Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша есеп



бет1/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6
2011-2012 жылғы оқу жылындағы

«Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша

ЕСЕП
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 30 маусымдағы № 2441 жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілер дәрежесі туралы» 16.02.2012 жылғы № 561-VI Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтарындағы № 29 «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2011 жылғы 23 желтоқсанындағы № 215 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен және Ақтөбе әкімінің аппаратының әскери жұмылдыру және Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімімен бірлесе отырып 2011-2012 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде АӘД пәнін оқыту мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

2011-2012 оқу жылының жұмыс қорытындысы төмендегідей ретпен көрсетілген:

Алғашқы әскери даярлық сабақтарына қатыстырылды

1. Класс саны:

а) 10 кластар-118

оның ішінде оқушылар-2562

ер балалар-1332

б) 11 кластар-142

оның ішінде оқушылар саны-2870

ер балалар-1274

2. Оқу жылының нәтижелері:

а) АӘД пәнінің бағдарламасы барлық мектептерде 100% орындалды.

б) Мектептер бойынша үлгерім сапасы 100%

в) АӘД пәнінің толық курсын аяқтаған оқушылардың білім деңгейі төмендегідей бағаланды.

- үздік бағамен -35 %

-жақсы бағамен -39,7 %

-қанағаттанарлық бағамен - 26,3 %

-қанағаттанарлықсыз бағамен - 0 %

г) Оқушылардың білім сапасы -89,7 %

д) 12-19- мамыр аралығында «Достық әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілген оқу-далалық жиынына 11- кластың 1076 ер баласы қатыстырылды. Ақтөбе қаласының орта мектептерінің базаларында өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1596 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 198 ер бала қатыстырылды.

Алғашқы әскери даярлық пәні қаланың 57 орта мектебінде АӘД пәнінің 48 мұғалім-ұйымдастырушысымен жүргізілді. № 35, № 38, № 16, № 31, Мектеп-интернат орта мектептерінд- №17, № 27, №25, Благодарный мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларымен сағат беруші мұғалімдер ретінде жүргізілді.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының сапалық деңгейі келесі түрде көрсетілген:

- жоғарғы білімі бар 46 әскери жетекші немесе 92%

- орта-техникалық білім бар -1 әскери жетекші ( Елек ОМ) немесе 2%

- орта-арнаулы білімі бар-2 әскери жетекші (№ 22 ОМ, Новый ОМ) немесе 4%

- аяқталмаған орта-арнаулы білімі бар-1 әскери жетекші (№40ОМ) немесе 2%

50 әскери жетекшінің:

- запастағы офицерлер – 25 немесе 50 % құрайды

- старшиналар – жоқ

- сержанттар мен жауынгерлер – 25 немесе 50 % құрайды

Оның ішінде АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары ретінде жұмыс стажы бар:


  • 1 жыл -4

  • 3 жылға дейін 1 адам

  • 5 жылға дейін 10 адам

  • 10 жылға дейін 13 адам

  • 15 жылға дейін 6 адам

  • 15 жыл үстінде 16 адам

Жылдық есеп тапсыру кезінде АӘД пәні бойынша қаланың барлық мектептері мәліметтер тапсырды.

Оқу жылының барысында АӘД пәнінің оқытылу деңгейін көтеру мақсатында қаланың барлық мектептері бойынша мектеп директорлары 121 сабақтарды тексерген.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары өз мектептерінің деңгейінде 57 ашық сабақ өткізген. Штаттан тыс әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық деңгейде 5 ашық сабақ өткізілді;



ҚҚОМ

Кіші сержант М.Назаров

№ 27 ОМ

Капитан Н.Байболатов

№ 21 ОМГ

Аға сержант Ж.Убниямов

№ 20 ОМЛ

Майор М.Макидон

№ 24 ОМ

Аға лейтенант Е.Құсалинов

№ 9 ОМГ

Сержант М.Қазжанов

Ақтөбе ОМ

Аға лейтенант В.Коновалов

№ 34 ОМ

Аға лейтенант Х.Бекмұратов

(№ 25 ОМ әскери жетекшісі аға сержант Қ.Санай, № 30 ОМ әскери жетекшісі капитан Х.Жұбатыров, № 9 ОМГ әскери жетекшісі аға сержант М.Қазжанов) және 4 кластан тыс патриоттық іс-шара өткізілді, (ҚҚОМ әскери жетекшісі кіші сержант М.Назаров, № 21 ОМГ әскери жетекшісі аға сержант Ж.Убниямов, № 23 ОМЛ әскери жетекшісі аға лейтенант Е.Құсалинов, № 34 ОМ әскери жетекшісі аға лейтенант Х.Бекмұратов). Осы өткізілген ашық сабақтардың ішінде барлығы да жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау курстарының тыңдармандарымен № 33, 22, 6 ОМ АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары капитан С. Сраж, капитан А. Смирнов, майор Е. Түбір 6 ашық сабақ өткізді.

2011-2012 оқу жылында АӘД пәнінің деңгейін талқылау барлық мектептердің педагогикалық кеңестерінде қарастырылған, бұл мектеп әкімшіліктерінің АӘД пәнінің өткізілуі мен ұйымдастырылуына ерекше мән беретіндігін көрсетеді.
Оқу-далалық жиыны

АӘД пәнінің оқытылу және ұйымдастырылу деңгейі 12-19 мамыр аралығында «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінің территориясында өткізілген оқу-далалық жиынында қортындыланды. Оқу-далалық жиынына барар алдында, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғарғы Әуе-Қорғаныс Күштері Институтының бастығы подполковник Н.Мусиннің келісім кестесіне және қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес, наурыз айының 1-31- аралығында қала мектептерінің барлық 11-ші класс оқушылары құрылған кесте бойынша Ақтөбе қаласының территориясындағы Ақтөбе Жоғарғы әуе-қорғаныс күштері институтына саяхатқа барып, курсанттардың өмірі және тұрмысын бақылап, әскери техникаларды көріп, олардың техникалық, тактикалық мінездемесімен танысты.

Оқу-далалық жиыны Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006- жылғы 24- мамырындағы № 449- «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережелері» Қаулысына, Ақтөбе қаласының әкімінің 2012- жылғы 26- наурызындағы № 952- «2011-2012 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептері оқушыларымен оқу-далалық жиындарын өткізу туралы» қаулысына және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2012- жылғы 5- сәуіріндегі № 279- бұйрығына сәйкес, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 11-ші класс оқушыларымен өткізілді. Оқу-далалық жиынына 11- кластың 1076 ер баласы қатыстырылды. Қала мектептерінің базасында ұйымдастырылған өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1596 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 198 ер бала қатыстырылды, 2 ер бала оқу-далалық жиыны уақытында емдеу-сауықтыру мекемелерінде емделіп жатты.

Оқу-далалық жиынына оқушылардың қатысымы, бірегей әскери киіммен, қажетті құралдармен жабдықталуы өткен оқу жылындағы оқу-далалық жиынына қарағанда артықшылығы байқалды. Мектеп әкімшіліктері оқу-далалық жиынына оқушыларды даярлау кезінде үлкен жауапкершілік танытқаны көрінді.

Оқу-далалық жиынына жоғарғы жауапкершілікпен қатысып, әскери тәртібімен көзге түскен орта мектептер оқушыларының топтары қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Кухнядағы наряд қызметін атқару кезінде жоғарғы тәртібімен № 16 ОМ, Өрлеу ауылының ОМ оқушылары көзге түсті.

Оқу-далалық жиыны кезінде көптеген әскери жетекшілер мен оқушылар өткен сабақтарды өте жақсы меңгергендігін, тәжрибе жүзінде орындай алатын қабілетін көрсетті. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілет көрсеткені үшін АӘД пәнінің 50 мұғалім-ұйымдастырушысы және 11 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, сонымен қатар алға қойған мақсатқа жетудегі ынта-талабы үшін 60 оқушы қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу-далалық жиынның ашылу салтанатына белсене қатысқан № 51 гимназиясы марапатталды. Әскери тәртібімен, әскери даярлығымен ерекше көзге түскен № 30 ОМ, Пригородный ОМ, № 33 ОМ, № 37 ОМ, 21 ОМГ, № 6 ОМ, Георгиевка ОМ Ақтөбе қаласының әкімдігінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.


Оқу-материалдық базасы

Қаланың көптеген мектептерінде оқу-материалдық базасының деңгейі талапқа сай. Барлық мектептерде жабдықталған АӘД кабинеттері бар, мектептердің 74 % әскери мүліктерді сақтау бөлмесі бар, 78 % саптық даярлық алаңы жабдықталған, 30 % атыс тирімен, 32 % ауыспалы атыс тирімен, 69 % жабдықталған спорттық алаңдары бар. Бірақ қазіргі таңда ешбір мектепте «тосқауылдар алаңы» жоқ. Сонымен қатар қаланың ешбір мектебінде «сақшының қарауыл қызметін атқаратын посты» (грибок, қаруды оқтау және оқсыздандыру орыны) жоқ. Мектеп директорлары қаржының жоқтығына байланысты десе де «тосқауылдар алаңының» және «сақшының қарауыл қызметін атқаратын орынның» қарапайым түрлерін барлық мектептерде жабдықтауға болар еді.

Қала бойынша № 22 ОМ ( капитан А.Смирнов), № 6 ОМ ( майор Е.Түбір), № 11 ( подполковник Ж.Әжімгереев), № 25 ОМ (сержант Қ.Санай), № 53 ОМ (аға лейтенант А.Нұрмұханов), Пригородный (капитан Қ.Байгуринов), № 21 (сержант Ж. Убниямов), № 30 (капитан Х.Жұбатыров) орта мектептеріндегі АӘД кабинеттері жоғарғы дәрежеде жабдықталған. № 28 ОМ АӘД пәнінің кабинеті жабдықталмаған.

№ 2, № 51, № 16, № 26, № 27, № 33, Ақтөбе ОМ тарихи деректерге бай мұражайлар жабдықталған.

Үлкен қиындықтар туғызатын мәселерге, мектептердегі инженерлік, артиллериялық, химиялық қорғаныс мүліктерінің, радиациялық, химиялық барлау құралдарының, АӘД пәнінің оқулықтарының, ҚР ҚК әскери жарғыларының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Мектептерде пневматикалық мылтықтардың және «Калашников автоматының» макетінің жетіспеушілігі байқалады. Қала ішіндегі мектерде 2-3 мылтықтан болса, қала сыртындағы мектептерде 1 мылтықтан. Оның көпшілігі ескірген, қолдануға жарамсыз. Сондықтан оқу процессін қалыпты дәрежеде өткізу үшін мектеп директорлары «Калашников автоматының» макетін және «Пневматикалық мылтықтарды» сатып алу қажет. Және де бұл қаруларды сақтау арнаулы күзет құралдарын қажет етпейді.

АӘД пәнінің 1997 жылы енгізілгенінен бастап көптеген АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары кезекті әскери атақтарын ала алмай жүр. Қазіргі кезде 50 АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының 25-і старшина, сержант, қатардағы жауынгер атағында жүр.


Әскери-патриоттық тәрбие

Қала мектептерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өз Отанын сүю, елжандылық қасиеттерін дамыту бағытында көптеген жұмыстар жасалды. 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша әскери оқу орындарына талапкерлер дайындау жұмысы бойынша мектептер төмендегідей нәтиже көрсетті:






Мектебі

Ұсынылған үміткерлер саны

Оқуға түскен оқушылар саны

1

№ 1 ОМ

-

-

2

№ 2 АОМ

-

-

3

№ 3 ОМ

-

-

4

№ 4 АОМ

-

-

5

№ 5 ОМ

-

-

6

№ 6 ОМ

2

2

7

№ 9 ОМГ

-

-

8

№ 11 АОМ

2

1

9

№ 12 ОМ

-

-

10

№ 13 ОМ

-

-

11

№ 14 ОМ

-

-

12

№ 15 ОМ

1

-

13

№ 16 ОМ

1

-

14

№ 17 ОМГ

1

-

15

№ 18 ОМ

1

-

16

№ 19 ОМ

1

1

17

№ 20 ОМЛ

-

-

18

№ 21 ОМГ

1

1

19

№ 22 ОМ

2

-

20

№ 23 ОМЛ

1

-

21

№ 24 ЛМГ

2

1

22

№ 25 АОМ

1

-

23

№ 26 ОМ

4

3

24

№ 27 КОМ

1

-

25

№ 28 ОМ

1

1

26

№ 29 ОМ

1

-

27

№ 30 ОМ

2

1

28

№ 31 ОМ

2

2

29

№ 32 ОМГ

1

-

30

№ 33 ҚОМ

1

-

31

№ 34 ОМ

-

-

32

№ 35 ОМ

1

-

33

№ 36 ОМ

-

-

34

№ 37 ОМ

1

-

35

№ 38 ОМ

-

-

36

№ 39 ОМ

1

-

37

№ 40 ОМ

-

-

38

№ 41 ОМ

1

-

39

№ 42 ОМ

-

-

40

№ 44 А (К) ОМ

-

-

41

№ 47 АОМ

-

-

42

№ 48 ОМ

-

-

43

№ 50 ОМ

2

-

44

№ 51 МГ

1

-

45

№ 53 ОМ

1

-

46

Ақтөбе ОМ

1

-

47

Георгиевка ОМ

-

-

48

ҚҚОМ

2

2

49

Сазды ОМ

-

-

50

Құрашасай ОМ

-

-

51

Благодар ОМ

2

2

52

Пригород ОМ

1

1

53

Новый ОМ

1

-

54

Өрлеу ауылы ОМ

-

-

55

Қызылжар ОМ

-

-

56

Мектеп-интернат

-

-

57

Елек ОМ

-

-

16- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай қала мектептерінің барлығында осы мейрамдарға байланысты іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінде семинарлар, пікірталастар, қабырға газеттерінің байқауы, шығармалар байқауы, «Менің отаным Қазақстан», «Туған жерім», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары» атты класс сағаттары, «Жас сарбаз», «Жас ұлан» әскери-спорттық сайыстары өткізілді.
Қазіргі таңда қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде сегіз (8) әскери-патриоттық бағыттағы клуб жұмыс жасайды.



Әскери-патриоттық клубтардың атауы

Клуб жетекшісі

Мекен-жайы,

Балаларды қамтуы

Мәдени-көпшілік шаралар, акциялар, әскери-спорттық ойындарды өткізуі

1

Халық қахарманы Б.Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

Сраж Серік Аманжолұлы


№ 33 ҚОМ базасында Беркімбаев 91 көшесі

14%

Мектепішілік «Жас ұлан» әскери саптық байқауы

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2007-2008-2011 жыл (1-ші орын)

Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2007 жыл (2-ші орын), 2008 жыл ( 2-ші орын), 2009 жыл (4-ші орын)

Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Ақтау қаласы 2009 жыл (2-ші орын)

Халықаралық әскери-патриоттық клубтар жарысы Орск қаласы 2010 жыл (2-ші орын)

«Мерген сарбаз-2010» облыстық жарысы 3-ші орын, Мерген сарбаз-2012 қалалық жарысы 2-ші орын

«Жас Ұлан-2011» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын.


2

«Айбын» әскери-спорттық клубы (паспорты жоқ)

Көшербаев Әлібек Арнауытұлы

№ 51 Гимназия базасында

6%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер»
әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2011 жыл. Республикалық дәрежедегі «Алау» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын 2011 жыл. Қалалық «Мерген мұғалім-2011» жарысы 3-ші орын

3

Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықов атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ)

Берғалиев Мараш Темірханұлы

Благодар ОМ

9%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2008 жыл (3-ші орын). Облыстық «Жас жауынгер» 2009 жыл. (3-ші орын) әскери-спорттық жарысы. Облыстық «Жас жауынгер-2012» жарысы 3-ші орын

4

«Қайсар» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Бекмұратов Хасен



№ 34 ОМ

6%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

5

«Қыран» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Байболатов Нұрым Шәкірұлы



№ 38 ОМ

7%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы

6

"Алау" әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Түбір Ербол Құлтанұлы

№ 6 ОМ

8%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2010 жыл. Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарысы 6-шы орын 2010 жыл.

Қалаық және облыстық «Мерген сарбаз-2010-2011-2012 жарысы 1-ші орын. «Мерген ару 2010» жарысы 1-ші орын. «Мерген ару-2011» жарысы 2-ші орын



7

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ)

Үмбеталин Асқар Бабырашұлы

№ 42 орта мектеп

11%

Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер-2012» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын


8

Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлова атындағы әскери-патриоттық клуб

(паспорты жоқ)



Нұрмұханов Аманкелді Сағидоллаұлы

№ 53 орта мектеп

10%

Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2011 жыл (2-ші орын), Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Шортанды қаласы 2011 жыл (4-шы орын)

Каталог: objwl -> 2012
2012 -> Мектеп басшыларына! 14. 05. 2012
2012 -> Мектеп басшыларына!
2012 -> Руководителям организаций образования Согласно «Государственной программе развития образования рк на 2011-2020 гг»
2012 -> Ж. Хабарландыру!
2012 -> Руководителям школ !
2012 -> Элементы новых технологий на уроках математики. Практикум по решению заданий ент
2012 -> 4 сәуір 1100 де – көрменің ашылуы 5-6 сәуір – әділқазылар жұмысы
2012 -> Мектеп басшыларына ! 18. 04. 2012ж. «Нұр Отан» хдп ақтөбе қалалық филиалымен бірлесе өткізілетін
2012 -> Сабақтан босату туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығының негізінде
2012 -> Мектеп басшыларына! 05. 01. 2012 жыл 2011 жылы 8- желтоқсан күні Ақтөбе облыстық ұлтаралық рухани және мәдени орталық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет