Ұйымның ішкі ортасы



бет2/5
Дата01.03.2024
өлшемі79.54 Kb.
#493397
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Ұйымның-ішкі-ортасы

Әртүрлі мекемелердің көптеген ортақ сипаттамалары болады:
1. Ресурстар. Кезкелген мекеменің ортақ мақсаты, ол ресурстарды тауарға немесе қызмет түріне айналдыру болмақ. Мекеменің бір нәтижеге жетуі үшін адамдар (еңбек ресурстары), капитал (қаржылық ресурстар), материалдар (материалдық ресурстар) және ақпарат (ақпараттық ресурстар) сиряқты ресурстар қажет. Мекеменің ең маңызды да мәнді ресурсы болып, кейбір бас дәрігерлер айта беретін қаржылық емес, әрине, адами ресурстар жатады.
2. Сыртқы ортадан тәуелді болу. Еш мекеме «өзімен өзі» болып өмір сүре алмайды. Мекемелер өзін қоршаған ортадан ресурстар жөнінде тәуелді болса, сондай-ақ өз өнімдерін пай-даланатын тұтынушылардан да тәуелді болып келеді. «Сыртқы орта» термині әлеуметтік-экономикалық жағдайды, тұтынушыларды, үкімет нұсқауларын, өнеркәсіптік және іскерлік ортаны, жергілікті билік орындарын, бәсекелестерді, қоғамдағы құндылықтар жүйесін, тауармен қамтамасыз ететіндерді, делдалдарды, технологиялырды және т.с.с. білдіреді. Ұйымның өзі сыртқы ортадан қаншалықты тәуелді болғанымен, әдетте, оған ұйымның еш әсері болмайды.
3. Еңбекті көлденең бөлу. Бұған көп жұмыстың көлемін көптеген ұсақ және аздаған үлкен өндірістік операцияларға бөлуді жатқызады. Мысалы, хирург хи­рургиялық бағыттағы аруларды емдейді, ал невролог болса неврологиялық аруларды емдейді, т.с.с. болып бөлінеді. Олардың әр қайсысы өзінің міндеттерін орындайды.
4. Бөлімшелер. Күрделі мекемелер өзін арнаулы тапсырмалар орындайтын бөлімшелерге бөлу арқылы анық болатын көлденең еңбек бөлісіне қатысады. Медициналық мекемелердің құрамдық бөлімдері болып емдік, диагностикалық және косымшы бөлімшелер (кабинеттер): қабылдау орны, тамақ жасау блогі, дәріхана, т.с.с.) жатады. Меди­циналық мекемлерде әр құрамдық бөлімшелерінде өздғріне сай келетін орындары, кадрлары және құрал-жабдықтары болады. Медициналық мекемелердің­ номенклатуралары үздіксіз өзгеріп тұрады.
5. Еңбекті тік бөлу. Бөлімшелердің мәні болатын мекенің жұмысы көлденең түрде бірнеше құрамдарға бөлінгендіктен, біреу сол бөлімдердің қызметі сәтті болуы үшін оларды қызметкерлерінің жұмысын реттеп отыруы керек. Берілген мақсатқа жету үшін басқа адамдардың жұмысын реттейтін іс бөлімшелерді және ұйымды (мекемені) түбегейлі басқару болып табылады. Ұйым өзінің мақсаты мен міндетерін орындау үшін еңбекті тік бөлу арқылы жетеді.
6. Басқарудың қажеттілігі. Кезкелген басқарудың мәні, ол қойылған мақсаттқы тиімді жолдармен жету. Басқару дегеніміз – ол ұйымның қалыптастырылған мақсатына жетуі үшін жоспарлауды, ұйымдастыруды, уәждемелеуді және бақылауды жүргізу болмақ.
Кәсіпкерлік ұйымдардың ерекшеліктері
Соңғы онжылдықта іскерлік ұйымдар ортасында тез және қарқынды өзгерістер болуының арқасында, ұйымның кәсіпкерлік деген ерекше бір түрі пайда болды. Бұндай ұйымдардың шығуы нақтылы экономикалық құндылықтарды орнықты және тұрақты негіздеу үшін осы бағытта қолдағы бар мүкіндіктерді пайдалану қажеттілігінен туындады. Бұл сонымен қатар осындай экономикалық құндылықтарды жасау үшін жұмыскерлерді өздеріне жауапкершілік арттыруы үшін оларды оған уәждемелеу керек еді. Ақыры, бұл кәсіпкерлік құрылымдар жекеше тұлғалар мен топтарға сыйақы төлеу керектігінен олардың арасындағы тиімділік пен тәуекелдікті теңестіру қажеттілігінен туындады. Біз айтып отырған кәсіпкерлік құрамдарды шағын бизнеспен, бизнес пен инвестициялық жобаларды ашуды немесе тек тез байып кету шараларымен шатастыруға болмайды. Кәсіпкерлік ұйымдар бизнес көлеміне немесе белгілі бір салаға, аймаққа, мәдениетке байланысты емес.
Кәсіпкерлік ұйымдар өсуге ұмтылады және де өлшемді ресурстарға емес, өзінің бар мұмкіндіктеріне қарайды. Бұндай мүмкіндіктерді іске асыру және ол үшін ресурстарды көбіне қысқа мерзімде, кездейсоқ уақиғалар арасында және кезеңдік негізде пайдалау арқылы іске асады. Ресурстарға бақылау әдетте басқа құралдар (жалдау, несие алу, т.с.с) арқылы жүреді. Кәсіпкерлік ұйымдардың басқару құрамдары өте аз деңгейде жүреді, ыңғайлы және желі түрде ұйымдастырылады. Бұндай мекемнің жұмысы өнімділік негізінде емес, тиімділік негізнде анықталады. Кәсіпкерлік жұмысты уәждемелеу ресурстарды пайдалану қажеттілігін емес, нәтижеге апарар жолды және оған жетуді көздеп жасалады. Әдеттегі ұйымдардағы сияқты жұмысты реттеумен айналыспай, бөлім-шеоелдің ұйымдастырушылық көзьен қарасақ, кәсіпкерлік құрамдар жекеше ынта негізінде жұмыс істейді. Бір бағытта шоғырланған дамуы көп бағытта дамымайды. Кәсіпкерлікте ұйымдастырушылық біліктіліктен көрі, жекеше біліктіліке байланысты болып келеді. Шешуші ұйымдастырушылық факторлар болып адамдар, топтар және олардың біліктілігі болмақ.
Ұйымдастырушылыққның мынадай түрлері болады:

  • концерндер;

  • шаруашылық ассоциациялар;

  • консорциумдар;

  • холдингті компаниялар;

  • қаржылық-өнеркәсіптік;

  • шағын бизнес кәсорындары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет