылдарына СДМА сымсыз байланыс желісіорнатылып,Көкбұлақ,Қосарал, Қазақстан,Қораши,Жыңғылдытоғай, Ноғайты елді мекендері телефон байланысымен қамтамасыз етілді. Жарлы елді мекені талшықты байланыс желісіне қосылып, интернет-Мегалайн байланысына қол жеткізді. Айрық, Көптоғай, Баршақұм, Шұқырши ауылдарына «СКЕЙДЖ»-спутниктік байланыс желісі қондырылып, байланыспен қамтамасыз етілді. Байланыс желілері толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. Елді мекендердегі мектептердің интернет желілерін жоғары жылдамдықтағы байланыс желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоғары жылдамдықтағы АДСЛ «Мегалайн» кең жолақты интернет желісіне 162 заңды және жеке тұлғалар қосылған .Жыл ішінде аудан тұрғындарына 265 телефон нүктесі орнатылды.
Ауданның бірнеше елді мекені ұялы байланыс желілерімен қамтамасыз етілген.
Ауданның 9 селолық округінің орталықтарында пошта байланыс бөлімшелері тұрақты жұмыс жасап тұр. Пошта байланыс бөлімшесі арқылы көптеген тұрғындардың еңбек ақысы, зейнетақысы уақытылы төленуде. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қызмет көрсету деңгейі 2 есеге жақын өсіп отыр.
Сонымен қатар, пошта байланыс бөлімшесі арқылы несие орталықтарымен келісім-шарт негізінде ауыл тұрғындарына тұрмыстық мақсатқа несие беру ісі де жолға қойылып отыр. Қазпоштаның жергілікті бөлімшелері арқылы баспасөзге жазылу табысты өткізілді. Жарқамыс байланыс бөлімшесінде халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, жұмыс жасауда.
2.2.4. Аймақтың аумақтық дамуы.
2004-2010 жж арналған ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру шегінде жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Ауылдық аумақтарды дамыту бағытында жүргізілетін жұмыстар ауылдық аумақтардың экономикасын дамытуға тікелей әсер ететін болады. Осы бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендердің даму деңгейін сипаттайтын өлшемдердің топтары бойынша таптастырылып, елді мекендердің экономикалық мүмкіндігіне қарай басымдылық берілуде. Бұл арада ең алдымен ауыл тұрғындарының кіріс деңгейін қамтамасыз ететін жоғары және орта әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне жеткен , ауылдық елді мекендердің өмірін қамтамасыз ететін жолғары және орта әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне жеткен , ауылдық елді мекендердің өмірін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамытуға мүдделі елді мекендер мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.
Аталған бағдарлама бойынша «Ауыл тұрғындарын модельдеу», «ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және экономикалық қызмет саласының кеңейтілуі», «Инженерлік инфрақұрылымның дамуы», «Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы», «ауыл аумақтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыттары бойынша жүргізілді.
2004-2010 жж арналған ауыл аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру шегінде ауданда орталықтандырылған сумен 3 ауыл қамтылды, олардың саны 13,7 мың адамды құрады, 2008-2009-жылдары Жарқамыс ауылына облыстық «Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына » сай газ құбыры тартылды. ,2006-2008-жылдары бұрын жоғары кернеулі электр желісінен ажыратылып тасталған 4 елді мекен Оймауыт, Дияр, Бесбай, Миялы елді мекендеріне электр желісі тартылды.
Кемерши. Алтай батыр, Миялы, Қопа, Оймауыт, Ноғайты ауылдарынан бала бақша ашылды. 2005-2007-жылдары аудан орталығына 60 орындық типтік жобадағы аурухана, 4 / Баршақұм, Жаңатаң, Дияр, Алтай батыр / елді мекенге дәрігерлік амбулатория үйлері, 2 елді мекенге/Жарқамыс, Жарлы / пошта байланыс үйлері, және соңғы 5 жылда Республикалық бюджет есебінен коммуналдық 24 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, салынған үйлерге инфраструктуралық желілер апару үшін Республикалық бюджет есебінен 5 жылда 84 млн теңге қаражат бөлінір, игерілді.
Соңғы 5 жыл ішінде жергілікті маңызы бар 373,5 км автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша жылына 11,7 млн теңгеден 60,0 млн теңге қаражат бөлініп, игерілді.209-жылы Қарауылкелді ауылының орталық көшелерін асфальттау мақсатында облыстық бюджет есебінен 50 млн теңге қаражат бөлініп , игерілді.
2009-2010 –жылдары «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарауылкелді ауылының су құбырына 35 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді , мәдениет саласының 4 обьектісіне және спорт саласының 1 обьектісіне 170,0 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды.
«Облыстың білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жасау » бағдарламасы бойынша соңғы 3 жыл ішінде
білім беру саласының 20 шақты обьектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалынды. Кемерши ауылына облыстық бюджет есебінен 441,0 млн теңге қаражат бөлініп, 320 орындық мектеп үйі салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Алтай батыр ауылына 50 орындақ балалар бақшасы салынып, пайдалануға берілді.
Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша 2010 жылға қоршаған ортаны экологиялық тұрғыда таза ұстауға жыл сайын 13-20 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілді.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту шаралары
|
ө
|
1 кезең
|
2 кезең
|
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
Нысаналы индикаторлар:
Орташа даму деңгейіндегі ауыл елді мекендерінің санын көбейту
|
|
|
|
|
|
|
Талап 4.4.1 Негізгі бағыттар бойынша ауылдық
территориялардың дамуы үшін көмектер көрсету
|
1
|
Ауылдық елді мекендерде білім алу ордаларын салу, бірл..
|
|
|
|
1
|
1
|
|
|
Қауіпті жағдайдағы мектептердің орнына, бірл.
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
|
2
|
Лайықтап орналасқан білім алу объектілерінің АЕМ үлесі, %
|
64
|
64
|
64
|
64
|
64
|
|
|
3
|
Мектепке дейінгі балаларға арналған ғимараттармен жабдықталған АЕМ үлесі, %
|
36
|
36
|
36
|
36
|
36
|
|
|
4
|
Ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін салу, бірл
|
1
|
2
|
1
|
1
|
2
|
|
5
|
денсаулық сақтау объектілерінің лайықты жерде орналасуының АЕМ үлесі, %
|
28
|
20
|
16
|
12
|
4
|
|
6
|
Ауыл клубтарымен қамтамасыз етілген АЕМ үлесі, %
|
60
|
60
|
60
|
64
|
64
|
|
7
|
Ауыл кітапханаларымен қамтамасыз етілген АЕМ үлесі, %
|
84
|
84
|
84
|
84
|
84
|
|
8
|
Дене шынықтыру және спорт кешендерінің жақсарту АЕМ үлесі, бірл.
|
10
|
10
|
10
|
20
|
25
|
|
9
|
Сумен қамтамасыз ету жұмыстарының АЕМ үлесі, бірл.
|
1
|
2
|
1
|
1
|
1
|
|
10
|
Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету АЕМ үлесі, %
|
16
|
24
|
28
|
32
|
36
|
|
|
11
|
Газбен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша АЕМ үлесі, %
|
8
|
16
|
16
|
56
|
56
|
|
|
12
|
Аудандар мағынасындағы жақсы және қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар, %
|
34
|
34
|
34
|
34
|
34
|
|
13
|
Жол жөндеу жұмыстары бойынша АЕМ үлесі, бірл.
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
14
|
ЛЭП электротізбектерінің тозу АЕМ үлесі, 85% жоғары
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Аудандағы 25 ауылдық елді мекенде жалпы білім беретін 27 мектеп бар. Бүгінгі күн талабына сай жабдықталған кәсіптік білім беретін 1 кәсіптік лицей бар.
2014 жылы Республикалық бюджет есебінен 540 орындық типтік жобадағы мектеп үйін аудан орталығы Қарауылкелді ауылынан салу жоспарланып отыр.
2015 жылы аудан орталығынан кәсіптік білім беру ордасын салу доспарланып отыр.
Ауылдық елді мекендердің 64 пайызында мектептер лайықтандырылған обьектілерде орналастырылған.
Ауылдық елді мекендердің 36 пайызы мектепке дейінгі балаларға арналған ғимараттармен жабдықталған.
Ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау обьектілерін салу :
2011 –жылы Қопа ауылында медициналық пункт үйін салу.
2012 жылы Ноғайты ауылында ффелбдшерлік акушерлік пункт салу .
2012 жылы Жарлы ауылында дәрігерлік амбулатория салу .
2013 жылы Қораши ауылында медициналық пункт салу.
2014 жылы Бұлақтыкөл ауылында медициналық пункт үйін салу.
2015 жылы Миялы ауылында медициналық пункт үйін салу .
2015 жылы Оймауыт ауылында фельдшерлік акушерлік аункт салу жоспарланып отыр.
Сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша :
2011 жылы Дияр елді мекеніне су құбырын тарту жұмыстары аяқталмақшы.
2012 –Қазақстан, Бұлақтыкөл елді мекендерінен су құбырларын салу жұмыстары жоспарланған.
2013 жылы Жарлы ауылына су құбырын салу жоспарланды.
2014 жылы Жарқамыс ауылында ауыз су скважинасын қазу жоспарланған.
2015 жылы Кемерши ауылында су құбырын салу жоспарланып отыр.
Газбен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша 2011-жылдың аяғына дейін Қарауылкелді ауылы газ жүйесіне қосылады деп күтілуде. 2011 жылға дейін Жарқамыс ауылы ғана газбен қамтамасыз етілген болатын.
2012 жылға Көкбұлақ, Кемерши елді мекендерін газбен қамту жоспарланып отыр.
2014 жылы 10 елді мекенді газ құбырына қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, Қораши, Бұлақтыкөл, Қосарал, Ақтам, Шұқырши, Жыңғылдытоғай, Айрық, Баршақұм, Жаңатаң және Бесбай ауылдарына газ тарту.
Аудан бойынша барлық елді мекендер электрлендірілген.
Ауылдардың санитариялық тазалығын қамтамасыз етуге 2011 жылы 4,0 млн.тенге, 2012 жылы 4,5 млн.тенге, 2013 жылы 4,7 млн.тенге.
Елді -мекендерді көріктендіру мен көгалдандыруға 2011 жылы 20,9 млн. тенге, 2012 жылы 7,8млн.тенге, 2013 жылы 8,7 млн.тенге.
Елді -мекендердің көшелерін жарықтандыруға 2011 жылы 9,9 млн.тенге, 2012 жылы 11,3 млн.тенге, 2013 жылы 12,2 млн.тенге бөлінетін болады деп жоспарланды.
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі
Жергілікті мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігі мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың 1-қаңтары жағдайына Байғанин ауданы мемлекеттік қызметкерлерінің штат санағы 120 бірлікті құрайды, солардың ішінен: саяси мемлекеттік қызметшілер- 10 бірлік. 2010 жылдың 1-қаңтары жағдайына мемлекеттік қызметтегі әйел адамдар саны- 25. Аудан бойынша аудан әкімдігінің аппаратының мемлекеттік қызметкерлердің санағы-14, соның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер-1 адам,мемлекеттік қызметтегі әйелдер-7, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер-18 адам.
Аудан әкімдігінің аппараты бойынша мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 40,6 жас. 2010 жылдың басында 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 34,2 пайызды құрастырған, 30 -дан 40-дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 43 пайыз, 41-50 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер саны 15 пайыз, 50 жастан жоғарғы мемлекеттік қызметшілер саны 7,8 пайызды құрастырады.
Әкімдік аудан әкімімен басқарылатын алқалы атқарушы орган болып табылады. Әкімдіктер өз құзыреттігі шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады.
Электронды үкіметті іске асыру шегінде облыс әкімінің электронды блог-платформасы әзірленді, сол арқылы аймақ тұрғындары онлайн режимінде аймақ басшысына сұрақтар қойып, сол сұрақтарына тиісті жауап ала алады. Сонымен қатар, веб сайт жұмыс жасауда-сол арқылы аймақтағы жағдайдың мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметтерінің тиімділігін анықтау 2011 жылдан бастап қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызында №954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесіне (бұдан әрі – Жүйе) сәйкес жүзеге асырылатын болады. Осы Жарлыққа сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органы 2011 -жылдан бастап аудандардың облыстың бюджетінен, жергілікті атқарушы бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың қызмет тиімділігіне бағалау жүргізетін болады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қаладағы аудан, ауыл аймақ, ауыл округіне енбейтін поселка, ауыл шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына заңмен сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру өкілеттігі берілуі мүмкін екендігі көзделген. Қазақстанда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ұймдастырылуы мен оның қызметі заңмен белгіленген. Заңмен белгіленген олардың құзыреттілігі шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзінділігін кепілденеді.
Мәслихаттар жергілікті мәселелерді шешу үшін жергілікті халықпен сайланатын өкілдік органдарға іспеттес жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болып табылатындығы заңмен бекітілген. Сонымен қатар, әкімдер жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне интеграцияланған және жергілікті өзін-өзі басқару функцияларымен қатар жергілікті мағынадағы мәселелерді шешеді.
Жергілікті бюджет экономиканың және әлеуметтік саланың дамуының маңызды құралы болып табылады. Оның көмегімен мемлекеттік органдар қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерте алады, шаруашылық жасаудың нәтижесіне әсерін тигізеді, әлеуметтік қайта құруларда жүзеге асырады. Бюджеттік жоспарлау мемлекеттік жоспарлаудың нақты вертикальдығына сәйкес жүргізіледі: мемлекеттік мақсаттар-мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары-тактикалық міндеттер-іс-шаралар-ресурстар-бюджет. Жыл сайын экономиканың дамуына бағытталған бюджеттік қаражат көлемінің өсуін ескере отырып, қаржыларды пайдарану нәтижесі мен басқару барынша тиімді және ашық болуы шарт. Осыған байланысты бірінші стратегиялық бағыт ретінде бюджет қаражатын басқарудың
тиімділігін арттыру болып отыр. Бұл бағыт шегінде бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету, бюджеттің лорындалуы жөнініде есептілікті мониторингтік талдау қорытындысы бойынша жұмыс жасалуда.
Бюджет
Жергілікті бюджеттің атқарылуының негізгі көрсеткіштері
2010 жылдың 1 қаңтарына ауданда 45 мемлекеттік мекеме, 14 мемлекеттік комуналдық қазналық кәсіпорын, 2 мемлекеттік комуналдық кәсіпорын қызмет жасайды. Аудандық қаржы бөлімі Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін жалға беруді жүзеге асырады және оған мониторинг
жасайды. 2009 жылы аудан бойынша 32 келісім шарт жасалып, барлық сомасы 3655,0 мың теңгеге келісім-шартқа отырды , оның ішінде мемелекеттік мекемелермен – 21 келісім шарт , мемлекеттік кәсіпорындармен – 4 келісім шарт, акционерлік қоғамдармен – 6 келісім шарт , жеке кәсіпкерлермен – 3 келісім шарт, қоғамдық қорлармен 1 келісім-шарт жасалды.
Мемлекет мүлкін тиімді пайдалануын артыру мақсатында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар мүліктеріне және бақылау пакеті акциясы мемлекет қолындағы мекемелердегі мемлекет мүліктеріне түгендеу жүргізіледі. 2010 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша коммуналдық меншік активі 1 200 614 930 теңгені құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |