Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ


Батыс Қазақстан облысының бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемі



бет6/13
Дата24.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#15550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Батыс Қазақстан облысының бөлшек және көтерме тауар айналымы көлемі
млрд. теңге



Бөлшек тауар айналымының жалпы

көлемі

Көтерме тауар айналымының көлемі

2009 ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

Жалпы көлем

дегі үлесі, 2012 ж., %

Өсу қарқыны орта есеппен 2009-2012 ж.ж. %

2009 ж.


2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Жалпы көлемде

гі үлесі, 2012 ж., %

Өсу қарқыны орта есеппен 2009-2012 ж.ж. %

ҚР

2 551,4

3 197,5

3 865,8

4 567,7

100,0

110,0

6 872,3

8 152,4

10 234,8

11 832,5

100,0

114,5

БҚО

79, 5

95,6

107,8

136,4

3,0

110,3

162,0

207,5

152,5

210,8

1,8

108,6


Мәлімет көзі:Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, интернет-қоры: www.batys.stat.kz
Ішкі сауда саясаты инновациялық технологияларды қолдану және инфрақұрылымды дамыту есебінен жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін және сауда саласындағы тиімділікті арттыруға бағытталады.
8-кесте

Батыс Қазақстан облысының сыртқы саудасы
млн. АҚШ доллар

Көрсеткіштер

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012 жыл 2011 жылға % -бен

Тауар айналымы - барлығы

1826,6

2121,0

8437,0

10418,4

123,5

Экспорт - барлығы

822,6

1250,0

7610,9

9428,8

123,9

ҚР көлеміндегі облыстың үлес салмағы, пайызбен

1,9

2,1

8,7

10,9

х

Импорт - барлығы

1004,0

881,0

826,1

989,6

119,8

ҚР көлеміндегі облыстың үлес салмағы, пайызбен

3,5

2,8

2,3

2,1

х

Мәлімет көзі:Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, интернет-қоры: www.batys.stat.kz
Өңір сыртқы экономикалық ынтымақтастықты әлемнің 120 елімен жүргізеді. Облыстың негізгі сауда серіктестеріне Италия (тауар айналымының жалпы көлемінен 46,4%), Франция (15,3%), Нидерланды (11,7%), Финляндия (2,6%), Греция (1,5%), Түркия (3,1%), Қытай (2,9%), Болгария (1,2%) жатады.

Кедендік статистиканың деректері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады (8,4 млрд. АҚШ доллары - 2010 жылғы деңгейінен өсім 23,5%-ға).

Экспорт 9,4 млрд. АҚШ долларын құрады (тауар айналымының жалпы көлемінен 90,5%), өсім 23,9%-ға (2011 жылы – 7,6 млрд. АҚШ доллары). 2012 жылы жалпы экспорт көлемінен өңірлік экспорттың негізгі үлесін минералдық өнімдер 99,0% құрайды.


1-сурет

Аймақтық экспорт құрылымы, 2012 жыл

Мәлімет көзі:Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, интернет-қоры: www.batys.stat.kz
Импорт 989,6 млн. АҚШ долларын құрады (тауар айналымының жалпы көлемінен 9,5%), өсім 19,8-ға (2011 жылы – 826,1 млн. АҚШ доллары).

2012 жылы сыртқы сауда теңгерімінің сальдосы 8,4 млрд. АҚШ доллары сомасында оң қалыптасты.


2.2.2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау

Еңбек нарығы

Облыстың еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің 2009 жылы 6,3%-дан 2012 жылы 5,1%-ға дейін тұрақты төмендеуімен сипатталады, бұл орташа республикалық деңгейден төмен (5,3%). Бұл ретте ауылдағы жұмыссыздық деңгейі қаладағы жұмыссыздық деңгейінен жоғары.

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық саны 2009 жылдан 2012 жылға дейін 69,5%-дан 69,9%-ға, жұмыспен қамту 94,7%-дан 94,9%-ға өсті (орташа республикалық көрсеткіш – 94,7%). 2012 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 125,7 мың адамды құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 0,5%-ға аз. Облыс бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 39,8% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 31,7%).

9-кесте


Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Көрсеткіштер

2009 ж.



2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012 жыл 2011 жылға%-бен

Экономикалық тұрғыдағы белсенді халық, мың адам

333,9

334,4

333,5

332,5

99,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

313,0

315,6

315,9

315,4

99,8

жалдамалы қызметкерлер

188,2

189,9

189,6

189,7

100,1

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

124,8

125,7

126,3

125,7

99,5

Жұмыссыз халық, мың адам

20,9

18,7

17,6

17,1

97,2

қалалық жерлерде

7,6

6,6

7,0

7,5

107,1

ауылдық жерлерде

13,3

12,1

10,6

9,6

90,6

Жұмыссыздық деңгейі, %

6,3

5,6

5,3

5,1

х

Мәлімет көзі: Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, Интернет-қоры: www.batys.stat.kz

2012 жылы облыста 13182 жұмыс орны құрылды (2011 жылы - 11898), халықтың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға 8618 адам жіберілді (2011 жылы - 7823).

Жұмысқа орналасқан жұмыссыздар саны 17808 адам, еңбекпен қамту мәселесі бойынша жолыққан азаматтардың жалпы санынан жұмыспен қамтылғандар үлесі 73,1% (24376 адам) құрады.

Облыс бойынша жұмыспен қамту саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр: білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді, мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілмейді, қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді, халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, зейнеткерлік жастағы адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі.


Халықтың өмір сүру деңгейі

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі, олардың әл-ауқаты мен жай-күйінің шамасы мемлекет пен өңірдің экономикалық және әлеуметтік саясатының бағыттары мен басымдықтарын таңдау кезінде маңызды әлеуметтік-экономикалық критерийі болып табылады.

Еңбекақы халықтың басым бөлігінің негізгі табыс көзі болып табылады, ал нақты жалақы көлемі көбіне адамдардың материалдық жағдайын айқындайды.

2012 жылы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 90728 теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 3,4%-ға көп, нақты жалақы индексі 99,0%-ды құрады. Атаулы ақшалай табыс көрсеткіші халықтың жан басына шаққанда айына 12,8%-ға өсіп, 56344 теңгені құрады.

2009 жылмен салыстырғанда атаулы жалақы 30,6%-ға, жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс 45,5%-ға өсті.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтылмаған халықты жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға жолдау бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, күнкөрістің ең аз шамасынан төмен өмір сүретін халықтың үлесі 2001 жылы 4,8%-дан 2012 жылы 4,1%-ға дейін (2009 жылы – 8,2%) айтарлықтай төмендеген.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кедейлік шегінен төмен өмір сүретін аз қамтылған отбасылар саны 1159 отбасыны құрады, бұл 2012 жылғы 1 қаңтарымен салыстырғанда 405 отбасыға аз (2010 жылғы 1 қаңтарға – 2919 отбасы). Барлық аудандар және Орал қаласы бойынша кедей отбасылар санының төмендеуі байқалады.

Жыл сайын әр түрлі үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын адамдардың саны өсіп келеді. Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж қарт адамдар және мүгедектерді қамту 100%-ды құрайды. Стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық паталогиясы бар балаларды қамту да 100%-ды құрайды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет алу үшін психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде 160 мүгедек есепте тұр.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі бағыттар біреудің асырауында болуды жоятын, арнаулы және тиімді көмекке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

Әлеуметтік басымдықтардың бірі ретінде жұмыспен қамтуға ықпал ететін белсенді шараларды одан әрі дамыту және жетілдіруді атауға болады, бұл тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың, адами әлеуетті дамытудың және іске асырудың негізі болып табылады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында оқыту, қайта даярлау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, ауылда кәсіпкерлік негіздерін оқыту және шағын несие ұсыну арқылы дамыту, еңбек ресурстарының ықшамдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық әлеуеті орташа немесе жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.



Денсаулық сақтау

Облыста денсаулық сақтаудың оңтайлы және қолжетімді жүйесі құрылды.

Амбулаториялық-емханалық көмекті қайта құру алдын алу және психоәлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен жалпы тәжірибе дәрігерлері қызметін емханада, қалалық және ауылдық ДА көрсетудің аралас құрылымдарын құру арқылы жүргізілді.

АМӘК әлеуметтік қызметкерлер институты енгізілді,ауылдық тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін тұрғылықты жерлерде үш жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді, ол облыс аудандарының 187 елді мекеніне барып, 28787 адамды қарады.

Бекітілген тұрғындардың регистр порталы құрылды (ТРП). ТРП қызметі жұмыс режимінде жүргізілуде. Науқастарды ауруханаға жатқызу медициналық ұйымды ерікті таңдау принципіне сәйкес ауруханаға жатқызу бюросы Порталы арқылы қамтамасыз етіледі. 2012 жылы стационарды ерікті таңдау құқымен облыстық деңгейде 35943 адам, өңіраралық деңгейде - 41, республикалық - 1796 адам пайдаланды.

2012 жылдың соңына кереует қорымен қамтамасыз етілу 69,9, күндізгі стационарлардағы кереует саны 50-ге ұлғайды.

2012 жылы өңірдің денсаулық сақтау саласын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың көлемі 16,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер – 4,4 млрд. теңге. Кепілдендірілген тегін медициналық көмекке қаражат көлемі 15,1 млрд. теңгені құрады.

Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медициналық академиялардан жас мамандарды біздің облысқа белсенді тарту арқылы дәрігерлердің жетіспеушілігін төмендету проблемасы шешілуде.

2012 жылы облысқа 80 жас маман келді, олардың 32–сі «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде аудандарға жіберілді. Қалалық және аудандық әкімдіктердің көмегімен 32 жас маманға қызметтік пәтерлер берілді.

Жоғарғы санатты дәрігерлердің үлес салмағы 52,0%-ға көбейді, жылдық жоспар бойынша 50,0%. 2012 жылы 695 дәрігер, 2407 - ОМҚ біліктіліктерін арттырды.

Медициналық көмек көрсетуді жетілдірудің арқасында тұтастай облыста денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады.

2012 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 68,61-ден (2009 ж.) 69,63-ке дейін ұзарды, жалпы өлім-жітім көрсеткіштері тұрақтанды. 2012 жылы ана өлімі оқиғалары тіркелген жоқ (2009 ж.-100 мың тірі туылғанға 24,9), сәбилер өлімі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 15,31-ден ( 2009 ж.) 10,04-ке дейін азайды.

Сонымен қатар, облыс бойынша 2009-2012 жылдары туберкулез ауыруы бойынша оң үрдіс байқалды (27,3%-ға төмендеген). Қаралған кезеңге осы аурудан өлім-жітім жағдайлары 53,1%-ға төмендеп отыр (100 мың тұрғынға шаққанда 14,5-ден 6,8-ге дейін). Әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітім және аурулардың көрсеткіштері бойынша да оң серпін белгіленген.

Өңірде аса қатерлі ісіктер аурулары көрсеткіштерінің берік тұрақтануы байқалады, онкологиялық аурулардан қайтыс болу жағдайлары 27,4%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 2009 жылы 148,5-тен 2012 жылы 107,8-ге дейін).

ЖҚТБ таралуын тежеудің маңызды шаралары ЖҚТБ мен өмір сүретін адамдарды ретровируске қарсы терапиямен қамту болып табылады. Аталған емге душар 80 адамның, 75-і (93,8%) қамтылып отыр. Нәтижесінде, 15-49 жас аралығындағы топта ЖҚТБ таралуы 0,012 құрады.

Өңірде БҰДСЖ шеңберінде БАДСЖ бұдан әрі жетілдіру және енгізу үшін денсаулық объектілерін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және компьютерлік техникамен қамту жеткіліксіз деңгейде. Облыс бойынша компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 57,1%-ды құрайды.

Облыста дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың атқарылуына қарамастан, олардың жетіспеушілігі байқалады, осы бағытта жұмыс жалғастырылатын болады.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағытын неғұрлым күшейту болмақ.Осы мақсаттарда қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара қарым-қатынас тиімділігі артады, профилактикалық іс-шаралар, скирингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, оларды емдеу және оңалту жетілдіріледі.

Жоғарыда аталған шаралар ана, бала өлімінің және жалпы өлімнің төмендеуіне септігін тигізеді.

Мұнымен қоса, азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарау тетігі ескерілген денсаулық сақтау жүйесі басымдылық болып есептеледі. Өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарау қағидасы адамның күнделікті өмірінің де, мемлекеттік саясаттың да ажырағысыз бөлігіне айналуы тиіс. Бұл темекі тарту, алкогольді ішімдіктер ішу, күйзелістер, төмен физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын ауруларды қысқартуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласында ұйымдастыру, басқару және қаржыландыруды жетілдіру бойынша шаралар жалғасын табады.
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру. 2012 жылдың қорытындысы бойынша облыста 143 балабақша, 39 «мектеп-балабақша» кешені және 289 шағын орталық жұмыс жасайды.

2009 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар саны 283-тен 471 бірлікке дейін өскен.

Жалпы, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды (3-тен 6 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 95,3%-ға дейін арттырумен айқындалған оң беталыс байқалады (2009 жылы – 54,2%).

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың оң серпіні баланың бірінші сыныпқа қабылдануына дайындығын арттыруға және жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оның табысты бейімделуіне ықпал етті.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың сапалық құрамына жоғары еместігіне, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға үлкен кезектілікке (2013 жылдың 1 қаңтарына – 14989 бала) қатысты мәселелер орын алып отыр.

Орта білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің желісі 416 мектеп құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 413, мемлекеттік емес – 3.

Шағын жабдықталған мектептер санының көп болуы өңірдің білім беру жүйесінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 356 (86,1%) мектеп орналасқан, олардың ішінде 303 немесе 85,1% - ШЖМ.

Өңірде білім деңгейінің жеткілікті жоғары көрсеткіші байқалады. 2012 жылы ҰБТ түрінде өткен орта мектеп курсының қорытынды аттестациясынан 4427 оқушы өтті, бұл жалпы мектеп бітірушілердің 72,7%-ды құрады. ҰБТ-дің орташа баллы 77,39-ы құрады (2011 жыл-87,48 балл), республикалық көрсеткіш -70,9 балл (республиканың өңірлері арасында 6-орын).

2013 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша облыс Алматы, Астана қалаларынан кейінгі 3-орынды иеленді. ҰБТ-дің орташа баллы 78,15-і құрады, республикалық көрсеткіш -74,50 балл.

2011 жылғы ҰБТ-ның көрсеткішімен салыстырғанда 2012 жылдың көрсеткішінің төмендеуі тестілік сұрақтардың жаңартылуымен және төмен психологиялық дайындықтың салдарынан туындап отыр. Соңғы 10 жылда ҰБТ көрсеткішінің өсуі мен төмендеуі дәлелді заңдылық. Атап айтсақ, ҰБТ технологиясының жетілдірілуі, халықаралық стандарттарға сай тестілеу тапсырмаларының және әр нұсқаға математика пәні бойынша логикалық сұрақтардың енгізілуі.

Қала мектептері бітірушілердің орташа жинақ балы (82,45) ауыл мектептері бітірушілердің (74,39) нәтижесінен 8,6 балға жоғары. Қала және ауыл мектептерінің білім сапасы арасындаға айырмашылық ауылдық жердегі мектептердің көпшілігінің шағын жинақты болуымен және материалдық-техникалық жағынан аз қамтылуымен түсіндіріледі.

Қабылданған шараларға қарамастан, білім беру сапасына кері әсер ететін факторлар бар. 112 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ, 39,5% мектепте тамақтану бейімделген ғимараттарда ұйымдастырылған, тамақтану блоктары заманауи құрылғылармен жабдықталмаған.

Облыстың мектеп жасындағы балаларының 82,7%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Облыстың педагог кадрларының саны 11793 адамды құрайды, соның ішінде жоғарғы санатты – 1392, І санатты – 4582, ІІ санатты – 3539 адам.

Шағын жабдықталған орта және негізгі мектептер қазіргі заманғы оқу жабдықтарының, кабинеттердің болмауына байланысты білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу сапасын төмендетеді. Инклюзивті білім берудің даму деңгейі төмен, арнайы (түзеу) мекемелері қазіргі заманғы әлемдегі арнайы білім беру қызметтерінің ажырамас нысаны: жүзу бассейндерімен, спорт және музыка залдарымен, қазіргі заманғы арнайы сенсорлық қондырғылармен және т.б. сияқты қызметтермен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.



10-кесте

Батыс Қазақстан облысының білім дамуының көрсеткіштері





2009/2010 оқу жылы

2010/2011 оқу жылы

2011/2012 оқу жылы

2012/2013 оқу жылы

2012/2013 оқу жылы 2011/2012 оқу жылына %-бен

Күндізгі жалпы білім беретін мектептер - барлығы

431

426

419

416

99,3

мемлекеттік

428

423

416

413

99,3

жеке

3

3

3

3

100

Күндізгі жалпы білім беретін мектептерде оқитындар саны, мың адам

92,7

91,0

88,8

87,5

98,5

ҰБТ-ның орташа баллы

80,14

86,57

87,48

77,39

х

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны

39

39

39

39

100

олардағы оқушылар саны, мың адам

26,3

26,0

25,9

26,3

101,5

мамандар шығару, мың адам

7,3

8,1

8,5

8,5

100


Техникалық және кәсіптік білім беру. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 24,7 мың адам оқитын 39 бірлік құрайды, соның ішінде 28 мемлекеттік. 120-дан астам мамандықтар мен жұмысшы кәсіптері бойынша мамандар мен жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылуда.

ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны 2121 адамды құрайды, оның ішінде 360 өндірістік оқыту шеберлері.

Облыстың әр ауданында кәсіптік лицейлер қызмет етуде, даярланатын кәсіптер мен мамандықтар тізімі облыс экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес түзетілген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірген ТжКБ ұйымдарының 4350 түлектерінен 3269-ы немесе 75,1% өндіріс базасында тәжірибеден өту орнымен қамтамасыз етілген.

2012 жылғы түлектердің кәсіби даярлық деңгейін тәуелсіз бағалау 125 мамандық және жұмысшы мамандықтары бойынша 5067 адамды қамти отырып, жүзеге асырылды. Сәйкестік сертификаттарын 4662 адам алды немесе қатысушылардың жалпы санынан 92,0%, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,6%-ға артық.

Сонымен қатар, ТжКБ саласында шешілмеген мәселелер бар. 27 техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының ішінен – 7-уі бейімделген ғимаратта орналасқан, 4 оқу орнының жатақханалары жоқ.

Оқу орындары мен бизнес қауымдастығы арасындағы қарым-қатынастың дамуы жеткіліксіз деңгейде. Кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілер базасында оқу-өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуде қиындықтар орын алуда. Жұмыс берушілердің қатысуысыз өндіріске қажетті мамандарды дайындау мүмкін емес. Сондықтан мамандарды дайындау, кәсіптік білім беру үрдісінде жұмыс берушілердің ролін, жауапкершілігі мен құзырын ретке келтіру қажет және жеке сектордың қаржысын білім беруге тартудың заңнамалық негізін құрастыру қажет. Кадрларды дайындау үрдісіне, педагогикалық кадрлардың тәлімнен өтуіне және оқу орындардың материалдық базасын жақсартуға спорсорлық көмекті көбейту.

Колледждерде оқу үдерісінің сапасын көтерудің кідіртуші факторына оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі, әсіресе арнайы пәндер бойынша қазіргі заманғы оқу әдебиетінің тапшылығы жатады.



Әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалушылықтың, құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу және сақтандыру шараларын жүргізу. Облыста 1405 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар немесе 0-ден 18 жасқа дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан 1,0%. Олардың ішінен 885 бала қорғаншылық және қамқорлық орындарында орналасқан, 259 бала – қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеленуде, 304-і білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 8 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленуде.

Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі балалар ұйымының желілерін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және интеллектуалды, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.

Негізгі міндеттер бейінді мектепті енгізу арқылы оқыту, жаратылыстану-математикалық бағыттағы интеллектуалдық мектептерді дамыту болып табылады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарын қажетті оқу құралдары мен техникамен жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау әрі қарай қарастырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет