Кері байланыстың нашарлығы немесе оның сапасыздығы
Жеке адамдар арасындағы байланыстың тиімсіз болуы кері байланыстың нашарлығы әсерінен болады. Жөнелтушінің пікірі, ойы қабылдаушыға келіп, түсінлген жағдайда ғана кері байланыс жүзеге асырылады. Дұрыс түсінбеу, дұрыс естімеу, тыңдай білмеу. Байланыстың тиімділігі адамдардың деректерді жібергенде де және қабылдағанда да бірдей қарым-қатынастарда болуда. Тыңдай білу керек. Дұрыс тыңдау менеджерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Зерттеуші Кит Девис тиімді тыңдау үшін 10 өсиет айтқан:
Сөзді доғарыңыз, сөйлеп отырып тыңдау мүмкін емес.
Сөлеп тұрғанға өзін бос ұстауға көмектесіңіз, сонда шешім қабылдау мүмкіндігі артады.
Сөзіңіз арқылы тыңдауға дайын екеніңізді көрсете біліңіз.
Сөйлесушіні тітіркендіретін жағдайлардан аулақ болыңыз.
Сөйлеушіге әсер етіңіз, сөйлеушіні сезіне біліңіз.
Шыдамды болыңыз, сөйлеп тұрған адамның көңілін бөлмеңіз.
Мінез-құлық шыдамдылығын көрсетіңіз, ашуланған адам сөздің мағынасын өзгертеді.
Сөз таластырмаңыз, тайталаспаңыз. Сынамаңыз.
Сұрақ қойыңыз.
Сөзді немесе сөйлеуді доғарыңыз. Бұл өсиет бірінші және соңғы.
Тиімді тыңдаудан басқа да бірнеше тәсілдерді жеке адамдар арасындағы байланыс үшін қолдануға болады. Бұған байланысты қарым-қатынас өнерін жетілдіру керек. Ол үшін:
Өз ойыңызды хабарламас бұрын оны нақтылай түсіңіз.
Семантикалық сөздердің мағынасына зерек болыңыз. Сөзге жалпы сипат емес нақты сипат беріңіз.
Өзіңізден тіл байлығыңыз, сөз екпіні, дауыс ырғағы, дене тұрысыңыз, қимыл қозғалысыңыз бет пішініңізге үнемі бақылау жасап отырыңыз.
Ашық сөйлесіңіз. Эмпатияға баса назар аударыңыз. Эмпатия – дегеніміз басқа адамдардың сезімін сезіне білу.
Кері байланыс болуына күш салыңыз ол үшін:
Байланыстарды ұйымдастырудағы тосқауылдар:
Хабардың бұрмалануы. Хабарлар төменнен жоғары және жоғарыдан төмен түскен кезде, аз да болса бұрмаланады. Мұндай бұрмалануға бінеше себеп бар:
жеке адамның аралық түсінбеушіліктен пайда болған бұрмалану;
басшы хабарымен келіспеген жағдайда, саналы түрде хабар бұрмаланады.
Шамадан тыс мәліметтердің болуы. Әр басшы барлық хабарларға тиімді жауап қайтара алмайды. Сондықтан ол өзіне өте қажетті мәліметтерді ғана таңдап алуға тырысады.
Ұйымдар құрылымдардың қанағаттанарлықсыз болуы.Ұйымдардағы байланыстарды жетілдіру әдістері.Мәліметтер ағымын реттеу және басқару. Басшы ұйым деңгейінде өзінің және қызметкерлердің хабарларға деген қажеттігін қанағаттандырулары қажет.
Кері байланыс жүйесі. Қызметкерлерге сұрақ беру арқылы байланыс. Сұрақтар төмендегі мазмұнда болуы қажет:
қызметкерлерге мақсат айқын көрсетілген бе?
қандай потенциалды әсерлермен олар кездесіп отыр?
өз жұмысына керекті хабар мен мәліметтерді дер кезінде ала ма?
олардың басшылары ұсыныстарға қалай қарайды?
болашақтағы өзгерістердің болатынын олар біле ме?
Ұсыныстар жинақтау жүйесі арқылы
ұсыныстар жәшіктерінің болуы;
өнім үйірмелері;
телефон арқылы сөйлесу.
Мәлімет бюлитендері. Кәсіпорындар өз қызметтері жайында жарнамалар, публикациялар, видео жазбалар беру.
Қазырғы кезеңдегі ақпараттық технологиялар.
Қорытынды
Нарықтық экономика жағдайында кең тараған ұғымдардың ішіндегі бірі менеджмент ұғымы болып табылады. Алайда менеджмент ұғымын дербес құбылыс ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ол шынайы өмірде ұйым түсінігімен қатар жүреді. Осы тұрғыдан ұйымды жүйелік баппен қарастырудың маңызы зор.
Қазіргі таңда ұйымның түрі көп және де олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерінің бірі ұйымның тұтастығы және оның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігінің болуы. Әрекеттестікті өз алдына адамдардың іс әрекеті нәтижесінің үрдісі деп танысақ онда менеджменті қызмет немесе іс әрекет үрдісі деп атағанымыз дұрыс болады. Сондықтан да бірінші кезекте ұйым дегеніміз не деген сұрақ туындайды? Бұл сұраққа ең келісімді жауап келесі болып табылады.
Ұйым бұл – іс әрекеттерді жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер мен міндеттерді шешіп, белгілі бір мақсатқа жетуді көздейтін, адамдардың саналы әрі жүйелендірілген бірлестігі немесе ұжымы. Егерде ұйымның тұрақты щеңбері және қоғамда алатын орны болатын болса, онда ол автоматты түрде әлеуметтік интститут түрін иемденеді. Оған мысалға, мемелекеттік және жеке меншік ұйымдар, шет елдік компаниялар мен фирмалар, қоғамдық бірлестіктер, мәдение, спорт, білім беру және басқада ұйымдарды жатқызуға болады. Егерде ұйым институционалды емес түрде болған жағдайда (митинг, ереуіл) онда ұйымды үрдіс ретінде қарастырамыз.
Ұйымдардың пайда болуы бірінші кезекте сол ұйымды құрушы немесе кіруші адамдарға өздерінің мүдделерін жүзеге асырып, жағдайларын жақсартуға мүмкіндігін береді. Және де сол адамдардың әрекеттері сол ұйымның өсуі мен дамуына өз ықпалын тигізеді.Бұл жерде мүдде ұғымы кең (жеке әлеуметтік мәселе, ақша және т.б.). Егерде адамдардың қызуғышылығы төмендей бастаса, адамдар бұл ұйымнан кетіп, нәтижесінде ұйымның жағдайы төмендейді.
Кез келген ұйым алға қойған мақсатына жетуі үшін ресурстардың іске қосылуын талап етеді. Бұл ішкі ұйымдық басқарудың бастапқы сатысы болып табылады. Сондықтанда менеджмент қажет болған жағдайда ұйымның ішкі ортасын қалыптастырып ұйымның даму барысында үнемі өзгерістерді енгізіп отырады. Мысалға, ұйымның құрылымын, өнім өндіру үрдісін, технология ұйым мәдениетін, жұмыс уақытын және т.б. Ұйымның ішкі ауыспалылары – дегеніміз, ұйымның ішкі жағдайлық факторлары. Мекеменің өз ішінде негізгі ауыспалылар, ол оның мақсаттары, құрамдары, міндеттері, технологиялары мен адамдары. Мекемені адамдарға ұжымдық түрде болмаса, жекеше әр адам орындай алмайтындай етіп жасайтын мақсатқа жету ретінде қарауға болады. Мекеме ашық жүйе ретінде ресурстарды, энергияларды, кадрларды, санай-ақ тұтынушыларды жеткізуге тәуелді болған-дықтан, басшылар әрқашан ортаны ескеріп отырады. Ұйымның өміршеңдігі басшыға байланысты болғандықтан, менеджер ортадағы оған әсер ететін маңызды факторларды таба білуге міндетті. Ол сыртқы ортаға жауап бере алатын қолайлы әдістерді ұсына алатындай болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бушина, Н.С. Разработка стратегии повышенияконкурентоспособности аптечной организации на региональномфармацевтическом рынке / Бушина, Н.С., Власова О.В. // Проблемы иперспективы развития государственного и муниципальногоуправления. Сборник научных статей международной научно-практическойконференции. – Юго-западный государственный университет. - 2016.- С. 26-30.
Власова, О.В. Оптимизация использования ресурсного потенциаламедицинской организации / Власова О.В. // Политика, экономика и инновации.-2017. -№ 5 (15).- С. 13.
Власова, О.В. Исследование трудовых ресурсов учреждения здравоохранения / Власова О.В. // Биотехнология и биомедицинская инженерия.Сборник материалов IX всероссийской научно-практической конференции с международным участием. –КГМУ - 2016. - С. 142-146.
Власова, О.В. Оценка текущего состояния региональной системыздравоохранения / Власова О.В., Бушина Н.С.//Проблемы и перспективы развития государственного и муниципальногоуправления. Сборник научных статей международной научно-практическойконференции. - Юго-западный государственный университет. - 2016.- С. 36-38.
Зюкин, Д.А. Оценка использования ресурсного обеспеченияв системе здравоохранения / Зюкин, Д.А., Власова О.В.//Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. -2016. - № 11-2. - С. 301-304
Солдатова И.Ю. Основы менеджмента. – М.: Дашков и К, 2006. – 256 с.
Мустафин, М. А.Современная теория менеджмента: концепции, модели, подходы, достижения мировых бизнес-школ [Текст] : учеб.пособие для вузов / М. А. Мустафин. - Алматы : Print Express, 2010. - 153 с. : ил. - Библиогр.: с.153 (33 назв.).
Теория и практика менеджмента [Текст]: учеб.для вузов / М-во образования и науки РК.Каз.нац.ун-т им.Аль-Фараби ; ред. К. Е. Кубаев. - 2-е изд. - Алматы : Қазақ ун-тi, 2008. - 486 с.
Бердалиев, Кенес.Менеджмент [Текст]: курс лекций / К. Бердалиев. - Алматы : Экономика, 2005. - 237 с.
Бельгибаев, А. К.Менеджмент [Текст]: учеб.пособие. / А. К. Бельгибаев, А. Б. Рахимбаев. - Алматы : Юрид.лит., 2005. - 163 с. - Библиогр.: с. 162-163.
Основы менеджмента [Текст]: учеб.для вузов / К. Г. Ахметов [и др.]. - Актобе ; Уральск : А-Полиграфия, 2005. - 431 с.
Төлебаев Ж.С., Сыздықова К.Ш. Қаржылық менеджмент: дәрістік топтама, А., Эверо, 2009. – 188 б.
Белоусов А.С. Международный менеджмент.: 2-е изд. – М: Экономистъ, 2007. – 332 с.
Кузьмина Т.И. Международный менеджмент. Управление в международных компаниях: Учебник. – М.: ИД ФБК – ПРЕСС, 2004. – 240 с.
Международный менеджмент. Учебник для вузов: 3-е изд./ под ред. С.Э. Пивоварова, Д.И. Баркана, Л.С. Тарасевича, А.И. Майзеля. – СПб: Издательство «Питер», 2005. – 656 с.
Вершигора Е.Е. Менеджмент: Учебное пособие. 2-е изд., переработанное и дополненное, 2004. – 283 с.
Веснин В.Р. Основы менеджмента: с приложением схем.: 2-е изд. исправленное и дополненное, 2004. – 560 с.
Виссема Х. Менеджмент в подразделениях фирмы: Пер. с англ. - М.: ИНФРА-М, 2006. - 456 с.
Дафт Ричард Л.. Менеджмент – СПб.: Издательство «Питер», 2004. –ил.- (серия «Теория и практика менеджмента»). - 832с.
Друкер П.Ф. Задачи менеджмента в XXI веке: Пер. с англ.: Уч. Пос. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2004. – 272 с.: ил. – Парал. тит. англ.
Рахимбаев А. Б.и др. Менеджмент : оқу құралы.. – Алматы : Заң әдебиеті, 2006. – 150 б.
Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және менеджмент негіздері. – Астана : Фолиат, 2007. – 319 б
Жакенова Б.и др. Менеджмент негіздері. – Астана : Фолиат, 2007. – 258 б
Экономика : 10 томдық. Таймас баспа ұйi. – (Экономика. Әлемдiк классика). Мемлекеттiк сектор, халықаралық бәсеке және менеджмент теориясы. – Алматы, 2006. – Т. 9. – 471 б.
Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы / К. Бердалиев. – Алматы : Экономика, 2006. – 238 б.
Юткина О.В., Маслюкова Е.А., Огнева Т.В. Реструктуризация как эффективный инструмент повышения конкурентоспособности предприятий. // Экономика и предпринимательство. 2013. № 12. Ч. 2 (41-2). С. 740 – 743.
Саидов З.А. Конкурентная среда организаций как система факторов и механизмов ее формирования // Экономика, социология и право. 2014. № 7. С. 73 – 76.
Гусев В.В. Механизмы реструктуризации деятельности предприятий в условиях рыночной среды // Экономика, социология и право. 2014. № 7. С. 29 – 31.
Чижик А.С., Рябова Т.Ф. Основные аспекты управления бизнес-процессами в современных рыночных условиях хозяйствования // Экономика и предпринимательство. 2014. № 6 (47). С. 774 – 777.
Құрастырған: Нұрша Е., Таңбай А.
Достарыңызбен бөлісу: |