Ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет55/168
Дата16.06.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475153
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   168
ӘНХ 2020 2021

Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың маңызды 
міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың мәдени 
құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени ақпарат көзінің 
бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау 
өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және 
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің 
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың 
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 
көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға 
үйрету ұсынылады. 
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» 
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар 
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, 
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық 
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас 
мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық 
топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау 
мен критериалды бағалау; 
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. 
Грамматикалық 
тақырыптарды 
лексикалық 
тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 


88 
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» 
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 
мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға
өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік 
ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен 
тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-
2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге 
назар аударуды ұсынамыз: 
✓ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл; 
✓ Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, 
фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл; 
✓ Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, 
жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл; 
✓ Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі 
Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл; 
✓ Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және 
Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның 
туғанына – 155 жыл;  
✓ Қазақтың ақыны, 
әдебиеттанушы 
ғалым, түркітанушы, 
публицист, педагог, 
аудармашы, 
қоғам 
қайраткері 
Ахмет 
Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл; 
✓ Ақын, жазушы, аудармашы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына – 
120 жыл; 
✓ Ақын, ҚР Халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына – 115 
жыл; 
✓ Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны 
Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл; 
✓ Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің 
туғанына – 105 жыл; 
✓ Ақын, жазушы Баубек Бұлқышевтің туғанына – 105 жыл; 
✓ Көрнекті ғалым, ақын, жазушы – драматург, аудармашы, ұстаз, 
қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 105 жыл; 
✓ Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл; 
✓ Ақын, тілтанушы, саясаткер Олжас Сүлейменовтің туғанына – 85 
жыл; 
✓ Қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына – 85 жыл; 
✓ Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туғанына – 
85 жыл; 
✓ «Айқап» журналының шыққанына – 110 жыл; 


89 
✓ «Жас Алаш» газетінің шыққанына – 100 жыл; 
✓ 
Қазақ радиосына – 100 жыл;
 
 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады
- мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда; 
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
білім 
алушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
✓ «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу 
тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу 
бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды (4-5-
қосымшалар). 
✓ 
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар тізімі ӘНХ-тың 
толық нұсқасында берілген.
 
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін 
дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына 
қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды (4-5-қосымшалар).
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі 
сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп 
жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша 
«Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге 
болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық 
жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде 
жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап
қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған 
шығарманың мазмұнын: 
• сұрақ қою; 
• тірек сөздерді жазу; 
• оқиғаның түйінін жазу; 
• оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді. 


90 
 
 
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: 
1. http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 
ресми сайты; 
2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт; 
3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар 
сайты; 
4. 
http://mugalimder.kz
 - республикалық сайт; 
5. 
http://bilimland.kz
 – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт; 
6. http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт; 
7. 
http://bilimger.kz
- білім порталы; 
8. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты; 
9. http://sabak- шығармашыл мұғалімдер сайты; 
10. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ 

Қазақстан ұстаздарына арналған 
әдістемелік сайт;
11. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты; 
12. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
13. http://oqu-zaman.kz
 
- ұстаздар мен білім алушыларға арналған 
қосалқы білімді сайт; 
14. http://tarbie.org
 
- ұстаздар сайты; 
http://kazbilim-edu.kz- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында 
тиімді пайдалану 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет