Желісті тұқым жылқыларының экстерьері өзіне тән ерекшеліктермен айқындалады. Бұлардың экстерьерін бағалауда жыныс айырмашылықтары, яғни еркек пен ұрғашы жылқылардың конституциялық өзгешіліктері ескеріледі. Айғырлары биелеріне қарағанда ірі, қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Құрсағындағы сызығы биелерге карағанда түзу. Жал, құйрық, кекіл және шашасы биелермен салыстырғанда жаксы жетілген және тағы басқа да ерекшеліктері болады.
Тапсырма:
Жылқы экстерьерінің ерекшеліктерін оқып, оны зерттеу мен сипаттау тәсілдерін үйрену.
Жылқы конституциясының маңыздылығы және типтерімен танысу, әдістемелік нұсқауда және альбомда берілген суреттер мен муляждарды қарау нәтижесінде, оның типтерін ажыратуға дағдыланып үйрену.
Бақылау сұрақтары:
Жылқы экстерьері дегеніміз не?
Экстерьерді анықтау тәсілдері
Жылқы экстерьеріне қандай мүшелері жатады?
Экстерьері бойынша жылқылар қанша топқа бөлінеді?
Жылқы конституциясы дегеніміз не?
2
Достарыңызбен бөлісу: |