Жүйке жүйесі ауруларының семиотикасы және диагностикасы. Орындаған: Бабасова А. К



бет9/13
Дата05.06.2024
өлшемі0.97 Mb.
#502357
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
561871.pptx

  • Үстірт рефлекстер теріні, көздің мөлдір қабығын немесе кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді. Олар: Көздің мөлдір қабығы рефлексі – көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтары мен немесе қағаздың ұшымен жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
  • Көз шырышты қабығы (конъюнктивалдық) рефлексі — көз шырышты қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастыру кезінде қабақтың жұмылуы.
  • Жұмсақ таңдай рефлексі — қалақшамен немесе түтікше оралған қағаздың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырғанда оның өзінің және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
  • Жұтқыншақ рефлексі- қалақшамен жұтқыншаққа жанастыру кезінде жөтел немесе құсу әрекеттері қимылы пайда болу.
  • Құрсақ аймағы рефлекстері (үш жұп):
  • жоғарғы құрсақ аймағы рефлексі — теріні сүбеден төмен қарай қабырға доғасымен жарыстыра тітіркендірген кезде құрсақ бұлшық еттерінін. жоғарғы бөлігінің жиырылуы;
  • ортаңғы құрсақ аймағы рефлексі — теріні кіндіктің екі жағынан тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің жиырылуы;
  • төменгі құрсақ аймағы рефлексі — шапты тітіркендіру арқылы құрсақтың төменгі жағындағы бұлшық еттердің жиырылуы.
  • Кремастер рефлексі — санның ішкі жағы тсрісін тітіркендіргенде кремастер бұлшық етінің жиырылуына байланысты аталық ұрық безінің көтерілуі. Рефлекстік доғасы І-ІІ бел сегменттерінде тоғысады.
  • Табан рефлексі — табанның ішкі және сырт жағын тітіркендіргенде бақайлардың иілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның V бел мен I сегізкөз сегменттерінде тоғысады.
  • Тік ішек рефлексі Артқы тесік айналасындағы теріні тітіркендіргенде осы тұстағы бұлшық еттердің ширауы (жиырылуы). Рефлекстік доғасы жұлынның IV-V сегізкөз сегменттерінде тоғысады.

Терең рефлекстер

  • Терең рефлекстер
  • Астыңғы жақ рефлексі — иекке батырылған саусақты неврологиялық балғамен соққанда шайнау бұлшық еттерінің ширығуы.
  • Білезік буын рефлексі — кәрі жіліктің шыбығын неврологиялық балғамен соққанда (ұрғанда) қолдың білезік тұсында бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-ҮІІІ мойын сегменттсрінде тоғысады.
  • Шынтақ жазылу рефлексі — үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан жазылуы. Рефлекстік доғасы жұлынның ҮІІ-ҮІІІ мойын сегменттерінде тоғысады.
  • Шынтақ бүгілу рефлексі — екі басты бұлшық еттің сіңірін невро-логиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі. Рефлекстік доғасы жұлынның У-УІ мойын сегменттерінде тоғысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет