Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


) Зияткерлік тәрбие құндылығы



Pdf көрінісі
бет24/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   168
ӘНХ 2020 2021

7) Зияткерлік тәрбие құндылығы білім құндылығын; зияткерлік 
ұстанымның құндылығын; әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен 
дарындылық құндылығын; ал ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу – кибермәдениет 
мен кибергигиенаны қалыптастырады. 
Зияткерлік 
тәрбие 
лингвистикалық, 
музыкалық, 
логикалық-
математикалық, кеңістіктік, дене-кинестетикалық, тұлғааралық зияткерлікті 
дамытуға бағытталуы керек. 
Зияткерлік тәрбиенің кілті білім алушыларда эмоционалды зияткерлікті 
қалыптастыру болуы керек. Әдістемелік нұсқаулық ретінде «Денсаулық пен 
өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар 
арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында әзірленген мұғалімдерге 
арналған әдістемелік құрал ұсынылады (3 модуль. Эмоционалды интеллект 
және тұлғааралық қарым-қатынас) «Bilim Foundation», 2017. 
Оқушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттері мен 
дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті, сондай-
ақ ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мектептегі тәрбие жұмысының 
маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. 
«Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық 
мәдени-білім беру жобасын іске асыру білім алушыларды пайымдауға, талдауға 
және сыни ойлауға, командада жұмыс істеу дағдысын дамытуға, қарама-қарсы 
пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарастары мен пікірлерін белсенді қорғауға 
үйретеді. Зияткерлік жарыс ретінде пікірсайыстарды сабақта және сабақтан тыс 
уақытта жоғары сыныптарда өткізген өте қолайлы. Қазіргі заманауи әлемде 
пікірсайыстар әртүрлі салаларда қолданылып, танымал бола бастады: саясат, 
бизнес, қоғамдық қызмет, білім беру, психология және т. б. 
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық 
мәдени-білім беру жобасының ережесі «Қазақстан Республикасында білім 
беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына 
сәйкес және халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді. 
Дебат қозғалысының жалпы стратегиясы, мақсаты мен міндеттері бар, ол 
мектеп оқушыларын еліміздің әр өңірінде дебаттық орталықтар, клубтар құру 
арқылы дебаттық қозғалысқа жаппай тартуға бағытталған. 
«Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық 
мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-
әдістемелік 
орталығы» 
РМҚК 
сайтында 
орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет