Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет151/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168
ӘНХ 2020 2021

7) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының номинациялары: 
халық биі және халықтық-стильденген би (әлем халықтарының биі; қазақ иі); 
заманауи би (эстрадалық би, аралас би); 
8) «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі
деректі (ойын емес) кино; ойын киносы; stop-motion-видео; әлеуметтік 
тақырыптық бағыттағы бейнеролик; анимациялық кино; музыкалық бейнебаян; 
телевизиялық сюжет; киножурнал; операторлық жұмыс; 
9) «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың 
слеті: «Жас өлкетанушы» іздеу-зерттеу жобалары, «Туған өлке соқпақтары»; 
тарих, география зерттеулерінің тұсаукесері, «Ең керемет туристік өлке» туған 
өлкенің объектілері; экологиялық экспедиция есебі; экологиялық соқпақ - 
экологиялық карта; «Аралас туризм» туристік техника мен тактика, бағдарлау, 
топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, құзға шығу және құтқару 
жұмыстары элементтерімен кросс-жорық;
10) техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, 
зымыран, көлік және кеме құрастыру) жарысы модельдер сыныптары 
бойынша: радиомен басқарылатын автомодельдер, автотрассалық моделизм, әуе 
модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдері; 
11) Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім 
алушылары – жас музыканттардың фестиваль-байқауы қазақ және орыс халық 
аспаптары (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, баян, аккордеон, домра, 
балалайка, гитара) бөлімдері солистері мен ансамбльдері арасында өткізіледі; 
12) «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының номинациялары: 
«Осындай мамандық бар» Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында 
сұранысқа ие мамандықтар бойынша презентациялар байқауы; «Мамандықты 
таңдау уақыты келді» бейнеблогтар сайысы (бейне ертегілер); «Мен – 
мамандықтар әлемінде» әдеби байқау (эссе); «Мамандық кеше, бүгін, ертең» 
вайнерлер байқауы – белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге 
арналған ойын-сауық бейне мазмұны
13) «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар 
байқауы номинациялары: 
- «Жылулығыңмен бөліс» қарт адамдарға көмек көрсету, халықтың 
әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу, дүлей зілзалалардың 
салдарын еңсеру және жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы;
- «Туған қалаңа – игі іс» – волонтерлік жасақтар құру және дамыту, 
салауатты өмір салты идеяларын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту
- «Мен – Қазақстан азаматымын» – балаларды қазақстандық қоғамның 
жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу, қазақ тілін 


280 
дамыту, отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту; 
- «Медиажоба» – балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту, әлеуметтік 
бағдарланған сайттарды, интернет-ресурстарды құру, білім беру, кәсіби 
бағдарды жобалау және т.б.; 
- «Менің кіші Отаным» – руханилықтың жандануы, адамгершілікті 
тұлғаны және өз елінің патриотын қалыптастыру, «кіші Отанның» өткені мен 
бүгінін зерттеу; 
- «Қазақстанның жеті кереметі» – туған жердің табиғи, тарихи және мәдени 
игілігі – сәулет құрылыстары мен тарихи ескерткіштері; 
- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» – Қазақстанның дамуына елеулі үлес 
қосқан, өмір жолы мен табысы үлгі болатын нақты адамдардың мысалдарында 
қоғамда табыстылық идеяларын, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын, 
прагматизм мен білімге табынуды танымал ету және ақпараттық ілгерілету; 
- «Жаңару полюсі» – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, әр түрлі өнер 
түрлері арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту; 
- «Киіз үй – әлемнің үлгісі» – балаларды қазақстандық қоғамның 
жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу; 
14) «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойын финалының номинациялары:
 «Соғыс жаңғырығы!» қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, 
олардың ерліктері туралы; «Тарихи мұра» заттай және құжаттық ескерткіштер 
бойынша қол жетімді туған өлке тарихы туралы тарихи-іздестіру зерттеу 
жобаларын қорғау;
- еліміздің және кіші Отанымыздың қалыптасу тарихына өз үлесін қосқан 
адамдар мен оқиғалар туралы «Жауынгерлік парақ» қабырға газеттерінің 
байқауы;
- «Соғыс жылдарындағы әндер!» патриоттық әндер байқауы; 
- «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторина; 
- белтемірге тартылу; 
- арқада жатып денені көтеру
- «әскери техника өз қолдарымен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы. 
15) «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы жас суретшілердің 
көрмесін өткізуді қарастырады, номинациялары: классикалық кескіндеме, 
авангардтық және эксперименттік кескіндеме, «Менің Отаным – Қазақстан» 
(еркін тақырып), сондай-ақ, жас суретшілер байқауының номинациялары: 
«Коллаж
», 
«Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы». 
Республикалық іс-шаралар қосымша білім берудің түрлері мен бағыттарын 
танымал етуге, қосымша білім беруге балаларды жаппай тартуға ықпал етеді.
Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Республикалық 
қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының www.ziyatker.org сайты 
жұмыс істейді. Сайтта «Электронды кітапхана», педагогтерге арналған 
«Қосымша білім және тәрбие»
республикалық оқу-әдістемелік журналы», 
«Әдістемелік вернисаж», «Экоәлем» и «Темірқазық» балалар танымдық 
журналдары», «Республикалық курстар», «Республикалық іс-шаралар» 


281 
бөлімдері жұмыс істейді. «Электронды кітапхана» бөлімінде білім беру 
бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, бейнесабақтар, «Әдістемелік 
вернисаж» – қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесі жинақталып 
орналастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет