Житс және жүктілік


Аурудың негізгі белгілері



бет2/4
Дата08.12.2022
өлшемі0.67 Mb.
#466865
1   2   3   4
СРС 9 (1)

Аурудың негізгі белгілері: Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең – бастапқы АИВ-инфекция) 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.


Клиника

АИТВ - оң әйелдердің көпшілігі балалы болғысы келеді. Босанар алдында және босанған кезде медициналық араласудың қазіргі заманғы әдістері, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу тәуекелдігін іс жүзінде нөлге дейін азайтуға жәрдемдеседі. Соған қарамастан АИТВ –оң әйелдер осындай қадамға барудан бұрын «барлық «жақтайтынын» және «қарсылығын» саралап салмақтауы керек.

АИТВ-теріс ерден жүкті болуды қалайтын АИТВ-оң әйелдердің проблемалары

Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде серіктес-еркектен жұқтырудың болмашы тәуекелдігі болады. Егер әйел дербес өзі ұрықтануға арналған жинағын пайдаланса, мұны болдырмауға болады. Осынау қарапайым емшара барысында әйел, өз серіктесінің залалсыздандырылған ыдысқа құйылған кездегі ұрығын жинап өзін ұрықтандырады. Әйел денсаулығы бойынша ауруханалар мен ұйымдардың көпшілігі консультациялар беруді және жабдықтарын ұсына алады.

АИТВ-оң ерден жүкті болуды қалайтын АИТВ- теріс әйелдердің проблемалары

Инфекцияның балаға берілуі, жұқтырған анадан вирус балаға жатырында, босанған не емшекпен емізген кезде беріледі. Егер әкесі АИТВ жұқтырған, ал анасы жұқтырмаған болса, балаға әкесінің ұрығы арқылы тікелей жұқпайды. Егер әйел ұрықтану кезінде жұқтырған болса, балаға инфекция берілуінің едәуір тәуекелдігі болады, себебі сероконверсия кезінде әйелдердің вирустық жүктелімі әрине, жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет