Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ



бет5/13
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#15550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Инновациялар. 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыста 553 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді.

Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындар саны 2009 жылғы 12 бірліктен 2012 жылы 27-ге дейін көбейді. инновациялық өнім көлемі 2009 жылғы 728,7 млн. теңгеге қарсы 2012 жылы 4399,3 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар 3105,8 млн. теңгені құрады (2009 жылы – 414,3 млн. теңге).

2012 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,5%-ды құрады (республика бойынша 3-орын).

ЖӨӨ-нің көлеміндегі инновациялық өнімдер мен инновациялық сипаттағы қызметтердің үлесі - 0,3%.

Машина жасау, прибор құру, мұнай-химия және табиғатты қорғау технологиялары саласында қажетті жағдай туғызу және инновациялық қызметтерді ынталандыру мақсатында облыста «Алгоритм» технопаркі қызмет етеді.

Технопарктің алдында инновациялық инфрақұрылым құру, сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында инновациялық процессті құрайтын - ғылыми әлеует, қаржы инфрақұрылымы мен инновациялық кәсіпорындарды өзара әрекеттендіру мақсаты қойылды.

Облыста инновацияның дамуына ықпал жасайтын салалар қатары, қорлар, бизнес-орталықтар жұмыс жасайды. Оларға: «Орал» ӘКК ҰК» АҚ, ӘКК жанындағы инновация мен инвестиция тарту орталығы, бизнес-инкубаторлар, фермерлерге, кәсіпкерлерге көмек көрсету қорлары және басқалары жатады. Олар кеңесшілік, ақпараттық қызметтер, бизнес-жоспар және маркетингтік қызметтерін көрсетеді.

Тұрақты негізде инновациялық гранттарды беру мәселелері бойынша түсәндәру жұмыстары жүргізіледі. Жүйелі түрде өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен презентациялар, семинарлар, конференциялар өткізіледі. Ақпараттық-таныстыру жұмыстары жүргізіледі (көрме қызметі, бизнес-конференциялар, семинарлар, инновациялық жобалардың мәлімет базасын қалыптастыру жөніндегі кеңес). Ағымдағы жылы облыс әкімшілігі мен облыстың ЖОО арасында инновацияны дамыту, өнеркәсіптік кәсіпорындармен кооперацияны дамыту мәселелері бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан басқа, облыста қажетті станокты паркі бар бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындары қызмет жасайды.

Бұрынғы қорғаныс кешені зауыттарының кадрлық және техникалық әлеуеті сақталған. Өңірдің көптеген кәсіпорындарында конструкторлық топтар бар, ҒЗТКЗ (ғылыми - зерттеу тәжірибелік-конструкторлық зерттеулер) бойынша жұмыс принциптері сақталған.

Облыстың инновациялық дамуы үшін алғы шарт болып табылатын факторлар:

машина және прибор құру кәсіпорындарында жоғары кәсіби мамандардың сақталуы;

қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті;

қолданылмайтын өндірістік алаңдар;

пайдалы қазбалар кен орындарының болуы.

Кәсіпорындармен жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізіп жатыр. Сонымен, «БатысЭнергоПром» ЖШС-мен қуаттылығы 2 кВт жел қуатынан алынатын энергия құрылғыларының сериялық өндіріс қарастырылған. Аталмыш желгенератордың үлгісі шабандық нүктелерді, саябақ телімдерді қамтуға арналған. Бұдан басқа, аталмыш кәсіпорын базасында күннің энергожүйесін өндіру бойынша жұмыстары жүргізілуде.



«Арктур» ЖШС -мен «Қоқысты сұрыптау кешенінің құрылысы» жобасы іске асырылуда. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыруға несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде көмек алды.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті базасында пеноәйнек, жасанды қиыршықтас өндіру жұмыстары және «Азықтандырудың түпнұсқалы мәзірлерін қолданумен тұйық сумен қамту қондырғыларында бағалы бекіре тұқымдас балықтардың аквамәдениеті» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Инновацияның дамуына негізгі мәселелердің бірі бизнес пен ғылым арасындағы байланыстың әлсіздігі болып табылады. Сонымен бірге, қолданыстағы технологиялар трансферті жүйесінің және инновацияларды енгізудің тиімсіздігі, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесі, ал бизнес-құрылымдарда - озық ғылыми жетістіктері мен оларды коммерциялау келешегі туралы ақпараттың жоқтығы мәселесі бар.
Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігін және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі облыс экономикасының маңызды секторы болып табылады. Оның негізін ауыл шаруашылық саласы құрайды, онда еңбекке жарамды халықтың үштен астам бөлігі қызмет етеді және жалпы өңірлік өнімнің 3-4%-ын қалыптастырады. Еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемінде облыстың үлесі 2012 жылы 3,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 2009 жылы 52,2 млрд. теңгеден 2012 жылы 73,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығының даму қарқыны: 2009 жылы - 83,2%, 2010 жылы - 97,3%, 2011 жылы - 123,1%, 2012 жылы – 82,8% құрады.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 2012 жылы 6,3 млрд.теңгеден астам бағытталды, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау 3,0 млрд. теңгеден астам құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арнайы АӨК ұйымдарынан 3,3 млрд. теңге сомада несие алды.

Өсімдік шаруашылығының негізгі басымдығы суландырылған жерлерде астық және майлы дақылдар дәні, көкөніс және картоп өсіру, мал шаруашылығында – ет, сүт, жұмыртқа және мал азықтық дақылдар өндірісі болып табылады.

Өсімдік шаруашылығы. 2012 жылы егістік алқап құрылымының негізгі көлемін дәнді дақылдар – 407,9 мың га (2011 жылдың деңгейіне 103,4%), майлы дақылдармен 65,9 мың га (56,8%), картоп және көкөніс- бақша өнімдермен - 9,6 мың га (105,5%), мал азықтық дақылдармен – 108,6 мың га (111,1%) егілді.

Астық саласы жаздық және күздік бидай, арпа, тары, күздік қара бидай өсіруде мамандандырылады. Табиғи-климаттық жағдайлар бидай нарығында тұрақты сұранысқа ие, құрамында ақуызы жоғары бидай өсіруге мүмкіндік береді.

Астық өндіру тұрақсыз қалпында қалуда, тежеуші факторларға жиі қайталанатын құрғақшылық жағдайы жатады. 2009-2011 жылдары бидай өндірудің орташа жылдық көлемі 190 мың тонна құрады, ең жоғарғы жалпы өнім 2011 жылы алынды - 347,3 мың тонна, 2012 жылы - 129,3 мың тонна. Облыс бойынша бидай өнімі 2010 жылы 4,2 ц/га, 2011 жылы - 9,7 ц /га, 2012 жылы – 5,4 ц /га құрады.

Күздік бидайдың үлесін жоғарылату және ғылыми негізделген ауыспалы егісті қадағалау арқылы аймақтың құрғақшылық жағдайына бейімделу бидай саласының тұрақты дамуына қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Жоғары өтімділік пен тұрақты сұранысқа байланысты майлы дақылдарды өндіруге басты назар аударылып отыр. Егіс алқабының негізгі көлемін күнбағыс алады, сонымен бірге мақсыр, қыша, арыш пен зығыр да өсіріледі.

Ішкі нарықты жергілікті жерде өндірілетін жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін көкөніс шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. 2012 жылы 57 мың тонна картоп жиналды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға жоғары, көкөніс – 54,4 мың тонна (өсім 8,4%).

Көкөніс-жеміс өнімін сақтау үшін сыйымдылығы 37,8 мың тонна болатын 28 көкөніс сақтау қоймалары бар. Жалпы ауданы 17,5 мың шаршы метр 47 жылыжай бар. Облыс бойынша жылыжайлардың екі дақыл айналымында 207 тонна өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнеркәсібін техникалық қамтамасыз ету мақсатында машина-трактор парктерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жалпы сомасы 1363,7 млн. теңгеге 5 егу кешенін, 14 егін жинайтын комбайн, 128 әртүрлі маркалы тракторларды, 2 камаз және 160 дана ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық техникасы мен құралдардың ескіріп, тозудың жоғарғы (70-75%) дәрежесімен сипатталады және ауыл шаруашылық техникаларын тез арада жаңартуды талап етеді.

Өсімдік шаруашылығының дамуын шектейтін негізгі проблемаларға мыналар жатады: жеңілдетілген технологияларды қолдану, ауыл шаруашылық машиналары мен техникалық құралдардың жоғарғы дәрежеде тозуы, бұл ауыл шаруашылық өндірісінде төмен еңбек өнімділігін тудырады және өндіріс шығындарын жоғарылатады, ауыл шаруашылық өндірісіне залал тигізетін карантиндегі қауіпті және аса қауіпті зиян организмдердің таралуына әкеп соғады.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең басты саласы болып табылады, өндірістің салалық құрылымындағы үлесі 2012 жылы 63,5%-ды құрады.

Мал шаруашылығы салаларынан ең басты етті мал шаруашылығы, қой және табындық жылқы шаруашылығы дамыған. Қала маңындағы аймақта етті-сүтті мал және өндіріс мақсатындағы құс өсіріліп келеді, жартылай шөлді далада – түйе өсіріледі.

5-кесте
Батыс Қазақстан облысының

мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012 жыл 2011 жылға % -бен

ет (сойыс салмағында)

өндірісі



мың тонна

37,8

38,2

38,0

35,8

94,2

сүт

мың тонна

234,7

237,5

226,7

223,6

98,6

жұмыртқа

млн. дана

113,2

130,8

137,4

136,2

99,1

Мәлімет көзі: Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, Интернет-қоры: www.batys.stat.kz
2012 жылы етті өндіру (сойыс салмағында) 35,8 мың тоннаны құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға төмендеді, сүт өнімі 1,4%-ға төмендеді және 223,6 мың тоннаны құрады. 136,2 млн. дана жұмыртқа шығарылды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға аз.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлық санаттағы шаруашылықтарда 390,4 мың бас ірі қара малы болған (2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,0%-ға көп), қой мен ешкі – 882,5 мың бас (4,1%-ға көп), жылқы – 90,5 мың бас ( 12,7%-ға көп), шошқа – 25,1 мың бас (11,1%-ға көп), түйе – 3,0 мың бас (6,3%-ға аз), құс – 866,2 мың бас (2,7%-ға аз).

Салада мал шаруашылығы өнімдерінің орташа және ірі тауарлы өндірісін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 176 ауыл шаруашылық құрылымдары бар, соның ішінде 87 – ірі қара малы бойынша (оның 4 сүтті-тауарлы фермасы (1,2 мың бас), 83 - ет өндіру бағытында (52 мың бас), 73 – қой өсіру бойынша (135,8 мың бас), 8 - жылқы өсіру бойынша (23,6 мың бас), 5 - шошқа өсіру бойынша (6,7 мың бас), 1 - түйе өсіру бойынша (1,1 мың бас), 2 - құс өсіру бойынша (455,5 мың бас).

Мал шаруашылығының дамуына жүргізіліп жатқан селекциялық-асылдандыру жұмыстары да оң әсерін тигізуде. Облыста 14 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар, онда 30,8 мың бас қой, 3,6 мың бас жылқы және 323 бас түйе өсіреді.

2011-2012 жылдары ірі қара малының селекциялық-асылдандыру сапасын және тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында фермерлік шаруашылықтар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2028,3 млн. теңге сомада несие алып, 10206 бас асыл тұқымды ірі қара жас малын және 377 бас бұқа сатып алды. Бұдан басқа 2012 жылы төрт шаруашылық өз қаражаты есебінен 147 етті бағыттағы шетелдік селекциядағы асыл тұқымды мал сатып алды.

Ветеринария саласында тұрақты негізде облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Етті мал шаруашылығын, қой және табындық жылқы шаруашылығын дамыту үшін облыста 11 млн.га табиғи жем-шөп алқаптары және облыстың табиғи – климаттық жағдайына бейімделе алатын қазақтың ақ бас тұқымды ірі қара малын, етті-сүтті бағыттағы көшім жылқысы тұқымы, еділбай тұқымды етті қойларды өсіретін асыл тұқымды база жұмыс істейді.

Мал шаруашылығының белсенді дамуын шектеуші факторларына ұсақ тауарлы өндіріс, малдардың өнімділігінің төменділігі, мал азықтық базасының нашарлығы жатады. Мал шаруашылығының қарқынды дамуының қажетті шарттарының бірі мемлекеттік қолдау көлемін жоғарылатып, жаңа бордақылау орындарын, сүтті- тауарлы фермалары мен мал өсіру кешендерін салу үшін және малға ірі ауқымды селекция жұмыстарын жүргізу үшін инвестициялар тарту болып табылады.

АӨК-нің ғылыми әлеуеті саланың дамуына негіз болып табылады және ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылату үшін алдын ала жағдай жасайды. Облыстың аграрлық ғылым саласы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясымен ұсынылған. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың инновациялық-консалтингтік орталығымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ветеринария саласына ғылыми-практикалық көмек көрсетілуде. Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясында жергілікті бидайық тұқымдарын шығару бойынша жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сұрыптарына сынақтар жүргізілуде, майлы дақылдар (мақсыр) және көпжылдық шөптер алу технологиясы жасақталды.

Мал шаруашылығында құс фабрикасын, бордақылау алаңын, сүтті-тауарлы фермасын салу негізінде орта және ірі тауарлы мал шаруашылық өндірісін дамыту бойынша жұмыстары жалғасады, отарлық мал шаруашылығын, қой шаруашылығын және басқа мал шаруашылық салаларын дамыту бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру басталады.



Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу. Соңғы бес жылдың ішінде қайта өңдеу саласында тұрақты өсу серпіні байқалып отыр, бұл тұтынушылық сұраныстың өсуімен, сектордың инвестициялық тартымдылығымен, экспорттық мүмкіндіктің кеңеюімен және шикізат базасының дамуымен сипатталады.

Қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының арасында бидайды және етті өңдеу саласы дамыған. Ұн тарту өнеркәсібінде 5 ірі кәсіпорын және 20 диірмен жұмыс істейді, сүт саласында – 6 кәсіпорын, етті өңдеумен 7 кәсіпорын айналысады, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу бойынша 4 ӘКК және 2 СДО құрылды. Қайта өңдеудің ірі кәсіпорындары Орал қаласында және қала сыртындағы аймақта (Зеленов және Теректі аудандары) шоғырланған.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда ет және тағамдық қосымша өнімдерін өндіру – 18,9%-ға, еттен жасалған консервілер – 1,5 есеге, балықтан жасалған консервілер – 64,5%-ға, өсімдік майы – 2,6%-ға, шұжық өнімдері – 9,5 есеге, макарон өнімдері – 2,5%-ға өсті.

2009-2011 жылдары жылдық қуаттылығы 7,4 мың тонна өсімдік майын өңдейтін зауыт, жылына 38 мың тонна астық өндіретін диірмен кешені, жылына қуаттылығы 2 мың тонна етті алғашқы өңдеу инфрақұрылымымен 8,6 мың бас ірі қара малына арналған бордақылау кешені, 12 мың басқа арналған шошқа кешенінің құрылыстары аяқталып, ірі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Қайта өңдеу саласында өндірілетін өнімнің көлемін арттыру мақсатында 2012 жылы келесі нысандар іске қосылды:

«Желаев АҚК» АҚ спагетти және жайма-кеспе өндіретін цех;

«Попков» ШҚ кондитерлік өнімдер өндіретін цехының бірінші желісі;

«Жастық» ЖШС сүт өнімдерін қайта өңдейтін цехын жаңғырту.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда, 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ИСО және ХАССП халықаралық стандарттары негізіндегі сапа менеджменті жүйесін 11 кәсіпорны енгізді, оларда халықаралық стандартты 19 сертификат бар.

Аграрлық сектордың әлеуеті ішкі азық-түлік нарығын негізгі тамақ өнімдерімен тұрақты және толық қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің сыртқа шығаратын өнімдерін толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық салаларын мемлекеттік қолдау, заманауи экономикалық жағдайларға сай заңнама базасының болуы, облыстың аграрлық секторының әрі қарай дамуына базалық жағдай жасайды.



Шағын және орта кәсіпкерлік

2013 жылдың 1 қаңтарына облыстың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28141 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалардың үлесі – 7,1% (2001 бірлік), жеке кәсіпкерлер – 80,0% (22509 бірлік), шаруа қожалықтары - 12,9% (3631 бірлік).

2009-2012 жылдары белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 18986 бірліктен 28141 бірлікке дейін (өсім 1,5 есеге).

2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 76 464 адамды немесе 2011 жылдың деңгейіне 93,0%-ды құрады. 5605 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін адамдардың үлесі экономикалық тұрғыдағы белсенді халықтың жалпы саны 23,9%-ды құрады.

Шағын және орта бизнес субъектілері 284,8 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, жұмыс атқарды, қызмет көрсетті. ШОБ субъектілерімен өнім шығару нақты көлем индексі 93,3%-ды құрады.


6-кесте

Батыс Қазақстан облысының

шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012 ж.

2011 жылға

%-бен

Белсенді ШОК саны

бірлік

18 986

20 302

27 805

28 141

101,2

Жұмыс істейтіндердің жалпы саны

адам

86 939

93 814

85 449

79 464

93,0

Өнім (жұмыстар, қызметтер) өндірісінің көлемі

млн. теңге

397 786

564 227

292 400

284 816

47,9 *

* - нақты көлемі индекс

Мәлімет көзі: Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, Интернет-қоры: www.batys.stat.kz
Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, негізінен, Орал қаласында (жалпы санынан 76,6%) және Бөрлі ауданында (12,7%) шоғырланған.

2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар үлесіне өндірілген тауар, көрсетілген қызметтер мен атқарылған жұмыстардың жалпы көлемінен 76,4%, жеке кәсіпкерлерге – 15,6% және ең кіші көлем үлесі шаруа (фермерлік) қожалықтарына тиесілі – 8,0%.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін шағын және орта бизнесті кең ауқымды қолдау шаралары негізінде шағын кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды дамытуға қолайлы жағдай жасалып отыр.

Облыстағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау екінші деңгейлі 17 банк филиалымен, 10 ауылдық несиелік серіктестіктермен, 14 қор және микронесиелік ұйымдармен жүзеге асырылып отыр.

2009-2012 жылдары екінші деңгейлі банктермен кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 74,3 млрд. теңгеге несие бөлінді.

Жалпы, облыстағы кәсіпкерлікті дамыту индустрияландыруды дамытуда, халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуда, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін жоғарылатуда, шикізаттық емес экспорт үлесін ұлғайтуда шағын және орта бизнестің рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі сауда – 35,7%, құрылыс – 23,3%, қызмет көрсету және көлік – 12,2%, өнеркәсіп саласында – 7,9% шоғырланған.

Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар, олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:

шағын және орта кәсіпкерліктің қызметін реттейтін заңнамалық базаның жетілмегені;

кәсіпкерлердің қаржы-несиелік ресурстарға қол жеткізудегі шектеулілігі және банктік несиелерді алудағы қиындығы. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен несие алудағы басты кедергілері: берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылығы, несиені қайтарудағы мерзімнің қысқалығы, біріші айдан бастап несиенің негізгі сомасын өтеуі, несиелеу бойынша кепілдік қамтуға жоғарғы талабы, несие алу үшін кепілдік мүлікті төмен бағалауы, екінші деңгейлі банктермен ауылдық жерлерде бар кепілдемелерді несиелеуден бас тартуы, несие алу үшін қажетті құжаттардың үлкен пакеті болып табылады;

әкімшілік кедергілер, халыққа қызмет көрсету орталығымен құжаттарды қараудағы мерзімнің ұзақтығы, рұқсат беру құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қызметтер құнының қымбаттылығы;

инфрақұрылымды жеткізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге бағаның жоғарылығы;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз өнімін өткізу үшін нарыққа жеткіліксіз қол жетімділігі.

2010 жылдан бастап облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асырылуда, оның мақсаты шикізаттық емес экономика секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 2010-2012 жылдары индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға – 1204,1 млн.теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1634,2 млн. теңге нысаналы трансферттер бөлінді.

2010-2012 жылдары өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 43 отырыс өтті, кредиттердің және жеткізілетін инфрақұрылымның жалпы сомасы 24,6 млрд. теңгеге 175 жоба мақұлданды. Мақұлданған жобалардың шеңберінде 2000 шамасында жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі басты мақсат шағын және орта кәсіпкерліктің бағдарын кеңейту және нығайту, бизнес жүргізудің құнын төмендету үшін бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру несиелерге пайыздық ставкаларды субсидиялау, кредиттерге жартылай кепiлдiк беру және өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту жолы арқылы орындалады.

Ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың басқа құралы 2011 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы болып табылады, ол ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, шағын несиелік ресурстарға қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді, кәсіпкерлік машықтарға оқытуды ұйымдастырады.

Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру аясында республикалық бюджеттен шағын несиелеу және кәсіпкерлік негіздеріне ауыл тұрғындарын оқыту үшін 3,5 млрд. теңге бөлініп, толықтай игерілді.

2011-2012 жылдары 1741 ауыл тұрғыны шағын несие алды және 1983 кәсіпкерлікке оқытылды.
Сауда

2013 жылдың 1 қаңтарына облыста сауда алаңы 329,2 мың шаршы метр 9940 сауда бірлігі жұмыс істейді.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыста 4732 сауда объектісі, соның ішінде 3039 дүкен, 4 сауда үйі, 102 дәріхана, 150 павильон, 1310 дүңгіршек, 127 автомай құятын бекет жұмыс істейді.

Облыста барлығы сауда алаңы 172,5 мың шаршы метрді құрайтын 37 сауда базары (7874 сауда орны) жұмыс істейді, оның ішінде 3 базар - көтерме, 34 базары - бөлшек. Базарлар, негізінен, Орал және Ақсай қалаларында орналасқан, олардың аумағында 32 базар қызмет атқарады.

2012 жылы сауда саласында жұмыс істейтіндердің үлесі жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан (315,4 мың адам) 39,4 мың адамды құрады, ол 12,5%-ды құрайды.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі 52,0%, саудамен айналысатын кәсіпорындар – 48,0% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде ең үлкен көрсеткіш 84,7% Орал қаласына, облыстың аудандарына – 15,3% тиесілі.

Облыстың бөлшек тауар айналымының көлемі 2009 жылы 79,5 млрд. теңгеден 2012 жылы 136,4 млрд.теңгеге дейін өсті (2011 жылға нақты көлем индексі – 121,4%). Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі. 2012 жылы жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымы 221,7 мың теңгені құрады (2009 жылы – 127,9 мың теңге).

Өңірдің көтерме тауар айналымы 2012 жылы 210,8 млрд. теңгені құрады, көрсеткіш мәні 2009 жылмен салыстырғанда 30,1%-ға өсті.

7-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет