Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша есеп


Ескерту: Экскурсия сағат 16.00-17.30 аралығында жүргізілді



бет6/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#7781
1   2   3   4   5   6

Ескерту: Экскурсия сағат 16.00-17.30 аралығында жүргізілді.

Сонымен қатар Ақтөбе гарнизоны бастығының 2012- жылғы 25- қаңтардағы № 4 «2011-2012- оқу жылына Ақтөбе облысындағы оқу орындарын әскери бөлімдерге және әскери мекемелерге бекіту туралы» бұйрығына және қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының № 2/1205 2012- жылғы 24- ақпандағы қатынас хатына байланысты, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептері, Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан, әскери оқу орындарына және әскери бөлімдеріне бекітіліп берілді. Мектептегі әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысында және алғашқы әскери дайындық пәнін жетілдіру жұмыстарында бекітілген әскери бөлімдер және әскери оқу орындары көмек көрсетуі міндеттелді.

Қала мектептері бекітілген әскери бөлімдер:

30238 әскери бөліміне бекітілді: № 1, № 2, № 6, № 11, № 12, № 14, № 18, № 19, № 22, № 31, № 40, № 32, № 44, № 20, № 23, № 9, № 17, № 51, № 4, № 25, Сазды, Благодарный, Құрашасай, Пригородный, Новый, Георгиевская, Елек, № 53, Мектеп-интернат мектептері.

32881 (РЦ) әскери бөліміне бекітілді: № 5, № 13, № 15, № 21, № 38, № 41, № 42, № 48, № 29, Ақтөбе, Өрлеу ауылының мектебі, Қарғалы Қазақ, Қызылжар орта мектептері.

Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе-Қорғаныс Институтына бекітілді: № 3, № 16, № 24, № 26, № 28, № 30, № 33, № 34, № 35, № 36, № 37, № 39, № 47, № 50, № 27 орта мектептері бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2002 жылғы 23- желтоқсанындағы № 215 шешіміне, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 20.02.12 жылғы № 23-03-09/730 қатынас хатына және қалалық білім бөлімінің 24.02.2012 жылғы № 145 бұйрығына сәйкес қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің барлығында «Азаматтық қорғаныс айлығының 1-ші наурыз халықаралық азаматтық қорғаныс күніне» арналған іс-шаралары өткізілді. Наурыз айының 01-20 аралығында қаланың барлық білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс айлығы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Наурыз айының 1- күні Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің 16.02.12 жылғы № 23-03-15/681 қатынас хатына және қалалық білім бөлімінің 17.02.12 жылғы № 120 бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар Департаментімен бірлескен кешенді-тактикалық оқу жаттығулары-№ 21 ОМГ базасында өткізілді. Бұл көрсетілімдік шараға- № 27 ОМ, № 21 ОМГ, № 17 ОМГ 9-11- класс оқушылары қатыстырылды.

Ақпан айының 28- және наурыз айының 1- күндері қалалық білім бөлімі және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырысымен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің демеушілігімен ашылған «Арыстан» мектеп-интернатына 8-ші класс бітіруші оқушыларды іріктеу үшін «Арыстан» мектеп-интернатының бастығы генерал-майор С.Тауланов осы мектепке түсу ережелеріне байланысты үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

28- ақпан күні сағат 15.00-де № 51 Гимназия базасында: № 37 ОМ. № 32 ОМГ, № 9 ОМГ, № 35 ОМ. № 51 Г 8-9- класс оқушыларымен;

29 ақпан күні сағат 11.00- № 27 ОМ базасында: № 27 ОМ, № 21 ОМГ, № 17 ОМГ, № 39 ОМ, № 1 ОМ 8-9- класс оқушыларымен;

29- ақпан күні сағат 15.00- № 30 ОМ базасында: № 30 ОМ, № 34 ОМ, № 25 ОМ, № 24 ОМ, № 19 ОМ 8-9- класс оқушыларымен;

1- наурыз күні сағат 11.00- № 6 ОМ базасында: № 6 ОМ, № 2 АОМ, № 11 ОМ, № 42 ОМ, № 22 ОМ 8-9- класс оқушыларымен;

1-наурыз сағат 15.00- № 40 ОМ базасында: № 40 ОМ, № 23 ОМЛ, № 16 ОМ, № 20 ОМЛ, № 26 ОМ 8-9- класс оқушыларымен кездесулер өткізілді.

2012 жылдың 3- наурыз күні қалалық білім бөлімінің 7.02.12- жылғы № 94- бұйрығына сәйкес Кеңес Одағының Батыры жерлесіміз Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында облыстық «Әлия мұражайымен» бірлесе отырып қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қыз балаларының арасында № 9- ОМГ атыс тирінде, дәстүрлі «Мерген ару-2012» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан жарыс өткізілді. Жарысқа қаланың 57 мектебінің командасы қатыстырылды. Жарыс қорытындысы бойынша:

1-ші орынды Елек орта мектебінің командасы

2-ші орынды № 6 орта мектебінің командасы

3-ші орынды бірдей ұпай санымен № 22 және Георгиевская орта мектебінің командалары иеленді.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша

1-ші орын және «Мерген ару-2012 атағын Георгиевская орта мектебінің оқушысы Сорокопуд Наталья (27 ұпай) жеңіп алды.

2-ші орынды бірдей ұпай санымен: (26 ұпай) Елек орта мектеп оқушысы Отарбаева Мөлдір, № 22 ОМ оқушысы Жасағанбергенова Гүлнұр, Пригородный орта мектебінің оқушысы Сүлейменова Зылиха жеңіп алды.

3-ші орынды (24 ұпай) Елек орта мектебінің оқушысы Қалық Ақмарал жеңіп алды.



Барлық жеңімпаз командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен оқушылар 7- наурыз күні Облыстық Мемориалды Әлия Молдағұлова атындағы мұражайында Әлия мұражайының және қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Кеңес Одағының батыры Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында өткізілген, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қыз балаларының арасындағы «Мерген Ару-2012» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының қорытындысы


Орны

Мектеп

Ұпай саны

1

Елек ОМ

61

2

№ 6 ОМ

57

3

Георгиевская ОМ және № 22 ОМ

56

4

№ 35 ОМ

49

5

№ 17 ОМГ

44

6

№ 29 ОМ, № 36 ОМ, № 47 ОМ

42

7

№ 30 ОМ

37

8

№ 11 ОМ

33

9

№ 2 ОМ, № 23 ОМЛ

31

10

№ 9 ОМГ

30

11

Пригородный ОМ, № 4 ОМ

29

12

№ 20 ОМЛ

25

13

Қызылжар ОМ

24

14

№ 50 ОМ

23

15

№ 44 КМ, № 48 ОМ, № 40 ОМ

22

16

№ 24 ЛМГ

21

17

№ 51 Г

18

18

№ 13 ОМ

17

19

Новый ОМ, Құрашасай ОМ

16

20

№ 5 ОМ

15

21

№ 39 ОМ, № 26 ОМ, № 21 ОМГ

14

22

№ 15 ОМ

12

23

№ 37 ОМ, Мектеп-интернат, № 32 ОМГ, № 16 ОМ

11

24

№ 12 ОМ, № 27 ОМ

10

25

№ 33 ОМ, № № 14 ОМ, № 53 ОМ, Благодарный ОМ

9

26

ҚҚОМ, Ақтөбе ОМ, Өрлеу ауылының мектебі, № 34 ОМ

8

27

№ 42 ОМ

7

28

№ 25 ОМ

6

29

№ 18 ОМ, № 41 ОМ, № 1 ОМ

5

30

№ 31 ОМ

4

31

№ 3 ОМ, № 38 ОМ

3

32

№ 28 ОМ, Сазды ОМ

1

33

№ 19 ОМ

0

Жарысқа қала мектептерінің барлығы толық қатысты.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша:

1- орынды- 27 ұпай санымен, Георгиевская ОМ оқушысы- Сорокопуд Наталья

2- орынды- бірдей ұпай санымен (26 ұпай), Пригородный ОМ оқушысы- Сүлейменова Зылиха, Елек ОМ оқушысы Отарбаева Мөлдір, № 22 ОМ оқушысы Жасағанбергенова Гүлнұр

3- орынды- 24 ұпай санымен, Елек ОМ оқушысы Қалық Ақмерей жеңіп алды.
2012-жылдың 5-наурыз күні облыстық білім басқармасының 22.02.2012 жылғы № 140 бұйрығына сәйкес облыстың қала мектептері және аудан мектептерінің жоғарғы класс оқушылары қыз балаларының арасында М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының атыс тирінде облыстық дәрежедегі «Мерген ару-2012» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан жарыс өткізілді. Жарысқа Ақтөбе қаласынан 1 (бір) команда аудандардан 11 команда қатыстырылды. Жарыс қорытындысы бойынша:

1- орынды Алға ауданының командасы

2- орынды Мартук ауданының командасы

3- орынды Ақтөбе қаласының командасы жеңіп алды.

Қалалық білім бөлімі бастығының 07.02.2012 жылғы № 93- бұйрығына сәйкес наурыз айының 26- күні № 22- ОМ базасында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасында «Мерген мұғалім-2012» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өткізілді. Сайысқа қаланың 47- мектебінің командалары қатыстырылды.

Сайыс нәтижесінде:

1- орынды № 40 ОМ

2- орынды № 29 ОМ командалары

3- орынды № 11 ОМ командалары жеңіп алды.

Жекелей сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында;



Жекелей сайыс қорытындысы бойынша ер мұғалімдер арасында:

1- орынды- 31 ұпай санымен, № 40 ОМ мұғалімі -Садықов Асқар

2- орынды- 27 ұпай санымен, № 17 ОМГ мұғалімі -Мұқанов Зажит

3- орынды-25 ұпай санымен, № 27 ОМ мұғалімі- Байболатов Нұрым

4- орынды 23 ұпай санымен, № 29 ОМ мұғалімі -Бельский Валерий

5- орынды 21 ұпай санымен, № 11 ОМ мұғалімі- Плешко Виталий жеңіп алды.
Әйел мұғалімдер арасында:

1- орынды- 27 ұпай санымен, № 41 ОМ мұғалімі- Бурабаева Жангүл

2- орынды- 26 ұпай санымен, № 29 ОМ мұғалімі- Белова Антонина

3- орынды- 22 ұпай санымен, № 6 ОМ мұғалімі- Түбірова Айгерім

4- орынды 20 ұпай санымен, № 40 ОМ мұғалімі- Адаева Лала

5- орынды 18 ұпай санымен, № 6 ОМ мұғалімі- Иманғалиева Гүлсая жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз командалар мен жекелей сайыста жеңіске жеткен мұғалімдер қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына және ҰОС Жеңістің 67- жылдығына орай өткізілген қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасындағы «Мерген мұғалім-2012» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының қорытындысы


Орны

Мектеп

Ұпай саны

1

№ 40 ОМ

77

2

№ 29 ОМ

68

3

№ 11 ОМ

59

4

№ 6 ОМ

58

5

Георгиевская ОМ

56

6

№ 38 ОМ

55

7

Елек ОМ

52

8

№ 27 ОМ

51

9


Пригородный ОМ

№ 9 ОМГ


46

46


10

№ 53 ОМ

38

11

№ 2 АОМ

№ 26 ОМ


37

37


12

№ 25 ОМ

31

13

№ 50 ОМ

30

14

Новый ОМ

29

15

№ 41 ОМ

№ 35 ОМ


27

27


16

№ 36 ОМ

№ 39 ОМ


26

26


17

ҚҚОМ

25

18

№ 22 ОМ

24

19

Құрашасай ОМ

№ 17 ОМГ


№ 31 ОМ

22

22

22



20

№ 44 КМ

21

21

№ 30 ОМ

Ақтөбе ОМ



19

19


22

№ 5 ОМ

№ 42 ОМ


18

18


23

Сазды ОМ

№ 16 ОМ


17

17


24

Өрлеу ауылының мектебі

16

25

№ 20 ОМЛ

14

26

№ 19 ОМ

№ 24 ЛМГ


12

12


27

№ 48 ОМ

11

28

№ 33 ОМ

№ 28 ОМ


№ 34 ОМ

10

10

10



29

№ 37 ОМ

№ 1 ОМ


9

9


30

№ 14 ОМ

№ 51 Г


8

8


31

№ 21 ОМГ

6

32

№ 13 ОМ

№ 3 ОМ


2

2



Жарысқа белгісіз себептермен; № 4 ОМ, Мектеп-интернат, Благодарный ОМ, Қызылжар ОМ, № 32 ОМГ, № 12 ОМ, № 15 ОМ, № 23 ОМЛ, № 18 ОМ, № 47 ОМ командалары қатысқан жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына және Ақтөбе қаласының әкімдігінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына дайындық пен оны мерекелеуді өткізу іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» жоспарына және қалалық білім бөлімінің 26.04.2012 жылғы № 376 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуы күніне және Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған іс-шаралар қала мектептерінің барлығында жүргізілді. Мектептерде «жауынгерлік өлеңдер» байқауы, «Алау», «Қайсар» әскери-спорттық жарыстары өткізілді. Облыстық дәрежеде №51 гимназия базасында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің демеушілігімен, батыс әскери округының әскери прокуратурасының басшылығымен және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы класс оқушылары арасында 2012 жылдың 8- мамыры күні дәстүрлі «Жас жауынгерлер-2012» әскери-спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа финалға шыққан Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 7 командасы (№51 Г, № 42 ОМ, № 11 АОМ, № 30 ОМ, № 24 ЛМГ, Благодарный ОМ, № 17 ОМГ) және облыстың 1 командасы (Бестамақ ОМ командасы) қатыстырылды. Нәтижесінде:

1-ші орынды № 51 гимназиясының «Айбын» әскери-патриоттық клубының командасы;

2-ші орынды № 30 ОМ командасы;

3-ші орынды Благодарный ОМ Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықов атындағы әскери-патриоттық клубының командасы жеңіп алды.

Қалалық білім бөлімі бастығының 16.04.12 жылғы № 198 бұйрығына сәйкес орта буын оқушылары арасында №35 ОМ территориясында жүргізілген «Жас ұлан» әскери-спорттық жарысының финалдық сайысы өткізілді. Сайыс үш (3) кезеңмен өткізілді. Қазан, ақпан және мамыр айларында. Осы үш сайыстың жеңімпаздары: № 35 ОМ, № 24 ЛМГ, № 50 ОМ, № 23 ОМЛ, № 32 ОМГ, № 6 ОМ, № 33 ОМ, Благодарный ОМ топтары 22- мамыры күні финалдық сайысқа қатыстырылды. Сайыс қорытындысы бойынша

1-ші орынды 6 ОМ оқушылары

2-ші орынды 35 ОМЛ

3-ші орынды № 32 ОМГ оқушылары жеңіп алды.

Жыл сайын № 11 ОМ (АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы подполковник Ж.Әжімгереев) және №33 (АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы капитан С.Сраж) орта мектептердің базаларында Москва түбінде ұрыстарға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен дәстүрлі кездесу шаралары жүргізіліп келеді. Бұл кездесулерге Ақтөбе қаласында құрылған 312 атқыштар дивизиясының ардагерлері шақырылады.

Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери міндеткерлік» Заңының 17 бабына, Ақтөбе қаласы әкімінің 26.12.2011 жылғы № 14 «1995 жылғы туған азаматтарды Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу» туралы шешіміне және Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының үкіміне орай 2012 жылдың 3- қаңтарынан бастап 29- наурызға дейін қала мектептерінде білім алатын 1995 жылы дүниеге келген ер балаларды әскери есепке тіркеу науқаны жүргізілді. Әскери есепке тіркеу науқанында қала мектептері көрсетілген график бойынша оқушыларды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма жанындағы медициналық комиссиядан өткізді. Барлық мектептер әскери есепке алу науқанын ескертусіз өткізді.

Ақтөбе қалалық балалар құқығын қорғау департаменті және қалалық білім бөлімі бірлесе отырып қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің жоғарғы класс оқушыларының арасында діни экстримизм көзқарастарының қанат жаюына және радикалдық идеялардың таралуына жол бермеу мақсатында сонымен қатар жасөспірімдер арасында әскери қызметтің мәртебесін арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан әскери бөлімдерге мен әскери оқу орындарына барудың жоспар кестесі жасалды. Осы жоспарға сәйкес қала мектептерінің жоғарғы класс оқушылары Ақтөбе қаласының территориясында орналасқан № 30238 артиллерия және ракета бригадасына және Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе Қорғаныс Институтына экскурсияға баруы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Академиясының жанындағы әскерден тыс дайындық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерінің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептірінің АӘД пәнінің мұғалімдерінің аталған оқу орнында білім жетілдіру және қайта даярлау курстарынан 23 (жиырма үш) әскери жетекші даярлықтан өткен, бұл барлық әскери жетекшілер санының 42% құрайды.

2011-2012- оқу жылындағы мектептерде жүргізілген әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары оқушыларды Қазақстандық патриотизм, интернационализм, рухында тәрбиелеуге толық мүмкіндік береді. Қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептеріндегі АӘД пәнінің оқытылу деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде деп бағалауға болады.
Мектеп директорларына ұсыныстар:


  • АӘД пәнін оқытуды ұйымдастыру деңгейін көтеру мақсатында Калашников автоматының оқу макетін сатып алу мүмкіншілігін қарастыру қажет

  • Мектептерде әскери-патриоттық клубтардың немесе үйірмелердің жұмысын жандандыру қажет

  • Спорт алаңдары бар мектептерде «тактикалық қалашықты» жабдықтауды қарастыру қажет

- Алдағы оқу жылында АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларын Қазақстан Республикасының Президенті Академиясының жанындағы әскерден тыс дайындық орталығында білім жетілдіру курстарынан өтуі үшін қаржылық шығынды қарастыру

ҚББ АӘД пәнінің әдіскері

запастағы капитан С.Сраж

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОЙЫНША
Б Ұ Й Р Ы Қ
Ақтөбе қаласы №_407_ «_8_» ____05_____2012жыл

Сабақтан босату туралы

«Жастар» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2012 жылғы 8 мамырдағы №266 хатының негізінде



Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н :
1. Мектеп директорларына: Георгиев ОМ (Шаихиева А.Н.), Елек ОМ (Сары Б.Ө.), 2012 жылдың 11-12 мамыр күндері самбо күресінен өтетін 1998-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатына қатысу үшін төмендегі аты аталған оқушылар сабақтан босатылсын:

  1. Үмбеталин Ә. – Елек ОМ, 7 класс;

  2. Мурзабаева М. – Георгиев ОМ, 5 класс;

  3. Канебаев Е. – Елек ОМ, 5 класс;

  4. Мұхтаров Р. – Георгиев ОМ, 5 класс;

  5. Жаңбырбаев Д. – Елек ОМ, 5 класс;

  6. Тілеуқабақов А. – Елек ОМ, 5 класс;

  7. Абашев Н. – Елек ОМ, 7 класс;

  8. Бақтығалиев А. – Георгиев ОМ, 7 класс;

  9. Кенжебекова Б. – Елек ОМ, 5 класс;

  10. Сапакова Г. – Елек ОМ, 6 класс;

  11. Женсикова Б. – Георгиев ОМ, 7 класс.

2. Оқушылардың өміріне және денсаулығына жауапкершілік «Жастар» ОБЖСМ оқытушы-жаттықтырушысы А.Е.Қоныспаевқа жүктелсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі И.В.Исаеваға жүктелсін.

Ақтөбе қаласы білім

бөлімінің бастығы қол қойылды Л.Уразбаева

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет