Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


«Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!»



Pdf көрінісі
бет27/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168
ӘНХ 2020 2021

«Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» сөздерімен білдіру 
ұсынылады. 
Қазіргі уақытта оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде қолданылатын 
оқушының мұғалімге қаратып айтылып жүрген «Апай», «Ағай» қаратпа 
сөздерінің түбі туыстық қатынасты білдіретін «Апа», «Аға» ұғымдары 
негізіндегі сөздер. Білім беру ұйымдарында «оқушының педагогке», 
«педагогтің-педагогке» қатысты қаратпа сөзі ұстаздық қызметпен байланысты 
ұғымға негізделгені жөн. Ондай ұғымдар – «Мұғалім», «Ұстаз»,
«Ханым», 
«Мырза» немесе «Аты және әкесінің аты».
Сонымен бірге педагогтің оқушыға қаратып айтатын қаратпа сөзін 
оқушының атымен айту ұсынылады. Осымен қатар оқушыға «сен» немесе «сіз» 
деп айту ұсынылады.
2) Оқу процесін білім алушылардың денсаулығын сақтау технологиялары 
негізінде ұйымдастыру талабына сай сабақтардың арасында соғылатын 
қоңыраулардың үнін ізгілендіру мәселесі өз шешімін табуда. 
Бүгінгі күнгі қоладан құйылып жасалған қоңырау Символ ретінде 
директордың жұмыс орнында көрнекті жерде тұрады. Ол «Алғашқы қоңырау», 
«Соңғы қоғырау» салтанатты сәттерінде соғылады. Ал күнделікті оқу процесінде 
электрқоңырау соғылады.
Республиканың көптеген мектептерінде электрқоңыраудың орнына 
музыкалық әуендер қолданылады. Музыкалық әуен ретінде домбырамен 
орындалатын күйлер: сабақтың басталуын «төкпе», аяқталуын «шертпе» 
күйлермен орындау ұсынылады. Күйлердің жазбалары ӘНХ-ның толық 
нұсқасында берілген.
3) Білім беру ұйымдарының басшыларына мектептің алдында тұрып 
таңертеңгілік немесе түстен кейін мектепке келген балаларды күтіп алу және 
сабақтан соң шығарып салу рәсімін енгізу ұсынылады.
4) Ізгілендіру талабы мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста да 
көрініс табуы тиіс. Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жаңа 
форматқа көшіру мақсатында «Ата-аналар үшін қонақжай», «Директорлық 
сенбі», «Педагогикалық консилимум» жобаларын жүзеге асыру ұсынылады.
5) Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар бірізді 
идеологиянегізінде ұйымдастыру ұсынылады. Ол – прагматизм идеологиясы, 
яғни өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, 
соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа 
жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз 
сән-салтанат 
емес. 
Керісінше, 
ұстамдылық, 
қанағатшылдық 
пен 
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. 
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби 
тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды 
пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Осы тұрғыда білім беру 
ұйымдарындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар «Алғашқы қоңырау», «Соңғы 
қоңырау», «Мектеп бітіру салтанаты», «Жаңа жыл», «Наурыз мерекесі», 
«Тұңғыш Президент күні» оқушылар мен педагогтердің өз күштерімен, ата-


35 
аналардың белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, сонымен бірге 
салтанатты түрде ұйымдастыру ұсынылады. «Алғашқы қоңырау» және «Соңғы 
қоңырау» іс-шараларында жас бүлдіршін мен жас түлекке өмір бойы жүрегіне 
жақын болатын, жол сілтейтін, мақтаныш тұтатын «Естелік кітап» тарту ету 
ұсынылады. 
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шарасын да мектеп ауласына 
«Тәуелсіздік аллеясын» отырғызу, облыс/қала/аудан көлемінде «Педагогтер 
аллеясын» отырғызу тәрізді шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Мектеп 
түлектерінің кездесуін өткізуді меценаттық негізге бағыттау ұсынылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері білім алушылардың 
зияткерлік сайыстары мен спорттық жарыстарын, педагогтердің кәсіби 
сайыстарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 
жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген тізімге сай және жергілікті 
атқару органдарының қаулылары мен Білім басқармаларының бұйрығы негізінде 
ақысыз ұйымдастыру қажет. Білім беру ұйымдарының, педагогтердің, білім 
алушылардың оқу, кәсіби жетістіктерін бағалауда осы ресми сайыстар мен 
жарыстардың 
нәтижелерін 
есепке 
алу 
ұсынылады. 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022817#3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет