Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Бастауыш білім беру деңгейі



Pdf көрінісі
бет32/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168
ӘНХ 2020 2021

3.2 Бастауыш білім беру деңгейі 
Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар 
негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен 
дамуына қолайлы білім беру кеңістігін:
1) білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу
2) сыни ойлау; 
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды 
меңгеру; 
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне 
белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдау мен 
қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалау пікірлерін айтуды, өзін-өзі 
бағалау мен өзара бағалауды және т.б. қарастырады. 
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған 
әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге 


41 
мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау кезінде 
мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін дербес 
анықтайды.
2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының білімі бағаланбайды, 2-
4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10 балға дейін 
(қалыптастырушы бағалау) бағаланады. Білім алушыларды қалыптастырушы 
бағалау нәтижелері электрондық/қағаз журналға қойылады. Мұғалімге 
балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері байланыс беру жиілігін 
және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды өздігінен анықтайды. 
Бастауыш білім беру деңгейінде сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы 
білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, 
ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда: 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша; 
3) шетел тілі бойынша; 
4) цифрлық сауаттылық бойынша; 
5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады. 
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, 
карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 
туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір 
сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі» (ҚР БҒМ 2020 
жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығы). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет