Жылдары Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі


Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және оларды тарату



бет8/8
Дата16.02.2022
өлшемі182.5 Kb.
#455442
1   2   3   4   5   6   7   8
Әдістемелік ұсыным

6. Халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу және оларды тарату

23. Санақ кезінде халық туралы мәліметтер жинауды жүргізу тәртібіне белгіленген мерзімге сәйкес барлық құрылыстар мен үй-жайларды (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларды) алдын ала аралауды және әрбір үй-жайда нақты тұратын адамдар санын анықтау ұсынылады. Санақшы пікіртерім үшін бөлінген уақытта халық тұратын немесе тұруы мүмкін үй-жайларды аралау, оған пікіртерім жүргізіп, санақ парақтарын толтыру ұсынылады. Азаматтардан мәліметтер алу үшін стационарлық учаскелер құру ұсынылады: санақ бөлімдері және нұсқаушы учаскілер.

24. Халық санағын «дәстүрлі» әдіспен екі әдісті қолдана отырып өткізу ұсынылады.

1) электронды – интернетте электронды сұрақнаманы толтыру арқылы;

2) «дәстүрлі» - интервьюерлермен (санақшылармен) кағаз түріндегі санақ парағын толтыру арқылы.

Халықтың санақпен қамтылуын тексеру мақсатында санақшыларға халықты бақылап аралау ұсынылады.

Электронды санақты өткізу барысында санақпен ықтимал қамтылуды бағалау жүргізу ұсынылады, мысалға, интернетке қолжетімділігі бар үй шаруашылықтарының саны, халықтың электронды санаққа қатынасы.

Өз кезегінде, электронды сұрақнаманы қалыптастыру кезінде қағаз сұрақнамамен бірдей болуы қамтамасыз етіледі, респонденттер үшін сұрақнама интерфейсі заманауи және ыңғайлы, сондай-ақ олардың сұрақнаманы толтыруы барысында респонденттерге көмек беруді қамтамасыз етуі қажет.

Далалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін қалыс қалған немесе санақшылар қате жазған адамдарды анықтау мақсатында бақылап аралауды жүзеге асыру ұсынылады. Осы мақсатта және халықты екі қайтара есептеуді болдырмау мақсатында бақылау бланкілері мен санақтан өткендігі туралы анықтаманы қолдану ұсынылады.

Халыққа пікіртерім жүргізу барысында халықтың барлық санаттарын есепке алу маңызды. Ол үшін халықтың барлық санаттарын санақпен қамту мақсатында мемлекеттік органдармен және ведомстволармен өзара іс-қимыл ұйымдастыру ұсынылады. Мысалы, шет елде тұратын елдің азаматтарын (елшілер, дипломатиялық қызметкерлер) санауды, шетелдік қызмет саласындағы уәкілетті орган санақты өткізу кезеңінде поездарда, әуежайларда, теміржолда және сапаржайларда болған адамдар санағын ұйымдастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ санақ материалдарын жеткізуді қамтамасыз етуді, байланысты және санақ персоналының жүріп-тұруын көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Ұлттық санақтарды өткізу туралы шешімді уәкілетті органның ұсынысы бойынша санақтың мерзімдері мен оны жүргізу ерекшеліктерін, оның ішінде санақтың қанша уақыт өткізілетінін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

25. Халық туралы мәліметтер жинау аяқталғаннан кейін халық санағы материалдарын автоматты түрде өңдеуге дайындау үдерісін жүзеге асыру ұсынылады. Ол материалдарды өңдеудің аумақтық бірліктері (елді мекендер, аудандар, облыстар, қалалар) бойынша жиынтықтауды, санақ парақтарындағы жекелеген сұрақтарға арнайы анықтамалықтар бойынша жауаптарды бақылауды қамтиды.

Сыртқы мердігерді тарта отырып, халық санағына дайындық жүргізу және өткізудің жекелеген кезеңдерін, оның материалдарын өңдеу және қорытындысын таратудың толық айналымын автоматтандыру үшін, отандық және шетелдік тәжірибелерді есепке ала отырып, жаңа технологиялық шешімдер базасында деректерді өңдеудің кешенді автоматтандырылған жүйесін құру ұсынылады.

Халық санағы материалдарын автоматты түрде өңдеу 2 кезеңде жүзеге асырылады:

I кезең – өңірлік деңгей;

II кезең – орталық деңгей.

Санақ бланкілерін автоматты түрде өңдеуге дайындауды аумақтық органдарда жүзеге асыру ұсынылады: толтырылған санақ бланкілерін әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жинақтау; санақшылар жазған халық жауаптарының толықтығын және дұрыстығын тексеру, сондай-ақ толтырылған санақ бланкілерінің сапасын; санақ бланкілерінің жекелеген сұрақтары бойынша жауаптарды кодтау; санақ бланкілерін нөмірлеу және ілеспе құжаттаманы құру.

Қорытынды регламентті кестелерді алу мақсатында орталық деңгейде алғашқы ақпаратты өңдеуді жүзеге асыру ұсынылады. Халық санағы материалдарын орталық деңгейде өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:



  1. сыртқы жеткізгіштерден алғашқы ақпаратты енгізу;

  2. алғашқы ақпаратты автоматты түрде түзету;

  3. орталықтандырылған деректер қорын қалыптастыру;

  4. қорытынды кестелерді қалыптастыру және шығару.

Бұдан әрі қалыптастырылған деректер қорын ақпараттық-есептеу орталықтарына орталықтандырылған деректер қорын қалыптастыру, санақтың қорытынды кестелерін алу және санақтың деректер қорын жүргізу үшін жіберу ұсынылады.

Алдын ала белгіленген санақ материалдарын әзірлеу бағдарламасына сәйкес негізгі ақпараттық массивтерді қамтитын, халық саны және оның аумақтық орналасуы, демографиялық сипаттамалары, халықты білім деңгейі бойынша бөлуі, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, ұлттық-лингвистикалық сипаттамалары, үй шаруашылықтары мен отбасылардың саны мен құрамы, халықтың көші-қоны, халықтың тұрғын үй жағдайлары сияқты көрсеткіштер тобы бойынша топтастырылған стандартты шығыс кестелері қалыптастырылады.

26. Жиналған ақпарат әлеуетті пайдаланушыларға (халыққа, жеке секторға, үкіметтік мекемелерге, жергілікті атқарушы органдарға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне және оқу орындарына) олардың қажеттіліктеріне сай нысанда ұсынылмайынша, санақ аяқталған болып саналмайды.

Алынған ақпарат жарияланған кестелерге немесе жалпылай таратылатын есептерге қосылады, таратылуы шектеулі жарияланбаған кестелер түрінде дайындалады немесе деректер қорында сақталады және пайдаланушылардың сұрауы бойынша ұсынылады.

Санақ деректерінің қорында сақталатын ақпарат қосымша кестелерді жылдам және салыстырмалы түрде арзан дайындауға мүмкіндік береді.

Санақтың негізгі нәтижелерін тарату үшін олардың құнының салыстырмалы түрде жоғарылылығына қарамастан, бұрынғысынша баспа басылымдарына басымдық беріледі.

Халық санағы деректерін таратудың жалпы бағдарламасына геоақпараттық жүйелерді қолдану кезінде баспа немесе электронды нысандағы санақ карталарын қосу ұсынылады.

Әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылардың халық санағы материалдарына қолжетімділігін толық қамтамасыз ету үшін қарастырылатын, деректерді таратудың арнайы стратегиясын және тактикасын әзірлеу ұсынылады, ол мыналарды:

1) пайдаланушыларды арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету үшін олардың сұрауларын зерделеуді;

2) пайдаланушылардың кең тобының ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыруды;

3) заманауи технологияларды қолдану және тарату құралдарының әралуандығын;

4) түсіндіріп берген дайын санақ деректерін маман еместердің қолдануы үшін күрделі талдаулар мен есептеулерді орындау;

5) пайдаланушылардың сұрауларын барынша қанағаттандыруда құпиялылықты қамтамасыз етуді;

6) санақ нәтижелерін таратуға өңірлік мекемелерді тартуды көздейді.



Алғашқы (жеке) құпия деректер жариялауға жатпайды, ал санақтың соңғы қорытындыларын тек жинақталған және топтастырылған түрде қолдану немесе жариялау ұсынылады.

Санақ қорытындысы бойынша санақтың уәкілетті органдарымен пайдаланушылардың сұрауларын қанағаттандыру үшін анықтамалықтар, жинақтар, баспасөз хабарламалары, мақалалар мен басқа да статистикалық және аналитикалық материалдар дайындалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет