128
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
− білім алушыларда тарихи сананы, толеранттылық,
өз елі және басқа
елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуді, ғасырлар бойы қалыптасқан
жалпы адамзаттық, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға,
ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға;
− білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне тарту,
қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін
түсіну, мәдени әртүрлілікті бағалау қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
2021/2022 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы»
оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары
қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы
«26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің
5-9-сыныптарына арналған
«Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
«26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің
5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының білім мазмұны хронологиялық реттілікпен берілген (көне
дәуірден бүгінгі күнге дейін) және
әлеуметтік қатынастардың дамуы,
мәдениеттің дамуы, мемлекеттің дамуы, экономикалық даму бөлімдерін
қамтиды.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
-
тарихи пәндер арасындағы пәнаралық байланыс іске асырылған. Бұл оқу
материалдарын қайталамауға және Қазақстан тарихын әлемдік тарихи процестер
контекстінде қарастыруға мүмкіндік береді;
-
тарихи ойлау дағдыларын (тарихи процестер мен құбылыстарды зерттеу,
талдау, түсіну және түсіндіру) дамытуға бағытталған;
-
білім алушыларда тарихи сана, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарды дамытуға септігін тигізетін материалдарды зерделеуге ерекше
көңіл бөлінген.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу
бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи
ойлау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Сондықтан
сабақта оқушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік
беретін түрлі әдіс-тәсілдерді (белсенді және
проблемалық оқыту әдістері,
зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның
кез-келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі
тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау
қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен тарихқа қатысты
білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады.
129
Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен
прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Сондықтан, «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи
түсініктер негізінде оқыту ұсынылады:
Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:
1)
өзгеріс және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам
қаншалықты өзгеріске ұшырады)
2)
себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи
кезеңде қандай маңызды
факторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3)
дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-
сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4)
ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан
территориясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтар);
5)
маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығының
құрылуының тарихи
маңызы неде);
6)
интерпретация (мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер
қалай сипаттайды).
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білім алушылар тек қана пәндік
материалды
ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу
жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге
негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тақырыптан кейін
зерттеу сұрақтары қамтылған. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша ұзақ мерзімді
жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның
басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және
оқушыларды
сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен
талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
Достарыңызбен бөлісу: