Сумен қамтамасыз ету
Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 2015-2017 жылдарға облыстық бюджет есебінен – 33 288 млн. теңге (2015 жыл – 29 нысанға 6 788,3 млн. теңге, 2016 жыл – 30 нысанға 10 926,1 млн. теңге, 2017 жыл – 71 нысанға 15 573,6 млн. теңге) қарастырылуда.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында инфрақұрылымды және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мақсатында жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда:
Білім беру – 1 698,2 млн. теңге;
мәдениет – 306,8 млн. теңге;
спорт – 39,4 млн.теңге;
әлеуметтік қамсыздандыру – 46,6 млн. теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары – 228,5 млн. теңге.
Отын-энергетика кешенi
Газбен қамтамасыз етуге және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 2015-2017 жылдарға республикалық және облыстық бюджет есебінен 43 095,8 млн. теңге (2015 жыл – 57 нысанға 12 969,8 млн. теңге, 2016 жыл – 76 нысанға 14 106,2 млн. теңге, 2017 жыл – 50 нысанға 16 019,8 млн. теңге) бағытталған.
Электр қуатымен қамтамасыз етуге 2015-2017 жылдарға республикалық және облыстық бюджет есебінен 20 403,5 млн. теңге (2015 жылға – 21 нысанға 4 900,9 млн.теңге, 2016 жылға – 23 нысанға 9 571,3 млн. теңге, 2017 жылға – 4 нысанға 5 931,4 млн. теңге) бағытталған.
Жылу өндіретін нысандарын, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құруға 2015 жылға 1 746,8 млн. теңге қарастырылған.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары функционалдық тобының шығындары 2015 жылы 32 168,7 млн. теңге, 2016 жылы –26 329,1 млн. теңге, 2017 жылы – 27 253,6 млн. теңге құрайтын болады.
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Тұқым шаруашылығын қолдау
|
633,6
|
648,2
|
669,8
|
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
|
200,0
|
220,0
|
200,0
|
Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз ету
|
2 720,0
|
3 000,0
|
3 300,0
|
Қазақстандық мақта талшығының және шитті мақта сапасын сараптау
|
362,8
|
352,2
|
352,2
|
жалғасы
Көрсеткіштер
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялау
|
6 504,5
|
6 975,7
|
6 975,7
|
Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырып сатып алу, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру
|
221,0
|
226,9
|
226,9
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын
арзандату
|
354,4
|
354,4
|
432,5
|
Тұқымдық және көшет отырғызылатын материалдың сорттық және себу сапаларын анықтау
|
27,3
|
37,5
|
37,5
|
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау
|
2 263,3
|
2 450,4
|
2 452,7
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру
|
2 000,0
|
1 891,2
|
1 896,6
|
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
|
65,6
|
|
|
Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу
|
526,5
|
|
|
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау
|
40,6
|
|
|
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау
|
4 545,1
|
4 375,2
|
4 746,8
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
|
2 100,9
|
|
|
Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу
|
92,6
|
|
|
Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
|
1 934,0
|
2 433,4
|
2 642,2
|
Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу
|
34,6
|
|
|
жалғасы
Көрсеткіштер
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
4139,0
|
376,6
|
399,1
|
Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру
|
776,5
|
501,4
|
521,6
|
Жануарлар дүниесін қорғау
|
0,7
|
0,8
|
0,8
|
Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар
|
51,0
|
3,4
|
3,6
|
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау
|
382,2
|
292,5
|
300,2
|
Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер
|
45,6
|
50,0
|
50,0
|
Уақытша сақтау пунктына ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызмет көрсету
|
41,0
|
45,6
|
50,4
|
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары
|
396,4
|
|
|
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
|
456,7
|
359,4
|
384,6
|
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, өнімдерін өндірудің тиімді технологиялық шешімін іске асыру, селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарды және оған ғылыми сүйемелдеуді жүргізу үшін тұтас алғанда үш жылға – 13 667,1 млн. теңге жоспарлануда (оның ішінде 2015 жылға – 4 545,1 млн. теңге, 2016 жылға – 4 375,2 млн. теңге, 2017 жылға – 4 746,8 млн. теңге).
Тұқым шаруашылығын қолдауға – 1 951,6 млн. теңге (оның ішінде 2015 жылға – 633,6 млн. теңге, 2016 жылға – 648,2 млн. теңге, 2017 жылға –669,8 млн. теңге).
Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіруге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялауға - 26 243,7 млн. теңге (оның ішінде 2015 жылға – 8 504,5 млн. теңге, 2016 жылға – 8 866,9 млн. теңге, 2017 жылға –8 872,3 млн. теңге).
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға:
инвесторлардың етті бағыттағы ірі қара мал өсіру бойынша шаруа және фермерлік қожалықтардың техника мен жабдықтарын сатып алуға, сүтті-тауарлы ферманы салу немесе кеңейтуге жұмсалған шығындарын субсидиялауға – 526,5 млн. теңге;
несие алушының қарызын 3% мөлшерінде кепілдендіру мен сақтандыру сыйақы құнынан 50 % субсидиялауға – 40,6 млн. теңге;
Орманды сақтау, қорғау, молайту және өсіруге – 1 799,5 млн. теңге (оның ішінде 2015 жылға – 776,5 млн. теңге, 2016 жылға – 501,4 млн. теңге, 2017 жылға –521,6 млн. теңге).
Қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс- шаралар өткізуге – 58,0 млн. теңге (оның ішінде 2015 жылға – 51,0 млн. теңге, 2016 жылға – 3,4 млн. теңге, 2017 жылға – 3,6 млн. теңге).
Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша нысандардың құрылысына, облыстық бюджет есебінен 2015-2017 жылдарға 1 049,8 млн. теңге бағытталуда:
-
2015 жыл – 1 нысанға 73,5 млн. теңге;
-
2016 жыл – 1 нысанға 601,8 млн. теңге;
-
2017 жыл – 374,5 млн. теңге.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша нысандардың құрылысына, облыстық бюджет есебінен 2015-2017 жылдарға 2 626,9 млн. теңге бағытталуда:
-
2015 жыл – 3 нысанға 724,2 млн. теңге;
-
2016 жыл – 3 нысанға 902,6 млн. теңге;
-
2017 жыл – 1 000 млн. теңге.
Ауылдың әлеуметтік саласындағы және ветеринариядағы мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша шаралар
млн. теңге
Іс-шаралардың атауы
|
2015 жыл
|
адам
|
млн. теңге
|
Әлеуметтік сала қызметкерлеріне нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер
|
300
|
893,7
|
Көлiк және коммуникация
Көлік және коммуникация саласына облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылысына, қайта құру жұмыстарының шығындарына облыстық бюджеттен қаржы бағыттау көзделуде.
Көлiк және коммуникация саласында 2015-2017 жылдарға
шығындардың көлемі
млн.теңге
Көрсеткіштер
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
|
6452,3
|
10 319,3
|
7 040,5
|
Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын демеу қаржыландыру
|
173,1
|
185,2
|
191,1
|
Көлік инфрақұрылымын дамытуға және жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 2015-2017 жылдарға республикалық және облыстық бюджет есебінен – 34 384,7 млн. теңге қарастырылуда, оның ішінде:
-
2015 жыл – 25 нысанға 7 325,4 млн. теңге;
-
2016 жыл – 29 нысанға 11 875,9 млн. теңге;
-
2017 жыл – 13 нысанға 15 183,4 млн. теңге.
Сонымен қатар, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруға 2015-2016 жылдарға облыстық бюджет есебінен 467,5 теңге қарастырылуда, оның ішінде: (2015 жылы – 1 нысанға 200 млн. теңге, 2016 жылы - 1 нысанға 267,5 млн. теңге).
Кәсіпкерлікті қолдау
5 жылға арналған облыстық бюджет есебінен кәсіпкерлікті қолдау қызметіне 310,0 млн. теңге қарастырылуда.
Оның ішінде: оқу-әдістемелік қамтуға 248,2 млн. теңге, ақпараттық қамтамасыз етуге 61,8 млн. теңге.
Сондай-ақ, облыста инвестициялық - инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында іс-шараларды өткізуге 119,1 млн.тг. бағытталған.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға 2015 жылғы бюджеттік кредиттер беру үш жылдық кезеңге – 1 821,3 млн. теңге қарастырылған.
Өңірлерді дамыту
2015 жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 1 нысанның құрылысына 1 072,3 млн.теңге бағытталуда.
Моноқалаларды дамыту
2012-2020 жылдары «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2015 жылға 721,3 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде: ағымдағы жайластыруға – 161,4 млн. теңге, моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге - 500,0 млн. теңге, жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 46,9 млн. теңге, жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге - 13,0 млн. теңге.
2012-2020 жылдары «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2015 жылға 2 нысанның құрылысына 1 112,1 млн. теңге бағытталған.
Бизнестің жол картасы 2020
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2015 жылға кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялауға 2 809,0 млн. теңге, шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау – 42,0 млн. теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге – 81,0 млн. теңге.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық және облыстық бюджет есебінен 2015 жылға – 5 827,9 млн. теңге бағытталған.
Бюджетаралық қатынастар
Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» № 21/173-V шешімімен үш жылға арналған облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы бюджетаралық қатынастары бекітілген.
2014-2016 жылдарға облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін субвенциялар(бюджеттік қаржылар) 2014 жылға - 89 418,5 млн. теңге, 2015 жылға -87 675,5 млн. теңге, 2016 жылға -88 121,9 млн. теңгені құрады.
2015 жылғы облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы трансферттер мен кредиттерге 117 738,9 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде: облыстық бюджет есебінен 64 334,2 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен 53 404,7 млн.теңге.
Нысаналы ағымдағы трансферттер – 43 547,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: облыстық бюджет есебінен 9 903,8 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен - 33 643,7 млн. теңге.
Даму трансферттері сәйкесінше – 69 934,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде: облыстық бюджет есебінен – 54 430,4 млн. теңге, республикалық бюджет есебінен - 15 503,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен қарастырылған кредиттер 4 257,1 млн. теңге.
Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін субвенциялар
млн. теңге
Атауы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Барлығы
|
89 418,5
|
87 675,5
|
88 121,9
|
Бәйдібек ауданы
|
4 320,5
|
4355,5
|
4 405,6
|
Қазығұрт ауданы
|
5 693,7
|
5 702,2
|
5 737,4
|
Мақтарал ауданы
|
14 608,6
|
14 749,0
|
14 936,6
|
Ордабасы ауданы
|
5 892,9
|
5 955,9
|
6 039,2
|
Отырар ауданы
|
3 998,6
|
4 011,7
|
4 034,1
|
Сайрам ауданы
|
8 544,8
|
8 489,9
|
8 432,8
|
Сарыағаш ауданы
|
13 145,9
|
13 317,7
|
13 469,3
|
Төлеби ауданы
|
5 143,6
|
5 110,3
|
5 100,6
|
Түлкібас ауданы
|
4 310,8
|
4 257,7
|
4 201,7
|
Шардара ауданы
|
5 055,9
|
5 024,2
|
5 008,6
|
Арыс қ.
|
3 549,2
|
3 492,1
|
3 447,9
|
Кентау қ.
|
3 281,2
|
3 311,2
|
3 361,7
|
Түркістан қ.
|
9 872,7
|
9 898,1
|
9 946,5
|
Шымкент қ.
|
2 000,0
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |