Жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны



бет2/17
Дата15.06.2016
өлшемі3.55 Mb.
#137278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Бүгінгі күнгі жағдайға талдау.
2.1. Аймақтың позитивтi және негативтi тараптарына баға беру, сонымен қатар елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына олардың ықпалы

Байғанин ауданының территориясы облыс территориясының 20%-ын алып жатыр. Жалпы жер көлемі 6 млн 103 мың шаршы метрді құрайды. Әкімшілік- аймақтық бөлінуі бойынша 9 селолық округке біріктірілген 25 елді мекен бар. 1.10.2010 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 22 407 тұрғын бар.

Ауданның экономикасы жыл сайын дамытылып келеді. Аудан экономикасы жыл сайын аудан экономикасына тартылатын инвестиция көлемінің артуымен, кәсіпкерлік және әлеуметтік сала обьектілерін көптеп салумен және аудан тұрғындарының есебінен салынып , пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік обьектілердің көбеюімен, ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көбеюімен өрнектеледі.

Байғанин ауданының қор потенциалы.

Ауданның жер қойнауында көптеген пайдалы қазбалар кездеседі. Сонымен қатар, Алтай батыр ауылында өздігінен ағып тұрған минералды табиғи ауыз судың қоры бар. Ірі мұнай кен орындары болып Жаңатаң, Лақтыбай,Ақжар, Шығыс Ақжар,Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе болып саналады, олар негізінен Жем өзенінің сол жағалауына орналасқан. Табиғи байлықтың бірі-кир/битум/,бұл жол құрылысына кеңінен пайдаланылатын шикізат. Оның қоры өте мол. Ауданның Миялы селолық округіне қарасты елді мекендерінің және Қопа ауылдық округіне қарасты жерлерде табиғи ұлутастың /ракушка/ мол қоры бар. Сонымен қатар, темір жол бойына орналасқан елді мекендер территориясында игерілмеген табиғи құрылыс материалы- әйнек өндірісіне пайдаланыллатын кварцты құм карьерлері бар. Ауданның Кенжалы елді мекенінің территориясында цемент өндірісіне кеңінен қолданылатын мергіл кенінің мол қоры зерттелген.

Облыстың дамуындағы Байғанин ауданының орыны

Байғанин ауданы облыстың мал шаруашылығын өркендету бағытында жұмыс жасайтын аудандарының бірі. Соңғы жылдары ауданның ауылшаруашылығын дамытуға табиғат жағдайлары және бүкілдүниежүзілік қаржы нарығының дағдарысы негативті әсер тигізіп отыр. Ауданның территориясында мұнай кенінің мол қорының бар екендігіне байланысты мұнай өнімін өндіру көлемі 2008 жылы 2007-жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өссе, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 15,5 пайызға өсті.

2009-жылдың қорытындысы бойынша аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 2008-жылмен салыстырғанда 91 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 52,3 пайызға , жергілікті бюджетке түсетін кірістер көлемі 76,5 пайызға, кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі 36,2 пайызға өсті. Соған сәйкес , ауданның жұмыссыздық нарығында 2009-жылдың аяғында 72 жұмыссыз тіркеліп, 2008-жыл аяғындағыдан жұмыссыздар саны 54 адамға азайтылды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша жыл аяғындағы тіркелген жұмыссыздар саны 47 болды.

Аудан экономикасының тұрақты дамуына байланысты демографиялық жағдай да жақсаруда, тұрғындардың көші-қоны тұрақталды. Тұрғындардың өмір сүруіне жағдайлар жасалуына байланысты кедей және аз қамтамасыз етілген отбасылар саны елеулі түрде азайды . Ауданның жұмысшыларының орташа еңбек ақы көлемі 67086 теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Ауданның көлікпен қатынас жағдайының потенциалы жоғары.. Себебі, аудан орталығы және 3 селолық округ орталығының үстінен Қандыағаш-Атырау, Ақтөбе-Ақтау бағытында күніне 5-6 жолаушы поезды өтеді, сонымен қатар, ауданның 3 селолық округінің орталығы арқылы Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Ақтау ,Ақтөбе-Атырау автожолы өтеді. Дегенмен, жолдардың сапасы мен инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған. Аудан территориясында мұнай кенін өндіру және мұнай кенінің запасын зерттеу мақсатында жұмыс жасап жатырған компаниялардың есебінен жергілікті, Республикалық және облыстық бюджет есебіне түсетін қаражат мөлшері өте улкен.

Инвестициялық қызмет.

Аудан орталығы –Қарауылкелді ауылына Шұбарши-Байғанин бағытында Республикалық бюджет есебінен газ құбырының тартылуына және Кемерши ауылына 320 орындық типтік жобадағы мектеп үйінің , Алтай батыр ауылына 50 орындық балалар бақшасының салынуына, «Тұрғын үй »бағдарламасы бойынша 6 пәтерлік 3 үйдің құрылысы салынуына және «Жол картасы » бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала объектілерінің салынуы мен күрделі жөндеуден өткізілуіне байланысты аудан экономикасына соңғы 3 жыл ішінде тартылатын инвестиция көлемі 50-80 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік объектілердің көптеп салынуы да инвестция көлемінің өсуіне үлесін қосуда. Аудан экономикасына тартылған басым инвестиция көлемін аудан территориясында мұнай өндіру саласында жұмыс жасайтын инвесторлар қаражаты және жеке тұрғындар қаражаты құрайды.
Ауданның банк жүйесінің қызметі туралы

Аудан тұрғындары үшін Халықтық банктің аудандағы филиалы және облыстық «Қазпошта »АҚ-ның филиалы қаржылық қызмет қөрсетеді.
2.2 Аумақтың әлеуметтік- экономикалық жағдайының талдауы.

2.2.1. Аудан экономикасы.

Ауданның экономикасы мал шаруашылығына негізделген. Мал шаруашылығын дамыту қолда бар малдың өз төлі есебінен және аудан тұрғынарының жеке қаражаты есебінен және банк несиелері есебінен жүргізілуде. Яғни, үкімет тарапынан мал шаруашылығын дамыту мақсатында қолдау шаралары жүргізілген жоқ. Аудан бойынша өндірілген өнімнің негізінен 80 пайызын ауыл шаруашылығы өнімдері құрайды. Аудан территориясында өндірілген мұнай мен газ қазба байлықтарының игілігін бүгінгі таңда аудан тұрғындары көріп отырған жоқ.

Өнеркәсіп .

Соңғы жылдары мұнай өнімін өндіру көлемінің өсуіне байланысты аудан экономикасының негізгі саласының бірі - өнеркәсіп өнімін өндіру болып саналады.

2008-жылдың қорытындысы бойынша аудан территориясында мұнай өндірушіліердің өндірген өнімінің жалпы құны 26 млрд 500 мың теңге болса, 2009 жылдың қорытындысы бойынша 35,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 37,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, өндірілетін өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын 5-8 пайызға өсіп келеді.

Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімдерді өңдеу орындары жоқ. Сондықтан, өнеркәсіп саласының негізін өндірілетін мұнай өнімдері ғана құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің 0,7- 1,0 пайызын ауыз су үшін өндірілетін су мен аудан орталығындағы 2 наубайхананың қызмет көлемі құрайды.

Индустриалды –инновациялық даму

Аудан көлемінде табиғи қазба байлықтардың көзі көп болғанмен потенциалды игерушілердің болмауына байланысты Ақтөбе облысының 2010-2014-жылдарға арналған индустриалды-инновациялық индустрияландыру картасына біздің аудан бойынша бір де бір объект енгізілмеген. Аудан территориясында табиғи қазба байлықтардың мол қоры болуына байланысты индустриалды-инновациялық бағдарламға енгізілуге тиісті нысандар енбей қалғандықтан, сонымен қатар, табиғи байлықтардың жер асты қоры зерттелмегендіктен оны игерушілер табылмай отыр.

Ақтөбе облысының 2010-жылға арналған индустриализациялық картасы бойынша кен өндіру саласында «СНПС Ақтөбемұнайгаз»АҚ , « Қазақойл Ақтөбе»ЖШС-гі,

«Қазақтүрікмұнай»ЖШС-гі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «Қазақтүрік мұнай»ЖШС-гі Лақтыбай және Қаратөбе кен орындарындағы ілеспе газды пайдаға асыру мақсатында Жарқамыс ауылынан газопоршенді электрстансасын салып, электр қуатын өндіру жұмысымен айналысуда. Сонымен қатар, Жарқамыс ауылына кенін өндіру барысында шығатын ілеспе газды тұрмыстық мақсатқа пайдалану үшін газ құбырын тартып, пайдалануға берді.

Аудан территориясында мергіл кен орнының мол қоры болуына байланысты индустриалды- инновациялық бағдарламасы арқылы СПК «БАТЫС» арқылы Кенжалы елді мекенінен цемент зауыты салынатын болады.

Негізгі қорлардың жағдайы

Аудан бойынша барлық сектордағы негізгі қорлардың тозу дәрежесі 75-80 пайызды құрайды. Ауылшаруашылығы құрылымдарына 1998-жылдардан кейін техника алынған жоқ. Тек қана бюджет саласындағы мекемелерде ғана соңғы жылдары негізгі қорларды жаңарту жүргізілуде.Сонымен қатар, ішінара жеке шаруа қожалықтар мен жеке секторларда лизингалық әдіспен ауылшаруашылығы техникаларын алу жолға қойылып келеді. 2010 жылы бюджет қаражаты есебінен млн теңгенің негізгі қорға жататын құрал жабдықтары алынды. Жалпы, негізгі қор есебіндегі ауылшаруашылығы машиналары мен автомашиналар, тракторлардың пайдалану мерзімі 8-10 жыл болатын болса, нақтылы 18-22 жылға дейін пайдалануда жүргендері басым болуда. Аталған жағдайдың өзі өндірілетін өнімнің өзіндік құнының қымбаттауына аса үлкен әсер етіп отыр. Ауылдық елді мекендерді дамыту мониторингі бойынша аудан экономикасына 2009-жылы тартылған инвестиция көлемі /46411,5 млн теңге,2010 ж 54 158,8 млн тенге болып, аудан территориясында мұнай өндіру, мұнай іздестіру және тағы да басқа жұмыстармен айналысатын компаниялар есебінен көбейіп отыр.
Аграрлық -өнеркәсіптік кешен

Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімді өсімімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4961,5 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 102,5 пайызды, аудан бойынша барлық өндірілген өнімнің 5,6 пайызын құрады. Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. 2008 жылы инвестиция салу 72,2 млн. теңге, 2009 жылы 78,3 млн. теңге инвестиция тартылды. Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 5219,3 мың гектар, оның ішінде жайылымдықтың 906,4 мың гектары, немесе 14,9 пайызы, 19,3 мың га 5199,1 мың га барлық шабындықтың 7,11 мың 38,6 пайызы пайдаланылады. Бұл аудандағы мал шаруашылығын әрі карай дамытудың потенциялы жоғары екенін көрсетеді.

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы соңғы жылдарда тұрақталып, ауылшаруашығы өнімдерін өндірудің өсуі жылма-жыл артып, құрал-жабдықтармен ауылшаруашылық техникаларымен жарақтандыру жақсарып, ауыл халқының әл-аухаты көтеріліп келеді. Жыл сайын ауылшаруашылығы құрылымдарының оның ішінде іріленген заңды тұлғалардың саны өсіп келеді. Ауданда 4 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды. Күні бүгінге ауданда 246 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив, 4 ауылдық тұтыну кооперативі, 15 ЖШС жұмыс жасайды. Ауданымыздың экономикасы мал шаруашылығына негізделген ауылшаруашылығы секторын құрайды. Ауданымыздың жалпы ахуалы осы салаға тікелей байланысты.

Өсімдік шаруашылығы.

Аудан бойынша 2009 жылы 65 га картоп, 60,5 га көкөніс, 0,5 га жерге бақша, барлығы 126 га алқапқа суармалы бау- бақша егілді. 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 пайзға артты. Егілген картоптан 749,7 тонна өнім жиналды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 115,4 % құрады, ал көкөніс 1312 тонна жиналды немесе 157,1 % құрады. Аудан тұрғындарына ішкі қажеттілігіне 1968 тонна картоп қажет болса, ауданда өсірілген картоп өнімімен қамтылуы 43 пайыз. Қалғаны ауданнан тыс жерлерден әкелінеді. Ал көкөніс өнімдерімен 2160 тонна қажет болса, ол 61 тоннаға қамтылып, қалғаны кәсіпкерлер арқылы тыс жерлерден әкелінуде.

Өндірілген картоп, көкөніс өнімдерінің қыс айларындағы бағасын тұрақтандыру үшін аудан орталығында жеке кәсіпкер өз қаражатына сыйымдылығы 60 тонналық қойма салынды. Мұндай қойма алдағы жылдары Қызылбұлақ, Қарауылкелді селолық округтерінде салынады деп жоспарлануда. 2010 жылғы жалпы өнім көлемі 5068,8млн теңгені құрап отыр, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 1759,9млн теңге, 3308,9млн теңге мал шаруашылығының үлесінде. Өндірілген барлық өнімнің21-22% ауылшаруашылығы кәсіпорындары (заңды тұлғалар) мен шаруа қожалықтарының үлесінде. Ауданда биылғы жылы 75 гектар жерге картоп, 70 гектар жерге көкөніс, бау-бақша егіліп, әр гектарынан 111 центнерден картоп, 190 центнерден көкөніс, бау-бақша өнімдері өндірілді.
1999-2009 жылдардағы егіс алқабының құрылымы

жылдар

барлық егіс алаңы

оның ішінде

картоп

көкөніс

бақша


1999

69

25

27

17

2000

76

27

29

20

2001

120

40

42

38

2002

126

42

45

39

2003

128

43

46

39

2004

124

41

40

43

2005

167,1

41

83,1

43

2006

173

41

89,0

43

2007

173

41

89,0

43

2008

211

56

96,5

42,5

2009

126

65

60,5

0,5

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2009 жылы 4961,5 млн. теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 4,6% өсті. Оның ішінде мал шаруашылығы саласында жылма жыл жоғарғы нәтижеге жетуде, мал шаруашылығы өнімінің жалпы өнімділігі 65,3 % құрайды.

Егіс көлемі

га


Атауы

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Картоп

41

41

41

56

65

75

Көкөніс

83,1

89,0

89,0

96,5

60,5

70

Бақша

43

43

43

42,5

0,5

0,8

Алынған өнім

тонна

Атауы

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Картоп

328,0

337,0

342,1

650,0

749,7

832,5

Көкөніс

442

483,9

488,1

1200

1312

1339



Машина-тракторлық парк

Ауданда ауылшаруашылық техникаларын немесе машина – трактор паркін жаңарту мақсатында «КАЗАГРО қаржы» және (Ақтөбе Агро сервис) кәсіпорындары арқылы соңгы жылдары (2002-2009жж) 29 бірлік ауылшаруашылық техникалары алынды. Мал азығын дайындайтын механикаландырылған 2 топ жұмыс жасайды. Аудан
бойынша 211 тракторлар, 97 шөп шабатын агрегат , 78 автомашиналар және 36 тіркемелер бар.

Алайда, ауылшаруашылығы машиналарының паркі 85 пайызға дейін тозып тұр. Физикалық тозуымен бірге машиналардың моральдық ескеруі байқалады. Машина-трактор паркін толық жабдықтау үшін ауылшаруашылығы құрылымдарында қаражат жетіспейді

Меншіктің барлық түрлері бойынша мал басы өсіп мал шаруашылығы өнімдері артуда .

2009 жылы ет өнімі барлық категориялар бойынша 8486 тоннаға өсті, 2008 жылмен салыстырғанда (446,0.тонна) 5,5%, сүт – 12033 тонна (238тонна) 2,0 %, жұмыртқа – 2323,0 мың дана (23,0 мың дана), жүн – 329,3 тонна (13,3 тонна) 4,2 %-ке өсті.

Мал шаруашылық саласында шаруашылықтардың барлық санатында 2009 жылы малдар мен құстар саны өсіп, мүйізді ірі қара - 30000 басқа жеткізілді, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 0,7 % өсті; қой-ешкі - 160000 басқа, немесе 2,7 %; жылқы – 6000 басқа, немесе 3,4 %; түйе – 4300 басқа, немесе 1,2%; Құстар –22000 басқа, немесе 4,3% өсті.

2009 жылы жеке қожалықтардың мал басы мүйізді ірі қара (28490 бас) 95%, ауыл

шаруашылығы заңды тұлғаларда – ( 320 бас) 1%, шаруа қожалықтарында (1190 бас)4%; қой-ешкі жеке қожалықтарда (151041 бас) 95%; ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда (2518 бас) 1%; шаруа қожалықтарында ( 6441 бас) 4 %; жылқы – жеке қожалықтарда (5498 бас)92 %; ауыл шаруашылық заңды тұлғаларда (109 бас)2%; және шаруа қожалықтарында (393 бас)6%; түйе –жеке қожалықтарда (4132 бас) 96%; ауыл шаруашылық заңды тұлғаларда (41 бас) 1% және шаруа қожалықтарында (127 бас) 3%, құстар – жеке қожалықтарда (22000 бас) 100 % үлесін құрайды.

2009 жылдың аяғымен салыстырғанда мал басы ірі қара малы 100,7%, қой-ешкі 102,7%, жылқы 103,4%, түйе 101,2 % артып отыр. Өнім өндіру көлемі ет 105,5%, сүт 102,0%, жүн 13,3% өсіп отыр. Мал шаруашылығын өркендету бағытындағы жұмыстардың бірі мал тұқымын асылдандыру. Жергілікті ірі мүйізді қара малдарының өнім сапасын арттыру, тұқымын жақсарту мақсатында соңғы жылдары етті және сүтті қазақтың ақ бас тұқымды бұқалардың ұрықтарымен будандастырылуда.

Осындай өнім өндіру мал басының өсуі, мал шаруашылығында жүргізілген мал тұқымын асылдандыруға байланысты. Аудан бойынша 7 ірі мүйізді қара малдарын ұрықтандыру пунктері жұмылс жасайды. 2009 жылы 500 бас сиыр қолдан ұрықтандырылуды. Ауданның Миялы селолық округінде «Асылзат» шаруа қожалығы асыл тұқымды түйе өсірумен айналысады. Бірақта ауданда асыл тұқымды мал көлемі аз. «Байғанин-Еділбай» ЖШС-гі соңғы кезде асыл тұқымды шаруашылықтар қатарына мал басының жетіспеуіне байланысты шығарылады.

Аудан мал шаруашылығымен айналасуына байланысты ет кластрі жасалынады. Көлтабан селолық округіне қарасты «Марқабай» шаруақожалығы 500 бас қой семірту алаңын салу жоспарлауда. Қарауылкелді селосының орталығында құрылысы аяқталған мал сою пункті арқылы өткізілуі межеленуде.

2008-2009 жылдары ауылшаруашылық өндірісін ірілендіру мақсатында ұсақ шаруашылықтарды біріктіру арқылы ауылдық тұтыну кооперативтері құру барысында олар жаңа ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін құрал-жабдықтар алуда. Ауданда Көлтабан селолық округінен «Қостемір» шаруа қожалығы ізінен «Қостемір» ауылдық кооперативі құрылып «КАЗАГРО қаржы» акционерлік қоғамы арқылы 3 млн теңгеге қымыз өнімдерін өңдейтін құрал жабдықтар алынып іске қосылды, қымызхана ашылды. Бұл ауылдық тұтыну кооперативінің өнімдерін аудан орталығындағы, Ақтөбе және Атырау қалаларының базарларында сатылады. Сондай-ақ Қызылбұлақ селолық округінен «Жем Сағыз» шаруа қожалығының ізінен «Сержан» ауылдық тұтыну кооперативі құрылып бұл кооператив картоп, көкөніс, бау-бақша өнімдерін өндірумен айналысады. Алдағы жылдарда өнім сақтайтын қойма салу жоспарлануда.
Мал азығы.

Мал азығын дайындау аудандағы негізгі 95-96% жеке тұрғындарда болғандықтан, мал азығын дайындау негізінен табиғи мал жайылыстарымен шабындықтардан елді мекен маңдарынан дайындалады. Мал азығы үшін жем Ақтөбе қаласынан және басқада аудандардан әкелінеді.

Биылғы жылы көктем, жаз айларында жаңбырдың болмауынан, күннің ыстығы шөп дайындау науқанына үлкен қиыншылықтар әкелді. Мал азығы үшін шөп дайындаудың барлық шаралары алынды. Әр селолық округ бойынша шөп дайындаушы бригадалармен халықпен жиналыстар өткізілді. Әр селолық округтегі елді мекендердегі шабатын жерлер жоқ немесе жазғы уақыттағы жерлері өртеніп кеткен шаруашылықтарға шабындық жерлер белгіленіп берілді. Аудан бойынша барлық селолық округтер бойынша мал азығын дайындауға 360 адам күштері ұйымдастырылып, қатыстырылды. Шаруашылық құрылымдарына 91 тонна арзандатылған жанар май жеткізіліп, таратылды. Шөп дайындау науқанында 210 трактор, 630 орақ, 45 автомашина және 60 трактор тіркемелері жұмыс жасады. Биылғы жылғы қуаншылыққа қарамастан аудан бойынша 101 400 тонна мал азығы дайындалып, мал қыстату науқанына қажеттілік 101% қамтамасыз етілді. Аудан бойынша әр селолық округтердегі аз қамтылған отбасыларға тегін шөп түсіріліп беру ұйымдастырылды. Баға тұрақталып бір көлік буылған шөп 15 000 теңге, бос тиелген бір көлік шөп 10 000 теңгеден сатылды. Шөп дайындау науқанында Қарауылкелді селолық округі бойынша «Мейіржан» (шаруашылық басшысы Сисенов.Ө), «Жайна» (шаруашылық басшысы Сауытов.Қ), «Мұхит» (шаруашылық басшысы Мектепов.Д), Көлтабан селолық округі бойынша «Айбат» (шаруашылық басшысы Т.Жақас), «Марқабай» (шаруашылық басшысы Жартыбаев Т), Сартоғай селолық округінен «Айнұргүл» (шаруашылық басшысы Сыдықов Ө) т.б көптеген шаруашылықтар жақсы жұмыстар жүргізді. Облыстық бюджеттен қуаншылыққа байланысты кеткен шығыннын бір бөлігін қайтару мақсатында бөлінген қаржыдан (шаруашылық құрылымдарының жеке тұрғындарға шөп сатқандары үшін) құжаттарын уақытылы дұрыс тапсырған 16 шаруашылыққа 1 млн 176 мың теңге көмек көрсетілді. Мал қыстату науқанына қажетті жем іздестіріліп, әкелініп сатылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет