Жылқының жеке дене мүшелерін қарау мен сипаттауды оның басынан бастайды, біртіндеп алдыңғы және артқы тұлғасына ауысады, соңында аяқтарымен (бірінші алдыңғы, содан кейін артқы) бітіреді. Міндетті түрде денесінің көрнекті жеке дене мүшелерінің ерекшеліктері мен елеулі кемшіліктерін көрсетумен аяқтайды.
Жылқыны қарау барысындағы негізгі көңіл бөлетін жағдайлар:
жалпы пішіні, тұлғасының кейпі, олардың жеке дене мүшелерімен үйлесімділігі, содан кейін ғана жеке дене мүшелерінің сымбатының бітімін бағалайды. Жылқы тұқымдары мен типтерінің ұзақ сұрыптау және шаруашылықта пайдалану бағытындағы жарамдылығы мен бейімделу қабілетінің нәтижесінде дене тұлғасының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Жылқы экстерьерін (сымбатының бітімін) сипаттау үшін барлык жылқы тұқымдарын
үш топқа бөледі:
Салт мінетін (ағылшынның
таза қанды мініс, ақалтеке, араб, дон, буденный, қостанай және т.б.),
желісті (орлов, орыс және т.б.),
ауыр жүк тартатын (совет, орыс, владимир және т.б.). Әр жылқы тұкымдарының дене құрылысының қалыптаскан өзіне тән түр-тұлғасы болады.
Мысалы, мініс тұқым жылқыларының экстерьерін былай сипаттауға болады:
тықыр, басы құрғақ, жеңіл; мойны бұлшық етті, ұзын; шоқтығы биік, ұзын; арқасы қысқа, берік; жауырыны ұзын, қырынан біткен; кеудесі терең, бірақ тар; сауыры ұзын; бұлшық еті жақсы жетілғен; тілерсегі түсіңкі; аяғы құрғак, бұлшық етті; буындары жақсы көрінеді, сіңірлері айқын білінеді; бақайы ұзын; тұяқ көлемі орташа; тұлғасының қиғаш ұзындығы бойының биіктігіне тепе-тең. Денесінің бұлшық еттері шымырланып жақсы жетілген.
Терісі жұқа, түгі қысқа және жіңішке, қылшығы жылтыр.
Ауыр жүк тартатын тұқым жылқыларының экстерьері салт мінетін жылқылармен салыстырғанда керісінше. Бас көлемі орташа, кейде үлкен немесе дөрекі;
маңдайы енді; мойны қысқа да жуан; шоқтығы биік емес; арқасы көбіне иілген; жауырыны шұғыл,
бірақ ұзын; сауыры кең, ұзын және төмен, түсіңкі; аяқтары қысқа, кеуде