«Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру


Елтаңбасы   Уәкілетті органның толық атауы



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі486.05 Kb.
#5710
1   2   3
Елтаңбасы

 

Уәкілетті органның толық атауы

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге

асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға

Лицензия

 

Лицензияның нөмірі_____Берілген күні_______жылғы «__»_______________

____________________________________________________________________

жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы

 

Осы лицензия:

1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығын береді.

____________________________________________________________________

Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге

асыруға ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

 

бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметке:

____________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

Төраға (Төрағаның орынбасары)

 

Мөр орны                              Алматы қаласы

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың



құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтыруларды әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,

сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы

қорларының зейнетақы жарналарын

тарту және зейнетақы төлемдерін

жүзеге асыру мен бағалы қағаздар

рыногындағы қызметті жүзеге асыру

жөніндегі қызметін лицензиялау

ережесіне 8-қосымша

 

____________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(жинақтаушы зейнетақы қорының толық атауы)

Өтініш

 

1) зейнетақы жарналарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға

2) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға

____________________________________________________________________

(қызмет түрін көрсету қажет)

лицензия беруіңізді сұраймын

 

Жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

____________________________________________________________________

(телефон, факс).

2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

зейнетақы жарналарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға____________________________

____________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

 

бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға

____________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

 

3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

__________________________________________________________________________ 

Қор және қордың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауапты

болады______________________________________________________________

(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, лауазымы)

_____________________________

(қолы)

___________жылғы «____»______________

 

Мөр орны

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың



құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтыруларды әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,

сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы

қорларының зейнетақы жарналарын

тарту және зейнетақы төлемдерін

жүзеге асыру мен бағалы қағаздар

рыногындағы қызметті жүзеге асыру

жөніндегі қызметін лицензиялау

ережесіне 9-қосымша

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған

ақпараттық жүйесін құруға және оның қауіпсіздігін

қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мынадай міндетті шағын жүйелерден:

1) жүйені басқару және ішкі аудит;

2) жинақталған зейнетақы қаражаты;

3) есептілік;

4) сыртқы жүйелері бар интерфейстен тұруы керек.

2. «Жүйені басқару және ішкі аудит» шағын жүйесі жүйені пайдаланушылардың қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз ету үшін арналған.

«Жүйені басқару» міндеті мынадай функциялардың орындалуын:

1) ақпараттық жүйенің пайдаланушылардың тобын анықтап, оларды орындайтын функциясы бойынша санатқа бөліп және олардың ақпаратқа қол жеткізу деңгейін белгілеуді;

2) пайдаланушылардың аутентификациясы;

3) операциялық күннің ашылуы/жабылуын;

4) жұмыс күнін ауыстыруды;

5) жүйені оқшаулау/оқшауламауды;

6) деректерді мұрағаттық және резервтік көшірмесін жасауды қамтамасыз етіп отыруы тиіс.

«Жүйенің ішкі аудитінің» міндеті мынадай функциялардың орындалуын:

мынадай атрибуттардың сақталынуымен оқиғалар жүйесінде болған тіркеуді және бірегейлендіруді: оқиғаның басталу уақыты және күні, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушы, жазбаның идентификаторы, бизнес-процестің орындалуының аяқталу уақыты және күні, бизнес процестің орындалу нәтижесі, қосымша атрибуттар;

шағын жүйенің бизнес процестерінің анықтамасын қарауды;

жүйелі оқиғалар анықтамасын қарауды;

аудиттің жағдайын басқаруды;

шағын жүйені пайдаланушыларға жүйелі оқиғаның және аудит жасалатын бизнес-процестерді тағайындауды;

бизнес процесс аудитінің электронды журналының файлын сақтау мен қарауды;

жүйелі оқиғалар аудиті журналын файлға сақтау мен қарауды;

бизнес - процесс аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды;

жүйелі оқиғалар аудитінің жазбасын мұрағатқа тасымалдауды қамтамасыз етіп отыруы тиісті.

«Ішкі аудит» міндетін пайдаланушылар үшін аудиторлық белгіні жүргізуді басқару бойынша мүмкіндіктер болуы керек. Пайдаланушы администраторда «Ішкі аудит» міндетін толығымен өшіру немесе қосу мүмкіндігі немесе шағын жүйенің әрбір пайдаланушысы үшін жеке тек қана таңдаулы оқиғаларды бақылауды белгілеу мүмкіндігі болуы тиіс.

Аудиттің жағдайын басқару бойынша оқиғалар жүйелі оқиғалар аудитінің журналына жүйенің «Ішкі аудит» жүйесінің міндеті өшірілуіне немесе қосылуына қарамастан үнемі жазылуы тиіс.

«Жүйені басқару және ішкі аудит» шағын жүйесіндегі «Ішкі аудит» міндетінің функцияларына қол жеткізу үшін тиісті функцияларға қол жеткізуге қосымша кіру құқығы қосылу керек.

3. «Жинақталған зейнетақы қаражаты» шағын жүйесі салымшының (алушының) міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби жарналары бойынша қаражатының есебін дербес жүргізуге, салымшылар (алушылар) арасындағы инвестициялық кірісті бөлуге және зейнетақы төлемдерін есепке алуға келесі функцияларды орындалуын:

1) міндетті, ерікті зейнетақы жарналары бойынша және ерікті кәсіби жарналар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын дербес есепке алуды жүргізуді;

зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша карточканы ашуды;

ашылған карточкаға өзгерістер енгізуді;

зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын түрлі өлшемдер бойынша сұрыптауды;

2) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарымен операцияларды аналитикалық және синтетикалық бухгалтерлік есеппен жүргізуді;

дербес зейнетақы шоттарын ашуды;

дербес зейнетақы шоттары бойынша операцияларды көрсетуді (зейнетақы жарналарының, айыппұлдың, өсімпұлдың, инвестициялық кірісті есептеу, жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару);

салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына біріктіруді;

дербес зейнетақы шоттары бойынша берілген уақыт интервалына деректерді жасауды;

салымшының (алушының) дербес зейнетақы шоттарынан үзінді көшірме жасауды;

3) салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына шартты бірлік санын есептеу және шартты бірлікте зейнетақы активтерінің құнын күн сайынғы қайта бағалау жолымен салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық кірісті бөлу, дербес зейнетақы шоттарына есептелген инвестициялық кірістің дұрыс бөлінуіне бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек;

4) зейнетақы төлемдерін жүзеге асырғанда келесі функциялардың орындалуын:

әрбір алушыға жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын есептеуді;

заңдарға сәйкес зейнетақы төлемдерінен тиісті сомасынан табыс салығын ұстап қалуды;

төлем құжаттарын жасауды;

берілген күнге зейнетақы төлемдеріне болжау жасауды;

әрбір салымшы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасының дұрыс есептелуін тексеруді, зейнетақы төлемдерінің сомасынан табыс салығын ұстап қалуды, төлем құжаттарын жасауды қамтамасыз етуі керек;

5) жинақталған зейнетақы қаражатының басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асырғанда мынадай функциялардың орындалуын:

зейнетақы заңдарының талаптарын сақтай отырып, аударымдардың мерзімділігін тексеруді;

дербес зейнетақы шоттарын жабуды;

төлем құжаттарын жасауды;

төлем құжаттарының дұрыс жасалғандығын тексеруді, сақтандыру ұйымының жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы қаражатының алғанын растауды;

дербес зейнетақы шоттарының тарихын өткізуді және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;

6) зейнетақы жарналары түскенде шағын жүйенің МТ-102 форматындағы салымшылардың (алушылардың) тізімін оқу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорының деректер базасымен салыстыру керек және деректемелерде айырмашылық немесе дербес зейнетақы шоты жоқ болғанда, қате есептелген зейнетақы жарналарының сомасын қайтарудың МТ-102 форматында төлем тапсырмасын жасауды;

7) жинақталған зейнетақы қаражатының есебінен орналастырылған инвестициялық кірісті есепке алу, (инвестициялық портфель) қаржы инвестицияларын есепке алуды;

8) меншікті активтер есебінен қаржы инвестициялары есебінің орындалуын қамтамасыз етуі керек.

4. «Есептілік» шағын жүйесі есеп беруді электронды түрде, электронды файлда және қағаз түрінде жеткізушілерде жасау үшін арналған.

Шағын жүйе мынадай функциялардың орындалуын:

уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептің электронды макетін жасауды;

есеп берудің бірдей көрсеткіштеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.

5. «Сыртқы жүйелері бар интерфейс» шағын жүйесі электронды ақпаратты:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарымен, өкілдіктерімен;

2) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен, оның бөлімшелерімен;

3) кастодион банкпен;

4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен;

5) уәкілетті органмен;

6) басқа заңды және жеке тұлғалармен айырбас жасауды қамтамасыз ету үшін арналған.

6. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жүйенің тұтас алғанда қызметтік сипаттамасын жақсартатын қосымша шағын жүйелер мен міндеттерді іске асыруға болады.

7. Жинақтаушы зейнетақы қорының сатып алынатын бағдарламалық қамтамасыз етуі лизенцияланған болуы керек.

8. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бағдарламалық-аппараттық тұғырнамасында тиісті платформасы, мыналарды:

1) ақпараттың үлкен көлемде сақталуын;

2) іздеудің тиімді алгоритмдері және соңғы ұрпақтың бағдарламалау тілі құралдарының деректерін өңдеуді;

3) деректер базасына қол жеткізу құқығын шектеуді;

4) деректердің қайшылықсыз және логикалық тұтастығын қамсыздандыруды қамтамасыз ететін деректер базасын басқару жүйесі болуы тиіс.

9. Ақпаратты қорғау.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылатын ақпаратты мынадай талаптарға сай қорғауды:

1) жинақтаушы зейнетақы қорының локальды желісінің жұмысы кезінде пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректеріне, функцияларына және ресурстарына кіру құқығын анықтап айыру қамтамасыз етілуі тиіс;

2) автоматтандырылған ақпарат жүйесінің әрбір пайдаланушысының әркімге қарауға мүмкіндік бермейтін сегізден кем емес символдан тұратын өз жеке паролі болуы тиіс және оны тек пайдаланушының өзі немесе басқарушы ғана өзгерте алатын болуы мүмкін;

3) жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының, өкілдіктерінің арасындағы ақпарат алмасуы криптографиялық қорғаныстың бағдарламалық құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Автоматтандырылған ақпарат жүйесі ақпараттық қауіпсіздіктің мынадай негізгі механизмдерімен қамтамасыз етілуі тиіс:

бірегейлендіру және аутентификациялау;

кіруді басқару;

хаттама жасау және аудит;

жинақтаушы зейнетақы қорының және оның филиалдарының, өкілдіктерінің арасындағы криптографиялық қорғаныс.

Вирус бағдарламалары іс-әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету рәсімдерін орындау арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

10. Ақпараттың сақталуы.

Автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсаты үшін жинақтаушы зейнетақы қоры мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) резервтік көшірме жасауды жүргізу және бағдарламалық қамтамасыз етуді және апатты жағдай пайда болған кезде автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасын қалпына келтіру бойынша құжаттамалық ресімделген рәсімдердің болуы;

2) резервтік көшірмелері бар магнитті тасымалдағыштарды жинақтаушы зейнетақы қоры тұрған жерден тыс жерде сақтау;

3) Автоматтандырылған ақпарат жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дүлей апатты және басқа да жағдайлар пайда болған кезде қамтамасыз ететін жинақтаушы зейнетақы қорының тұрған жерінен тыс резерв орталығының болуы.

Автоматтандырылған ақпарат жүйесі ақпараттың толық сақталуын мынадай кездерде электронды архивтерде және деректер базасында қамтамасыз етуі тиіс:

автоматтандырылған ақпарат жүйесінің кез-келген учаскесінде электр энергиясы толық немесе ішінара ажыратылған кезде;

жұмыс станциялары, шет жақтардағы және телекоммуникациялық жабдықтар бұзылып қалған кезде.

Сервер бұзылған кезде ақпаратты жоғалтуға жол беріледі, егер соңғы резервтік көшірме жасалған сәтте ақпаратты автоматтандырылған ақпарат жүйесінің технологияларын және деректер тұтастығын бұзбай қалпына келтіру мүмкіндігі бар болса.

Сервердің үзіліссіз қорек беру көзі сервердің техникалық сипаттамаларына сәйкес келуі және оның жұмыс қабілетін қорек ажыратылған сәттен бастап пайдаланушылардың операцияларын дұрыс аяқтауы үшін қажетті уақыт аралығында оның жұмыс қабілеттілігіне қолдау көрсете алатын болуы тиіс. Мұндайда үзіліссіз қорек беру көзіндегі батареяларының заряд беру деңгейінің төмендеуі сервердің ажыратылу процесін автоматты түрде күшейтуі тиіс.

11. Ақпараттың шынайылығы.

Ақпаратқа кіру және оны түзету екі рет кіру әдісімен орындалуы тиіс, не орындалған іс-қимылдар туралы фискальды ақпаратты енгізу міндетті болатын бұрыштама алу әдісімен орындалуы тиіс. Ақпаратқа кіру және оны түзету ақпараттың хронологиялық үзіліссіздігін және тұтастығын қандай жағдайда да бұзбауы тиіс.

Қаржы операцияларының есебі екі рет жазу әдісімен орындалуы тиіс. Енгізілген операциялардың қайсысы болмасын жоғалтылуы мүмкін емес. Қате енгізілген қаржылық құжаттар жойылмауы, тек сортталуы тиіс.

12. Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді көшірме жасау және қалпына келтіру. Резервтік көшірмелерді сақтау.

Ақпаратты және бағдарламалық қамтамасыз етуді көшірме жасау тәртібі бойынша көшірме жасау сәтінде жүйені толық қалпына келтіру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі, сонымен қатар қалпына келтіру деректердің жалпы тұтастығы бұзылмауы тиіс.

Деректер базасын және бағдарламалық қамтамасыз етуді резервтік көшірме жасау күнделікті жүзеге асырылады, ал мұрағаттық көшірме жасау - айына бір реттен кем емес.

13. Жүйенің ақпараттық және коммуникациялық құралдарына қойылатын талаптар автоматтандырылған ақпарат жүйесінің техникалық тапсырма сатысында жасалады.

14. Жинақтаушы зейнетақы қоры құрылымында автоматтандырылған ақпарат жүйесінің құрылуына, кіруіне және қызметіне жауапты болатын тиісті бөлімше қарастырылуы тиіс.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың



құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтыруларды әділет органдарында

мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру,

сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы

қорларының зейнетақы жарналарын

тарту және зейнетақы төлемдерін

жүзеге асыру мен бағалы қағаздар

рыногындағы қызметті жүзеге асыру

жөніндегі қызметін лицензиялау

ережесіне 10-қосымша

 

____________________________________________________________________

(уәкілетті органның толық атауы)

____________________________________________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

 

Өтініш

 

____________________________________________________________________

(бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрін көрсету қажет)

 

__________________ жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын

 

Өтініш беруші туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

__________________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйінің нөмірі)

____________________________________________________________________

(телефон, факс)

2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы

куәлігінің нөмірі және күні

____________________________________________________________________

3. Өтініш берушінің салық органында есепке тұруы жөніндегі куәлігінің нөмірі мен күні

__________________________________________________________________________

4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғам ұйымдастыру құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)___________________________

5. Өтініш берушінің шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктік бірегейлендіру коды

____________________________________________________________________

6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

__________________________________________________________________________Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауап береді.

_________________________________________________

(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты,

(бар болса) әкесінің аты)

(күні және қолы)

 

Мөр орны

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2007 жылғы

30 сәуірдегі № 123

қаулысына 2-қосымша

 

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3132 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 410 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4005 тіркелген).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4072 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 410 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 305 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4531 тіркелген).



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет