- ана қанының ұрыққа әсерін күшейтуге әкелетін, босану кезіндегі жағдай; - плацентаның аналық безден ерте бөлінуі, нәресте терісінің зақымдануы (акушерлік щипцтен); - есірткіге тәуелді кезінде: жүктілік кезінде есірткіні енгізу үшін ортақ инені пайдалану; -басқа да инфекциялық аурулар (басқа да инфекциялар ананың иммундық жүйесін әлсіретеді, бұл баланың АИТВ жұқтыру тәуекелдігін арттырады).
Босану кезеңі
Бала көтеруі кезінде босанатын арна бойынша бала, жұқтырылған ананың қаны мен қынаптық безінің әсеріне шалдығады. Плацентаның аналық безден ерте бөлінуі, сонымен бірге осының бәрі бала терісінің сыртқы қабатын зақымдауға әкеледі (мысалы, акушер щипцін қолдану), бұл ана қанының балаға әсерін арттыруға әкелуі мүмкін.
Босанғаннан кейінгі кезең
Ана босанғаннан кейін вирусын, емшекпен емізу кезінде өз баласына беруі мүмкін. Бұған мынадай бірнеше алғы шарттар ықпал етпек:
- емшек сүті – нәрестенің негізгі қорегі, ол лейкоцитке, оның ішінде CD4 жасушаларға өте бай;
- нәрестенің асқазан –ішек жолы жетілмеген және альбуминды белсенді түрде жұтады;
- егер анасы емшегі ұшының төңірегі зақымданған болса, емшек емізу кезінде балаға қаны әсер етуі мүмкін.
Инфекцияның балаға берілуінің жоғарыда санамаланған тәуекелдігін азайтудың ықтимал тәсілдерінің өзі, ананың вирусты жүктелімін азайту және аналық бездің мойны не қынабынан секреторлы бөлініс, қан, емшек сүті секілді ананың жұқтырылған биологиялық сұйықтарымен баланың ықтимал байланысын ең аз мөлшерге келтіру мақсатын көздейді. Егер әйел абайлатудың осынау барлық шараларын қабылдайтын болса, тәуекелдікті едәуір дәрежеде азайтуға мүмкін болмақ. Алайда, бала үшін де, сонымен бірге ана үшін де АРТ өтуіне және жарып алуға байланысты тәуекелдік болады және ол талқылануға тиіс.
Жүктілікті үзу мүмкіндігі Әйел өзінде ұйғарым жасау үшін қатаң белгілі бір уақыт бар екенін, және оның немен байланысты екенін ұғынуға тиіс. Мәселен, жүктілігін ерте және кеш мезгілде үзу арасында едәуір айырмашылық бар. Өкінішке қарай, әйелдер консультациясынан тестілеуден өтіп жатқан әйел, жүктілік мерзімі 14 аптаға жетпейінше, нәтижесін біле алмайды. Бұл жасанды босандыру көмегі кезінде жүктілігін кеш үзу дегенді білдіреді Жүктілігін үзуді ұйғарған, АИТВ-оң әйелдер, ауқымды көмек пен консультация алуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |