Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар: - тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер; - туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi (транзиторлы) рефлекстер, - туғаннан кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын рефлекстер. Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер: мүйiзгек рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды. Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады: Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады: Бауэр рефлексі – баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды; Моро (құлаштау) рефлексі - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді; Желке бұлшық еттерінің ригидтығы – арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса – желкесінде ауырсыну сезім пайда болады; Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады. Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады. Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Достарыңызбен бөлісу: |