Жүйке жүйесі ауруларының семиотикасы және диагностикасы. Орындаған: Бабасова А. К



бет6/13
Дата05.06.2024
өлшемі0.97 Mb.
#502357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
561871.pptx

Менингиальдық белгілерді анықтау.

  • Менингиальдық белгілерді анықтау.
  • Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; науқасты шалқасынан жатқызу ; дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды; дәрігер науқастың басын еңкейтеді; екінші қолының саусақтарымен иекпен төс арасындағы алшақтықты өлшейді; алған мәліметіне қорытынды береді.Керниг,Брудзинский белгілерін анықтаймыз.

Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті.

  • Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті.

  • Сезімталдық түрлері.
  • Жалпы сезімталдық
  • қарапайым
  • беткей (экстероцептивті)
  • – ауырсыну, температуралық, тактильді
  • терең (проприоцептивті)
  • – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі
  • Интероцептивті – хемо- және барорецепция.

  • Сезімталдықтың күрделі түрлеріне мына төмендегілер жатады:
  • дискриминациялық сезімділік — теріде немесе кілегей қабықтарда екі жеке нүктені ажырата білу;
  • қос өлшемді кеңістіктік сезім терідегі суретті ажырата білу;
  • стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сипау арқылы ажырата білу.

Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері

  • Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
  • Үстірт сезімталдықты зерттеу
  • Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу керек.
  • Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.
  • Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гипералгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет