284
2) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және
дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді;
3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес,
бірінші тоқсанда өткен оқу
материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ,
ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді.
Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы
негізінде 2-11-сыныптарға арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын
құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын есептен шығарудың алдын алу
мақсатында
мүмкіндігінше
шығармашылық
сипаттағы
тапсырмалар,
практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. беру ұсынылады.
Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім
оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын
ескере отырып жеке
тапсырмалар әзірлейді.
Жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымы
Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау
сұрақтары бар тапсырмалар:
1) көп жауапты таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап
нұсқаларынан
дұрыс жауапты таңдайды;
2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз
немесе қысқа сөйлем түрінде жазады;
3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс
түрінде жазады.
Жауап нұсқалары бар тест тапсырмалары
Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты
критерийлері бар зерттеу міндеттері.
Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:
– 2-4-сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы;
– 5-11-сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмасы.
БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті
БЖБ өткізу кезінде мұғалім:
1) БЖБ өткізілетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды.
2) таңдалған оқу материалын бөлімнің өткен тақырыптарына/оқу
бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.
3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.
4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті
бағалау мақсатында
тапсырмалардың мазмұнын тексереді.
5) білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға арналған
тапсырмаларды қамтиды.
6) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді.
7) Қол жетімді байланыс құралдары арқылы БЖБ тапсырмаларын жібереді
(Күнделік.kz, мектеп порталының платформасында,
электрондық пошта, чат,
телебағдарламалар, Қазпошта және т.б. орналастыру)
285
8) сынып оқушыларының БЖБ тапсырмасын алғаны туралы куәландырады.
9) жауаптарды есептен шығару жағдайларының алдын алу мүмкіндігін
қарастырады.
10) Қажет болған жағдайда қолжетімді байланыс құралдары арқылы кеңес
береді.
11) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді баллмен
есептеуді сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және
15-тен артық емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).
12) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді.
13) электрондық журналға/мұғалімнің уақытша журналына балл қояды.
14) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез
келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы
қағаз немесе электрондық
форматта рубрикаларды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: