Сынып
тар
Тыңдалым
Оқылым
Жазылым
Айтылым
тыңдалым
ұзақтығы
мәтіндегі
сөз саны
диалог
монолог
5
3-5 минут
200-300 сөз 300-400 сөз 150-200 сөз
6-8
сөйлем
8-10
сөйлем
6
3-7 минут
300-500 сөз 300-500 сөз 200-250 сөз
8-10
сөйлем
10-12
сөйлем
7
5-9 минут
300-700 сөз 500-700 сөз 250-300 сөз
10-12
сөйлем
12-14
сөйлем
8
5-11 минут
500-900 сөз 500-800 сөз 300-350 сөз
12-14
сөйлем
14-16
сөйлем
9
5-13 минут
500-1000
сөз
500-900 сөз 350-400 сөз
12-14
сөйлем
14-16
сөйлем
83
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ
тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз,
сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің
табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді,
тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді,
әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
27-кестеде берілген.
27-кесте. 5-9 сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен өткізілетін БЖБ саны
Сынып
Оқу
пәнінің
атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
(жаңартылған мазмұн)
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу
жүктемесімен)
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
5
Қазақ тілі
2
2
2
2
2
2
2
2
6
Қазақ тілі
2
2
2
2
2
2
2
2
7
Қазақ тілі
2
2
2
2
2
2
2
2
8
Қазақ тілі
2
2
2
2
2
2
2
2
9
Қазақ тілі
2
2
2
2
2
2
2
2
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында
гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;
ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру;
көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы
мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау,
жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын
қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр,
кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай,
салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.
Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География»
пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып,
жүзеге асыру көзделеді.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру
деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу
жүктемесінің көлемі әртүрлі (28-сурет).
84
28-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
Оқу пәнінің
атауы
Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары
(жаңартылған мазмұн)
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
5
Қазақ әдебиеті
2
68
2
68
6
Қазақ әдебиеті
2
68
2
68
7
Қазақ әдебиеті
2
68
2
68
8
Қазақ әдебиеті
3
102
2
68
9
Қазақ әдебиеті
3
102
2
68
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
26 шілдедегі № 334 бұйрығымен 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің
үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның «Аштық» романының орнына
Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны
басшылыққа алады:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім
алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді
талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын
талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс
жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына
баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни
мақала жазу дағдыларын дамыту.
85
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен
даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу,
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық
құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін,
ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды
талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын
ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни
ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу
мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген
тізімге сай жүзеге асады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының
ерекшеліктер:
9-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімінен:
1. Сырым Датұлы «Балаби мен Сырым»;
2. Бұқар жырау «Асқар таудың өлгені»;
3. Махамбет Өтемісұлы «Бағаналы терек» өлеңі алынды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге
асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарда төмендегі оқу мақсаттары қысқартылды:
8-сыныпта:
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін,
эпилог, прологтарды анықтау;
8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан
ашу;
8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу
үшін орынды қолдану;
8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып,
өзіндік сыни пікір жазу;
8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама
мінездеулерді жіктеу;
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық
параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай
отырып, автор стилін анықтау;
9-сыныпта
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық
амалдарды талдау;
86
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық
амалдарды талдау;
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазу;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда
салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазу.
Төменде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген
(29-кесте).
29-кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2
2
2
2
6-сынып
2
2
2
2
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
2
2
2
2
9-сынып
2
2
2
2
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ
әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген.
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы,
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және
көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп
қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке
қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әзірленген
«Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған
жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен
ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір
мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға
бағытталған.
Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде
оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім
мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу
87
бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар
бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану»
материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |