. АҒЫМДАҒЫ ШОТТАР, САЛЫМДАР ЖӘНЕ АМШ БОЙЫНША БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
-
Клиент Банктегі шоттарында жатқан ақша қаражаттарын, құнды металдарды ҚР заңнамасына, осы Шартқа, сонымен қатар, осы Шарт шегінде жасалған банктік салым шартына, банктік шот шартына, АМШ шартына сәйкес билеуді міндетіне алады.
-
Клиент Төлем карточкасы шоты/салымдар/АМШ/Шоттар бойынша кәсіпкерлік қызмет жүргізуіне байланысты операциялар жүргізбеуді міндетіне алады.
-
Банк кез келген сәтте өзінің ықыласы бойынша Клиенттің Банктегі өз шоты/салымдары бойынша алыстан қызмет көрсету арналары арқылы жүзеге асырылатын банктік операциялар мен қызметтер тізбесін анықтау және өзгерту, сонымен қатар, алыстан қызмет көрсету арналары арқылы жүзеге асырылатын операциялар сомасына лимиттер белгілеу құқығын өзіне қалдырады.
-
Клиент өзінің Банктегі Төлем карточкасы шоты/салымдар/АМШ/Шоттары бойынша жүзеге асыратын бірқатар банктік операцияларға және/немесе сол арқылы осындай операциялар жүзеге асырылатын төлем жүйелеріне қатысты ҚР заңнамасы мен қаржы мекемелерінің нормативтік құжаттарында белгіленген шектеулер қолданылатындығы туралы хабар берілген.
-
Клиенттің шоттары/салымдарынан Банкте Клиенттің атына ашылған басқа шоттарға/салымдарға ақша қаражаттарын аудару, сонымен қатар, саралап өтеу тәсілі қарастырылған Банк берген кредитті өтеу операциялары алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Банктің алыстан қызмет көрсету арналары (Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі, Банктің Call-орталығы) арқылы банктік операциялар жүргізу қызметін ұсыну тәртібіне (Банктік қызмет көрсету талаптарының 4 Қосымшасы) сәйкес жүзеге асырылады.
-
Клиенттердің шоттарына түскен ақша қаражаттарын алу Банк Тарифтеріне сәйкес алынады. Бұл ретте, қаражаттың шотта нақты болған уақыты Клиенттің шотына қаражат түскен сәттен бастап есепке алынады. Қаражатты төлеу тәртібі LIFO әдісі (яғни соңғы түскен сомадан) бойынша жүргізіледі.
-
Қолма-қол ақша қаражаттарын алу және салу операциялары төлем карточка шоты бойынша: өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, Банк бөлімшесі арқылы, басқа қаржы мекемелері және Клиенттің тиісті Төлем карточкасын қызмет көрсетуге қабылдайтын олардың банкоматтары арқылы; Клиенттің салымдары мен Шоттары бойынша: Банк бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
-
Үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдер/аударымдар жасау операциялары Клиенттің төлем карточкасы шотынан: Банк бөлімшесі, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы; салымнан, Шоттан: Банк бөлімшесі, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
-
АМШ бойынша операциялар Банктің операциялық бөлімшелері, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы жүргізіледі.
-
Клиенттің АМШ-на құнды металдарды есептеу, шығынға шығару операциялары Банктің белгілеген нысаны бойынша Клиент өзі қолын қойған немесе Шартта анықталған сәйкестендіру және бірегейлендіру тәсілдерін қолдана отырып жасалған Тапсырманың және/немесе Клиент өкімінің негізінде ғана жүзеге асырылады.
-
Салымды айырбастау, сонымен қатар, Клиенттің салымын/АМШ/Шотын жабу операциясы осы Шартта белгіленген тәртіпте Банктің белгілеген нысаны бойынша ресімделген, Клиент өзі қолын қойған Өтініштің негізінде ғана жүзеге асырылады.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Клиенттің салымын/Шотын жабу операциясы Шартта анықталған Клиентті сәйкестендіру және бірегейлендіру тәсілдерін қолдана отырып алыстан қызмет көрсету арналары арқылы ресімделген салым/Шотты жабуға берілген Клиенттің өкімінің негізінде ғана жүзеге асырылады. Өкімде жабылатын салым/Шот туралы, сонымен қатар, жабылатын салым/Шоттан ақша қаражаттарын аудару үшін Клиенттің шоты немесе Карточка шоты (олар болған жағдайда) туралы ақпарат көрсетіледі. Салым/Шотты жабу туралы өкім, клиенттің дұрыс сәйкестендірілу және бірегейлендірілуін растайтын Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операциялар жүргізу хаттамасы және жүйеде операциялар жүргізу банктік салым/Шотты жабуға клиенттің ықыласын растайтын құжат болып табылады.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы (өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі) салымдарды/Шоттарды жабу операцияларын жүргізген кезде Банк операциялары өңделген сәтте күшінде болатын Тарифтер қолданылады. Банк шот валютасынан өзгеше валютада операция жүргізген жағдайда, Банк операциялары өңделген сәтте қолданылатын Банктің/Халықаралық төлем жүйелерінің бағамы бойынша сомаға айырбасталады.
-
Банк салымға/Шотқа шот валютасынан өзгеше валютада ақша қаражаттары қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен енгізу арқылы түскен кезде, Банк түскен/енгізілген соманы Банк ақша қаражаттарын есептеу операциясын өңдеген сәтте қолданылатын Банктің/Халықаралық төлем жүйелерінің бағамы бойынша айырбастайды.
-
Осы Банктік қызмет көрсету талаптарында қарастырылған өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы арқылы Төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүргізуге басқа банктердің банкоматтарында шектеу қойылуы мүмкін.
-
Алыстан қызмет көрсету арналары арқылы Карточка пайдаланылатын операцияларды Клиенттің Шарт жасалған күннен кейінгі немесе, егер Клиент Шарт жасалған соң Төлем карточкасын алса, Клиентке ол берілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуіне рұқсат етіледі.
-
Шартта қарастырылған қызметті ұсыну Клиент ойдағыдай сәйкестендірілген және бірегейлендірілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
-
Шарттың шегінде қызмет көрсетілген кезде Банк Клиентті сәйкестендіруді жүзеге асырады:
- Банк бөлімшелері арқылы операциялар жүргізілген кезде – Клиент ұсынған Төлем карточкасының негізінде және/немесе Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде жүргізеді; Клиент Төлем карточкасына (магнитті жолағы, микропроцессоры, Карточканың бет жағы) енгізілген ақпаратпен сәйкес келген және/немесе жеке басын куәландыратын құжат деректемелері мен Банктің деректер базасына енгізілген ақпараттар сәйкес келген жағдайда сәйкестендірілді деп есептеледі;
-
«Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізілген кезде – Пайдаланушының енгізілген Идентификаторы негізінде; Клиенттің жүйеге енгізген Пайдаланушының Идентификаторы Клиентке берілген және/немесе Банктің деректер базасындағы Пайдаланушының Идентификаторына сәйкес келген жағдайда Клиент сәйкестендірілді деп есептеледі;
-
Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы арқылы операциялар жүргізілген кезде – Клиент ұсынған Төлем карточкасының негізінде; Клиент Төлем карточкасының магнитті жолағы немесе микропроцессорына енгізілген ақпарат, Банктің деректер базасындағы ақпарат сәйкес келген жағдайда Клиент сәйкестендірілді деп есептеледі;
-
Банктің Call-орталығында – Төлем карточкасы нөмірінің негізінде, Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты бойынша, сәйкестендіру кезінде алынған ақпарат Банктің деректер базасындағы ақпаратқа сәйкес болуы тиіс.
-
Шарттың шегінде қызмет көрсетілген кезде Банк Клиентті бірегейлендіруді жүзеге асырады:
-
Банк бөлімшелері арқылы операциялар жүргізілген кезде – Төлем карточкасын Ұстаушының биометриялық деректері бойынша құрылған ДСН немесе кодты дұрыс енгізу негізінде және/немесе жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде;
-
«Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы операциялар жүргізілген кезде – тұрақты парольдің және/немесе біржолғы парольдің негізінде;
-
Банктің өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы арқылы операциялар жүргізілген кезде – Төлем карточкасын Ұстаушының биометриялық деректері бойынша құрылған ДСН немесе кодты дұрыс енгізу негізінде;
-
Банктің Call-орталығында – Клиенттің дұрыс бақылау ақпараты немесе Шарттың шегінде Клиенттің төлем карточкасын шығару Өтінішінде немесе Клиент ресімдеген өзге құжатта бұрын көрсетілген және Банктің деректер базасындағы Клиенттің дербес деректері туралы сұрақтарға берілген жауаптардың негізінде.
-
Клиент Шарттың шегінде операциялар жүргізілген кезде қолданылатын сәйкестендіру және бірегейлендіру әдістері жеткілікті болатындығына келіседі және Банктің операциялар жүргізу және Клиенттің Төлем карточкасы шоты, салымдары, АМШ мен шоттары бойынша ақпарат беру құқығын тиісті түрде растайды.
-
Банк Клиенттің Төлем карточкасы шоты, салымдары, АМШ мен шоттары бойынша операциялар жүргізуден немесе ақпарат беруден, егер Клиент Банктік қызмет көрсету талаптарында қарастырылған тәртіпте сәйкестендірілмесе және бірегейлендірілмесе, сонымен қатар, Төлем карточкасы бойынша шығыс лимитінің сомасы немесе салым бойынша қалдық Тарифтерде қарастырылған операцияларды жүргізу және комиссияларды шығынға шығару үшін жеткіліксіз болса, бас тартуға құқылы.
-
Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде Клиенттің дұрыс сәйкестендірілуі мен бірегейлендірілуін растайтын операция жүргізу хаттамасы мен жүйеде операцияның жүргізілуі Клиенттің операция жасау дерегінің құжаттамалық растамасы болып табылады.
-
Банк, банк ішіндегі ережелерде белгіленген жағдайда, сонымен қатар, Төлем карточкасын заңды түрде пайдалануында күмән туындаған кезде, жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы.
-
Тараптар Клиентті Банк қызметтеріне қосқан, Клиентке Қосылыс құралдарын тапсырған кезде және Банктік қызмет көрсету талаптарында көрсетілген және Клиентке алыстан қызмет көрсетуге арналған жүйелер бойынша электронды құжаттарды ауыстырған кезде қолданылатын ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері мен құралдары жеке деректерге, шоттарға және осы жүйедегі Клиент операцияларына рұқсатсыз қосылудан қорғау, сонымен қатар, авторлықты және электронды құжаттардың түпнұсқалылығын растау үшін жеткілікті, деп таниды.
-
Клиент Банктік қызмет көрсету талаптарында көрсетілген Қосылыс құралдарын рұқсатсыз пайдалануға, сақтауға жол бермейтін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Қосылыс құралдарын үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті. Клиент Қосылыс құралдарын, ДСН немесе Төлем карточкасын жоғалтқан жағдайда, а также Қосылыс құралдарын немесе Карточканы заңсыз пайдалану қаупі туындаған жағдайда, бұл жөнінде Банкке қолжетімді арналар (Банк бөлімшесі, Банктің Call-орталығы) арқылы тез арада хабар беруге міндетті. Клиент Банкке уақытында хабар бермеген жағдайда, Банк Шарттың талаптары орындалмағаны үшін жауап бермейді.
-
Клиент Банкке өз шоттарынан/салымдарынан ақша қаражаттарын кезең-кезеңмен аударуға тапсырма ресімдей алады. Банк тапсырма ресімделген шоттағы (төлем карточкасы шоты бойынша шығыс лимиті шегінде) ақша қаражаттары жеткілікті болған кезде, ресімделген тапсырманың қолдану мерзімін ескере отырып осы тапсырманы орындайды.
-
Банк Клиенттің қателері немесе оған берілген тапсырмалар немесе өкімдердің қандай да біреуін көшіріп алғаны үшін жауап бермейді. Клиент алушыларға ақша қаражаттарын негізсіз немесе қателесіп аударған жағдайда, Клиент алушылардың қаражатты қайтару мәселелерін өз алдына реттейді.
-
Клиент өз шоттарынан/салымдарынан ақша қаражаттарын аударуға берген тапсырманы Банк тапсырманы, егер басқа орындау мерзімі тапсырмада көрсетілмесе, ресімделген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
Қолма-қол ақша жарнасы, Банктің алыстан қызмет көрсету арналары арқылы клиент шоттары арасында аудару операцияларын жүргізген кезде алушылардың шотына ақша қаражаттарын аудару операция жасалғаннан кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
-
Клиенттің атына басқа ұйымдардан түсетін төлемдер мен аударымдарды Банк Клиенттің тиісті шотына/салымына, егер басқаша есептеу мерзімі үшінші тұлғалардың тізімдемесіне сәйкес жеке тұлғалардың шотына/салымына ақша қаражаттарын есептеу туралы шартта қарастырылмаса, тиісті ақша қаражатының сомасы Банктің шотына есептелгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді.
-
Клиенттің Банктегі шотынан/салымынан басқа ұйымдардағы (ҚР-дағы немесе одан тыс жердегі) үшінші тұлғалардың шоттарына шетелдік валютадағы төлемдер мен аударымдар ҚР-да және клиринг өтетін және/немесе ақша қаражаттары есептелетін елдің мереке күндері мен жұмыс емес күндері ескеріле отырып тиісті шетелдік валютада жүзеге асырылады.
-
Клиент заңнама және нормативтік актілерде белгіленген жағдайларда, Банк Клиенттің шотынан/салымынан Клиенттің қандай да бір тапсырмасынсыз немесе өкімінсіз ақша қаражаттарын шығынға шығаруға міндетті екендігі жөнінде хабардар.
-
Банк Клиенттен ҚР заңнамасына сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және басқа ақпаратты сұратуға құқылы. Клиент Банкке валюталық бақылау агенті ретінде ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде Клиенттің шоты бойынша операцияларды жүргізуге қажетті барлық құжаттарды және ақпаратты беруге міндетті.
-
Банк Клиенттен ақша қаражаттарымен операциялар туралы қосымша ақпаратты және құжаттарды, сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес пайда алушыларды белгілеуге мүмкіндік беретін ақпарат пен құжаттарды сұратуға құқылы.
-
Банк төлем деректемелерін көрсеткен кезде Клиент жіберіп алған қатені анықтаған, Банкке қажетті құжаттар пакетін бермеген немесе толық бермеген жағдайда, сонымен қатар, операциялар ҚР заңнамасына, банктік ережелерге және Шарт талаптарына қайшы келген жағдайда, Клиенттің тапсырмасын орындамауға құқылы.
-
Банк 2009 жылғы 28 тамыздағы№ 191-IV «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) қарастырылған Банк сұранымы бойынша ақпарат және құжаттар берілмеген операцияларды жүргізу туралы Клиенттің өкімін орындаудан бас тартуға құқылы.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
-
Тараптар ҚР заңнамасына және Шарт талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін жауап береді.
5.2. Банк өзіне байланысты емес себептермен туындаған және Клиенттің Банктің хабарламасын және Шоттар бойынша Есептер/Үзінді көшірмелерді уақытында алмауына немесе алмауына әкеп соқтырған пошта, интернет, байланыс желісінің жұмысы тоқтап қалғаны үшін жауап бермейді. Банк техникалық тоқтап қалған жағдайда (электр қорегі мен байланыс желілері өшірілген/бұзылған, Банктің процессингтік орталығы мен деректер базасы тоқтап қалғанда, төлем жүйелері техникалық тоқтап қалғанда), сонымен қатар, Банктің Шарттың және/немесе Шарт шегінде жасалған шарттардың талаптарын орындамауына әкеп соқтырып, Банктің бақылауынан тыс болған басқа жағдайларда мүліктік жауапкершіліктен босатылады.
5.3. Банк Клиенттің шоттары, Төлем карточкасы, Клиенттің бақылау ақпараты, пайдаланушының Идентификаторы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесінің парольдері немесе Клиент жүргізген операциялар туралы ақпарат байланыс арналарын пайдалану кезінде ақпаратты тыңдау немесе тосқауылдау нәтижесінде үшінші тұлғаларға белгілі болған жағдайда, жауап бермейді.
5.4. Банк Клиенттің Төлем карточкасы, ДСН, Клиенттің бақылау ақпараты, пайдаланушының Идентификаторы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесінің парольдері туралы ақпарат Клиент оларды сақтау және пайдалану талаптарын дұрыс орындамау нәтижесінде басқа адамдарға белгілі болған жағдайда, жауап бермейді.
5.5. Банк банктік ережелер мен шарттарда қарастырылған процедураларды пайдаланып, уәкілетті емес тұлғалардың өкім беру деректерін анықтай алмаған жағдайда, Банк уәкілетті емес тұлғалардың берген тапсырмаларын орындау салдары үшін жауап бермейді.
-
Банк Клиенттің Шарт талаптарын орындамағаны үшін жауап бермейді.
5.7 Банктің Клиент алдындағы жауапкершілігі Клиенттің заңсыз іс-қимылы немесе Банктің біле тұра немесе дөрекі немқұрайлылықпен әрекет етпеуі нәтижесінде туындаған құжаттамалық расталған нақты шығындармен шектеледі. Банк қандай жағдай болса да Клиенттің алдында қандай да бір жанама, сырттай немесе кездейсоқ шығын немесе зиян (оның ішінде жіберіп алған пайда) үшін, тіпті, егер ол осындай шығын немесе зиян келтірілу мүмкіндігі туралы хабардар болса да, жауап бермейді.
5.8 Клиент Банк бөлімшелерінде Банктік қызмет көрсету талаптарында қарастырылған оны сәйкестендіру және бірегейлендіру құралдары пайдаланылып өз-өзіне қызмет көрсету құрылғысы, «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы жүргізілетін барлық операциялар үшін жауап береді.
5.9 Клиент Банк алдында Шарттың талаптарын немесе ережелерін не заңнамалық немесе нормативтік актілерді Клиент бұзу нәтижесінде Банкке келтірілген шығындар мен зияндар үшін жауап береді.
6. ФОРС-МАЖОР
6.1 Банк Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін, егер мұндай міндеттемелерін форс-мажор жағдайларының туындауына байланысты орындауы мүмкін болмаса немесе қиын болса, не кешіктірілсе, ҚР немесе басқа елдердің мемлекеттік органдарының, ҚР Ұлттық Банкi немесе басқа елдердің орталық (ұлттық) банктерінің (оның ішінде шетелдік валютаны айырбастау және аудару бойынша шектеулер) қандай да бір заңнамалық немесе нормативтік актілерін, шешімдері мен т.б. қабылдау, жариялау немесе талқыламасын не қолданылуын өзгертуіне шектеу қойылмаса, соның нәтижесінде Банктің өз міндеттемелерін орындауы заңсыз немесе құқық бұзушылық болатын болса, сонымен қатар, іріткі салу, өрт, су тасқыны, жарылыс, апаттық жағдайлар, азаматтық қозғалыстар, ереуілдер және кез келген қызметкерлердің бас көтерулері, бас көтерулер, тәртіпсіздіктер, соғыс немесе үкімет әрекеттері не Банктің ықыласты бақылауынан тыс болған кез келген басқа жағдайларда ("Дүлей күш жағдайлары ") жауап бермейді. Егер тараптар кері байланыс жасап жазбаша келісе алмаса, Дүлей күш жағдайлары басталған кезде, Банк осы Дүлей күш жағдайларының әрекеті тоқтатылған сәтке дейін Дүлей күш жағдайларының әрекетіне тап болған Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын тоқтатуға құқылы.
7. АҚПАРАТТЫ ӨЗГЕРТУ, ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
7.1 Клиент Банкке Өтініште көрсетілген жеке деректерінің өзгерістері туралы, олар өзгерген күннен бастап жеті күнтізбелік күннің ішінде хабарлауға, сонымен қатар, Банкке жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері және басқасы) өзгерістерін растайтын құжаттарды беруге міндетті.
7.2 Тараптардың Шартқа байланысты бір-біріне беретін барлық мәліметтер, оның мазмұны толығымен немесе бір бөлігі, сонымен қатар, келіссөздер жүргізу, осы Шартты жасау және орындау барысында екінші тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және басқа ақпарат Құпиялы ақпарат (далее – «Құпиялы ақпарат») деп есептеледі.
-
Құпиялы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, жария етуге немесе баспаға шығаруға екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімімен, немесе осылай жария ету ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті болғанда ғана рұқсат етіледі.
-
Тараптардың кез келгені екінші тарапқа Құпиялы ақпаратты жариялаған немесе таратқан жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа осындай ақпаратты жария ету салдарынан келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті, сонымен қатар, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
8. БАСҚА ТАЛАПТАР
8.1 Клиент Банктің ақпарат сипатындағы хабарды Клиенттің Өтінішінде немесе Шарт шегінде ресімделген өзге құжаттарда көрсетілген үй мекенжайына, жұмыс мекенжайына, электронды пошта адресіне не телефон нөмірлері бойынша, оның ішінде ұялы байланыс телефон нөмірлері, факс бойынша жіберуге құқылы екендігіне келіседі.
8.2 Тараптар бір-біріне Шартта көрсетілген мекенжайлар бойынша Шартқа қатысты ескертулер мен хабарламалар жібереді.
8.3 Банк өнімдері мен қызметтеріне қолданыстағы Тарифтер туралы ақпаратты, сонымен қатар, Банк жүргізетін операциялар, операциялар, оның ішінде осы Талаптарда айтылмаған операцияларды жүргізу талаптары туралы қосымша ақпаратты алу үшін Банк клиенттері тікелей Банктен, Банк филиалынан, филиалдың құрылымдық бөлімшесінен, Банктің Call Center-нен алуға, немесе http://www.sberbank.kz/ адресі бойынша Банктің интернет сайтында орналасқан ақпаратпен танысуға құқылы.
8.4 Банк Клиентке Банк алдындағы Клиенттің берешегін өтеу міндеттемелерін орындау мерзімі басталғаны туралы, сонымен қатар, Банк алдындағы бар міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің пайда болғандығы туралы кез келген байланыс құралдары, оның ішінде Клиенттің ұялы телефонына SMS-хабар, поштамен хат, жеделхат, дауыстық хабар, электронды поштамен хабар жіберу арқылы ақпарат беруге құқылы.
8.5 Клиент операция жүргізілген сәтте қолданыстағы Тарифтерге сәйкес Клиентке банктік қызмет көрсету үшін Банк белгілеген комиссиялар мен басқа да төлемдерді төлеуге міндетті.
Банк Клиент ұсынған жеке деректердің дұрыстығын тексеруге құқылы.
8.6 Клиент Банкке төмендегідей өкілеттік береді:
8.6.1 Клиентке Клиент шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы мәліметтерді, шоттар бойынша үзінді көшірмелерді, Шартты орындауға байланысты ақпаратты, Банк ұсыныстарын, Банк қызметтері туралы ақпараттық және жарнамалық хабарларды Клиенттің мекенжайына пошта жіберілімін ұйымдастыру, SMS-хабарлар жіберу және электронды поштамен жіберу арқылы беру;
8.6.2 Клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты Банк қызметтері туралы ақпараттық және жарнамалық хабарларды тапсыру үшін Клиентпен телефонмен байланыс жасау үшін Банкпен құпиялылық туралы келісім жасалған үшінші тұлғаға беру;
8.6.3 Банк Серіктесіне Клиент туралы ақпаратты Шартты орындау үшін қажетті Клиент таңдаған карточкалық өнім бойынша Банк және Банк Серіктесі жүргізетін Карточка шығару бағдарламаларында тіркеуді жүзеге асыру үшін беру;
8.6.4 Клиенттің жеке деректері сақталған құжаттарды сақтау мақсатында, сонымен қатар, олардың электронды үлгілерін құру және сақтау үшін көрсетілген құжаттарды Банкпен Қызмет көрсету туралы шарт және құпиялылық туралы келісім жасалған мамандандырылған компанияларға тапсыру;
8.6.5 Клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты Клиенттің жазбаша келісімімен Банктің Клиентке шығарған Төлем карточкасын дербес ету мақсатында, Банкпен құпиялылық туралы келісім жасалған үшінші тұлғаға беру.
8.7 Тараптар Шартты орындауға байланысты туындаған даулар мен шағым талаптарды келіссөздер жүргізу арқылы реттеуге міндетті.
8.8 Егер осындай даулар келіссөздер жүргізу арқылы реттелмесе, онда тараптар сот көмегіне жүгінеді. Тараптар арасында туындаған даулар сот тәртібінде шешілген жағдайда, сотта қаралу Банктің және/немесе оның филиалының орналасқан орны бойынша анықталады.
8.9 Клиент оның Банктегі шоттарына байланысты қандай да бір даулы жағдайды анықтаған жағдайда, Клиент бұл жөнінде Банкке Банк бөлімшесіне жазбаша өтініш беру арқылы тез арада хабарлауға міндетті.
8.10 Банк туындаған даулы жағдайды реттеу бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды және Клиентке оның өтінішінің қаралу нәтижесі туралы жазбаша хабарлайды. Банк туындаған даулы жағдайды реттеу үшін Клиентті Банктің уәкілетті қызметкерімен жеке кездесуге шақыра алады.
8.11 Осы Шарттың қандай да бір ережелері заңсыз, күшінде емес немесе сотта қорғалмайды деп есептелген немесе танылған жағдайда, Шарттың қалған ережелерінің заңдылығы айтылмайды.
8.12 Тараптар осы Шарт тілі деп мемлекеттік және орыс тілдерін таңдаған. Тараптар осы Шарт тілі оларға толығымен түсінікті, Шарттың жалпы және оның жеке бөліктерінің мағынасы мен мәні толығымен айқын екендігін келіседі. Осы Шарттың әр тілдегі мәтіні әр түрлі оқылған (қайшы келген) жағдайда, орыс тіліндегі мәтіні басымды деп есептеледі.
9. БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ БҰЗЫЛУЫ, ШОТТАРДЫ ЖАБУ
9.1 Осы Шарт мерзімі шектелместен қолданылады.
9.2 Тараптар Шарттың күші Шарттың шегінде жасалған немесе Шарт қолданылатын кезеңге түсетін Клиенттің соңғы шоты/салымы жабылған сәтте, сонымен қатар, Шартта қарастырылған Банк қызметтерін пайдалану аяқталған соң тоқтатылады. Клиенттің соңғы шоты жабылған сәтте Шарт бойынша Банк алдында өтелмеген берешегі, оның ішінде овердрафт бойынша берешегі, сонымен қатар, Банк комиссияларын төлеу бойынша берешегі болған жағдайда, Шарттың күші осындай берешекті толығымен өтеген соң тоқтатылады.
9.3 Клиент Шартты кез келген сәтте бұзуға құқылы, бұл жөнінде Банкке Шартты Банк белгілеген нысан бойынша бұзу туралы жазбаша өтініш беру арқылы 30 (отыз) жұмыс күні бұрын хабарлауы тиіс.
9.4 Банк бір жақты тәртіпте, Клиенттің шоттары/салымдары болмаған, Клиент Шарт шегінде ашылған/ұсынылатын қызметтерді пайдаланбаған жағдайда, Клиентке ҚР заңнамасына сәйкес өз шешімі туралы жазбаша хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
9.5 Банк Клиенттің Шартты бұзатындығы туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда, Банк Клиентке шығарылған барлық Төлем карточкасының (қосымша Карточкаларды қосқанда) күші жойылды деп жариялауға және оқшаулауға құқылы.
9.6 Банк Клиенттің Шартты бұзатындығы туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда, Клиенттің «Сбербанк ОнЛ@йн Банкинг» жүйесі арқылы операция жүргізуі оқшауланады. Банкке бұрын төленген комиссиялар қайтарылмайды және Банк алдындағы берешегін өтеу есебіне есептелмейді.
9.7 Шарттың бұзылуы Клиенттің Төлем карточкасы шоттарын жабуға негіздеме болып табылады.
9.8 Банк Клиенттің шоттарын/салымдарын Шартқа, ҚР заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте жабады.
9.8.1 Төлем карточкасы шоттарын жабу «Жинақ банкі» АҚ ЕБ төлем карточкаларына қызмет көрсету талаптарында» (Банктік қызмет көрсету талаптарының №5 Қосымшасы) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
9.8.2 Клиенттің салымдарын жабу «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де салымдарды орналастыру ережелерінде» (Банктік қызмет көрсету талаптарының 2 Қосымшасы) және тиісті «Ақша қаражаттарын салымға орналастыру туралы шартқа қосу өтінішінде» белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
9.8.3 АМШ жабу «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де жеке тұлғалардың аллокирленбеген металл шоттарымен операциялар жүргізу талаптарында» (Банктік қызмет көрсету талаптарының №15 Қосымшасы) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
9.8.4 Шоттарды жабу «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-де ағымдағы шоттарды, талап етілгенге дейін салымдарды ашу және сол бойынша операциялар жүргізу ережелерінде» (Банктік қызмет көрсету талаптарының №24 Қосымшасы) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
9.9 Төлем карточкасы шотын жабу туралы өтінішті алғанға дейін Банктің Төлем карточкасы шоты бойынша орындауға қабылдаған нұсқауларын орындау үшін жабылатын Төлем карточкасы шотында Шартқа сәйкес оқшауланған ақша қаражаттары болған кезде, шот Клиент нұсқауынан бас тартқан жағдайда жабылады, ал осындай нұсқаудан бас тарту мүмкін болмаған жағдайда, шот Банк оны орындаған соң жабылады.
9.10 Банк Төлем карточкасы шоттарын жабу туралы өтініш алған жағдайда, жабылатын шотқа шығарылған барлық Төлем карточкалары (оның ішінде қосымша карточкалар) оқшауланады, күшінде емес деп жарияланады және Клиент Банкке қайтаруы тиіс.
9.11 Клиент банктік шоттарды/салымдарды жапқан сәттен бастап, Клиенттің тиісті шотқа/салымға берген ұзақ созылған тапсырмасы күшін жояды, Банк Клиенттің төлем тапсырмалары мен өзге де нұсқауларын орындауға қабылдауды тоқтатады және шотқа/салымға түскен ақша қаражаттарын аударуды тоқтатады және оларды қаражат түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберушінің мекенжайына қайтарады.
9.12 Банк Клиентке оның Банктегі шоты/салымындағы ақша қаражатының қалдығын қолма-қол ақша қаражатымен қайтарады немесе Клиенттің тапсырмасы бойынша басқа шотқа/салымға аударады.
9.13 Төлем карточкасы шотының жабылуы Клиенттің Төлем карточкасы шоты бойынша Банк алдындағы берешегін, оған қоса, Банк комиссияларын төлеу бойынша берешегін өтеу міндетін тоқтатпайды.
9.14 Тараптар Шарт бұзылған жағдайда, Банк пен Клиент арасында жасалған/Банк белгілеген, шоттардың жеке түрлерін ашуды және қызмет көрсетуді, банктік қызметтер мен өнімдерді ұсынуды реттейтін жеке шарттар, келісімдер мен қызмет көрсету ережелері (талаптар) өз алдына шарт, келісім және қызмет көрсету ережелері (талаптар) ретінде қолданыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: |