Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет26/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168
ӘНХ 2020 2021

https://www.nao.kz). 
Тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жоспарлаудың өзекті нысанын 
мегажоба ретінде пайдалану ұсынылады, оның ішінде ортақ мақсатпен, оларды 
орындау уақытымен біріктірілген өзара байланысты жобалар. Жобалар 
шеңберіндегі іс-шаралардың сәтті болуының шарттарының бірі – сынып 
жетекшісінің барлық жүзеге асырылатын қайта құрулардың маңыздылығын 
түсінуі, олардың білім беру үрдісінде өз қызметін талдауы. 
Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау кезінде үш деңгейді ескеру 
қажет. Бірінші деңгей – оқушының әлеуметтік білім алуы және күнделікті өмірде 
әлеуметтік шынайылықты алғашқы түсінуі. Екінші деңгей – оқушының өмірлік 
тәжірибе және қоғамның негізгі құндылықтарында (адам, отбасы, Отан, 
табиғат, әлем, білім, еңбек, мәдениет), жалпы әлеуметтік шынайылықта 
құндылық қатынасын алу. Үшінші деңгей – оқушының тәуелсіз әлеуметтік іс-
әрекет тәжірибесін алуы. Әдістемелік ұсынымдарда сипатталған тәрбиелік іс-
шара критерийлері: қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін өлшеу 
критерийлері (бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті 
сақтау; білімге табыну; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық 
дамуы; сананың ашықтығы). Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы, 2018. – 120 б. 
Білім беру ұйымдарындағы атрибуттарды ұлттық құндылықтар негізінде 
жүргізу ұсынылады: 
1) тұлғааралық қатынас. Білім беру ұйымдарындағы тұлғааралық 
қатынастың алғашқы көрінісі амандасу. Қазіргі уақытта «педагог-педагог», 
«педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында амандасу рәсімінде «Сәлеметсіз 
бе, апай (ағай)!», «Сәлем!» деген сөздер қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында 
«Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде 
орнықтырады» делінген. Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заңының 3-бабының 4-тармағында білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі принциптерінің бірі – білім берудің зайырлы сипаты деп 
анықталған.
Осы ретте білім беру ұйымдарында бірін-бірі көрген сәттегі «педагог-
педагог», «педагог-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы амандасуды 


34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет