162
жинақы мәтін, сөйлейтін сөзге тезис және эссе жазу, сұхбат алу үшін сұрақтар
құрастыру дағдыларын қалыптастыру; ғылыми стильдің қолдану аясын,
стильдік сипатын және тілдік ерекшеліктерін сақтап, ғылыми жұмыстар жазу,
слайдтар дайындау және оларды көпшілік алдында қорғау дағдыларын
қалыптастыру;
3) әдеби тіл нормаларын сақтау:
✓ лексика-грамматикалық норма: дыбыстың жіктелімін, жасалуын, буын
түрлерін, буын үндесімін, тасымал тәртібін, сөйлеудегі ырғақты топтарды, сөз
ішіндегі және сөз арасындағы дыбыстық өзгерістерді, интонацияның құрамдас
бөліктерін анықтау, фонетика-фонологиялық
талдау жасау; сөздердің тура,
туынды мағынасын, тіркесу сипатын, қолданылу аясы мен стильдік қызметін
көрсете отырып, толық лексикалық талдау жасау; сөздің морфемдік құрамын,
негізгі немесе туынды түбір екенін, сөзжасамдық тәсілін (синтетикалық,
аналитикалық), грамматикалық мағыналарын көрсете отырып,
сөзжасамдық-
морфологиялық талдау жасау;
✓ орфографиялық норма: қосымшалар мен шылауларды үндестік заңына
сай жазу, ықшамдалған, кіріккен, біріккен, тіркескен сөздердің емлесін сақтау;
✓ орфоэпиялық норма: айтылым кезінде сөзді сазына келтіріп, лебізді
ырғақты топтарға бөліп, сөз ішіндегі және сөз арасындағы өзгерістерді сақтап
айту
дағдыларын орнықтыру;
✓ пунктуациялық норма: жазбаша мәтін тудыру кезінде сөйлем ішіндегі
және сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қоюдағы ұстанымдарды (мағыналық,
грамматикалық, интонациялық) сақтай білу.
Достарыңызбен бөлісу: