Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет96/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168
ӘНХ 2020 2021

10. 11-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны: 
1) мәтінтану: 
мәтін үзінділері бойынша қорытынды жасау, проблемалық сұрақтар 
арқылы ақпаратты анықтау, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, 
редакциялау, әртүрлі формадағы мәтіндерді талдау, баға беру, кең көлемді 
мәтіндердегі көтерілген мәселе мен мақсатты аудиториясын талдау, мәтіннің 
стилін ажырата білу, әр стильге тән жалпы ерекшеліктерді салыстыру; әр 
стильге тән жанрларды білу, ажырату, құрылымын, типтік ерекшеліктерін, 
жазылу мақсатын салыстыру; әр стильдің өзіне тән тілдік (лексика-
грамматикалық) ерекшеліктерін салыстыру; 
2) мәтінтудыру: 
күрделі жоспар бойынша берілген талаптарға шығарма жазу кезінде 
жоспар жүйесін сақтау және шығарманы дұрыс қорытындылау; көркем 
әдебиетке жататын жанрларда (поэзия, проза, эссе, новелла) мәтін тудыру 
дағдыларын жетілдіру; ауызекі сөйлеу стилінің элементтері бар әңгіме 
жанрында мәтін жазу дағдыларын жетілдіру; әлеуметтік-тұрмыстық қатынас 
(тілек айту, бата беру, құттықтау, көңіл айту, қолдау көрсету) кезінде ұлттық 
тілде қалыптасқан шаблондарды сақтау; өлең оқу, монолог айту, диалогқа түсу 
кезінде сөз сазын және бейвербалды құралдарды пайдалану талаптарын 
жетілдіру; іскери этикетті, ділмарлықты, қозғалу әрекеттерін әсерлі сөйлеу мен 
үйлестіру арқылы тыңдаушыны тарту тәсілдерін жетілдіру; ресми стильдің 


163 
өмірге қажетті үлгілерін талапқа сай жазуды жетілдіру; публицистикалық стиль 
ерекшеліктерін сақтап, көпшілік алдында сөйлеу техникасын дамыту: 
тыңдаушының назарын аударту, аудиториямен байланыс, үйлесімді қозғалыс, 
өзіне деген сенімділік дағдыларын жетілдіру; қоғамдағы өзекті мәселелер 
бойынша материалдарды талдап, жинақы мәтін, сөйлейтін сөзге тезис және эссе 
жазу, сұхбат алу үшін сұрақтар құрастыру дағдыларын жетілдіру; ғылыми 
стильдің қолдану аясын, стильдік сипатын және тілдік ерекшеліктерін сақтап, 
ғылыми жұмыстар жазу, слайдтар дайындау және оларды көпшілік алдында 
қорғау дағдыларын жетілдіру; 
3) әдеби тіл нормаларын сақтау: 
➢ лексика-грамматикалық норма: әр стильге тән лексика-грамматикалық 
ерекшеліктерді анықтай отырып, сөйлемдерді фонологиялық-ырғақтық 
топтарға бөліп, айтылуы бойынша өрнектеп, ішіндегі дыбыстық өзгерістерді 
анықтау; мәтіннің стилін, жанрын, қолдану аясын, лексика-грамматикалық 
ерекшеліктерін көрсетіп, ондағы сөздерге толық лексикалық талдау жасау; 
➢ сөйлемдердің айтылу мақсатын, түрлерін, құрылысын, сөз ішіндегі 
байланысу түрлері мен тәсілдерін, сөйлем мүшелерін, құрмаластың 
құрамындағы сөйлемдердің байланысу тәсілдерін, тыныс белгілерін анықтай 
отырып, толық синтаксистік талдау жасау; 
➢ орфографиялық норма: қазақ тілінің орфографиялық ережелеріне 
сүйеніп бас әріптің игерілген/игерілмеген кірме сөздер мен бейімдеу сөздердің 
емлесін білу; 
➢ орфоэпиялық норма: айтылым кезінде сөзді сазына келтіріп, лебізді, 
ырғақты топтарға бөліп, сөз ішіндегі және сөз арасындағы өзгерістерді сақтап 
айту дағдыларын жетілдіру; 
➢ пунктуациялық норма: сөйлем соңында, сөйлем ішінде қабаттаса 
қойылатын тыныс белгілерді пунктуациялық ұстанымдарға (мағыналық, 
грамматикалық, интонациялық) сай қоя білу. 
Оқыту мақсаттарының жүйесі 
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» сандардан тұратын кодтық белгімен 
белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші, үшінші сандар бөлім 
мен бөлімше, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік санын 
көрсетеді. 10.1.2.1 кодында: «10» – сынып, «1.2» – бөлім мен бөлімше, «1» – 
оқыту мақсатының реттік саны. 
Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген. 
Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен 
әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған 
желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» 
пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді 
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып 
бойынша әр тарауда қамтылуы тиіс оқу мақсаттарының көлемі белгіленген. 
Тоқсандағы бөлімдер және бөлімшелер ішіндегі тақырыптар бойынша 
сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады. 


164 
«Абай мектептері» желісіне арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу 
процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 
«27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру 
деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы 
мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған 
«Қазақ 
әдебиеті» 
пәнінен 
жаңартылған 
мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, 
ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интеллектуалдық эстетикалық 
деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы білім мазмұнына 
әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби 
ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем 
шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс, ұлттық 
мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық 
бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи 
мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму, 
көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман 
танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді. 
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі: 
1) 10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды. 
10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.
10-сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында «ХХ 
ғасыр басындағы әдебиет», 3-тоқсанында «1920-1940 жылдардағы әдебиет», 4-
тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»; 
11-сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында 
«1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4-
тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады. 
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында 
оқытылатын шығармалар тізімінде: ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал-
серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың 
туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира, 
фантастика, детектив) қамтылды.
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығармадағы поэтикалық 
қолданыстардың мәнін ашады, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма 
үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық 
мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін 
ажыратады; 
көркем 
шығарма 
желісі 
бойынша 
ауызша, 
жазбаша 
интерпретациялайды. 
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: көркем шығарманың образдар 
жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін 


165 
талдайды; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі 
құндылықтарды айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет