5. Халықтың ұлттық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шаралары
1-параграф. Халық санағын өткізу кезінде тіркелімдерді және әкімшілік деректерді қолдану
17. Халық санағын инновациялық технологияларды қолдану арқылы, сондай-ақ тіркелімдермен толықтырылатын тек іріктеме негізінде немесе тексеру мақсатында «дәстүрлі» әдіспен өткізу ұсынылады.
Тіркелім әдісі мен жаппай есепке алу әдісін біріктіру белгілерді жинақтау көзқарасы тұрғысынан барынша көп иілгіштікті және ұқсас ақпараттарды жинауға бағытталған толықтай «дәстүрлі» санақпен салыстырғанда, бір уақытта респонденттерге жүктемені төмендетуді қамтамасыз етеді.
Комитеттің қарауында келесі тіркелімдер бар:
- Халықтың статистикалық тіркелімі;
- Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі;
- Статистикалық бизнес тіркелім;
- Ауылшаруашылық статистикалық тіркелімі.
Халық санағына дайындық жүргізу және өткізу және оның нәтижелерін өңдеу кезінде Халықтың статистикалық тіркелімі және Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі өзекті болып табылады.
Халықтың статистикалық тіркелімі (бұдан әрі – ХСТ) - Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-демографиялық деректерін жинаудың, сақтаудың және көрсетудің орталықтандырылған жүйесін білдіреді. ХСТ – дағы бақылау объектісі Қазақстан Республикасының халқы болып табылады. Жеке тұлға тіркелімнің құқықтық бірлігі болып табылады. Әкімшілік көздерден түсетін ақпарат ХСТ оқиғаларының қорын қалыптастырады, онда тұлға, отбасы, үй шаруашылығы сияқты статистикалық бірліктер қалыптастырылады.
ХСТ-да келесі оқиға түрлерін есепке алу жүргізіледі: туу, қайтыс болу, неке, ажырасу, сыртқы/ішкі көші-қон, білім деңгейінің өзгеруі, жұмыспен қамтылу жағдайының өзгеруі.
ХСТ-ға мәліметтердің түсуі әкімшілік көздердің ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ статистикалық байқаулардың деректері негізінде жүргізіледі. ХСТ-ға мәліметтердің түсуі құбылыстардың пайда болу шамасына қарай жүйелі түрде және сол сияқты белгілі уақыт аралығында кезең-кезеңмен жүргізіледі.
18. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ТҚСТ АЖ) тұрғын үй қоры статистикасы үй шаруашылықтарын зерттеу үшін және іріктеме қалыптастыру үшін тұрғын үйлер және тұрғын үй-жайлар бойынша деректерді қалыптастыру және жинақтау мақсатында құрылған. ТҚСТ АЖ-ның есепке алу бірліктері Қазақстан аумағында орналасқан барлық тұрғын үйлер және тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) болып табылады.
ХСТ мен ТҚСТ ақпараттық жүйелерінің және мемлекеттік органдардың басқа әкімшілік көздерінің деректерін қолдану:
халық санағын өткізуге дайындық жүргізу кезеңінде «Халық санағы» алдын ала деректер қорын құруға;
интернет (енгізілген ЖСН, адамдардың есімі, мекенжайлары және басқа да деректер) арқылы енгізілген деректерді верификациялауды жүзеге асыруға;
жинақталған дербес деректерді түзетуді жүзеге асыруға.
Өз кезегінде, ХСТ мен ТҚСТ құрамындағы деректерді халық санағының қорытындысы бойынша жетіспейтін мәліметтермен толықтыру ұсынылады. Аталған өзара іс-қимыл халық және оның сипаттамасы туралы барынша нақты және анық мәліметтерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |