Жилкубаева А. Ш. ф.ғ. д


Қамбар сөзінің түпкі мағынасының төркіні туралы Е.М. Абақан «Тілдің мәдени философиясы» еңбегінде: «...қам



бет2/5
Дата25.04.2022
өлшемі108 Kb.
#456763
1   2   3   4   5
Сапанова, Жилкубаева, Амангелди

Қамбар сөзінің түпкі мағынасының төркіні туралы Е.М. Абақан «Тілдің мәдени философиясы» еңбегінде: «...қам сөзінің негізгі мағынасы – қозғалыс, шеңбер, ел, қауым, орта, қасиетті, күшті, батыр, қазына, молшылық, қала т.б. көптеген ұғымдарды білдіреді. Көне түркі тіліндегі қамұқ сөзі «весь, целый, полный». Қазақта жылқы пірі – Қамбар ата. Қазақтың «кемпірқосағы» – Қомбор қосағы, яғни қасиетті көктің беліндегі кісе, мұнда «қам» түбірінің мағынасы дөңгелек, көк, бүтін», - дейді. Ал, халқымыздың тұрмыс-салт жырларының типологиясын зерттеген Б. Уахатов: «қазақта қарақұрт, жылан, шаян, бүйінің уын қайтаратын арбаушының сөздерін былай: «Бүйі, бүйі, бүйі, шық! Бүйі иесі Қамбар шық», – деп келтіре отырып, мұндағы Қамбар ескіліктегі бақсылардың иесі, атасы, құдайы, пірі», – деген пікір білдіреді [1]. Сонымен, авторлардың мәліметі бойынша, «қам» сөзі бақсы, бақсының ойыны, ал философиялық мағынасы – «қозғалыс», «шеңбер», «қасиетті», «молшылық» т.б. Көне мифологияға сүйене отырып, жылқы, ең бірінші, Тәңірінің сүйген түлігіне айналып, пір Қамбарды дүниеге әкеліп, жылқы пірі Қамбар жаратушының бірінші өкіліне айналып, негізгі рольді атқарған. «Қамбарата» міне, осы жылқы түлігінің өте ертеден келе жатқан символдық атауы. Бірақ қалай да бұл сөзде әлмисақтық, тотемдік танымның образы, түсі айқын тұлғаланғаны анық. «Қамбарата» ұлтымызда «Жылқышыата» деп те аталып жүр. Оның себебі «Қамбарата» атауын жылқы үйірінің айғыры деп түсінгендіктен болса керек. Жылқы пірін қазақтан өзге мал баққан қырғыздар да – Қамбар ата десе, сондай-ақ жылқы ішіндегі ең тәуірі, жақсысы, тамашасы да Қамбар ата атауын меншіктейді екен. Өзбектер мен түрікмендерде жылқы пірін Дүлдүл баба деп те атау кең тараған. С. Қондыбай Қамбар ата немесе Қамбар баба образы қазақтан басқа түркі-мұсылман халықтарының фольклорында бар екенін айта келе, ол туралы түсінік түрікпендерде мол сақталғаны жөнінде жазады. Қазақ түсінігінде Қамбар атты жұлдыз да, көл де, шөл де бар.
«Көл иесі Қамбар-ау,
Шөл иесі Қамбар-ау
Қарағыма көз сал-ау ..» (Қобыланды батыр, 84).
Жер жүзіндегі барлық жаратылыстың түпкі тегі төрт нәрседен – топырақ, су, от және желден (ауадан) жаралды десек, түйе – сордан, жылқы – желден, сиыр – судан, қой – ауадан жаратылған деп төрт түлікті әр түрлі нәрсенің символы санайды. Ел ішінде жаһанды кезіп жүрген пәле жала иесі – ібіліс, жын-шайтаннан, жәдігөй сияқты қаскөйлер лаңынан тек жылқы ғана құтқара алады деген түсінік қалыптасқан. Қазақ ұлты жылқыны ежелден «киелі», «өте таза хайуан» деп есептейді. Сойған жылқының басын аяқ астына тастамайды. Оны міндетті түрде биікке (үйдің төбесіне, дуалдың үстіне, талдың басына) шығарып қояды. Зерттеушілер «Сақтар Қаһанды үлкен қорғанның ішіне көмгенде, онымен бірге алтын, күміс және ат көметін» дейді. Тұрмысымызда жылқы сән-салтанаттың, көркемдіктің идеалы. Б. Уахатов «Қазақтың халық өлеңдері» монографиясында: «Әрине, бұл аталған жылқышы ата, шопан аталардың өмірде болған, болмағаны белгісіз. Бірақ, бір ақиқат нәрсе, сол төрт түлік малдың соңында қысы-жазы жүріп, ит-құсқа алдырмай, ерен қайрат-күш көрсеткен батыр тұлғалы бақташылардың я жылқышылардың болғаны рас. Халықтық өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелерге арқау болған пірлердің бейіті Сырдария мен Жетісу өлкелерінде күні бүгінге дейін сақталған» деп жазады [1,84].
Өркениет тарихында адам қолымен үйретілген жануарлардың ішінен жылқыдан асқан-жасампаздық роль атқарғаны жоқ. Осы бір тамаша сұлу және күшті жануар алғашқы адамдардың негізгі серігі болып, тарихтың келесі белестерінде де ұмыт қалмай, басқа бір сапалық құндылықтарды иемденді. Қазақ түсінігінде жылқы – тектілік пен батырлықтың, достық пен адалдықтың, сұлулық пен асқақтықтың, бостандық пен егемендіктің символы. Қазақ жылқыны «мал патшасы» деп қадір тұтқандықтан тіршілігінің қай кезеңін де онымен байланыстырған. «Малға тәуелділігін қазақтар әр қас қағым сәтте сезініп отырады. Сондықтан өздерінің барлық әдет-ғұрып, салт-санасын малмен байланыстырады» – деген белгілі түркітанушы В.В. Радлов. Осыған байланысты болар, бақилық өмірдің шексіздігіне сенген түркілер мен монғолдар өлімге қатысты сенімдерінде атаулы атрибутты жылқы түлігі атқарған, яғни аруақтың қонақасына, жетісі мен қырқын, жүзі мен жылдық асына сойылған жылқы малының бас сүйегін қабірінің басына ақ матаға орап та қою әдетімен қоса, олрды адам аяғы баспайтын шың, құз немесе кейде «шөлдемей жатады» деген сеніммен су түбіне тастау да әдеті болған [1,84].
Жылқының жалпы атаулары: ат, жылқы, жұнт, қылқұйрық. Сонымен қатар Оралда, Гурьевте ауызы жарымаған құнан деген сөз тіркесінің мағынасы үйретілмеген, асау құнан ұғымын білдірсе, жүрдек мініс атын жүрдемел ат дейді [2,94,301]. Қытай Халық Республикасында жылқы малын айтұяқ деп те атайды. Қазақтар да жылқы малын айтұяқ, қыдыражал, алмауыт, қылқұйрық деп бейнелеп те айтады. Жылқы малы тұқымына байланысты тілімізде Көкмойнақ деген атау да кездеседі, ол адай жылқысының тұқымына жататын жануар [3,360].
Біз жинаған материал негізінде жылқы атауларын табиғи ерекшелігіне қарай төмендегідей лексика-семантикалық топтарға жіктеуді ұйғардық:

  1. жылқы малының жасы мен жынысына қарай қойылған атаулар;

  2. жылқы малының табиғи ерекшеліктеріне байланысты атаулар;

  3. жылқы малының түрі мен түсіне қарай қойылған атаулар;

  4. жылқы малының жүрісі, сыны мен бабына байланысты қойылған атаулар.

Жылқы малының жасы мен жынысына қарай қойылған атауларға төмендегілерді жатқызуға болады. Халқымыз еркек жылқыларды айғыр және саяқ деп екіге бөледі. Үйірге түсетін еркек жылқы айғыр, бес жасқа дейін үйірге салмаған еркек жылқы сәурік деп аталады. Бес жастан асқан, ақталған жылқыны азбан, екі жастан асып, үш жасқа қараған еркек жылқыны құнан, төрт жасқа шыққан еркек жылқыны дөнен дейді. Құнан, дөнен, құнажын, дөнежін лексемаларындағы -құ/-гу, -дө/-ду қосымшаларының беретін мағынасы монғолдың үш, төрт сан есімдерімен сәйкес екеніне қазір ешкім күмәнданбайды. Құлындайтын жылқының бес жасқа толғаны бие (биені мама бие, құлынды бие, кексе бие, т.б. түрде айта береді), жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысын байтал (құнажын байтал, дөнежін байтал) дейді. Жылқының екі жасары тай, бір жасқа толмағаны, құлын жүні түспеген, тай шықпаған кезін жабағы десе, жылқының бір жасқа дейінгі, жабағы жүні көтерілгенге дейінгі баласын құлын дейді. Қазақ тілінде құлын атаулары өте көп. Халықтық дәстүрлі тәжірибе негізінде пайда болып, сұрыпталып, қолданысқа енген құлынның түрлі атауларын топтастыруда А. Амангелдінің пайымдауына жүгіндік: 1) туылған уағына қарай: марқа құлын, кенже құлын; 2) енесінің сүтке жарыту, жарытпауына т.б. байланысты: күнқақты құлын, мәйекті құлын, еміншек құлын, тіленшек құлын; 3) құлынның жаратылысына, басқа да түрлі әсерлерге байланысты, даму ерекшеліктеріне қарай: асау құлын, шу асау құлын; 4) жас мөлшеріне қарай: қара құлақ құлын, жабағы; 5) түгіне байланысты: қаракер құлын, шабдар құлын, бурыл құлын т.б [4,12].
Жылқы малының табиғи ерекшеліктеріне байланысты атауларға: арғымақ, қазанат, дүлдүл, тобышақ, екі түкей текежаумыт, бедеу ат, қазақы ат, қарабайыр, адай, пырақ және т.б. жатады. Бұл атаулар көркем шығармаларда да мол ұшырасады: «Мен қазанаттан туған қаз мойын, белгілі қаз мойынды қара көкпін, Тұнықтан жүзіп ішпей қанбайтұғын», «Арғымаққа айдай таға қақтырып, Еділдің көкше мұзынан, шауып өтсең таяр ма?» [4, 13 б]. Қырғыз тілінде:
Айғай шықса саспаған,
Ай қараңғы түндерде
Аяғын ағат баспаған,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет