Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы


№ 4 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред



бет5/6
Дата01.07.2016
өлшемі358 Kb.
#170511
1   2   3   4   5   6
№ 4 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

128. Аукционға қатысуға таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшы қызметкерлеріне, сауда-саттықты жүргізуші ұйымдастырушыға, тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлары болып табылатын тұлғаларға қатысуға жол берілмейді.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 129-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



129. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аукцион арқылы сатып отырған мүлкін сатып алуға тілек білдірген тұлғалар кепіл жарна енгізеді.

130. Аукционға қатысу үшін кепіл жарна барлық таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әрбір сату объектісі үшін оның бастапқы бағасының бес проценті болады.

131. Кепіл жарна қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылады:

1) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою;

2) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;

3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау.

132. Қатысушылар кепіл жарнаны кез келген санда енгізуі мүмкін. Бір кепіл жарна сауда-саттыққа қатысу және ол кепіл жарна енгізген нақты бір лотты сатып алу құқығын береді.

133. Кепіл жарнаны қатысушының атынан осы Ереженің 128-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізуі мүмкін. Кепіл жарнаны алушы сатушы болып табылады.

134. Сауда-саттықта жеңіске жеткен және сатып алу-сату шартын жасаған қатысушының кепіл жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша есептелетін төлемдердің шотына есептеледі.

135. Сатушы кепіл жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:

1) аукцион өткенге дейінгі үш күн ішінде аукционға қатысудан бас тартса;

2) сауда-саттық жеңімпазы сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;

3) қатысушының оның қорытындысымен келіспей, негізсіз сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартуы;

4) сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

136. Барлық басқа жағдайларда кепіл жарналар аукцион аяқталғаннан кейін бес банктік күннен аспайтын мерзімде, ал егер сатушының банктік шотына ақша аукционнан кейін түскен болса, онда олар түскен күннен бастап бес банктік күн ішінде қайтарылады.

137. Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жасалады және аукционның басталуына бір сағат қалғанда аяқталады.

138. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды беру қажет:



1) аукционға қатысудың белгіленген нысан бойынша өтінімді;

2) жеке басты куәландыратын куәлікті немесе жеке басты куәландыратын өзге құжатты;

3) кепіл жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордерінің көшірмелерін;

4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



5) заңды тұлғалар қосымша жарғының, заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәліктің нотариатта куәландырылған расталған көшірмелерін береді.

139. Аукционға қатысушыларды тіркеу сатушы ерікті нысанда жүргізетін сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу журналында тіркеледі.

140. Тіркеуден өткен тұлға аукцион болатын күні аукцион нөміріне айырбасталатын қатысушы билетін алады. Аукцион нөмірін сауда-саттық барысында басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.

141. Аукционға қатысушының мынадай мүмкіндіктері бар:



1) сауда-саттыққа жеке немесе өз өкілдері арқылы қатыса алады;

2) ақысыз қосымша мәліметтер алуға, сауда-саттыққа шығарылған сату объектісі туралы нақтылауға;

3) сауда-саттықтағы сатылып жатқан сату объектісін алдын-ала қарауға;

4) оның құқықтары бұзылған жағдайда сотқа шағым жасауға;

5) осы Ереженің 135-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл жарнасын қайтарып алуға;



6) аукционға қатысу жөніндегі өзінің өтінімін, бұл туралы сатушыға жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алуға.

142. Аукционға кіріс билетін төлеген барлық ықылас білдірушілер қатыса алады. Кіру билетін сатушы дербес белгілейді, бірақ ол билеттің бір ең төмен есептік көрсеткішінен аспауы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аукцион қатысушылары, уәкілетті органның және кредиторлар комитетінің өкілдері кіру билеттерін төлеуден босатылады.

143. Сатушы былай жасай алмайды:

1) қатысушыдан аукционға қойылған лоттар қатарынан соны немесе мынаны сатып алғысы келетіндігі туралы ақпаратты талап етуге;

2) сауда-саттыққа дайындық кезінде және оны өткізу кезеңінің барысында сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге;

3) аукционға қатысушылардан осы Ереженің 138-тармағында аталғандардан басқа, қатысушы ретінде тіркелу үшін қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге.

144. Аукционды сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізеді. Аукцион сату объектісінің қысқаша сипаттамасы, лоттың бастапқы (барынша төмен) бағасы, бағаның өзгеру қарқыны және сауда-саттықты жүргізу әдісі көрсетілген жүргізу ережелерін хабарлаудан басталады. Қатысушы тұлғалар аукционның барысына ықпал ете алмайды немесе оны жүргізу тәртібін бұза алмайды, керісінше болған жағдайда олар аукцион өтіп жатқан залдан шығарылып жіберілуі мүмкін.

145. Сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы сауда-саттықты жүргізу барысында қадамын жариялай отырып өзгертуі мүмкін. Қадамын өзгерту сатылатын объектінің бастапқы бағасының бестен бастап онға дейінгі проценті шегінде белгіленеді.

146. Сауда-саттықтағы лоттарды рет-ретімен қою туралы шешімді сауда-саттықты жүргізуді ұйымдастырушы қабылдайды. Бұл тәртіп аукцион картасында белгіленген тәртіппен сәйкес келмеуі мүмкін.

147. Аукционға бірнеше лоттарды шығарған кезде әрбір лот бойынша сауда-саттықтың әртүрлі әдістерін жасауға жол беріледі.



ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 148-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

148. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірі бойынша жүргізіледі:

1) сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын жариялайды. Қатысушылар нөмірлерін көтеру арқылы сауда-саттыққа қатысушылар бастапқы бағаны көтере береді, бірақ ол жарияланған қадамнан кем болмауы керек. Сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы сауда-саттықта лот бойынша қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды, бағаны бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық барынша жоғары ұсынылған бағаға дейін жүреді. Лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы сауда-саттықты ұйымдастырушы арқылы жарияланады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда балғаны ұрып, сауда-саттықтың жеңімпазын және осы лоттың сатылғандығын жариялайды.

Ағылшын әдісі бойынша жүргізілген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледі:

сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс білдірушілерден өтінім болмаған жағдайда;

сауда-саттыққа қатысуға тек бір ғана өтінім берілуі;

сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуі;

сауда-саттық жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысу тәртібінің бұзылуы;

2) сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы лоттың бастапқы және барынша төмен бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, жарияланған қадам бойынша оны төмендетеді. Сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы баға жарияланғандағы ең бірінші аукциондық нөмірін көтерген қатысушы нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды, және басқа нөмірлер көтерілмеген жағдайда, балғаны ұру арқылы сауда-саттықтың жеңімпазын және осы лоттың сатылғандығын жариялайды. Осы баға сауда-саттыққа қойылған лоттың барынша төмен бағасынан төмен болуы тиіс емес. Барынша төмен бағаны таратылатын банктің кредиторлар комитеті бекітеді. Кредиторлар комитеті болмаған жағдайда сауда-саттыққа қойылған лоттың барынша төмен бағасын тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және ол бағалау қызметін жүзеге асыратын лицензиясы бар бағалаушыны тарту арқылы тарату комиссиясы белгілеген оның соңғы бағалау құнының елу процентінен төмен болуы мүмкін емес.

Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша бірінші рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 80%-дан төмен болмауы керек. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және бірнеше рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы мүлікті бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) тарта отырып, тарату комиссиясы белгілеген соңғы баға құнының 50%-нан төмен болмауы керек.

Жеребе тарту нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушының конверттердің біріне «жеңімпаз» жазуы бар парағы, ал басқасындағы (олардағы) таза парақ салып дайындаған конверттерінің бірін суырып алу арқылы жасалады. Сауда-саттық жеңімпазы болып «жеңімпаз» жазуы бар парақ болған конвертті суырып алған сауда-саттық жеңімпазы болып танылады.

Сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы лоттың барынша төмен бағасын жариялау кезінде қатысушылардың ешқайсысы осы лотты сатып алуға тілек білдірмеген жағдайда лот сауда-саттықтан алынып тасталады.

Голланд әдісі бойынша жүргізілген сауда-саттық мынадай жағдайда өткен жоқ деп есептеледі:

сауда-саттыққа қатысуға ұсыныс білдірушілерден өтінім болмаған жағдайда;

сауда-саттыққа қатысуға тек бір ғана өтінімнің берілуі;

сауда-саттыққа қатысушылардың келмеуі;

сауда-саттық жеңімпазының сауда-саттық хаттамасына қол қоюдан бас тартуы немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысу тәртібінің бұзылуы.

Егер, сауда-саттық жасалмаған жағдайда, Сауда-саттықты ұйымдастырушы жасалмаған сауда-саттық туралы хаттаманы жасайды.

149. Аукцион оған екіден кем емес қатысушы қатысқан жағдайда өткізілді деп есептеледі.

150. Аукционға бірінші рет қойылған мүлікті сату сауда-саттықтың тек қана ағылшын әдісі бойынша жүргізіледі.

151. Осы Ережеде аты аталған аукцион өткізудің кез келген бір әдісі бойынша сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда, сатушы таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін сату жоспарына өзгерістер енгізеді. Мүлікті сату жоспарына енгізілген өзгерістерді кредиторлар комитеті, ал ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жіберіледі. Өзгерістерде сатылатын лоттардың өзге құрылымы және (немесе) өзге бастапқы (барынша төмен) бағасы болады.

152. Сауда-саттықты жүргізу кезінде бір сатып алушы қатысатын мүлікті сату жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы ұсынылып отырған лотты бір ғана қатысушыға ағылшын әдісі бойынша бастапқы бағадан төмен емес, голланд әдісі бойынша барынша төмен бағадан кем емес бағамен сатады.

153. Сол күні әрбір сатылған лот бойынша сауда-саттықтың нәтижесі сауда-саттықтың нәтижесі туралы хаттамамен ресімделеді, оған сауда-саттықты жүргізетін ұйымдастырушы, сауда-саттық жеңімпазы және сауда-саттықтың соңында әрбір лот бойынша барлық қатысушылар қол қояды. Сауда-саттыққа қатысушыларға кепіл жарна сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойған жағдайда ғана қайтарылады. Хаттамаға қол қоймаған сауда-саттыққа қатысушы оның қорытындысымен неге келіспейтіндігін жазбаша негіздеп береді.

154. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан сауда-саттық жеңімпазы одан әрі аукционға қатысу құқығынан айырылады. Бұл жағдайда осы объектідегі сауда-саттық жаңаланады.

155. Сауда-саттық қорытындысы туралы хаттама сауда-саттық жеңімпазының және сатушының объектіні сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартын жасайтын сауда-саттық қорытындысы мен міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.

156. Аукцион өткеннен кейін үш күн ішінде шарттың мәні, тараптар құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі, сату объектісінің түпкілікті бағасы, төлем шарттары, тараптар деректемелері, сондай-ақ сатып алушы мен сатушы қол қоятын, тараптар арасында жасалатын сауда-саттық объектісін қабылдау-өткізу актісін жасайтын тараптардың көздеуі бойынша өзге талаптар көрініс табатын сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

 

 

2-параграф. Сауда-саттыққа қатысушылар арасында



есеп айырысуды жүргізу тәртібi

 

157. Сатып алушы мен сатушы арасында сатып алу-сату шартын жасағаннан кейін бес банктік күннен кешіктірмей сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және растама ретінде оған тиісті төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

158. Сатып алушы аукционда сатып алынған мүлік үшін қажетті төлемді осы Ереженің 157-тармағымен белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, сатушы осы шарттың талаптарында көзделген біржақты тәртіппен сатып алу-сату шартын бұзады. Сатып алушы енгізген кепіл жарна оған қайтарылмайды және осы мүлік сауда-саттыққа екінші рет қойылады. Сатып алушының сату объектісі үшін төлем енгізбеген кездегі жауапкершілігі оның сатушымен жасалған сатып алу-сату шартында көзделеді.

 

 



10-тарау. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының

мұрағатқа құжаттарын сақтауды және беруді ұйымдастыруға

қойылатын талаптар

 

159. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы есеп беру, сақталуы тиіс құжаттарды ресімдеу мен сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде мұрағатты және құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес тарату комиссиясының қызметіне байланысты мәселелер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына қойылатын барлық талаптарды орындауды қамтамасыз етеді.

160. Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясының құрамы өзгерген жағдайда сақталуы тиіс істерді және құжаттарды тарату комиссиясының жаңа құрамына (оның жеке мүшелеріне) қабылдау-беру таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерін және құжаттарын қабылдау-өткізу актісі негізінде жасалады.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 161-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

161. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттардың сақтау мерзімі көрсетілген тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 377 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3422 тіркелген) белгіленеді.

162. Істер мен құжаттардың сақтау мерзімін есептеу іс жүргізу аяқталған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан басталады.

163. Сақтауға жатқызылмайтын құжаттарды жою мұрағатты және құжаттаманы басқару жөніндегі тиісті органның сараптамалық-тексеру комиссиясымен келісіліп, тарату комиссиясының төрағасы бекіткен актімен ресімделеді.

164. Құжаттарды тиісінше ресімдемей және келіспей жоюға, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімін бұзуға жол берілмейді.

165. Таратылған жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорын тарату толық аяқталу сәтінде сақтау мерзімі өтпеген, уақытша сақталуы тиіс құжаттары уәкілетті органның аймақтық өкілдіктеріне қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі.

166. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақты сақталуы тиіс құжаттары тиісінше ресімделеді және уәкілетті мемлекеттік органның мұрағатты және құжаттаманы басқару органына беріледі.

167. Істерді мұрағаттық сақтауға беруге дайындау кезінде құжаттардың есебі мен сақталуын ұйымдастыруға жауапты тұлға тізімдемеге енгізілген істердің ресімделуінің, қалыптасуының және істер санының сәйкестігінің дұрыстығын, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының іс номенклатурасына сәйкес расталған істер санын тексереді. Құжаттарды беру тізімдемелер бойынша жүзеге асырылады және актімен ресімделеді.

Егер таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын өңдеудің жай-күйі және сапасы тиісінше жағдайда болмаса, онда тарату комиссиясы оны тәртіпке келтіруді ұйымдастырады.

Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын сақтауды ұйымдастыру жөніндегі шығыстар таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

 11-тарау. Таратуды аяқтау



 

168. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуы аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы сотқа уәкілетті органмен келісілген тарату туралы есепті және тарату балансын ұсынады.

Сот тарату туралы есепті және тарату балансын бекітеді және тарату өндірісінің аяқталғандығы туралы ұйғарым шығарады.

169. Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшірмесін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, сондай-ақ уәкілетті органға жібереді.

170. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін тоқтатуды тіркеу оларды мәжбүрлеп тарату кезінде Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 131 Қаулысымен 170-1-тармақпен толықтырылды



170-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.

171. Тарату комиссиясының өкілеттігі жинақтаушы зейнетақы қорының таратылуын тіркеу туралы әділет органының бұйрығын алғаннан кейін, жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттарын мұрағатқа сақтау үшін тапсырғаннан кейін және бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлағаннан кейін тоқтатылады.

 

 

12-тарау. Қорытынды ережелер



 

172. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес шешілуі тиіс.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01. № 4 Қаулысымен 1-қосымша толықтырылды



 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын

                                       мәжбүрлеп тарату ережесіне

                                               1-қосымша

 

___________ жылғы __ тоқсанға



тарату шығыстарының сметасы

 

___________________________________________________

таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

 




Шығыстар бабы атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

1

2

3

Ай

 

1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары

 

1.1

Тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерінің еңбегіне, сондай-ақ еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары

 

 

лауазымды жалақы сомасы

 

 

жеке табыс салығы сомасы

 

 

міндетті зейнетақы жарнасы сомасы

 

1.2

Өтелмелі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған қызметкерлердің еңбектеріне ақы төлеу шығыстары

 

2

Бюджетке ақша аудару жөніндегі шығыстар

 

 

әлеуметтік салық

 

 

әлеуметтік аударымдар

 

 

мүлікке салынатын салық

 

 

көлік құралдарына салынатын салық

 

 

жер салығы

 

 

қосылған құн салығы

 

 

жер учаскесін пайдалану төлемі

қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем

 

3

Әкімшілік шығыстар

 

 

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

байланыс қызмет көрсетулері

 

 

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

көлікті күзету жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

көлікті тіркеу жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

коммуналдық қызмет көрсетулер

 

 

мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын ағымдағы жөндеу, негізгі құрал-жабдықтарға техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жөніндегі жұмыстар

 

 

үй-жайды жалдау

 

 

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

мүлікке баға беру жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

жылу жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

сантехникалық жұмыстар

 

 

мүлікті сақтау жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

мемлекеттік баж салығын төлеу

 

 

нотариатта куәландыру жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

терезелер, есіктерге торкөзді дайындау және қою жөніндегі жұмыстар

 

 

аукциондар өткізу жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

инкассациялық қызмет көрсетулер

 

 

сараптама жасау жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

аудит жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

құжаттарды аудару жөніндегі қызмет көрсетулер

 

 

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе тасымалдау

 

 

өзекті жағдайдағы акционерлер тізіліміне қолдау көрсететін тіркеуші қызметі

 

 

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі қызмет және оларды мұрағатқа тапсыру

 

 

таратуды тіркеу жөніндегі алымды төлеу

 

4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары

 

 

офис жабдықтарын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау

 

 

көлік құралдарын ұстау

 

 

үй-жайларды ұстау

 

 

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу

 

 

кеңсе тауарларын сатып алу

 

 

жанар-жағар май материалдарын сатып алу

 

5

Іссапарлық шығыстар

 

6

Көзделмеген шығыстар

 

Бір айдың қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

Бір айдың қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

Бір айдың қорытындысы

 

Тоқсан ішіндегі барлығы

 

 

Тарату комиссиясының

төрағасы     _____________________________________  ________________

                             (тегі, аты, бар болса әкесінің аты)     (қойған қолы) 

 

Бас бухгалтер _____________________________________ ________________

                               (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)   (қойған қолы)  

 

Орындаушы  ________________________________________ ________________      ____________

                      (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)    (қойған қолы)                               телефон.

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.01.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет